Нерв жүйесінің қызметтері


Slide 1

С. Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ қалыпты анатомия кафедрасы

Slide 2

Тақырыбы: Нерв жүйесі туралы түсінік. Нерв жүйесінің ұйымдасу ұстанымдары. Қарапайым және күрделі рефлекстік доғалары.

Slide 3

ЖОСПАРЫ:

Нерв жүйесінің қызметтері.

Нерв жүйесінің жіктелуі.

Нейрон туралы түсінік. Нейрондардың түрлері.

Синапстар, синапстардың түрлері. Рефлекстік доға.

Slide 4

Нерв жүйесі- бұл анатомиясы мен қызметі жағынан бір-бірімен байланысты құрылымдардың жиынтығы, организмнің біртұтас жұмысын реттеп, бағдарлап, оның сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді. Нерв жүйесі өзінің тармақтарымен барлық ағзалар мен тіндерге өтіп, тітіркенуді қабылдап, түскен ақпаратты сараптап, организмнің жауап реакциясын қамтамасыз етеді.

Slide 5

Нерв жүйесінің негізгі қызметтері

1. Сыртқы орта мен адам организмі арасына байланыс орнатады.

2. Организмдегі барлық ағзалар мен жүйелердің жұмысын бағдарлайды, сөйтіп оның бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз етеді.

3. Жоғарғы нервтік қызметті, соның ішінде адамның ойлау жұмысын жүзеге асырады.

Slide 6

Біртұтас нерв жүйесі

топографиялық ұстаным

Орталық Шеткі

Ми Түбіршіктер, түйіндер,

Жұлын нервтер, тармақтар,

өрімдер, нерв ұштары

Slide 7

Орталық нерв жүйесі

Slide 8

Нерв жүйесінің жіктелуі

Біртұтас нерв жүйесі

(анатомиялық- қызметтік ұстаным)

Сомалық Вегетативтік

(анималдық, жануартекті) ( висцералды, автономды,

өсімдіктекті)

Симпатикалық Парасимпатикалық

Кимыл-тірек

апп.

жүрек, ішкі ағзалар

Slide 9

Вегетативтік, немесе автономдық н. ж. - барлық ішкі ағзаларды, эндокриндік жүйе мен тері бұлшықеттерің, жүрек пен тамырларды, яғни организмнің ішкі ортасын түзетін ағзаларын нервтендіретін

Нерв жүйесінің қанқа мен кейбір ішкі ағзалардың ( тіл, көмей, жүтқыншақ) ерікті бұлшықетін нервтендіретін анимальды н. ж. (сомалық) .

Slide 10

Шеткі нерв жүйесі

Slide 11

Нерв жүйесінің морфологиялық-қызметтік бірлігі нейрон (нерв жасушасы, нейроцит) .

Slide 12

Нейрондардың әр түрлері болады. Оның өлшемі 4 ммк - 135 ммк. Нейрон жасушаларында өсінділері бар: қысқа тармақталған өсінділер - дендриттер, тармақталмаған өсінді - аксон, немесе нейрит. Аксон нерв жасушасында біреу болады, ал дендрит бірнешеу болуы мүмкін.

Slide 13

Нейрон түрлері

Қызметі бойынша -- сезімтал (афференттік), ассоциативтік (ендірме) және қозғалтқыш (эфференттік) .

Slide 14

Сезімтал нейрондар, афференттік, рецепторлық, орталыққа тепкіш яғни, нерв жүйесінің орталығына қарай нерв импульсін жүргізетін нейрондар.

Ендірме, ассоциативтіқ, аралас нейрон импульсті сезімтал нейроннан қабылдап, қозғалткыш нейронға жеткізеді.

Қозғалткыш немесе моторлық, әфференттік, ортадан тепкіш нейрон нерв жүйесінен нерв импульсін ағзаларға жеткізеді ( бұлшықет немесе без) .

Slide 15

Пішіні бойынша - дөңгелек, пирамидалық, ұршықтәрізді және т. б.

Өсінділерінің саны бойынша:

а) . униполярлық - денесі және бір өсіндісі бар.

б) . биполярлық- денесі және екі өсіндісі бар.

в) . мультиполярлық. -денесі және көп өсіндісі бар.

г) . Псевдоуниполярлық нерв жасушалары - денесі және Т-тәрізді өсіндісі бар.

Slide 16

Синапстар, синапс түрлері

Нейрондар бір-бірімен синапстар арқылы байланысады, олар пресинапстық мембранамен қапталған нерв ұшынан, синапстық саңылаудан және нейронның денесінде немесе дендриттерінде орналасқан постсинапстық мембранадан тұрады.

Синапстардың түрлері

Аксосомалық (аксон + дене)

Аксодендриттік (аксон + дендриттер)

Аксо - аксондық

Slide 17

Дендро - дендриттік

Пресинапстық көпіршіктерде химиялық белсенді заттар медиаторлар болады. Импульсты өткізген кезде медиаторлар көпіршіктерден босап шығып синапстық саңылауды толтырады. Медиаторлар постсинапстық мембрананың өткізгіштігін жоғарылатады. Импульс постсинапстық шетке өткеннен кейін медиаторлар бұзылады және саңылау босап қалады. Синапстардың маңызды қасиеттерінің бірі - импульсты бір нейронның аксонынан басқа нейронның денесіне немесе дендриттеріне бір бағытта өткізу. Осы қасиет рефлекстік доғаның негізіне салынған.

Slide 18 Slide 19 Slide 20

Рефлекторлық доға.

Рефлекторлық доға деп - импульстің рецептордан жұлынға, одан эффекторға( бұлшықеттке, бездерге, т. б. ) жеткізу жолын айтамыз. Жұлында рефлекторлық орталықтар болады, сол орталықтар арқылы тері, бұлшықеттер, және ішкі ағзалардың қарапайым( шартсыз) рефлекстері іске асыралады.

Slide 21

Омірде нерв жүйесінің қызметі күрделі доға катысымен өтеді.

Мундай жағдайда бірнеше нейрондар озара түйесіп, синапстар түзіп, қөзуды бір нейрондан екінші, үшінші нейронға өткізіп, өткізгіш жолдар арқылы нерв импульсін орталық, нерв сипаттамасына - миға, одан кері жүлын арқылы жүмыс ағзаларына дейін жеткізеді.

Slide 22

Сонымен бірге бүл жолдар орталық нерв сипаттамасының бөліктерін бір-біріне жалғастырып біртүтастығын қамтамасыз етіп отырады. Осының нәтижесінде күрделі рефлекторлық қызмет жүзеге асырылады.

Сонымен катар айтқанда, нерв импульстер шеттен (рецепторлардан) жүлын арқылы миға, керісінше мидан жүлынның қозғалткыш нейрондары арқылы ағзаларға ( эффекторларға) жеткізеледі. Оны нерв жүйесінің өткізгіш аппараты деп аталады.

Slide 23 Slide 24

Ақпаратты қабылдайтын рецепторлар - үш түрге бөлінеді:

экстерорецепторлар - сыртқы ортадан тітіркену алады (тері мен шырышты қабықта орналаскан)

интероцептивтік - ішкі ағзалардан тітіркену қабылдайды

проприоцептивтік - тірек-кимыл аппаратында орналаскан

Slide 25 Slide 26 Slide 27 Slide 28 Slide 29 Slide 30 Slide 31 Slide 32
Ұқсас жұмыстар
Нерв ұлпасының құрылысы мен маңызы
БЕЛ ЖҮЙКЕЛЕРІ
Вегетативі нерв жүйесі
Симпатикалық жүйке жүйесі
Орталық нерв жүйесі
Нерв жүйе ағзаларының дамуы
Торлы құрылымның байланыстары
Симпатикалық жүйке
Жүйке жүйесінің физиологиясы
Орталық жүйке Шеткі жүйке жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz