Кіші Дионисий алғашқыда философ
Презентация қосу
Платон
Платон (біздің дәуірімізге дейінгі 428/427-
348/347 жылдар) — грек философы және
ақыны. Ол Афинада белгілі ақсүйектің
отбасында дүниеге келген. Шын аты —
Аристокл. Платон «жауырыны қақпақтай»
деген қосымша лақап атқа жас кезінде,
күреске түсіп, балуан болып жүрген кезінде
ие болған. Ол тамаша білім алып шыққан.
Бәлкім, гераклиттік Кратилдің дәрістерін
тыңдаған болуы керек. Ол сол кезде
Анаксагордың Афинада кеңінен танымал
болған шығармаларын жақсы білген,
Протагордың және басқа да софистердің
әңгімелерін тыңдаған.
Платонның
407 жылы Сократқа шәкірт болды. Онымен алғашқы
әңгімелескеннен кейін-ақ өзінің ең жақын дионисшіл достары үшін
әзірлеген қасіретнамалық тетралогиясын (төрт бөлімді шығармасын)
өртеп жіберді. Содан соң сегіз жыл бойы өзінің сүйікті ұстазынан қол
үзген жоқ. Бұл байланыс Сократ сотқа тартылып, 399 жылы Афина
түрмесінде у ішіп өлгенге дейін жалғасты.
Ұстазына шығарылған қатал үкімнің өзгермейтініне көзі жеткен және
өз өмірі үшін де қауіп-қатер төнгенін сезген Платон Афинадан
Мегарага, одан соң Мысырға, Киренаға қашып барды (онда
Аристиппен және математик Феодормен танысты). Ол жақтан
тікелей Оңтүстік Италияға — элеатизмнің (Парменид, элейлік Зенон)
және пифогоризмнің (Пифагор) бесігіне барды, ол жақтан аз уақытқа
болса да Афинаға қайтып оралды. Содан соң Италияға тағы кетті.
Тарентте атақты пифагоршыл Архитке, ал Локрда Тимейге жолықты.
388 жылдың шамасында Платон Сицилияға, Сиракузаға кетті. Онда I
Үлкен Дионисий билік ететін еді. Платонның философиясына қолдау
білдіруші Дионисийдің туысы Дион болды. Бірақ Платон онда
мемлекетті билеп-төстеуші тиранмен ерегісіп қалып, ол елден де
қуылып кетті. Афинаға қайтып келгеннен кейін онда философия
мектебі — атақты «Академияның» негізін қалады.
367 жылы Сиракузада Үлкен Дионисий қайтыс болды. Сөйтіп,
Платон Дионның жеке өзінің өтініші бойынша сиракузалық
тирандардың сарайына қайтып оралды. Бірақ билікке қолы
жеткен Кіші Дионисий мұның ықпалына берілген жоқ. Сөйтіп,
таққа отырған кемеңгер философ әрі әділ патша басқаратын
мемлекет туралы аңсаған арманым жузеге асатын болар-ау
деп үміт артқан Платон Сиракуза тирандарының (билеп-
төстеушілерінің) қарауына тағы да қайтып барды. Бірақ ол
арманы жүзеге аспады. Кіші Дионисий алғашқыда философ
Платонды жылы ниетпен жақсы қарсы алғанымен және оның
іліміне назар аударғанымен, ақырында оны Сицилиядан кетуге
мәжбүр етті, ал Дионды қастандық жасауы мүмкін деген
күдікпен жер аударыл, қуғынға ұшыратты. 361 жылы Платон
Дионның және пифагорлықтардың өтініші бойынша, Сицилияға
ең соңғы рет, яғни үшінші рет қайтып оралды. Бірақ тиран
(елдің билеп-төстеушісі) Дионның елге қайтып баруына рұқсат
етпегені былай тұрсын, тіпті оның дүние-мүлкін түгел
төркіледі. Сиракузада тұтқында отырған Платон Архиттің
көмегі арқасында ғана мемлекет аумағынан сыртқа кетуге
Шамасы, Платонның барлық ғылыми шығармасы бізге
дейін түгел жеткен болуы керек. 9 тетралогияға
бөлінетін ол шығармалар бізге Платон
философиясының бүкіл даму жолын айқын көрсетеді.
Қазір ол шығармалар жүйелі түрде төрт толқа
біріктірілген. Олар: сократтық, орта (платондың және
ортаплатондық) және кейінгі топтар. 1) «Евтифрон»,
«Сократты қорғау», «Критон», «Феаг», «Лахет»,
«Лисид», «Хармид», «Протагор», «I Алквиад», «II
Алквиад»; 2) «Горгий», «Менрн», «Евтидем», «Кратил»,
«Кіші Гиппий»,. «Үлкен Гиппий», «Ион», «Менексен»; 3)
«Теәтет», «Софист», «Парменид», «Филеб», «Пир»,
«Федр», «Федон», «Тимей», «Критий»; 4) «Мемлекет»,
«Саясаткер », «Заңдар », «Заңның соңы» және « Хаттар
» Платонның аздаған поэзиясы да
сақталған.Платонның барлық философиялың
шығармалары, «Сократты қорғауды» және «Хаттарды»
Платонның «Академиядағы» қызметі саясаткерлер мен заңгерлер
үшін тәрбие алатын үлкен мектепке айналды. Оның Сиракузаға
барған үш сапары және екі ұлы шығармасы — «Мемлекет» пен
«Заңдар» — Платонның өмірдегі ең басты міндеттерінің бірі —
мемлекеттік құрылысты жетілдіріп, жақсарта түсу болғанын
көрсетеді. Адамдар арман еткен мемлекет туралы теорияны ол
бәрінен де бұрын «Мемлекет» және «Заңдар» деген
шығармаларында дамытты. «Мемлекет», — деп атап көрсетті
Платон, — бейбітшілік пен өділеттілік идеяларына қызмет етуі
тиіс. Оның негізгі үш қызметіне сәйкес (басқару ісі, адамдардың
мүддесі мен құқығын қорғау және материалдық игіліктерді
өндіру) халық үш топқа (кастаға) бөлінеді. Олар: билік басындағы
кемеңгер философтар, жауынгерлер және қолөнершілер. Әділетті
мемлекеттік құрылыс солардың бірлескен жарасымды өмір сүруін
Платон
шығармалары
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz