Күндізгі уақытта өсімдіктер



«DIGITAL KAZAKHSTAN: заманауи білім беру»
педагог қызметкерлердің облыстық Тамыз кеңесі-2024
«
Тақырып: Жаратылыстану және география сабақтарында виртуалды зертханалық симулияторды қолдану
Түркістан облысы Келес ауданы
№33 «Жуантөбе» жалпы орта мектебі

География пәні мұғалімі: Ф. Маханбетова

01
02
03
04
05
06
Мақсаты:
• Жасанды интелект мүмкіндіктерін көрсету.
• Жаратылыстану және география сабақтарында виртуалды зертханалы симуляторды пайдалану арқылы оқушыларға тәжірибе жасауды үйрету.
• Жалпы білім беру және арнайы (эксперимент) дағдыларды дамыту.
Күтілетін нәтиже:
• Жасанды интелект мүмкіндіктерін көрсету.
• Жаратылыстану және география сабақтарында виртуалды зертханалы симуляторды пайдалану арқылы оқушыларға тәжірибе жасауды үйрету.
• Жалпы білім беру және арнайы (эксперимент) дағдыларды дамыту

Виртуалды зертханалар - білім беру мен зерттеулерде жаңа мүмкіндіктерді ұсынатын құралдар. Олар география және жаратылыстану пәндерінде теориялық білімді практикалық тұрғыдан тереңдетуге мүмкіндік береді. Бұл құралдар арқылы оқушылар нақты тәжірибелерді қауіпсіз және тиімді түрде жүзеге асыра алады.

ТАПСЫРМА
Өсімдіктер мен адамдардың тыныс алу процесін сипаттаңыз.
Сайт симуляторына арналған нұсқаулар
1. QR кодын пайдаланып симуляторды ашыңыз;
2. Күндізгі уақытта өсімдіктердің тыныс алуын бақылаңыз;
3. Жүгірткіні «Түн» (Night, ночь) күйіне ауыстыру арқылы түнде өсімдіктердің тыныс алуын бақылаңыз.
4. Енді түймені «Адам немесе жануар» (Human or Animal, Человек или животное) күйіне ауыстыру арқылы адамның тыныс алуын бақылаңыз.
Симулятор арқылы сұрақтарға жауап беріңіз:
Өсімдік күндіз қандай газдарды тұтынады және шығарады?
Өсімдік түнде қандай газдарды тұтынады және шығарады?
Адамның тыныс алуы күндізгі және түнде қалай өзгереді?
4. Өсімдік пен адамның тыныс алуының айырмашылығы неде?
Дескрипторлар:
Өсімдік күндіз қандай газдарды тұтынады және шығарғанын анықтады; Өсімдік түнде қандай газдарды тұтынады және шығарғанын анықтады; Адамның күндізгі және түнгі тыныс алуын сипаттады;
Өсімдіктер мен адамның тыныс алуын салыстырды.
Фотосинтез
Дереккөз:
https://javalab. org/en/plants_respiration_en/
Телефондағы QR кодын оқу құралы арқылы QR кодын сканерлеңіз.
Мобильді браузерде сайтты ағылшын тілінен аударыңыз (міндетті емес)

Литосфералық тақталардың қозғалысы
Дереккөз:
https://tectonic-explorer. concord. org/
Телефондағы QR кодын оқу құралы арқылы QR кодын
сканерлеңіз.
+ Tectonic Explorer сайтымен жұмыс істеу нұсқаулығы
ТАПСЫРМА
Литосфералық тақталардың қозғалысын және олардың өзара қозғалысын онлайн симулятор арқылы зерттеңіз.
Жұмыс барысы
1. Телефондағы QR кодын оқу құралы арқылы QR кодын сканерлеңіз;
2. «Tectonic Explorer сайтымен жұмыс істеу нұсқаулығы» нұсқауларын пайдалана отырып, литосфералық тақталардың қозғалысын модельдеңіз. ;
3. Литосфералық тақталардың динамикасын және жүріп жатқан геологиялық процестерді мұқият қадағалаңыз: жанартау пайда болатын жерлер, жер сілкінісі аймақтары және т. б. ;
4. Модельдеуді тоқтатып, сұрақтарға жауап беріңіз:
• Симуляторда литосфералық тақталардың шекараларының қандай негізгі түрлерін байқауға болады?
• Тау жоталары қандай белдеулерде пайда болды? Неліктен?
• Модельдеу кезінде жанартаулардың пайда болуын қай жерде байқадыңыз? Олардың белсенділігіне не себеп болады?
• Жер сілкінісі қай жерде ең белсенді және неліктен?
5. Қорытынды жазыңыз.
Дескрипторлар:
-Модельдеуде литосфералық тақталардың шекараларының негізгі түрлерін анықтады;
-Тау жоталарының қалыптасу аймақтарын анықтады;
-Тау жоталарының пайда болу себептерін анықтады;
-Жанартаулар пайда болған жерлерді анықтады;
-Жанартаулардың пайда болу себебін анықтады;
-Ең белсенді жер сілкінісі болған жерлерді анықтады;
-Қорытынды жазыңыз

ТАПСЫРМА
Тапсырманың мақсаты: антициклон және циклон кезіндегі ауа қозғалысының принциптерін, сонымен қатар Кориолис әсер ету принципінің әсерін түсіну.
Сайт симуляторына арналған нұсқаулар
1. QR кодын пайдаланып симуляторды ашыңыз.
2. Мобильді браузерде сайтты ағылшын тілінен аударыңыз (міндетті емес)
3. Жоғары (H) және төмен (L) қысымды аймақтардың айналасындағы ауаның қозғалысын бақылаңыз.
4. «Coriolis effect 0%» жүгірткісін пайдаланып, оның әсерін біртіндеп арттырыңыз. Кориолис эффектісі ауа массаларының қозғалысына қалай әсер ететінін байқаңыз
Атмосфераның ғаламдық циркуляциясы
Дереккөз:
https://javalab. org/en/air_pressure_en/
Телефондағы QR кодын оқу құралы арқылы QR кодын сканерлеңіз.
Мобильді браузерде сайтты ағылшын тілінен аударыңыз (міндетті емес)
5. Тік ауа ағынын («Отображение вертикального воздушного потока»
(Display the vertical airflow) ) көрсету опциясын пайдаланып, тік ауа қозғалысын қадағалаңыз.
6. Солтүстік жарты шар («Северное полушарие» (Northern Hemisphere) ) және Оңтүстік жарты шар
(«Южное полушарие» (Southern Hemisphere) ) түймелерін пайдаланып Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлар арасында ауысыңыз. Оңтүстік жарты шарда ауа қозғалысының өзгеруін бақылаңыз.
Симулятор арқылы сұрақтарға жауап беріңіз
1. Ауаның қысымы жоғары аймақта және төмен қысым аймағында қалай қозғалатынын сипаттай аласыз ба?
2. Олардың қайсысы антициклон және циклон екенін қалай анықтауға болады?
3. Қай жарты шарда жел төмен қысымды ауданда сағат тіліне қарсы қозғалады?
4. Ауа қысымы жоғары аймақтың айналасында және төмен қысымды аймақтың айналасында тік ауа ағысы қалай қозғалады?
5. Кориолис эффектісі дегеніміз не және ол ауа массаларының қозғалысына қалай әсер етеді?
Дескрипторлар:
-Ауаның жоғары қысымды аймақ айналасында және төмен қысымды аймақ айналасында қозғалысын анықтады;
-Антициклон және циклонды анықтады;
-Төмен қысым аймағындағы қозғалыс сағат тіліне қарсы жүретін жарты шарды анықтады;
-Кориолис эффектінің әсерін түсіндірді.

Learn More

Жел
Бриз
Дереккөз:
https://javalab. org/en/sea-and-land-breeze/
Телефондағы QR кодын оқу құралы арқылы QR кодын сканерлеңіз.
Мобильді браузерде сайтты ағылшын тілінен аударыңыз (міндетті емес
ТАПСЫРМА
Сайт симуляторына арналған нұсқаулар
1. QR кодын пайдаланып симуляторды ашыңыз.
2. Мобильді браузерде сайтты ағылшын тілінен аударыңыз (міндетті емес)
3. Ауа бөлшектерінің қозғалысын бақылаңыз.
4. Жылыту алаңын отпен құрлыққа қарай (Land) симулятордың сол жағына жылжытыңыз. Ауа бөлшектерінің құрлықтан (Land) теңізге (Sea) қозғалысын бақылаңыз
Land
(Құрлық)
Sea (Теңіз)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz