ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ТӘРБИЕ




Презентация қосу
Махаш Айжан ЖХМ-011
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ
ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ТӘРБИЕ
ҮДЕРІСІНІҢ ҒЫЛЫМИ
ТҰРҒЫЛАРЫНА СИПАТТАМА
Жеке тұлғаның
қалыптасуы
Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз оны
мәдениетке үйрету, білім, білік, қарым-
қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені
меңгерту. Ұлттық көркемөнермен,
әдебиетпен, ғылыммен айналыстыру,
адамгершілік құндылықтар, жүйесін ұғына
білуге, сөйтіп жеке бастың тәжірибесін
үздіксіз байытып отыруға пайда тигізу.
Мәдениетке араласу, сайып келгенде,
адамның шығармашылық дамуы деуге де
болады.
Тәрбие үрдісі
Тәрбие адамдарға тән әлеуметтік категорияға
жатады және тұлғаны дамытуда шешуші рол
атқарады. Тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолдары
баланы белсенді түрде демеп отырған жағдайда ғана
сәтті болады. Баланың жеке басындағы әлеуметтік-
психологиялық өзгерістер оның өзінің белсенділігін
арттыру жолымен іске асырылады. Кез келген
тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы
шешіледі. Мәселен, дененің дамуы дене шынықтыру
жаттығулары арқылы, ал адамгершілік тәрбиесі
адамгершілік тәрбиеге тұрақты түрде бағыттау
арқылы іске асырылады. Тәрбие ісі екі жақты
байланыс арқылы жүзеге асады.
Тәрбиенің екі жақты
байланысы
Тәрбиенің екі жақты байланысы. Тәрбие жүйесіне оқушы мен
оқытушың қатынасы екі жақты байланыс арқылы іске
асырылады. Біріншіден, тәрбиешіден тәрбиеленушіге дейін
тікелей байланыс арқылы іске асырылатын, міндетті
саналатын іс-әрекет. Екінші, тәрбиеленушінің жауабы, іс-
әрекеті арқылы тәрбиеші-ұстазға келіп жететін ақпараттар,
білім, білік үлгілері. Мұны кері байланыс деп атайды.
Тәрбиеші-ұстаздың қолында кері байланыс арқылы
жинақталған хабарлар неғұрлым көп болса, тәрбиелік
ықпалдың соғұрлым мақсаттылықпен іске асырылғанына
айғақ болады. Сондықтан, оқу-тәрбие жүйесіндегі мұғалім
мен оқушының қарым-қатынастық іс-әрекеті мұғалімнің
шебер ұйымдастыра білуін қажет етеді. Тәрбие жүйесіндегі
істің нәтижесі-оқушының сабақ үстіндегі көрінісінен
байқалады.
Тәрбиеленуші
Тәрбиеленушіге еркіндік берудің және
шығармашылық көзқарастың маңызы. Тәрбие
үрдісінде ізгілік маңызды рол атқарады.
Тәрбиеленушінің жеке басында өзіндік еркі
болмайынша, тәрбиенің негізгі идеяларын, жеке
басты дамыту идеясын, өзара ынтымақтастық
идеяны жүзеге асыруға толық мүмкіндік тумайды.
Тәрбие ісі күштеумен жүргізілетін болса, онда бала
да, мұғалім де адалдық, шыншылдық, әділдік сияқты
адамгершілік қасиеттердің толық сақталуына нұқсан
келуі мүмкін. Бала өз ойын ұстазына іркілмей толық
және ашық жеткізуі үшін оған еркіндік беру керек.
Тұлғалық-бағдарлық
оқыту
1) өз оқушыларының темпераменті, мінезі-құлқы, көзқарасы, талғамы мен
әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі;
2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы,
бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік доспары
және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу
деңгейін қадағалап, білуі;
3) әрбір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке
тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы;
4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып
отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие
тактикасын жедел түрде өзгертуі;
5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі;
6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі
тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі;
7) оқушылардың дербес әрекетін, бастамашылдығын, әрекетшілдігін
дамытып, басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдастырып,
бағыттауы тиіс.
Тұлғалық іс-әрекеттік
Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен
психологияның ен маңызды заңдылығы болып есептелінеді. К.
Маркс адам жағдайдың пассивті жеміс емес, ол қоршаған
ортасын, жағдайларды және езін белсенді түрде өзгерте алады
деп жазған болатын. Демократиялық педагогиканың классиктері
де (И. Г. Песталоцци, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ы.
Алтынсарин, т.б.) жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның
шығармашылық-қайта құру іс-әрекетіне үлкен мән берген.
Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады.
Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке
тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен. Адамның
белсенділігі (немесе оның іс-әрекеті) оның себеп-салдарымен,
мақсат пен міндеттерін дұрыс қоя білуімен,
оларды орындау құралдарын дұрыс таңдай алуымен
байланысты.
Аксиологиялық және гуманизм
Гуманистік педагогика тұлғалық-бағдарлы тәрбие
теориясына ерекше назар аударады. Тұлғалық бағдарлы
тәрбиеде басшылыққа алынатын басты құрылымдар
мыналар:
тәрбие мазмұнының құндылықтық, дүниетанымдық
бағыты немесе құндылықтар жүйесі, яғни, өмірдің мәні;
халықтық және жалпыадамзаттық мәдениетті игеру;
әлеуметтендіру, қоғамдық тәжірибені жинақтап, тұлғаның
азаматтық іс-әрекет тәжірибесін дамыту;
тұлғалық бағдарын (тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу,
өзін-өзі басқару, өз өмірін ұйымдастыру қабілетін) дамыту;
тұлғаның денсаулығы мен тән түзілісіне байланысты
табиғи бағдарын бекіту.

Ұқсас жұмыстар
Тәрбие педагогикалық әрекетте
Тәрбие психологиясының басты міндеттері
ЭТНОПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттары
БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
Тәрбие түрлері
Тәрбие
Сөзде және қылықтардағы турашылық
Азаматтық, қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым
КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
Пәндер