Гинекологиялық УДЗ
Презентация қосу
БӨЖ
Тақырыбы:Балалардағы УДЗ,ЭКГ зерттеулерін жүргізуге дайындау.
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
• Жүрек қан-тамырлары функциясының бұзылуындағы балалардың
проблемалары
• Балаларға УДЗ, ЭКГ зерттеулерін жүргізу және оған дайындау
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
I.Кіріспе
Қанайналым жүйесі ауруларын уақтылы анықтаудың ең бірінші кезектегі
маңыздылығы, ол ересектердегі жүрек ауруларының көпшілігінің көзі балалық шақта
болатындығы. Балалардағы жүрек ауруларының жиілігі созылмалы соматикалық
патологиялардың ішінде ең басты орынды алады. Мысалы, жүрек және магистральды
қантамырларының туа пайда боған ақаулары 1000 нәрестеде 6-10 жағдайда кездеседі.
Бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін, себебі өмірімен үйлесімсіз жүрек
ақауларымен байланысты өмірінің алғашқы күндеріндегі нәресте өлімі және өлі
туылуы деректері ескерілмейді .Жүрек ауруларының көпшілігінің балалық кезінде
басталуы аз симптомды, бір жағынан басқа аурулардың жабылуымен өтуі мүмкін
(мысалы, сол қарынша жетіспеушілігі кезіндегі астматикалық бронхит, коронарлы
қанайналым аномалиялары кезіндегі құрсақ қуысының ауру сезімі). Аурулардың бір
қатары өте кеш, декомпенсация сатысында анықталады, бұл кезде балаға көмектің
сапасы, тиімділігі аз болады. Мысалы, өкпе гипертензиясының анықталуы
клиникалық түрде аурудың басталу сатысын емес, декомпенсациясын анықтайды.
Қанайналым мүшелерінің жағдайын бағалау үшін мыналарды қолданады:
1. Шағымдары жинау;
2. Анамнезді жинау;
3. Объективті әдістер (қарау, перкуссия, аускультация, пульсті санау және
артериалды қысымды өлшеу);
4. Инструментальды зерттеу әдістері.
Балалардағы жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының негізгі белгілері
Емшек жастағы балаларда болуы мүмкін бұзылыстар:
• Кенет айқай;
• Ұзақ әлсіздікпен ауысатын баланың мазасыздануы;
• Ему актының бұзылуы: қысқа уақыт емуден кейін шаршағыштық, ентігу
белгілерінің пайда болуы;
• Ентігу-цианоздық ұстамалар- цианоз, ес тану;
• Апноэ және тырысулармен жүретін бірден пайда болатын бозару және ентігу;
• Қатты тершеңдік: тері жабындыларының цианозы және бозғылттығы;
Жүрек тұсындағы ауырсыну(кардиалгиялар) кардиальдық және
экстракардиальдық үрдістермен байланысты жиі кездесетін белгілер болып
табылады. Кардиалгиялар мыналар бойынша сипатталады :
• сипаты-жіті, сыздап ауруы, күйдірмелі, сұқпалы;
• пайда болу уақыты -түнде, күндіз немесе үнемі, нервті-психикалық, физикалық
жүктеме кезінде немесе тыныштық жағдайда;
• науқастың орнығуына байланысты-көтерілу кезінде , оң және сол қалыпта
өзгеруі кезінде ауру сезімінің пайда болуы ;
• берілуі- әсіресе сол қолға;
Кардиалгияға себеп болып өкпе мен плеврадағы, ас қорыту
жүйесіндегі,омыртқалардағы, коронарогенді( стенокардия ,миокард
инфарктісі )және коронарогенді емес (перикардит )бұлшықетттермен
жүйкелердің аурулары саналады.
Коронарогенді кардиалгия локализациясы
Ентігу– жүрек патологиясының негізгі белгісі, өкпеде және кіші қанайналым шеңберінде
іркіліс пайда болуының бірінші сипаты. Көбіне ентігу физикалық жүктеме кезінде немесе
одан кейін пайда болып, экспираторлы немесе аралас сипатта болуы мүмкін. Тыныштық
жағдайдағы үнемі ентігу қанайналымның декомпенсация белгісі болып табылады.
Жүрек - қантамыр аурулары кезіндегі қантүкіру - айқын өкпе гипертензиясы, кіші
қанайналым жүйесіндегі айқын іркілудің және өкпе артериясы тармақтарының
тромбозымен байланысты болуы мүмкін.
Жүрек шулары тіпті сау балдарда да кездеседі. Неорганикалық, функциональды шулар –
көбіне систолалық. Олар папиллярлы бұлшықеттердің және хордальды аппараттың
дисфункциясы кезінде қан ағымы бағытының өзгеруі нәтижесінде болады.
Функциональдық шуларға тән:
• ұзақтығы, күші және тембрі, орналасуы жағынын тұрақсыздығы
• дененің орналасу жағдайына (жатқан кезде жақсы естіледі), тыныс алу фазасына (демді
ішке алғанда бәсеңдейді немесе жоғалады), жүктеме түсуіне байланысты.
Әлсіз және жиі пульс жүрек қызметінің нашарлауын көрсетіп, жағымсыз болжамды
көрсетеді, ол көбіне балаларда ауыр токсикалық жағдайдың әсерінен болады.
Артериальды қысымның көтерілуі ірі магистральды қантамырлардың ақаулары,
пубертатты кезеңдегі вегетодистония, гломеруллярлы аппарат және бүйрек
интерстициясы зақымдалуы кезінде.
Артериальды қысымның төмендеуі көбіне инфекциялы-токсикалық шок және
коллапс, жүрек жетіспеушілігі, миокардиттерде болады.
Коллапс (лат. collapsus — әлсіреген, құлаған) — артерия және вена қан
тамырларында қан қысымының күрт төмендеуінен болатын тамыр ауруы.Коллапс
мида орналасқан қан тамырларының қызметін бақылап, реттейтін орталық жүйке
жүйесі жұмысының әлсіреуінен пайда болады.Коллапстың клиникалық белгілері
ауру адамның тері қабатының бозаруымен, көгеруімен, тамыр соғуының (пульс)
әлсіреуімен, қан қысымының төмендеуімен сипатталады. Сондай-ақ, бұл кезде
науқас адамның басы айналады, естен танып, денесін суық тер басады, бет пішіні
өзгеріп, қол-аяғы мұздайды.
Коллапстың ең ауыр түрі — артериялық қан қысымының күрт төмен түсіп кетуі.
Бұл жағдай кейде науқасты өлім халіне соқтыруы мүмкін.
Электрокардиограмма (ЭКГ) -жүрек бұлшықетінің жұмысын зерттеудің ең
ақпаратты, қарапайым әдісі. Жүректің жиырылуы нәтижесінде электрлік
потенциалдар құрылғы арқылы тіркеледі. Мұны денеге оңай бекітілетін арнайы
сенсорлар жасай алады. Импульстар 600-700 есе күшейтіліп, кардиограф деп
аталатын құрылғыға енеді. Ол бұл импульстарды декодтап, оларды арнайы қағаз
таспада график түрінде береді. Процедура мүлдем ауыртпалықсыз, аз уақытты
қажет етеді және қауіпсіз. Сондықтан ЭКГ балаларға өте ерте жаста жасалуы
мүмкін. Бұл әртүрлі қауіпті ауруларды мүмкіндігінше ертерек уақытында
анықтауға мүмкіндік береді.
Процедура заманауи электрокардиографтың көмегімен жүзеге асырылады. Баланың
денесіне жүректе пайда болған электрлік потенциалдарды қабылдайтын арнайы
электродтар бекітіледі, олар өз кезегінде қағазға жазылады. Іс жүзінде 12 сым
қолданылады: оның 6-ы сорғыш электродтардың көмегімен кеудеге бекітіледі, ал
қалған 6 стандартты электрод аяқ-қолдарға қолданылады. Балада ЭКГ жүргізу үшін
кішігірім өлшемдегі электродтар қолданылады, олар нәрестеге теріге зақым келтірмеу
үшін арнайы пішінге ие. Кейбір клиникалар бір рет қолданылатын сорғыштарды
пайдаланады, олар өте жұмсақ және ешқандай із қалдырмайды. ЭКГ-ның толық
декодтауын, оны түсіндіруді және нәтижелерді беруді дәрігер жүзеге асырады.
Әрбір баланың жеке көрсеткіштері бар, нұсқаларда белгілі бір ауытқулар болуы
мүмкін, бірақ олар физиологиялық нормалардан асып кетпеуі керек.
ЭКГ-ға дайындық
Процедура нәрестеге ешқандай ауырсынуды тудырмайды, бірақ балалар барлық
жаңа, әдеттен тыс нәрселерден қорқады.Егер процедура нәрестеге арналған болса,
оны тамақтандырғаннан кейін, ұйқы кезінде, нәресте босаңсыған кезде, белсенді
емес кезде жасаған дұрыс. Не болып жатқанын қазірдің өзінде қабылдайтын
балаларға аздап дайындық қажет. Үйде олармен дәрігер ойынын ойнаңыз,
қуыршақтарға процедураны көрсетіңіз, оған оның өтуі керек екенін айтыңыз.
Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) — алуан түрде көрініп және түрлі ағза
ұлпаларымен жұтылып, ішкі мүшелердің суретін ультрадыбыстық толқындар
көмегімен алуға мүмкіндік беретін, бейинвазивті диагностика әдісі.
• Шағылысқан эхосигналдар қуатты компьютермен ультрадыбысты сканерге
айналып, қазіргі уақыт режимінде монохромды сурет ретінде монитор
экранында қайта жиналады.
• УДЗ ерекшелігі: науқастың ұлпалары мен мүшелеріне қол тигізбеу, максималды
қауіпсіздік, ақпараттылық.
• УДЗ-маманы нақты клиникалық диагноз қоймайды және емдеу бойынша кеңес
бермейді. Диагноз қою үшін, алынған нәтиже емдейтін дәрігерге беріледі.
Ультрадыбыстық диагностика кабинеті келесі зерттеу түрлерін жүргізеді:
•Кешенді ультрадыбыстық диагностика (УДЗ)
•Бауыр, ұйқы безі, өт қабының УДЗ
•Бүйрек пен бүйрек үсті безінің УДЗ
•Плевра қуысының УДЗ
•Төменгі және жоғарғы аяқ тамырларының УДДГ (ультрадыбыстық доплерографиясы)
•Брахиоцефалиялық магистральдың УДДГ
•Төменгі және жоғарғы аяқтардың артерияларының УДДГ
•Гинекологиялық УДЗ
•Жатырдың УДЗ
•Қуықтың УДЗ
•Қуық асты безінің УДЗ
•Жұмсақ тіндердің УДЗ
•Лимфа түйіндерінің УДЗ
•Қалқанша безінің УДЗ
•Жүректің ЭхоКГ
Зерттеу LOGIQ S7 сараптамалық класс аппаратында жүргізіледі.
Жүректің ультрадыбыстық зерттеуі - жүрек ақауларын анықтауға, диагнозды нақтылау
немесе теріске шығаруға бағытталған.
• Көрсеткіштері
Жүректің ультрадыбыстық зерттеуін міндетті түрде туа біткен жүрек ақауы белгілері бар және
жүрек шуы бар жаңа туылған нәрестелерге тағайындайды. Жүректі ультрадыбыстық зерттеу
болжамды диагнозды нақтылау немесе жоққа шығаруға, сондай-ақ ауру дамуын ерте
сатысында емдеу тактикасын және оңтайлы стратегиясын анықтауға мүмкіндік береді.
• Жүректің УДЗ (эхокардиография) жүрек-қан тамыр аурулары кезінде ғана емес, қант
диабеті, қалқанша безінің патологиясын тексеру стандарттарына кіреді, күрделі
операциялық араласулар алдында скрининг ретінде қолданылады және т.б.
• Эхокардиография кезінде жүрек камераларының мөлшері, жүрек бұлшық етінің қалыңдығы
және оның жиырылу қабілеті, өрлемелі қолқаның және оның қабырғасының мөлшері,
клапанды аппараттың құрылымы және кері қан ағыстың бар болуы бағаланады.
• Гипертониялық аурудың бастауыш сатысында ультрадыбыстық зерттеу кезінде жүрек
өзгерістері болмауы мүмкін, бірақ емдеу басталғанға дейін кардиолог дәрігерге терапия
тағайындау үшін эхокардиографияда айқындалған көрсеткіштерді білу қажет. Өзгерістер
болған жағдайда процесс динамикасын байқауға болады. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде
коронарлық артерияларда стеноздар бар болуын анықтау мүмкін емес.
Эхокардиографияға дайындық
Эхокардиография арнайы дайындықты және диетаны қажет етпейді. Бірақ
жүректің жұмысын дұрыс бағалау үшін баланың тыныш жағдайы өте
маңызды. Егер бұл нәресте болса, атааналар олардың үгіндісі толық, құрғақ
памперсте, жайлы және тыныш екеніне көз жеткізуі керек. Егер бұл үлкен бала
болса,онда оны психологиялық тұрғыдан дайындаған жөн. Яғни баланы
позитивті күйге келтіріңіз. Оған процедураныңауыртпалықсыз екенін
түсіндіріңіз, тек дәрігердің нұсқауларын тыңдап, орындау керек. Медициналық
құжаттардан басқа,процедурадан кейін гельді теріден тазарту үшін (немесе
олар солжерде беріледі) баланы қоятын жөргекті және майлықтарды
Ультрадыбыстық диагностика кабинетіне әкелу керек. Жүректің Ультрадыбыс
кезінде баланың "бүлік шығарғысы" келмеуі үшін сүт бөтелкесін – баланы
тыныштандыру оңайырақ болады.Нәтижелерді дәлірек декодтау үшін баланың
бойы мен салмағы туралы ақпаратты жаңарту пайдалы болады. Егер балада
жүрек Ультрадыбысы бірінші рет жасалмаса, өткен зерттеулердің
нәтижелерін өзіңізбен бірге алып жүруді ұмытпаңыз.
• Доплерография
Жүректің ультрадыбыстық диагностикасы кезінде қосымша зерттеу
қолданылады - тіндік доплерографиямен эхокардиография (УДДГ). Тіндік Доплер
көмегімен қан ағысын әдеттегідей жүрек камераларында емес, миокарданың
өзінде (жүрек бұлшықетінде) бағалайды. Компьютер қан ағысында болатын
қиындықтарды көрсететін екі өлшемді түрлі-түсті суретті жасайды.
• Бұл зерттеу қалай өтеді?
Доплерография 20-60 минут жалғасады. Дуплекстік УДЗ арнайы дәрі-дәрмек
енгізуді талап етпейді және арнайы дайындық керек емес. Емшара жүргізілгеннен
кейін пациент әдеттегі қызметін жалғастыра алады. Өйткені УДДГ
ауыртпалықсыз, жансыздандыру талап етілмейді. Зерттеу алдында доктор
пациентті басын сәл көтеріп үстелге жатуды сұрайды. Содан кейін зерттеу
ауданына гель жағылады. Гель ультрадыбыстық толқындар таралуын жақсартады.
Дәрігер датчикті теріге басып оны жылжыта бастайды. УДЗ датчигінің қысымы
кейбір ыңғайсыздық тудыруы мүмкін, бірақ адамдардың көпшілігі емшараны
ауыр деп санамайды. УДЗ датчигі компьютерге сигналдар жібереді, компьютер
оларды суреттерге түрлендіріп мониторға шығарады.
Велоэргометрия
Нақты физикалық белсенділікті
беруге мүмкіндік береді.
Балаларға тағайындалады
Жүктеме массасы 0,5-тен 1,5
Вт/кг-ға дейін, өйткені олар
үлкен жүктеме болмайды.
Велоэргометрияны орындау
кезінде пульс, қан қысымы,
қажет болған жағдайда жазба
жасалады. ЭКГ
велоэргометрияға дейін, немесе
одан кейін.
III.Қорытынды
Ауытқуларды анықтау және олардың әрекеттерінің объективті көрсеткіштерін
өлшеу негізінде дененің әртүрлі мүшелері мен физиологиялық жүйелері
функциясының бұзылу дәрежесін анықтау-аспаптық зерттеулердің көмегімен
жүзеге асырылады.Органдар мен жүйелердің функционалды жағдайын бағалау өте
маңызды,жүрек-қантамыр патологиясын диагностикалау,ауру ағымының
динамикасын және емдеу-оңалту шараларының тиімділігін анықтау үшін-баланың
жұмысқа қабілеттілігін болжау және бағалау керек.
IV.Пайдаланған әдебиеттер
1. Балалар ауруларының пропедевтикасы. 1 т.: оқулық / А. В.
Мазурин - Алматы :
Эверо, 2016. - 166 бет. с.
2. Ересектерге және балаларға жүректің УДЗ - KZ (cardiomedical.kz)
3. Коллапс — Уикипедия (wikipedia.org)
4. Балалар ауруларының пропедевтикасы. 2 т.: оқулық / А. В.
Мазурин - Алматы :Эверо, 2016. - 188 бет. с.
5. Поиск (bing.com)
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz