Көкке қараған бидай



Бөлім тақырыбы: Адамгершілік - асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы
«Егіннің бастары» мысалы

Оқу мақсаттары: 5Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына сай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
Сабақ мақсаты:
Шығарма мазмұнын түсінеді;
Шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды;
Тұжырым жасайды.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:
Шығарманы құрылысына талдайды;
Шығарма құрылысына талдай отырып, сюжеттік дамуын сипаттайды.

Орыстың тәржіма еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы бәрім.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қомсынып қоңырайма, құрбыларым.
МЫСАЛ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРУ

- Мысалдар аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер іс-әрекеті мінезі арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті
тұспалдап, әжуа күлкі етеді.
- Мысалдар өлеңмен де, қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді.
Орыс ақыны И. А. Крыловтың мысалдарын Абайдан соң А. Байтұрсынұлы да аударып, «Қырық мысал» деген атпен
1909 жылы Петербургте кітап етіп шығарған.

1-тапсырма
«Зерделеп оқу» әдісі арқылы шығарма фабуласына сәйкес шығарма мазмұнын меңгеру
Дескрипторы:
Өлеңді оқиды;
Мазмұнын меңгереді;
Түртіп алу арқылы өлеңдегі ақпаратты жазады.

Бір адам жас баласын жанына алды, Екеуі сайран етіп кетіп қалды. Қыдырып әрлі-берлі жүрді дағы, Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді, Кез еді пісіп болған егін түрлі. Бастарын дәнге толған төмен салып, Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.
Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап, Бейне бір жалғыз өзін көпке балап. Баланың сол бидайға көзі түсіп, Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап:
«Құбылып бидайлар тұр басын салып, Жіберген мырза Құдай нұрға қанып. «Әй, әке, мұның мәнін түсіндірші, Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.
Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке, Қарайды шекірейіп өзі көпке.
Өзіне өзгелерді теңгермейтін, Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?»
«Айтайын мұның мәнін, балам, саған, Шырағым, түрін көріп таңданба оған. Өзгесі төмен қарап бүгілгенде, Ойлама кем екен деп бәрі сонан».
Және де әкесі айтты баласына: «Сұқтанба құр сорайған қарасына. Құдайым өзгесіне дән бергенде, Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.
Бидайлар басы толық иіліп тұр, Дән берген қожасына сыйынып тұр. Басында бұл бидайдың дәні болмай, Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.
«Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді, Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді. -Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның, Тұтынба бұл мінезді, балам», - дейді.

АНЫҚТАМА БҰРЫШЫ:
Фабула дегеніміз - көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау, әңгімелеу

Сұрақ- жауап
1-сұрақ: Өлеңде кімдер туралы айтылады?
Әкесі, баласы, бидайлар
2-сұрақ: Бала әкесіне қандай сұрақ қойды?
Бұл бидай неге басқалардан ерекше басын көкке көтеріп тұр?
3-сұрақ: Әкесі қандай жауап берді?
Бұл бидайдың дәні болмай, кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.
4-сұрақ: Саған қандай бидай ұнады? Неге?
Маған дәнін қожасына беріп, иіліп тұрған бидайлар ұнайды, себебі ол тәкаппар емес.

2-тапсырма
«Оқиға тауы» әдісі арқылы өлеңге сюжеттік-композициялық талдау жасау
Дескриптор:
Сюжеттік дамуға сәйкес оқиғаның басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін баяндайды;

Анықтама бұрышы:
Сюжет дегеніміз - өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі, біртұтас желісі.
Сюжеттің жүйелі тұтастығы да, жекелеген сәттері де, яғни бастамасы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегіне жетуі, шешімі немесе аяқталуы болады.

Ықтимал жауаптар:
Оқиғаның басталуы: Баласы мен әкесінің егіннің басына келуі
Оқиғаның дамуы: Бастары дәнге толған бидайлар
Оқиғаның шиеленісуі: Көкке қараған бидай
Оқиғаның шарықтау шегі: Баласының сұрағы
Оқиғаның шешімі: Әкесінің жауабы

Дескриптор:
- Берілген тақырып бойынша өз пікірін айтады;
- Мәтіннен дәлелдеме келтіреді;
- Мысал келтіреді;
- Сыни тұрғыда баға береді, өзіндік тұжырым жасайды.
«Төрт сөйлем» әдісі арқылы сабақты қорытындылайық.

Қосымша тапсырма
Егіннің бастары мысал өлеңінен үзінді жаттау.
(1-4 шумақ, 5-9 шумақ)
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz