Стилистиканың негізгі ұғымдары мен категориялары


Slide 1

2-дәріс Тақырыбы: Стилистиканың негізгі ұғымдары мен категориялары

Оқытушы: PhD, аға оқытушы Г. Е. Дюсембина

Slide 2

Стилистика

тіл білімінің, тілдің көркемдегіш амал-тәсілдерін, қолданылу аясын, қатысымдық әрекет-қызметін зерттейтін саласы.

Slide 3

Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін реттейді, сөйлеу процесінде тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастырады, сондай-ақ тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызмет үйретеді. Ол стилистикалық мүмкіндіктердің барлық базасын қамтуды көздейді, ұлттық әдеби тілдің нормасын сақтай отырып, стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика ғылыми стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін тірек ете отырып, теориялық мәселелерді қарастырады.

Slide 4

Стилистика, стиль ұғымының мәні тілдің коммуникативтік аспектісімен, тілдің қолданысымен, қызмет ету жағдайымен тығыз байланысты. Бұл мәселеге көңіл бөлу 19 ғасырдың аяғы 20 ғасыр басындағы тілші ғалымдардың еңбектерінен бастау алады: В. Гумьбольд, Ф. де Соссюр, А. А. Потебня, И. А. Бодуэн де Куртенэ, Е. Д. Поливанов, Л. П. Якубинский, Р. О. Якобсон, В. В. Виноградов, Г. О. Винокур т. б.

Стилистикада, сонымен, мынадай үш жағдайды атап өту керек:

1) стилистиканың құрылымының біркелкі еместігі, демек, оның зерттеу пәнінің құрылымы да бірдей емес, әркелкі;

2) қарым-қатынастың қажеттілігінен, тілдің ойды және сөйлеушінің эмоционалдық күйін бейнелеудегі икемділігінен туындайтын әртүрлі реңдерді беру мүмкіндігінің молдығы;

3) «стилистикалық» тілдің қоғамдағы қызметімен, қарым-қатынастың міндеттерімен байланысты қалыптасады.

Slide 5

Стилистиканың негізгі ұғымдары мен категориялары:

стиль

функционалды стиль

стилистикалық бояу

стилистикалық құрал

стилистикалық белгі,

стилистикалық мағына

стилистикалық норма

стиль құраушы факторлар

стильдің тілдік жүйелілігі.

Slide 6

Стиль

Стиль - стилистика ғылымының ең басты категориясы.

стиль сөйлеудің сапалылығы, экспрессивтілігі, белгілі бір сөйлеу жағдайы мен түріне, қатынас жасау

мақсатына анағұрлым сай келетін бейнелеу құралдарын пайдалануы дегенді білдіреді.

стиль сөздің (тілдің) қарым-қатынастың міндеттерінен туындайтын және ол міндетті табысты орындау үшін жұмылдырылған сипатты белгісі

Slide 7

Стилистикалық мағына

Стилистика-лық құралдар

Стилистика-лық бояу

Slide 8

Тілдік құралдар

бейтарап

стилистикалық бояулы

эмоционалды - экспрессивті

функционалды

Slide 9

Стилистикалық мағына - тілдік тұлға-бірліктің мағыналық құрылымындағы оның лексикалық, заттық, грамматикалық мағыналарынан тысқары қосымша белгісі. Бұл қосымша мағына тұрақты болып, тілдік қолданымның белгілі жағдайларында туындап отырады. Сөздің стилистикалық мағынасы оның ұғымдық мағынасына әсер етіп, сөз мағынасын белгілі бір бояуларымен қоса қабылдауға көмектеседі. Сөйтіп, стилистикалық мағына тілдік тұлға-бірліктің мағыналық құрылымының белгілі бір бөлігін құрайды. Бірақ ол тілдік тұлға-бірліктердің әрқайсысында әртүрлі дәрежеде көрінеді. Экспрессивті бояуға ие құралдарда айқын байқалса, кейбіреулерінде тереңде жатады, тек белгілі контекстік жағдайда ғана анық көрінеді.

Slide 10

Стилистикалық бояу

эмоционалды - экспрессивті

функционалды

стилистикалық бояуға ие тілдік құралдарға өздерінің негізгі атаулық, заттық-логикалық, грамматикалық мағыналарына үстемелей, белгілі бір экспрессивті немесе функционалды мағыналарды қоса білдіретін тілдік құралдар жатады. Тілдің ондай қосымша сапа - қасиеттері әлгі құралдардың қолданылу өрісін шектеп, қарым -қатынастың белгілі бір саласында ғана жұмсауға мәжбүр етеді.

Мысалы, жалмауыз, шошқа, сүмелек, шаһар, сөлектеу, желкебай, тыраштану т. б. Бұлар эмоционалды-экпрессивті бояуға ие тілдік құралдарға жатады.

Slide 11

Функционалды бояу

экспрессивті бояуға қарағанда ондай айқын емес. Экспрессивті-эмоционалды бояу тілдік тұлғаның табиғи қасиеті болса, функционалды бояу тілдік тұлғаны қарым-қатынас жасаудың белгілі бір саласында көп қолданудан барып пайда болды. Соңғы жағдайда тілдік дәстүрдің де рөлі бар. Тілдің тұлға - бірліктерінің мағыналық-стилистикалық жағы мен оларды белгілі салада көбірек қолдану дәстүрі арасында қатаң тәуелділік бар. Белгілі салада тұрақты қолданудың нәтижесінде тілдік құралдың мағынасы белгілі стилистикалық мәнге, бояуға ие бола бастайды да, кейін тұрақты бекітіледі.

Мысалы, ресми стильде қалыптасатын штамптар («жоғары жетістікке жетті», «қаулы қабылдады» т. б. ) осындай қолданыстың нәтижесі.

Slide 12

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Құқық негіздері: мемлекеттің құқықтық категориялары мен негізгі ұғымдары
Етістіктің негізгі грамматикалық категориялары
Экономикалық әлеуметтану: теориясы, тарихи дамуы мен негізгі категориялары
Саясаттанудың қызметтері, әдістері және негізгі ұғымдары
Диалектика теориясы: негізгі принциптері, категориялары және заңдары
Нақты сандар мен функциялардың негізгі ұғымдары
Жеке тұлға басқарудың субъектісі: теориясы мен негізгі категориялары
Әлеуметтану ғылымы: анықтамасы, қызметтері, негізгі категориялары мен әлеуметтік заңдары
Бастауыш мектеп педагогикасының пәні және негізгі ұғымдары
Әлеуметтанудың пәні, объектісі, қызметтері және негізгі категориялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz