Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды тіркеудің схемасы



Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды тіркеу, есепке алу, қарау және шешу заңдылығын қадағалау
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
Қабылдаған: Базилова А. А.
Орындаған: Білім Махамбет
Өтемісов Сағынтай

Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қабылдау
Кез келген дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы түсіп жатқан өтініштер, хабарламалар және өзге де ақпараттар жасалған орнына, уақытына, тергеуде болуына, сонымен қатар хабарланатын мәліметтердің толықтығына және ұсынылу түріне қарамастан, кез келген қылмыстық қудалау органында қабылданады.
Кезекші бөлімдері бар қылмыстық қудалау органдары өтініштерді тәулік бойы қабылдайды.


Азаматтардың қылмыстар туралы өтініштері мен хабарламаларының қарау жеделдігі айтарлықтай артты. Бүгінгі күні азаматтардың 94% хабарламасы 3 күндік мерзімде шешіледі.
Азаматтардың өтініштері мен хабарламаларын
есепке алу және тіркеу

Қылмыстық қудалау органына, соның ішінде учаскелік инспекторға тікелей жүгінген өтініш берушіге, осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысанда бірегей нөмірлі талон-хабарлама беріледі.
Талон-хабарламаның бірегей нөміріндегі бірінші жұбында өтінішті, хабарламаны тіркеген жыл белгіленеді, екінші жұбында облыстың, Астана және Алматы қалаларының коды, үшінші жұбында аудан (қала) коды, төртіншісінде ведомство коды, тоғызыншы сан болып резервтік нөмірі және соңғы сандармен (5 белгі) талон-хабарламаның реттік нөмірі көрсетіледі.
Талон-хабарлама екі бөлімнен:
1. өтінішті, хабарламаны тіркеген қылмыстық қудалау органында қалатын талон-хабарламаның түбіртегінен,
2. өтініш иесіне берілетін жыртылмалы талон-хабарламадан тұрады.
Талон-хабарламалар түбіртектерінің түпнұсқалары ведомстволық бұйрықтармен белгіленетін қатаң есептілік құжаттары болып табылады.

ҚР ҚІЖК сәйкес тіркелген өтініштердің қаралуын қылмыстық қудалау органдары мен прокурор қамтамасыз етеді
Жасырын өтініштер, хабарламалар алдын ала шұғыл тексерілгеннен кейін ғана, қылмыстық қудалау органы бастығының тиісті қолы бар лауазымды тұлғаның баянаты бойынша (қылмыстың жасалғандығы туралы мәлімет дәлелденген жағдайда) ӨАЕК-нда тіркелуге жатады.
Қылмыстық қудалау органының бастығы немесе оны ауыстыратын лауазымды тұлға жасырын өтінішті, хабарламаны ӨАЕК-нда тіркегеннен кейін, оның мазмұнына қарай келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) жазбаша нұсқама береді: егер өтініште және хабарламада дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы деректер қамтылса, оларды тексеру туралы; шұғыл мақсаттарда пайдалану үшін тиісті бөлімшелерге өтініштер мен хабарламаларды жіберу туралы; 2) шұғыл тексеру жүргізуге негіздеме болмаған жағдайда өтініштер мен хабарламаларды номенклатуралық іске шығарады. 3) егер жасырын өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы мәліметтер қамтылса, ол тиісті тексеру жүргізу үшін тергеуде болуына немесе аумақтық тиесілігіне қарай жіберіледі.

Өтініштерді қарау
1. Прокуратура органдары өтініштерді осы Заңның 6-бабы 3-тармағының
1- тармақшасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ заңдылықты бұзушылықтар не олардың басталу қаупі туралы өтініштерді осы
Заңның 6-бабы 4-тармағында және 7-бабы 1-тармағының 1 және 3 тармақшаларында көзделген жағдайларда қарайды.
2. Прокурорлар өтініштерді Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімдерде қарайды.
Өтінішті қарауға байланысты тексеру тағайындалған жағдайда, оны жүргізу тәртібі мен мерзімдері осы Заңның 7-бабында айқындалады.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары қарау тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы, сондай-ақ жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі саласындағы заңнамасында белгіленген өтініштерге қолданылмайды.
4. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, анонимдік өтініштер прокуратура органдарында қаралуға жатпайды. Прокурор өтініш жасаған адамның мүддесi үшін ақпарат көзiн жария етпеуге құқылы.

Жеке айыптау істері бойынша шағымдарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау
ҚР ҚІЖК және осы Нұсқаулық талаптарының тәртібінде жеке айыптау істері бойынша шағымдарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау нәтижелері осы Нұсқаулықтың
5-қосымшасына сәйкес электродық форматта аудандық және соларға теңестірілген соттармен жүргізіледі.
Сот кеңсесіне пошта, телеграф, факсимильдік байланыс бойынша не қолма-қол келіп түскен шағымдарды қабылдау, іс жүргізуді іске асыру тәртібін реттейтін ведомстволық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

Егер берілген шағым ҚР ҚІЖК 390-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, судья өтініш берушіге оларды көрсетілген талаптарға сәйкестендіруді ұсынады және оның мерзімін белгілейді. Нұсқау орындалмаған жағдайда, судья өз қаулысымен шағымды іс жүргізуге қабылдаудан бас тартады және ол жайында өтініш берушіні хабардар етеді. Белгіленген талаптар орындалған жағдайда, судья шағымды 3 тәулік ішінде қарап:
1) шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдау туралы;
2) шағымды тергелуі немесе сотталуы бойынша беру туралы;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz