Сілекей мен асқазан сөлінің ферменттері


Slide 1

Қазақстан-Ресей медициналық университеті

Сілекей мен асқазан сөлінің ферменттері

Тексеруші: Тулеева Г. Т.

Орындаған: Бектемирова Сабира

Топ: 208-б

Мамандық : жалпы медицина

Slide 2

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

Ас қорыту жолының қызметі

Сілекей оның құрамы және маңызы

Қарындағы астың қорытылуы

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Ас қорыту, оның маңызы

Тағам арқылы организмге энергиялық және пластикалық материалдар түседі. Қоректік заттар ас қорыту жолында механикалық және химиялық өңдеуге ұшырайды.

Ас қорыту барысында ірі молекулалы органикалық заттар жай заттар - мономерлерге айналып, олар қан мен лифаға сіңіп, организмде пайдаланылады.

Slide 4

Ас қорыту жолының қызметі

Ас қорыту.

Сөл шығару (секреция) - ас қорыту сөлдерін бөлі. Ферменттердің 3 тобын ажыратады: 1) протеазалар, белоктарды ыдыратады; 2) липазалар, майларды глицеридтер мен май қышқылдарына дейін ыдыратады; 3) карбогидразалар, көмірмуларды полисахарид, ди- және моносахаридтерге дейін қорытады.

Қимыл (моторлық) .

Сіңіру.

Сыртқа шығару.

2. Эндокриндік функция. Ішек-қарынның кілегей қабатында гастроинтестиналдық гормондардың түзілуі. энтреин жүйесінің гормондары қанға сіңіп: 1) ас қортыу сөлдерінің бөлінуін реттейді. 2) ассимиляцияға, организмнің өсуі мен дамуына әсер етеді. 3) түрлі ағзалардағы қан айналысын реттейді, биологиялық мембраналардың өткізгіштік дәрежесін реттейді.

Slide 5

Сілекей, оның құрамы және маңызы

Сілекей - сілекей өзектері арқылы келіп құйылатын үш жұп сілекей безінің (шықшыт, жақ асты, тіл асты) және ауыздың шырышты қабығында орналасқан ұсақ бездердің аралас сөлі. Адамда тәулігіне 600-1500 мл, орташа 1, 0-1, 2 л сөл бөлінеді.

Slide 6

Сілекейдің құрамы

Сілекей - қоймалжың, түссіз, сұйық зат. Меншікті салмағы - 1, 001-1, 002.

рН = 5, 8-7, 4.

Су - 99, 4-99, 5%.

Құрғақ зат - 0, 5-0, 6%

1. Ферменттер:

-амилаза - полисахаридтерді - декстран - дисахахридтерге дейін ыдыратады.

Мальтаза - ұзақ шайнағанда активтеліп, дисахаридтарді - моносахаридтерге дейін ыдыратады.

2. Муцин

3. Лизоцим

Аз мөлшерде:

Белоктар глобулиндер, амин қышқылдары.

Несеп қышқылы, мочевина, креатинин

Ферменттер - протеазалар, пептидер, липаза, нуклеаза, сілтілік және қышқылдық фосфотазалар және т. б.

Органикалық заттар

Бейорганикалық заттар

Калий, натрий, кальций, магний иондары.

Фосфаттар, хлоридтер, сульфаттар, бикарбонаттар.

Родондық қосылыстар.

Йодид, бромид, фторид, микроэлементтер: темір, никель, литий

Slide 7

Сілекейдің маңызы

Ас кесегінің сілекеймен шылануы

Астың дәмі, физикалық қасиеттері туралы мағлұмат алуға қатысады

Көмірсулы затар ыдырай бастайды

Ас түйірінің қалыптасуына қатысады (муцин)

Қорғаныс қызметі (лизоцим, экзотоксиндермен байланысуы)

Минерал заттардың алмасуына қатысу

Slide 8

Қарындағы астың қорытылуы

Қарында сілекеймен шыланған ас 3-10 сағат кідіріп, механикалық және химиялық өңдеуге ұшырайды.

Slide 9

Қарында 3 түрлі без жасушалары - гландулоциттер бар. Негізгі гландулоциттер пепсиноген, айнала қоршаған - тұз қышқылын, қосымша гландулоциттер - шырышты зат - муцин шығарады. Осы заттар қарын сөлінің құрамына кіреді.

Slide 10

Адамда тәулігіне 2, 0-2, 5 л қарын сөлі бөлінеді. Ол түссіз сұйықтық. Меншікті салмағы - 1, 002-1, 007. Осмостық қысымы - 300 мосм/л (7, 5 атм) . рН - 0, 9 - 1, 5; тұз қышқылы көп - 0, 3-0, 5%

Slide 11

Қарын сөлінің құрамы

Н2О - 99, 0-99, 5%

Құрғақ қалдық - 1, 0-0, 5%

Органикалық заттар

Бейорганика-лық заттар

1. Ферменттер:

әрекеті

Хлоридтер, сульфаттар, фосфаттар, бикарбонаттар: натридің, калидің, кальцидің, магнидің.

- пепсин А

рН 1, 5-2 ортада белок гидролизі

- гастриксин (пепсин С)

Оптимум әсері рН 3, 2-3, 5 ортады

- пепсин В (парапепсин немесе желатиназа)

Дәнекер ұлпа белоктарын ыдыратады

- реннин (пепсин Д немесе химозин)

Са++ иондарының қатысымен сүт казеиногенін казеинге айналдырады

- қарын липазасы

Эмульсияланған майларды (сүт май) глицерин мен май қышқлдарына ыдыратады

Slide 12

Органикалық заттар

Әрекеті

2. Лизоцим (мурамидаза)

Антибактериалық әсер

3. Кастла факторы- гастромукопротеид (муцин)

Қарынның кілегей қабатын механикалық және химиялық (HCl әсері) әсерлерден қорғайды.

В12 витамині сіңу үшін қажет.

Slide 13

Қарын сөліндегі тұз қышқылының маңызы.

Тұз қышқылы:

1. Пепсиногенді пепсинге айналдырады

2. Айналасын қышқылдандырып пепсиннің әсерін күшейтеді

3. Белоктарды қопсытып жұмсартып, олардың ішіне фермент енуін жеңілдетеді

4. Микробтарды жояды( бактерицидтік әсер)

5. Қарынның моторикасын күшейтеді

6. Қарындағы астың 12 елі ішеке өтуіне септігін тигізеді

7. Сүтті ірітеді

8. Қарынмен ұйқы бездерінің сөл бөлінуін ретейді, гастрин мен секретин гормондардың бөлінуін күшейтеді

9. Энтерокиназа ферментінің әсерін күшейтеді

Slide 14

Қарын сөлі бөліну кезеңдері

I. Күрделі рефлекстік - ми кезеңі

III. Ішек кезеңі - ас ішекке өткенде.

Қарын секрециясын ынталандырушылар: энтерогастрин, бомбезин, белок гидролизі өнімдері, экстрактивті заттар.

Шартты рефлекстік

Шартсыз рефлекстік

II. Қарын (нейрогуморалдық) кезең

Механикалық

Гуморалдық (гастрин, гистамин, бомбезин)

Slide 15

Қарынның сөл шығаруын күшейтеді:

Гастрин.

Гистамин.

Бомбезин.

Мотилин және басқа ГИГ.

Белоктар ыдырауының өнімдері және т. б.

Slide 16

Қарынның сөл шығаруын тежейді:

Гастрон, энтерогастрон.

Соматостатин.

ВИП - вазоактивті ішек пептиді.

Холецистокинин-панкреозимин.

ЖИП - қарын-ішек пептид.

Глюкагон.

Май алмасу өнімдері.

Slide 17

Қорытынды:

Ас қорыту ферменттері - қоректік заттарды химиялық қосылыстарға ыдырататын биологиялық катализаторлар. Оның маңыздылығы ас қорыту ферменттері химиялық құрылысы жағынан белок, ал физикалық күйі жағынан коллоидтық зат. Олар ас қорыту бездерінің клеткаларынан шығады. Әрбір фермент бір реакцияға қатысады.

Slide 18

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Асқазан сөлі
Ішкі шырышты және шырыш асты қабаты
Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктер
АСҚОРЫТУ БЕЗДЕРІ
Аңдардың асқорыту жүйесі
Ас қорыту бездерінің физиологиясы
Асқазан сілемейлі
Тамақтану концепциялары
Сілекей мен асқазандағы заттардың ферментативті бөлінуі
Асқазан сөлінің ферменті пенсин
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz