Ішек тобындағы бактериялардың токсигендігі
Презентация қосу
Дәріс жоспары:
1. Ішек тобындағы бактериялардың жіктелуі
(таксономиясы).
2. Ішек тобындағы бактериялардың
морфологиялық, дақылдық қасиеттері.
3. Ішек тобындағы бактериялардың
антигендік құрылымы.
4. Ішек тобындағы бактериялардың
токсигендігі.
5. Ішек тобындағы бактериялардың
төзімділігі.
6. Ішек тобындағы бактериялар қоздыратын
патогенезі және клиникалық көріністері.
7. Ішек тобындағы бактериялар қоздыратын
лабораториялық диагноз коюы.
8. Ішек тобындағы бактериялар қоздыратын
аурулардың емдеуі.
9. Ішек тобындағы бактериялар қоздыратын
аурулардың алдын алуы.
Жалпы сипаттамасы.
Enterobacteriaceae тұқымдастығы көптеген
патогенді және шартты-патогенді бактериялардан
тұрады 20 астам туыстастықтар кіреді.
Көбінесе адамдарда ауру қоздыратын бактериялар
кіретін туыстастықтар:
Эшерихиялар (Escherichia)
Шигеллалар (Shigella)
Салмонеллалар (Salmonella)
Иерсиниялар (Iirsinia)
Олардың барлығы Гр-теріс таяқшалар.
Эшерихиоздар - Escherichia coli тудыратын
аурулар. Ішек таяқшасын Т. Эшерих ашты (1885).
E.coli-дің маңызы. Ішек таяқшасы – тоқ
ішектегі қалыпты микрофлораның өкілі; бірқатар
пайдалы қызметтер атқарады:
1.Ішек ауруын тудыратын бактерияларға
антагонист
2.В, Е, К топтағы витаминдерді синтездеуге
қатысады
3.Клетчатканы жартылай ыдыратады
4.Қоршаған орта нысандарының фекалды
ластануын анықтау үшін санитарлық-көрсеткіш
микроорганизмі ретінде қолданады.
E.сoli адам ағзасына зиян келтіруі мүмкін. Тоқ
ішекте мекендейтін шартты-патогенді штамдары
ағзаның иммунды жүйесі әлсірегенде асқорыту
жолынан тыс әртүрлі іріңді-қабыну ауруларды
тудыруы мүмкін: циститтер, отиттер,
менингиттер, тіпті коли-сепсис. Бұл ауруларды
парентералдық эшерихиоздар деп атайды.
E. сoli-дің патогенді штамдары ағзаға сырттан
түсіп энтералды (ішектік, эпидемиялық)
эшерихиоздар - колиэнтерит деп аталатын
ауруларды таратады.
E. сoli-ді 4 серологиялық топтарға бөледі:
Энтеротоксигенді ішек таяқшалары (ЭТІТ) -
балаларда тырысқақ тәрізді ауру;
Энтероинвазивті ішек таяқшалары (ЭИІТ) -
дизентерия тәріздес ауру;
Энтеропатогенді ішек таяқшалары (ЭПІТ) - бір
жасқа дейінгі сәбилерде диарея (іш өту);
Энтерогеморрагиялық ішек таяқшалары
(ЭГІТ) - қантышқақ, гемолитикалық уремия,
тромбоцитопениялық пурпура.
Ересек адамдар да ауырады, оларда эшерихиоз,
тырысқақ немесе шигеллез түрінде жүруі
мүмкін. Сонымен қатар, E.coli тағамдық
токсикоинфекцияның себепкері болуы мүмкін.
Таксономиясы. E.сoli - Enterobacteriaceae
тұқымдастығының Gracilicutes бөліміне жататын
Escherichia тобының негізгі өкілі.
Морфологиялық және
тинкториалдық
қасиеттері. E.сoli екі
шеттері жұмырланған,
ұсақ, грам теріс
таяқшалар, жағындыда
бейберекет орналасқан,
спора түзбейді, кейбір
штамдары микрокапсулаға
ие, перитрихтар;
талшықтардан басқа, кейде
пили (кірпікшелер)
анықталады.
Ішек таяқшасы жасушасының
электронограммасы
Дақылды өсіру. Ішек таяқшасы - факультативті
анаэроб, қоректік ортаға талғамсыз, 37ºС-та және
рН 7,2-7,4 болатын қарапайым қоректік орталарда
жақсы өседі, сұйық ортада диффузды лайлану
түрінде өседі және тығыз қоректік орталарда
түссіз колониялар түзеді. Эшерихиоз диагноз қою
үшін Эндо, Левин және т.б. дифференциалды-
диагностикалық орталар кең қолданылады.
Ферменттік белсенділігі. E.сoli жоғары
ферменттік белсенділікке ие. Ішек
таяқшасы 24 сағат бойы лактозаны
ыдырататын Enterobacteriaceae
тұқымдастығының өкілі (кесте).
Антигендік құрылымы. Ішек таяқшасы
соматикалық (О), талшықты (Н), беткейлі
(К) антигендерге ие. Антигеннің әрқайсысы
біртекті емес: О- антигеннің 170-тен астам,
К-антигеннің 100-ден астам, Н-антигеннің
50-ден астам нұсқалары бар. О-антигеннің
қалыптасуы серологиялық топқа
жататындығын көрсетеді. Өзінің антигендік
жиынтығы бар, антигендік формуласы бар
штамм E.coli-дің серологиялық нұсқасы деп
аталады. Мысалы, О55: К5: Н21 штамы О55
серологиялық тобына жатады.
Патогенді факторлары. E.coli
энтеротропты, нейротропты, пирогенді
әсер ететін эндотоксин түзеді (ЭПІТ
тобы). ЭПІТ тобы ащы ішектің эпителиіне
жабысып немесе адсорбцияланып
экзотоксин түзеді, ол ащы ішек қуысында
су мен хлоридтің мөлшерден көп
бөлінуіне алып келеді және натрийдің
кері сіңірілуін бұзады, нәтижесінде
ішектің жиырылуын, іш өту мен
сусыздануды күшейтеді. Патогендік
факторларға адгезиялық, инвазиялық
факторлар, ферментер және токсиндер
(гемолизин), фагоцитозға кедергі
жасайтын микрокапсула жатады.
Резистенттілігі. Басқа энтеробактерия-
лардың ішінде E.coli қоршаған ортаның
әртүрлі факторларының әсеріне аса
жоғары төзімділігімен ерекшеленеді.
Энтералды эшерихиоздардың
эпидемиологиясы. Энтералды
эшерихиоздардың инфекция көзі ауру
адамдар мен жануарлар болып
табылады. Инфекцияның таралу
механизмі фекалды-оралды (ауыз қуысы
арқылы), негізгі таралу жолдары –
тағамдық, қарым-қатынастық және
тұрмыстық. Ауру көбінесе күрт көбею
түрінде сипатталады.
Патогенезі. Инфекцияның ену
қақпасы – ауыз қуысы. E.coli ащы ішекке
түсіп, оның эпителий жасушаларына
талғамдылық қасиетке ие бола отырып,
пили (кірпікшелер) мен сыртқы мембрана
ақуыздарының көмегімен ащы ішектің
эпителиясының жасушаларына жабысады.
Бактериялар көбейеді, өледі, ішектің
жиырылуын күшейтетін экзотоксин бөледі,
диарея тудырады, қызуды, жалпы
интоксикация белгілерін жоғарылатады.
Сонымен қатар, ішек таяқшасы неғұрлым
ауыр диареяны, құсуды және айтарлықтай
тұзды су алмасуын бұзатын экзотоксин
бөледі. Басқа патогенді факторларды
түзетін ЭПІТ ағзаға сәйкесінше әсер етеді
және бұл аурудың клиникалық белгілерін
анықтайды.
Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі
2-ден 6 күнге дейін созылады. Ауру
қызудың жедел жоғарылауымен, іш өту
мен құсудан басталады. Сусыздану
дамиды, нәжісте қан пайда болып,
бүйректің зақымдалу белгілері байқалуы
мүмкін. Энтералды эшерихиоздар әртүрлі
болуы мүмкін - симптомсыздықтан
токсикалық-септикалыққа дейін.
Колиэнтериттер ерте балалар өлімінің
себептерінің бірі болып табылады.
Иммунитеті. Аурудан соң иммунитет
тұрақсыз және ұзақ емес.
Микробиологиялық диагностикасы.
Зерттеуге арналған негізгі материал - нәжіс. Негізгі
әдіс – бактериологиялық әдіс. Диагноз қою алынған
таза дақылдың түрі (грам теріс таяқшалар,
оксидазатеріс, глюкоза мен лактозаны қышқыл мен
газға дейін ыдыратады, индол түзеді, күкіртсутекті
түзбейді) мен тегін анықтап қана қоймай, оның қай
серологиялық топтарға жататындығын
айқындайтын бактериологиялық әдістің көмегімен
жүзеге асырылады. Түрішілік идентификация
серологиялық топты анықтауға, яғни шартты-
патогенді ішек таяқшаларды диареягенді
таяқшалардан ажыратуға мүмкіндік береді;
антибиотикограмманы міндетті түрде анықтаумен
жүргізіледі. Эпидемиологиялық маңызы бар
түрішілік идентификациялау диагностикалық
адсорбцияланған агглютинациялық иммунды
сарысулардың көмегімен анықталады (кесте).
Емдеуі. E.coli тудыратын
ауруларды емдеу үшін
антибиотиктер қолданылады.
Сақтандыру. Санитарлық-
гигиеналық іс-шараларды
жүргізу. Спецификалық
профилактикасы (вакцина)
қолданылмайды.
КОЛИ-ЭНТЕРИТ ЖӘНЕ ДИЗЕНТЕРИЯҒА ҰҚСАС АУРУЛАР (ЭШЕРИХИОЗ) КЕЗІНДЕ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
НӘЖІС
I-
КЕЗЕҢ ЭНДО ОРТАСЫНА СЕБУ
КОЛОНИЯСЫНЫҢ ТҮСІ
ЖӘНЕ СИПАТЫ ЖЕКЕ КОЛОНИЯДАН МАТЕРИАЛ МЕН
ЖӘНЕ ОВ-САРЫСУ ҚОСПАСЫМЕН
ШЫНЫ БЕТІНДЕ АГГЛЮТИНАЦИЯ
II - РЕАКЦИЯСЫ
ЖАҒЫНДЫ, ГРАМ
КЕЗЕҢ
БОЙЫНША БОЯУ
ЖАУАП
ЖАУАП
III -
ҚИҒАШ ҚОРЕКТІК АГАРҒА
КЕЗЕҢ
АГГЛЮТИНАБЕЛЬДІ КОЛОНИЯЛАРДЫ
ҚАЙТА СЕБУ
(ТАЗА ДАҚЫЛ)
ШЫНЫ БЕТІНДЕ
ОВ-САРЫСУ
ҚОСПАСЫМЕН КЕҢ ТҮРДЕГІ
АГГЛЮТИНАЦИЯ АГГЛЮТИНАЦИЯ
РЕАКЦИЯСЫ РЕАКЦИЯСЫ
ТҮР ЕРЕКШЕЛІК
САРЫСУЛАРМЕН «АЛА» ҚАТАРҒА
АГГЛЮТИНАЦИЯ СЕБУ
АҚЫРҒЫ
РЕАКЦИЯСЫ ЖАУАП
Бактериалды жершенің/ дизентерияның
микробиологиялық диагностикасы.
Бактериалды дизентерия немесе шигеллез
– көбінесе тоқ ішекті зақымдайтын Shigella
туыстастығының бактериялары тудыратын
жұқпалы ауру. Туыстастықтың аты
дизентерия қоздырғыштарының бірін
ашқан К. Шиганың есімімен байланысты.
Таксономиясы және жіктелуі.
Дизентерия қоздырғыштары Gracilicutes
бөліміне, Enterobacteriаceae тұқымдастығына,
Shigella туыстастығына жатады.
Шигеллалардың халықаралық жіктелуі
Тобы Түрдің аттары Нұсқалары
(варианттары)
А Shigella dysenteriae 1-12 (серологиялық)
Б Shigella flexneri 1-9 (серологиялық)
C Shigella boydii 1-18 (серологиялық)
D Shigella sonnei 1 серологиялық,
7 (биохимиялық)
Морфологиялық және тинкториалдық
қасиеттері. Шигеллалар - грам теріс, шеттері
жұмырланған таяқшалар, спора түзбейді,
талшықтары жоқ, қозғалмайды. Көптеген
штамдарда түктер мен жыныстық кірпікшелер
анықталады. Кейбір шигеллалар
микрокапсулаға ие.
Дақылды өсіру. Шигеллалар -
факультативті анаэробтар. Олар
қоректік орталарға талғамсыз, 37ºС-та
және рН 7,2-7,4 болатын қарапайым
қоректік орталарда жақсы өседі. Тығыз
ортада ұсақ мөлдір колониялар, ал
сұйық ортада диффузды лайлану түзеді.
Шигеллаларды өсіру үшін байыту ортасы
ретінде көбінесе селенит сорпасын
қолданады.
Ферменттік белсенділігі.
Шигеллалардың басқа энтеробактерия-
ларға қарағанда ферменттік
белсенділігі төмен. Көмірсуларды
қышқыл түзе отырып ыдыратады.
Шигеллаларды ажыратуға мүмкіндік
беретін негізгі белгі олардың маннитке
қатынасы: Shigella dysenteriae
маннитті ыдыратпайды, В, С, D топқа
жататын өкілдері маннитті ыдыратады,
маннитпозитивті. Лактозаны баяу (2
тәулік) ыдырататын биохимиялық
анағұрлым белсендісі S.sonnei болып
табылады. S.sonnei-дің рамнозаға,
ксилозаға және мальтозаға қатынасын
негізге ала отырып, оның 7
биохимиялық вариантын ажыратады.
Антигендік құрылымы. Шигеллалар О
антигенге ие, оның біртексіздігі топ ішінде
серологиялық варианттары мен серологиялық
астындағы варианттарды бөліп шығаруға мүмкіндік
береді; S.sonnei штамдарында К-антигені
анықталған.
Патогенді факторлары. Барлық шигеллалар
энтеротропты, нейротропты және пирогенді әсер
беретін эндотоксин түзеді. Эндотоксин
шигеллаларды қышқыл рН және өт әсерінен
қорғайды. S.dysenteriae (1 серологиялық варианты) -
шигелласы ағзаға энтеротоксиндік,
нейротоксиндік, цитотоксиндік және
нефротоксиндік әсер ететін экзотоксин бөледі, соған
сәйкес су-тұз алмасуын, ОЖЖ қызметін бұзады, тоқ
ішек эпителий жасушаларының жойылуына, бүйрек
жолдарының зақымдалуына алып келеді. Патогендік
факторларға: қан тамырларын зақымдайтын RF
өткізгіштік факторы; инвазиялық ақуыздар
(трипсинге сезімтал, сондықтан патологиялық үрдіс
тоқ ішекте шектелген); сыртқы мембрананың
ақуызы және микрокапсула жатады.
Резистенттілігі. Шигеллалардың
әртүрлі факторлардың әсеріне тұрақтылығы
төмен. Ең төзімдісі ашық құбыр суында 2,5
айға дейін ашық су қоймасында 1,5 айға
дейін сақталатын S. sonnei болып
табылады. S. sonnei ұзақ уақытқа дейін
сақталып қана қоймай, тағамдарда, әсіресе
сүт өнімдерінде көбейеді.
Эпидемиологиясы. Шигеллез -
антропонозды инфекция: оның көзіне ауру
адамдар мен тасымалдаушылар жатады.
Инфекцияның таралу механизмі – фекальді-
оральді. Таралу жолдары әртүрлі болуы
мүмкін. Мысалы, Зонне шигелласы көбінесе
тағамдық жолмен таралады, Флекснер
шигелласы – су арқылы, ал Григорьев - Шиг
варианты тұрмыстық- қатынас жолдары
арқылы таралумен сипатталады.
Патогенезі. Шигеллалар ауыз қуысы
арқылы асқазан-ішек жолына түсіп, тоқ ішекке
жетеді. Оның эпителиясына қоздырғыштар пили
(кірпікшелер) мен сыртқы мембрананың
ақуыздарының көмегімен жасушаларға
жабысады. Олар инвазиялық факторларының
арқасында жасушалардың ішіне өтіп, сонда
көбейеді, нәтижесінде жасушалардың бұзылуына
алып келеді. Ішек қабырғаларында ойық жара
пайда болып, кейін орнында тыртық қалыптасады.
Бактериялар бұзылғанда босатылатын эндотоксин
жалпы интоксикация немесе улану тудырады,
ішектің жиырылуын және іш өтуді күшейтеді.
Пайда болған ойық жаралардан қан нәжіске
түседі де, қанды-ірінді нәжіс пайда болады.
Экзотоксиннің әсерінің нәтижесінде су- тұзды
алмасудың көрнекті бұзылуы, ОЖЖ қызметінің,
бүйректің зақымдалуы байқалады.
Клиникалық белгілері. Жасырын
кезеңі 1 күннен 5 күнге дейін созылады.
Ауру дене температурасының 38-39ºС-
қа дейін жедел көтерілуінен басталады,
іш ауыруы мен іш өту пайда болады.
Нәжісте қан мен шырыш қоспалары
анықталады. Әсіресе Григорьев-Шиг
варианты қоздыратын шигеллез аса
ауыр түрде жүреді.
Иммунитеті. Аурудан кейін пайда
болған иммунитет түрлік қана емес,
сонымен қатар вариантты
спецификалық болып келеді. Ол ұзаққа
созылмайды және тұрақсыз. Көп
жағдайда ауру созылмалы түрге өтеді.
Микробиологиялық диагностикасы.
Зерттелетін материал ретінде науқастың нәжісін
алады. Диагноз қоюдың негізі -бактериологиялық
әдіс болып табылады. Қоздырғышты
идентификациялайды, оның антибиотиктерге
сезімталдығын анықтайды және түрішілік
идентификациясын (биохимиялық, серологиялық
немесе колициногендік варианттарын анықтау)
жүргізеді. Зерттеу материалын құрамында
лактозасы бар дифференциалды-диагностикалық
қоректік орталарға егеді. Тасымалдаушыларды
анықтау үшін нәжісін міндетті түрде селенит
сорпасына себеді, содан кейін, өскен дақыл тығыз
дифференциалды-диагностикалық орталарға себу
арқылы анықталады. Ұзаққа созылған дизентерия
кезінде қосымша тәсіл ретінде серологиялық
әдісті қолданады (АР, ГАТР). Антидененің титрінің
өсуі бойынша реакцияны қайталап қойғанда
диагнозды дәлелдеуге болады.
Емдеуі. Григорьев-Шиг шигелласы
қоздырған шигеллездің ауыр түрлерімен
ауырған науқастарды міндетті түрде
антибиотикограммаларды есепке ала
отырып, кең спектрлі әсері бар
антибиотиктермен емдейді. Шигеллездің
жеңіл түрінде антибиотиктерді
пайдаланбайды, себебі оларды қолдану
дисбактериозға ұшыратады.
Сақтандыруы. Инфекцияның алдын-алу
мақсатында пайдаланылатын жалғыз
препарат - дизентериялық бактериофаг
болып табылады. Негізгі маңызды
орынды бейспецификалық алдын алу
алады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz