Қазақстандағы археологиялық қазба - ескерткіштер
Презентация қосу
Қазақстандағы
археологиялық қазба-
ескерткіштер
Кең-байтақ Қазақстан даласында 4970-ке жуық археологиялық ескерткіш мемлекеттік есепте
тұр. Орта ғасырлар кезеңінде тарихшылар мен географтар, саяхатшылар, ғалымдар ескі
қоныстар мен қалалардың орны туралы мәліметтер қалдырған. 1707 жылы жарық көрген
С.Ремезовтің «Сібір картасында» қазақ даласындағы археологиялық ескерткіштер туралы
жазылған. 1733 жылы Г.Ф.Миллер бастаған бірінші академиялық экспедиция қазақ жерінде
жұмыс істеді. 1774 жылғы жарық көрген П.И.Рычковтың «Орынбор топографиясы» атты
еңбегінде ертедегі кеніштердің орны туралы мәліметтер бар. Бұл кездегі зерттеулер ғылыми
негізде жүргізілмей, тек қана кездейсоқ табылған жәдігерлерді жинаумен айналысты.
Ресейдегі археологиялық зерттеулердің кеңеюі Қазақстандағы көне ескерткіштерді ғылыми
түрде зерттеуді қажет етті. Атақты қазақ ғалымы Ш.Уәлиханов өз қолжазбаларында
ортағасырлық Талғар, Шеңгелді қалалары туралы кескіндеме қалдырған. Орыс
шығыстанушысы В.Радлов Шығыс Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерді бірінші рет
тарихи кезеңдерге бөлді. Оның еңбектері Қазақстан археологиясының дамуында үлкен қадам
болды. 1867 жылы ресейлік Археологиялық комиссияның шешімімен орыс шығыстанушысы
П.Лерх Түркістан өлкесін зерттеуге кірісті. Сауран, Сығанақ, Тараз қалаларының жоспарын
картаға түсіріп, Жаңакент қаласындағы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Ол
ортағасырлық қалаларды зерттеудің ғылыми негізін қалады. 1862 жылдан бастап В.Радлов
Шығыс Қазақстан жерінде археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазақстандағы
археологияның дамуына 1893-1894 жылдардағы белгілі ғалым В.Бартольдтың Орта Азияға
барған ғылыми сапары негіз болды. Оның ғылыми еңбегі әлі күнге дейін маңызын жоғалтқан
жоқ. 1895 жылы академик В.Бартольд Ташкент қаласында алғашқы археологтар үйірмесін
ашты. Осы үйірме мүшелері В.Кларе мен А.Черкасов 1904 жылы Отырар қаласында қазба
жұмыстарын жүргізді. 1920 жылы Түркістан мәдени ескерткіштерді қорғау және мұражайлар
комитеті ашылды. Комитеттің негізгі міндеті тарих ғылымының үлкен бір саласы –
археологияны дамытуды қолға алу болды. Сайран, Тараз қалаларында археологиялық
зерттеулер жүргізіліп, М.Массоның Түркістан туралы алғашқы ғылыми еңбектері жарық көрді.
XX ғасырдың 30 жылдарында Қазақстан жерінде М.Грязнов, И.Синицын, С.Черников,
О.Кривцова-Гракова бастаған экспедициялар республиканың орталық және шығыс
Ақыртас археологиялық кешені қазіргі
Тараздың шығысында 40 км жерде,
Ақшолақ теміржол станциясынан 6 км
оңтүстікте, Қырғыз Алатауының
етегінде орналасқан. Қазір бұл тау
шатқалынан бастау алатын, құрғап бар
жатқан бұлақтардың арналары кескен
тау бөктері.Ескерткішті зерттеу 19
ғасырда басталды. Шығыстанушылар,
архитекторлар және археологтар өз
еңбектерін осы бірегей ескерткішке
арнаған. Ақыртас кешені алғаш
өлкетанушылар мен ғалымдар В.А.
Каллаур, П.И. Лерх, Д.И. Иванов, В.В.
Бартольд және Г.И. Пацевич зерттеген.
1936 ж. Ақыртас қирандыларында
КСРО ҒА мен ММЗИ Қазақ
филиалының археологиялық
экспедициясы (А.Н.Бернштам) болды.
Сол кезде обалар қазылған болатын.
1940 және 1945-46 жж. Ақыртасты Г.И.
Пацевич зерттеді. 1945 ж. ескерткіште
ҚазКСР МК жанындағы архитектура
ісінің Басқармасы өлшеу жұмыстарын
жүргізді. Материалдарын 1950 ж.
Т.К.Басенов жариялап, солтүстік
қасбетте мұнаралар барын анықтады,
Ақыртас жоспары түзетілді.
Ескерткішті археологиялық тұрғыдан
жоспарлы зерттеуді проф.
К.М.Байпақовтың басшылымен ОҚКАЭ
Шірік Рабат қалашығы Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300 км жерде, қазіргі уақытта
суы тартылған Жаңадария өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Бұл қалашық солтүстіктен
оңтүстікке қарай 850х600 м созылған табиғи төбе үстінде орналасқан. Қалашық мықты әскери
жүйемен қоршалған. Төбенің төменгі жағында ені 40 м, тереңдігі 4,5 м ор қазылған. Қазіргі уақытта
сақталған биіктігі 3 м, табанындағы ені 8-10 м. Ордың ішкі периметрі бойынша да жал орналасқан.
2004-2006 жылдары қалашық территориясында екі жерлеу конструкциясы және диаметрі шамамен
80 м үлкен шеңбер тәріздес құрылыс қазылды.
Зерттелген жерлеу орындары диаметрі 15 м
болатын кішігірім ойыс сияқты болып
келген. Қазба барысында жер деңгейінен
2,10-2,50 м. тереңдікте пішіні төртбұрышты
болып келетін күрделі түрде салынған қабір
құрылысы табылды. Бұл бір-біріне ұқсас
батыс және шығыс бөліктерден тұратын
катакомбалардан тұрады. Қабірхананың
салыну барысын сөз етер болсақ, мұнда ең
алдымен мәйіттің ішкі үйі болып есептелетін
лақат қазылып дайындалған. Мәйіт
жерленген соң оның шығар есігі кесек
кірпіштермен қалап жабылған. Лақат ішінен
бас жағымен оңтүстікке қарай жатқызылған
үш ересек адамның мәйіттері аршылып
алынды. Қабірді аршу барысында
мәйіттермен қоса көмілген жеке бұйымдар
да табылды. Батыс беттегі жеке жатқан
мәйіттің сол жанынан ұзындығы 1 м асатын
семсер мен белінің тұсынан белдіктің
қалдықтары табылды. Мұнда айта кетерлік
жәйт: шығыс беттегі екі мәйіт бірінің үстіне
бірі қабаттастырыла қойылған. Екі мәйіттің
астыңғысының белінен белдік былғарысынң
қалдықтары мен киімдерге жапсырылып
тігілген сары металдан, пастадан жасалған
әшекейлік бұйымдары табылды. Сондай-ақ,
олардың жанынан Есіктен табылған
таңбаларға да ұқсас болып келетін жазуы
бар қыш құмыра-көнек пен күміспен
құрсауланған ағаш тостағанның қалдығы
Сарайшық
қаласы
Сарайшық қалашығы 100 га көлемі бар, XIII-XVI ғғ. жатады. Жайық өзенінің оң жақ жағалауында, Атырау
қаласынан 55 шақырым жерде орналасқан. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде Сарайшықтан Шығыс
пен Батыстың ортағасырлық өркениетті орталықтармен сауда-экономикалық және мәдени байланысы
туралы ақпарат беретін және Алтын Орда дәуірінің қалалық мәдениетінің бай материалдары табылды.
«Хан» қоғамдық құрлысының архитектуралық орналасуының кезеңдеріне зерттеу жүргізілді.
Зерттеу барысында «ханның» салу ерекшеліктері анықталды. Сонымен бірге, өткен маусымда бес құрылыс
кезеңін анықтауға мүмкіндік алынды. Археологиялық зерттеу барысында қалашықта нумизматикалық
материалдардан басқа қалалықтардың көптеген күнделікті қолданыс заттары табылды: қыштан жасалған
заттар (құман, құмшы, шығыр, құмыралар, көзелер, шырақтар, түбектер, кесе, пияла ) өсімдіктер мен
зооморфты өрнектер және түрлі араб шрифтімен, сонымен бірге, трапезундық және қырым
амфораларыныњ бөлшектері, қытай фарфорынан жасалған табақтың бөліктерімен безендірілген. Қазбалар
барысында көптеген сүйектен, темір мен қоладан жасалған бұйымдар кездеседі. Одан басқа, ортағасырлық
моншаның қалдығы табылып, зерттелді.
Әбілғазы Бахадұр-ханның (ХVІІғ.) Сарайшықтағы негізін Батухан (Билік құрған уақыты 1221-1256 ж.ж.)
салған деген тарихи пікірмен келісуге болады. Көптеген көпестер мен саяхатшылардың осынау жолдардың
бағыт бағдарлары туралы, тауарлардың сипаты мен бағасы және қатынас тәсілі туралы жазбалары мен
хикаялары бізге дейін жетіп жатыр. Сарайдан Сарайшыққа, одан әрі Үргеншікке дейінгі сауда жолының
соқпақтарында құдықтар болды және керуен-сарайлар қызмет етті. ХІІ-ХІV ғ.ғ. осы жол Шығысты Батыспен
негізгі жалғастырушы болды.
Сарайшықта салтанатты сәулетті сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер және басқа да
ғаламат ғимараттар салынған. Оларды атақты сәулет өнері мектептерінен өткен дарынды шеберлер
тұрғызған қаланың өте тамаша жобаланып салынған түзу де кең көшелері мен алаңдары болған. Қаланың
келбетінен шығыстың әсері айрықша байқалды. Керуен саудасынан келетін түсім, әскери олжа, жергілікті
халық төлейтін салық және аса мол арзан еңбек күшінің есебінен Сарайшық қаласы тез өсті.
Қазіргі уақытты қалашық жер бетінен тым тез жоғалып барады. Бұл процесс Жайық өзенінің арнасының
ауытқуына байланысты болып отыр. Судың асау ағысының мәдени қабаттарын күн сайын және жылдам
шайып жатыр. Сондықтан да бұл кітапшаның міндеті - халықтың тұңғиық тарихи жадынан бүгінгі ұрпаққа
нәр болып табылады. Сарайшық қазіргі мәдени қабаттары - бақытты, махаббат пен күдестікті,
қалалықтардың рахаты мен уайымын, ауыруы мен қайғысы, табан ет, маңдай термен жиналған әрбір
жәдігерлік - мейлі олар көркем керамика, т.б. болсын, бәрі де әлі танып үлгерген сол бір дәуірдің дерегін
сыйлайды.
Тек қана Каспий атырабы аймағындағы ған емес, тұтас Шығыс пен Батыс елдерінің геосаяси мүддесінің
осы жерде тоғысуы, оның ерекше байланыстырушы ролі, экономикалық, мәдени, саяси қарым-
қатынастарды қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру көне Сарайшықтың қираған орнына жақын
орналасқан Атырау қаласына ауысты. Ата бабаларымыздың қажырлы еңбегінің арқасында осынау шұрайлы
жерге орныққан мұнайға бай, саудасы абат Атырау қаласына жарқын, әрі ұзақ болашағы бар .
Ертеортағасырлық Жуантөбе қалашығы жұрты Шымкент-Арыс тас жолының Көлтоған (Мамаевка)
ауылы маңындағы бұрылысынан жақсы көрініп тұр. Қаланың орны Арыс өзенінің сол жағалауынан
оңтүстікке қарай 1 км жерде орналасқан. Ал одан бірнеше жүз метр жерде Арыстың сол
террасасын бойлай Бөріжар қорымы (Жуантөбе зираты да) созылып жатыр. Қала цитаделі
іргесінің шетін алған стратиграфиялық шурфтағы қазбаның нәтижесі бойынша ежелгі
құрылысшылар ең алдымен жақсы пақса және күйдірілген кірпішті араластырып мықты жасанды
платформа көтерген.
Бұл деңгейдегі цитадельдің биіктігі 16 м, табаны бойынша өлшемі 165х130 м, бетіндегі
солтүстіктен оңтүстікке (дәлірек айтсақ оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа) созылып жатқан
тікбұрыш алаңның аумағы 85х75 м.
Сонымен қатар, ертеортағасырлық қаланың өмір сүрген уақыты келесі кезеңдерді қамтиды: қала
кейінгі кангюй кезеңінде бой көтерді, ал құлдырауы араб шапқыншылығына тұс келеді. Кейіннен
көрші қала – Арсубаникет (Қараспан қалашығы) пен оның ұзын дуалмен қоршалған округі
Кенджиденің гүлденуі самани әулетінің билігі тұсына сай келеді.
Егер 1980-90 жылдардағы қазбалар Жуантөбе (Таяқсалды) қалашығының цитаделі мен рабадының
хронологиялық межесі мен мәдени қабаттар ерекшелігін анықтауға бағытталса, онда 2004-06
жылдардағы қазбалар уақытты нақтылаумен қатар бұрын алынған тұрғын және қоғамдық
ғимаратардың жобалануы жайлы мәліметтерді анықтады. Сондай-ақ қаланың саяси-әкімшілік
міндетінен басқа да міндет атқарғаны анықталды. Қала ертеортағасырларда Арыс өзенін бойлап
созылған жол бойындағы (ҮІІ ғ. жиі қолданылған) ірі салт-жоралғылық орталық болған.
Жуантөбе қалашығынан табылған
қазбалар
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz