Шошқада көкірек омыртқалардың саны


Slide 1

О. Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі

Модуль атауы: КМ 02. Жануарлар жасушасының құрылысы және жануарлар ағзасы жүйесінің топографиялық ерекшелігі

Тақырыбы: Остеология. Қаңқа жүйесі, мүшелердің орналасу орны

Пән атауы:Жануарлар

анатомиясы фиозиологиясы

Оқу тобы: 2Вет2

Пән оқытушысы:Табылдиева М. И.

Slide 2

Тірек-қимыл аппараты жануарлар организмдерінің кеңістікте орын ауыстыруы мен дене бөлімдерінің бір-бірімен салыстырмалы қозғалыстарын, қамтамасыз етеді. Сондықтан тірек-қимыл аппараты құрылысы жағынан күрделі болып келеді. Оған белгілі бір заңдылықпен байланысқан сүйектер жүйесі - қаңқа мен бұлшықеттер жатады.

Slide 3

Сүйектер туралы ілім - OCTEOLOGIA

Үй жануарлар қаңқасы біліктік және шеткі болып екі бөлімге бөлінеді.

Біліктік қаңқа бас, мойын, тұлға және құйрық сүйектерін біріктіреді.

Шеткі қаңқа немесе аяқ қаңқасы алдыңғы және артқы аяқ сүйектерінен құралған. Бұлар негізінен белдеу және аяқтың еркін қозғалатын бөлімдері болып екіге бөлінеді.

Slide 4

Қаңқа бөлімдері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

11

10

Slide 5

Ірі қара малдың бассүйегі

Slide 6

Ми сауыты - cranium cerebrale, s. neurocranium

Ми сауыты төрт жұп (самай, маңдай, төбе қанатша) және төрт тақ (шүйде төбеаралық, торлы және сынаша) сүйекетерден құралған.

Кері қарай

Slide 7

Бет бөлімі - facies

Бастың бет бөлімін құрайды. Онда ас қорыту, тыныс алу жүйелерінің басталар бөліктері мен иіс сезу, көру мүшелері орналасады.

Кері қарай

Slide 8

Жоғарғы жақ сүйегі - maxilla

Мұрын қуысының бүйір қабырғасын, ауыз қуысының төбесін құрайды. Ол алдыңғы жағымен тұмсық, артқы шетімен торлы, таңдай, бет, көзжасы, медиальды жиегімен соқаша, вентральды мұрын кеуілжірі және қарсы беттің жоғарғы жақ сүйектерімен шектеседі.

Кері қарай

Slide 9

Төменгі жақ сүйегі - mandibula

- денеден және бұтақтан тұратын жұп сүйек. Оң және сол жақтағы екі аттас сүйек жылқы мен шошқада бір-бірімен тұтаса бірігіп кетсе, ал ірі қара мал мен итте олар шеміршек ткані арқылы байланысады. Бұл екі сүйектің арасындағы кеңістікті жақаралық кеңістік деп атайды.

Кері қарай

Slide 10

Тістер - dentes

Тіс азықты ұстауға, тістеп үзіп алуға, шайнап ұсақтауға арналған өте берік ас қорыту ағзасы. Кейбір жануарлар тістерінің көмегімен қорғанады, ал жыртқыштар өз қорегіне шабуыл жасайды.

Тістің негізгі заты дентим болып табылады. Оның 70-80% минералды тұздардан тұрады. Дентин жасаушы сүйек клеткалары - одонтобластар деп аталады.

Кері қарай

Slide 11

Маңдай cүйегі - os frontale

Ми сауытының төбесін құрайтын жұп сүйек. Ол маңдай қабыршағы, көздік және мұрын бөліктерінен тұрады. Маңдай сүйегі алдыңғы жағымен - мұрын, көзжасы, латеральды бүйірлерімен - таңдай, сына тәрізді, самай, алдыңғы медиовентральды шетімен - торлы, ал каудалды жағымен төбе, төбеаралық сүйектермен шектеседі.

Кері қарай

Slide 12

Мұрын сүйегі - os nasale

Мұрын қуысының төбесін түзеді. Оның каудальды жиегі маңдай, латеральды шеті жоғарғы жақ және тұмсық, вентральды бөлігі торлы, медиальды жиегі аттас мұрын сүйектерімен шектесіп жатады.

Бас мәзір

Slide 13

Мойын омыртқалары - vertebre cervicales

Бірінші мойын омыртқасы

Екінші мойын омыртқасы

Барлық жануарларда мойын омыртқасының саны жетеу.

Slide 14

Бірінші мойын омыртқа (атлант) - atlas

Басқа омыртқалардан айырмашылығы астыңғы және үстіңгі беті доғалданып келеді, ал екі бүйірінде ala atlants деп аталатын екі қанаты бар.

Кері қарай

Slide 15

Екінші мойын омыртқа (эпистрофей) - axis

Ол барлық басқа омыртқалар сиақты денеден, доғадан және омыртқа тесігінен құралған. Жоғарғы жағында айқын білінетін доға жақсы жетілген, ал төменгі бетінде айқын жетілген вентральды қыр көрінеді.

Бас мәзір

Slide 16

Көкірек омыртқалары - vertebra thoracicae

Ерекшеліктері: Жылқыда көкірек омыртқаларының саны 18-19. 15-ші омыртқа - диафрагмальды.

І. Қ. М. ж/е ұсақ малдарда омыртқалардың саны он үш. 13-ші омыртқасы - диафрагмальды.

Шошқада көкірек омыртқалардың саны 14-15. 11-шісі - диафрагмальды.

Slide 17

Бел омыртқалары - vertebrae lumbales

Ерекшеліктері: Жылқыда бел омыртқалардың саны алты.

Шошқада бел омыртқалардың саны жеті.

Қойда 6-7 бел омыртқа болады.

Иттің бел омыртқасы жетеу.

Slide 18

Құйымшақ омыртқалары - vertebrae sacrales

Ерекшеліктері: Жылқыда құйымшақты түзетін 5 омыртқаның жоталық өсінділері толық бірікпей, бөлектеніп жатады.

І. Қ. М. құйымшақ 5 омыртқаның бірігуінің нәтижесінде пайда болған.

Шошқамен қойда құйымшақ 4 омыртқадан құралған.

Итте құйымшақты түзуге үш омыртқа қатысады.

Slide 19

Құйрық омыртқалары - vertebrae caudales

Ерекшеліктері: Жылқының құйрығы қысқа, сондықтан омыртқалардың денесіде қысқа болады.

І. Қ. М. Құйрық омыртқалардың денесі ұзынша болып келеді де, доғалардың қалдықтары тек бірінші омыртқаларда ғана айқын білінеді.

Шошқада құйрық омыртқалардың денесі алдыңғы 5-6 шы омыртқаларда дорсовентральды бағытта сығылған, ал қалғандары цилиндір тәрізді болады.

Қойда құйрық омыртқалардың саны оның тұқымына байланысты әр түрлі болады. Қысқа құйрықты қойларда ол тек 3-4 омыртқадан, ал ұзын құйрықтыларда 24-ке дейін жетеді.

Slide 20

Жауырын - scapula

Ерекшеліктері: Жылқыда жауырын қырында акромион болмайды. Оның орта тұсында қыр төмпегі болады. І. Қ. М. және ұсақ малдарда акромион өсіндісі жақсы жетілген. Жауырын қыры жауырын мойнына дейін созылады. Шошқада акромион болмайды, қыр төмпегі өте жақсы дамыған ж/е артқа қарай иіліп тұрады.

Slide 21

Қабырғалар - costae

Ерекшеліктері: Жылқыда 18-19 жұп қабырға болады, олардың сегізі нағыз қабырғалар.

І. Қ. М. қабырға саны 13 жұп. Олардың 8-і нағыз қабырғалар. Кейде 14-ші жұп аспалы қабырғалар кездеседі.

Қойда қабырғалардың саны 13 жұп.

Шошқада қабырғалар 14-15 жұп. Оның 7 жұбы нағыз қабырғалар.

Slide 22

Жамбас сүйегі - os coxae

Бұл сүйек мықын, шат және шонданай сүйектерінің тұтаса байланысынан түзілген.

1. Мықын сүйек - os ilium - үш бұрышты жалпақ сүйек

2. Шат сүйегі - os pubis - денеден және екі бұтақтан құралған.

3. Шонданай сүйегі - os ischii - бұлда денеден және екі бұтақтан тұрады.

1

3

2

Slide 23

Төссүйек - sternum


Ұқсас жұмыстар
Қаңқа сүйектерінің ерекшеліктерін жасына байланысты оқып білу
Сиыр ұшасын тексеру
Мойын омыртқаларының негізгі ерекшеліктері
Мойын бұлшықеттері
Сүйекті балықтар қаңқасы
Бел омыртқа
Сүйекті балықтар
Баланың сүйектерінің ерекшелігі
Омыртқа бағанасының физиологиялық және патологиялық иілімдері
ЗӘР БӨЛУ МҮШЕЛЕР ЖҮЙЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz