Дербес компьютер архитектурасы мен негізгі құрылғылары


Slide 1

«Инженерлік пәндер» кафедрасы

Презентация

Орындаған: Ботпаева А

Тобы:ФӨТҚБ-02-22

Қабылдаған: Жорабек Н

Шымкент 2024

Тақырыбы: Жеке компьютер архитектурасы.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім:

Компьютердің құрылу негіздері;

Компьютер архитектурасы және құрылымы;

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары (жүйелік блок компоненттері) ;

Жадының түрлері (кэш, оперативті, тұрақты жады) .

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Компьютер (англ. computer - есептеуіш), мәліметтерді өңдеуге және есептеулерді жүргізуге және де символдарды басқару арқылы басқа да есептерді орындауға мүмкіндігі бар электронды құрылғы.

Компьютердің құрылу негіздері

Slide 4

Дербес компьютердің құрылысына оның логикалық ұйымдастырылуы, құрылысы және ресурстары жатады. Қазіргі заманғы дербес компьютерлердің құрылысы магистральдік - модульдік принціпке негізделген. Модульдік принціп бойынша қолданушы өзіне қажетті компьютер конфигурациясын жинай алады және оны қалауынша жаңарта алады. Көптеген компьютерлердің құрылу негізі Джон фон Нейман (1945 ж. ) приципіне негізделіп құрылған:

Бағдарламалық басқару принципі - бағдарлама бір-бірінен соң нақты бір тізбекпен автоматты түрде процессор арқылы орындалатын командалар жиынтығынан тұрады.

Жадының біртектілік принципі - бағдарлама және берілген мәліметтер тек бір жадының ішінде ғана сақталады; берілгендерге орындалатын әрекеттерді командаларға да орындауға болады.

Адрестілік принципі - негізгі жады құрылымдық тұрғыдан нөмірленген ұяшықтардан тұрады.

Slide 5

Компьютердің негізгі логикалық түйіндеріне мыналар жатады:

процессор;

желілік шина;

негізгі (оперативті) жады;

дисктік жинақтаушылар;

енгізу және шығару құрылғылары.

Барлық құрылғыларды қосу жүйелік магистральдар (шиналар) арқылы орындалады. Барлық сыртқы құрылғыларды қосу контроллер, адаптер, карталар арқылы жүргізіледі.

Slide 6

Магистраль - электронды схеманы қосатын ұяшықтардан тұратын өткізгішті құрылғы. Ол компьютердің барлық құрылғылары арасында байланыс орнатып, ақпарат алмасуды жүргізеді.

Магистраль көп өткізгішті жолдардан тұратын, көп разрядты үш шинадан тұрады:

1) Адрестік шина - ол арқылы жедел жады ұяшықтарының адресі жіберіледі.

2) Мәліметтер шинасы - ол арқылы жедел жадыдан процессор регистріне және керісінше мәліметтерді көшіру орындалады.

3) Командалық шина - ол арқылы жедел жадыдан процессормен орындалатын командалар келіп түседі. Командалар байттар түрінде ұсынылады.

Контроллер - шеткері құрылғылар немесе каналдар қатынасын орталық процессормен байланыстыратын құрылғы. Шеткі құрылғылар шинаға тікелей емес, ал өздерінің контроллері (адаптері) немесе порты арқылы келесі схема түрінде қосылады:

Slide 7

Конструкторлық тұрғыдан ДК жүйелік блок түрінде болады, оған арнайы қосқыштар арқылы басқа құрылғылар жалғанады. Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғылар ішкі құрылғылар деп, ал жүйелік блоктан тыс сыртындағы құрылғылар - сыртқы (шеткері - перифериялық) құрылғылар деп аталады.

Қосымша құрылғылары

Slide 8

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары:

Жүйелік блок

Монитор

Пернетақта

Тышқан

Slide 9

Процессордың негізгі сипаттамалары:

тактілік жиілік;

разрядтылық;

жұмыс кернеуі;

кэш-жады өлшемі.

Тактілік жиілік уақыт бірлігінде процессормен орындалатын қарапайым амалдардың санын (тактісін) анықтайды. Қазіргі кездегі процессорлардың тактілік жиілігі МГц-пен өлшенеді (1 Гц бір секундта бір амалды орындаумен сәйкес келеді) . Разрядтылық процессордың бір тактіде өзінің регистрінде қанша бит мәліметті қабылдай және өңдей алатындығын көрсетеді. Кэш-жады - бағдарлама кодын және мәліметтерді уақытша сақтауға арналған жылдам әрекет жасайтын жады.

Slide 10

процессор - бұл ДК-дің орталық блогы (ядросы) - негізгі микросхема;

математикалық сопроцессор - үтірі ауысып отыратын екілік сандармен орындалатын амалдарды жылдамдатуға арналған;

микропроцессорлық жиынтық (чипсет) - компьютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын микросхемалар жиынтығы. Жүйелік тақтаның негізгі қызметтік мүмкіндіктерін анықтайды;

шиналар - компьютердің ішкі құрылғылары арасындағы сигналдармен алмасу орындалатын өткізгіштер жиынтығы;

жедел (оперативті) жады (жедел есте сақтау құрылғысы, ЖСҚ-ОЗУ) - мәліметтерді уақытша сақтау үшін арналған микросхемалар жиынтығы;

Жүйелік тақтада орналасады:

Slide 11

ТСҚ (ПЗУ) (тұрақты есте сақтау құрылғысы) - мәліметтерді ұзақ уақытқа дейін сақтау үшін арналған микросхема;

тактілік импульстер генераторы - жиілігі компьютердің тактілік жиілігін беретін электрлік символдардың тізбегін генерациялайды.

таймер - ағымдағы уақытты автоматты түрде түсіріп алуды қамтамасыз ететін, машина ішіндегі электрондық сағат.

слоттар (Slot) - қосымша құрылғыларды (видео-, дыбыстық карта, ішкі модем, желілік адаптер) қосатын құрылғылар.

сокет (Socket) - микросхема орнатылатын ұяшықтан тұрады.

сыртқы құрылғылар контроллері;

Slide 12

Желілік карта компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді.

Желілік картаның бірнеше түрі бар. Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар, ең танымалылары - Ethernet және сымсыз желілер.

Желілік карта

Slide 13

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Дербес компьютер архитектурасы және оның негізгі құрамдастары
Дербес электронды есептеу техникасының архитектурасы мен негізгі құрылғылары
Компьютер: анықтамасы, тарихы, архитектурасы және негізгі құрылғылары
Дербес компьютер архитектурасы және оның негізгі аппараттық құрамдас бөліктері
Дербес компьютер архитектурасы: процессор, негізгі жады және шеткі құрылғылар
Дербес электрондық есептеу техникасының архитектурасы және негізгі құрылғылары
Дербес электрондық есептеу техникасының архитектурасы және негізгі аппараттық құрылғылары
Дербес компьютер құрылғылары: құрылымы, түрлері және қызметтері
Дербес компьютерлердің архитектурасы және негізгі компоненттері
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары мен сипаттамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz