Linux операциялық жүйе



Операциялық жүйе

Операциялық жүйе
Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) - компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа.

Кіріспе
Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін Операциялық жүйені қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған Операциялық жүйе мысалдары ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux, Mac OS (Darwin) және Unix.
Операциялық жүйенің айырмашылықтарының бірі:
Бірнеше бағдарламаны бір уақытта жегуге мүмкін етеді.
Бағдарлама жазуды оңайлатады, себебі бағдарламаның жабдықтарды басқару қажеті пайда болмайды. Бұкіл жабдық пен бағдарламалардың өзара әрекеттесуін Операциялық жүйе басқарады. Бұған қоса бағдарламаға жабдық пен басқа бағдарламалармен әрекеттесуге жоғары деңгейлі тілдесуді қамтамасыз етеді.

Даму тарихы

ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады. Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975ж. интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ - лерге қатысты барлық коцепциялар: мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды.

60-ж. аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет желісінің аттану нүктесі болды. 70-ж. ортасына қарай мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл олардың Операциялық жүйелерінде де кескінделді. 70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады. ОЖ Unix алдымен мини-компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, қуатты функционалдық мүмкіндіктері және ашықтығы компьютерлердің барлық класстарында орнықты позицияда болуына жағдай туғызды. 80ж. басы операциялық жүйе тарихында дербес компьютерлердің пайда болуымен айрықша мәнді болды. 80 жылдарда коммуникациялық технологияларға локальдық желілер үшін негізгі стандарттар: 1980 жылы - Ethernet, 1985 - Token Ring, 80ж. аяғында - FDDI қабылданды. Бұл төменгі деңгейдегі желілік ОЖ үйлесімділігін, сондай-ақ желілік адаптер драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті. 90ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер және серверлермен жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды.

Тек қана коммуникациялық есептерді (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі) орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды. . Соңғы онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарының болуы сипатты.

Қызметтері
Компьютерде орын алатын әр әрекет, артта өтетін қызмет болсын, бағдарлама болсын, үдіріс ретінде өтеді. Компьютер фон Нейман құрылымына негізделген жағдайда, процессор бір мезетте тек бір процесті өндей алады. MS-DOS секілді ескі жүйелерде бұл тосқауылды айналып өту үшін еш амал жоқ болғандығынан, бұларда бір мезгілде тек бір үдіріс қана өте алатын.
Ал осы заманғы Операциялық жүйелер болса, тіпті жалғыз процессорде де бір мезетте бірнеше үдіріс (бірнеше тапсырманы) орындауды мүмкін етеді.

WINDOWS UNIX LINUX ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ

Windows Операциялық жүйесі Қазіргі кезде әлем бойынша көптеген компьютерлер Microsoft фирмасының Windows жүйесінде жұмыс жасайды. Бірнеше көп қолданатын версияларын қарап шығайық.

Windows NT (NT - англ. New Technology) - бұл жай графикалық қабықша емес, ол операциялық жүйе. Дербес компьютерлердің жаңа модельдерінің мүмкіншілдіктерін қолдананады және DOS жүйесінсіз жұмыс істей алады. Windows NT - 32-разрядты ОЖ. Ол қолданушыларға көп міндетті атқаратын, көп процессорлық қолдау, құпиялық, деректерді қорғау және т. б. қамтамасыз етеді.

Windows 95 универсальды жоғарғы өнімді көп міндетті атқаратың және көп үздіксіз 32-разрядты кең таралған желілік мүмкіншілігі бар және графикалық интерфесі бар операциялық жүйе. Windows 95 - жеке бағдарламалар арсындағы ақпараттармен алмасуды іске асыратың және мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видео ақпаратттарды өндеу, мультимедиямен жұмыс жасау мүмкіндіктерін қолданушыға қамтамасыз ететін интеграцияланған орта. Windows 95-тің қолданушы интерфейсі өте тиімді және қарапайым. Windows 3 қабықшасына қарағанда бұл операциялық жүйе компьютерде операциялық жүйе DOS-ты қажет етпейді. Ол ДК немесе Pentium-ге арналған. Жедел жадының көлемі 32-128 Мбайт болу қажет. Компьютерді қосқаннаң кейін және BIOS мәтіндік бағдарламаларды қолданған соң Windows 95 операциялық жүйесі автоматты түрде қатты дисктан еңгізіледі.

Windows 98 -бен Windows 95-тің айырмашылығы: Windows 98 операциялық жүйесінде Internet Explorer браузерімен біріктірілген және Web-браузер түрінде жасалған. Windows 2000 Professional - әр түрлі компьютерлерде- портативтіден бастап серверліге дейін қолданылатың жаңа ғасырдың операциялық жүйесі. Интернетте коммерциялық әрекеттерді жасау үшін тиімді операциялық жүйе.

Windows CE 3. 0 - операционная система для мобильды есептеуіш құрылғылар үшін қолданылатын операциялық жүйе мысалы, қалталық компьютерлер, цифрлық ақпараттық пейджерлар, мобильды телефондар, мультимедиялық және DVD құрылғылары Windows CE операциялық жүйесі-ашық архитектурасы бар, көптеген құрылымдарды қолдануға мүмкіндік беретін, 32-разрядты, көп міндетті атқаратың, көп үздіксіз операциялық жүйе. Windows CE тұтас, бірақ жоғарғы өндірімді. Бұл бірлеспроцессорлардың бірнеше маркаларымен және өндірушілермен жұмыс жасайтың мобильдік жүйе.

Unix операциялық жүйесі

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz