Тік ішек рагын емдеу тәсілдері


Презентация қосу
Тік ішектің қатерлі ісігі
және ісік алды ауруы
Қабылдаған: Талипов Мұхтар
Группа: 512Б
Орындаған: Қахар Бақытжан
ЖОСПАР
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Тік ішектің анатомиясы мен физиологиясы;
Тік ішек рагымен аурушылық жиілігі;
Рактың пайда болу себептері мен рак алды аурулары;
Тік ішек рагының патоморфологиясы мен клиникалық көрінісі;
Ракты диагностикалау және емдеу тәсілдері.
III. ҚОРЫТЫНДЫ
Тік ішектің анатомиясы мен
физиологиясы
Tiк ішек I-Ш сегізкөз омыртқасынан төмен қарай орналасқан. Оның ұзындығы
15-17см шамасында, ол үш бөлікке бөлінеді:
1) қима тік ішектік бөлік - (4-5 см);
2) қампаймалық бөлік - (10-13см);
3) Көтен ішектік бөлік (2.5-4см).
Тік ішек үш қабаттан тұрады: олар - шырышты, шырыш асты және бұлшық
етті қабат. Шырышты қабат артқы өтіс аймағынан жоғарғы жағында көп
қатарлы цилиндр тәрізді бездік шырышты қабықшадан, ал артқы өтістік бөлігі
көп қабатты жалпақ кілегей қабықшадан тұрады.
Тік ішектің қалыпты физиологиялық жұмыстары:
- сіңіргіштік (абсорбциялық) - су, у, дәрі-дәрмектер;
- жинақтаушылық (резервуарлық);
- шығарушылык (эвакуациялык).
Ауру жиілігі
Тік ішек рагы барлық асқазан-ішекте пайда болатын қатерлі
ісіктердің 25-30 % құрайды. Тік ішек рагымен көбірек ауыратын
елдер қатарына АҚШ (21.4 %), Чехия (18.2%), Алманияда (15,3%),
ал ең төменгі көрсеткіші бар елдер – Мали (1,8%), Үндістан (3,4%),
Бразилия (38 %), (Parkin D.M. et al, 2005). ТМД көлемінде 2018
жылы 10 000 адамға шаққандары жоғарғы көрсеткіш Белоруста
(19,0), Ресейде (13,7), Молдовада(12.4), ал төменгі Арменияда (5,1),
Әзірбайжанда (3,0), Қырғызстанда (2,3), Грузияда(5,9) тіркелді.
Аурудың пайда болу себептері
Рактың пайда болу себептері:
1. Ішектік атония (іштің байлануына себепкер);
2. Ішектің жұқпалы аурулары (дизентерия, острица, туберкулез, мерез);
3. Бейспецификалык созылмалы аурулар (ректит, кретит, папиллит, сызаттану);
4. Концерогендік қоспалар (фенол, нитрозоамин, екіншлік өт қышқылдары);
5. Дисбактериоз (ішектік таяқшалардың азайып, патогендік микробтардың
көбеюі);
6. Көтеудің асқынған түрлері;
7. Механикалық жарақаттар.
Рак алды аурулары
Созымалы спецификалық, бейспецификалық асқынған проктиттер,
парапроктиттер (ойық жара, жыланкөз);
Полиптер (аденоматоздық, бүрлік);
Асқынған көтеу (көтенішектің түсуі, қысылуы, ойық жаралануы,
қансырауы);
Крептиттер;
Папиллиттер;
Артқы өтіс аймақтағы сызаттар.
Тік ішек рагының патоморфологиясы
Тік ішек рагының пайда болатын бөліктері:
қампайма бөлік - 80-85%;
қима тік ішектік бөлік - 10-15%;
көтен ішектік (аноректалдық) бөлік - 3-4%
Макроскопиялық түрлері:
- экзофиттік:
- эндофиттік,
- аралас.
Тік ішек рагының Халықаралық гистологиялык жіктелуі
(UICC.2002ж.):
Аденокарцинома (жоғарғы, орта, төменгі дәрежеде пісіп - жетілген);
Шырышты аденокарцинома (медуллярлық, мукоидтық, коллоидтық);
Сақина тәрізді жасушалы рак;
Жалпақ жасушалы рак (жоғарғы, орта, төменгі дәрежеде пісіп- жетілген);
Бездік – жалпақ жасушалы рак;
Майда жасушалы рак;
Пісіп - жетілмеген рак.
Тік ішек рагының клиникалық
белгілері
Патологиялық бөлінділер. Бұл белгі нәжіспен бірге қан, шырыш,
ірің сияқты патологиялық бөлінділердің сыртқа шығуы арқылы
сипатталады. Олар экзофитті түрде өскен, жарақаттанып ыдырай
бастаған ракта айқын байқалады. Егерде қатерлі ісік қима – тік
ішектік бөлікте орналасса, нәжісте әуелі шырышты бөлінділер,
кейін оған қан араласады, ал ісік қампайма бөлікте орналасса, жиі
жалған дәретке отыру сезімі мен қанды ірің бөлінеді, ал ісік көтен
ішектік аймақта орналасса, алдымен қан тамшылары мен нәжіс
сыртына жұққан қан жолақтары байқалады.
Тік ішек қызметінің бұзылуы немесе
ішектік дисфункция. Бұл белгі іштің
қатуы мен өтуі, жалған дәретке отыру
сезімімен сипатталады.
Нәжістің сыртқы кескінінің өзгеруі
(қой құмалақ, таспа тәрізді).
Аурулық сезім белгісі. Бұл қатерлі ісіктің
кешірек сезілетін белгісі. Тік ішек рагы қима – тік
ішектік бөлікте орналасса, ісік ішек саңылауын бітей
бастағанда, қабыну үрдістеріне орай нәжіс пен желдің
жүрісі бұзылып, іші кебеді де, ішектің түйілуі тәрізді
ауыру сезімі төменгі мықындық аймақтан байқалады.
Егер ісік ішектің қампайма бөлігінде орналасса, ол
ішек қабырғасының қабаттарынан шығып, ішкі астау
беткейіндегі жүйке өрімдеріне жабыса бастаған кезде
сыздаған ауырлық сезім құйымшақ тұсында
байқалады. Егер ісік көтен ішектік өтісте орналасса,
аурулық сезім үлкен дәретке отырған кезде
байқалады.
Тік ішек рагын анықтау тәсілдері
Анамнезді жан-жақты жинау;
Саусақпен қарау және бимонуалды жағдайда әйелдердің
қынабын тексеру;
Ректороманоскония;
УДЗ;
Экскреторлык урография, цистография;
Ретрограттық ретропневмовелвиография (ісіктін сегізкезге
жабысуын аныктайды).
Тік ішек рагын емдеу тәсілдері
Хирургиялық тәсіл;
Қабаттастырылған ем;
Кешенді ем тәсілі;
Сәулелік ем;
Радиоиммунотерапия;
Лазерлік және химиотерапия тәсілдері қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Клиникалық онкологиядан дәрістер циклы., Алматы 2013,
Қайыржан Әбисатов.,
2. Ғаламтор желісі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz