Менің атым Қожа шығармасы


Slide 1

2015 жыл

Slide 2

«Мен оқыған бір кітап» "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" шығармасы

Slide 3

Мақсаты:

қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Елжандылыққа тәрбиелеу. Қожа мінезіне талдау жасап, өз көзқарастарын жүйелі айтуға үйрету.

Slide 4

Жоспар. 1. Кіріспе сөз 2. «Кітап - ой-сананың қозғаушы күші» 3. «Жазушы келбеті» (Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығынан әңгіме шолу) 4. «Көркем шығарма ізімен» (пікір алмасу) а) Көрініс: «Қожаның Дәулетпен танысуы» ә) «Менің атым Қожа» көркем фильмінен үзінді көрсету. Қорытынды

Slide 5

«Кітап - ой-сананың қозғаушы күші»

Биылғы жылы "Бір ел -бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқудамыз. Бүгінігі «Мен оқыған бір кітап» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда балалар әдебиетінің бәйтерегіне айналған Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесін талдайтын боламыз.

Slide 6

«Жазушы келбеті»

Белгілі жазушы Б. Соқпақбаев 1924 жылы 13 қазанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келген. Осы жерде мектеп бітірген. 1949 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітіріп, туған ауылында мұғалім болып қызмет етті.

1952-1970 жылдар аралығында «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызметтер атқарды.

Өзінің шығармашылық өмір жолын балаларға арнап өлең жазудан бастаған ол кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналды. Сондай -ақ балаларға арналған бірнеше киноға сценарий, пьесалар жазды.

Жазушы шығармаларының ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындысы «Менің атымҚожа» повесі болды. Бұл - қарапайым тілмен жазылған, шындықтан тұратын шығарма. «Өтірік ештеңе қоспаймын» деп уәде берген автор уәдесін орындайды да, повесте жазушы балаларға бала болып бар сырын ашады. Өзінің бар болмысын, жамандығын да жақсылығын да жасырмай жазады. Сол жасырмай жазуының арқасында оқырманның ыстық ықыласына бөленеді.

Slide 7

«Жазушы келбеті»

Жазушы бұл кітабын шығарарда өз елінен алғашқыда қолдау таба алмады. «Кеңестік тәрбиеге қайшы. Біздің оқушылар Қожаның сотқар қылығына еліктеп, тәрбиеден аттап кетеді. Мұғалімнің сөмкесіне бақа салған оқушы ертең қандай азамат болады?» деген пиғылдағы әңгімелер желдей есті. Сосын оны естіген орындаушылар жазушының кітабын басудан бас тартқан. Бірақ оған мойымаған Б. Соқпақбаев шығармасын Москвадан шығатын «Детская литература» баспасына апарып береді. Сөйтіп бірінші «Менің атым Қожа» кітабы орыс тілінде басылып шықты. Қазақтың қожасы оқырман қауымның қызығушылығын туғызды. Одан кейін екінші болып француздар өз тілдеріне аударды. Бірден 30 шақты тілге аударылып шартарапқа жайылды.

Содан кейін ғана өз елі Б. Соқпақбаевты мойындады. Повесть 1957 жылы жарық көріп, жазушыны бірден оқырманына танытты. 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы осы повесть бойынша сценарий жазып, көркемфильм етіп шығарды. Қазақ киносында соны соқпақ салған режиссердің бірі Абдолла Қарсақбаев сияқты екі ірі тұлғаның ортақ шығармашылығы Францияның Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальда арнайы сыйлыққа ие болды. Фильмде Қожа ролінде басты кейіпкер Нұрлан Сегізбаев ойнады. «Менің атым Қожа» фильмінде мен өз-өзімді ойнадым, - дейді. Ол да өмір жолын әуелі мұғалім болып бастап, кейін кітап жазған, қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да мұғалім, актер.

Slide 8

Психологиялық дайындық

Бала жайлы шығарманың төресі,

«Менің атым Қожа» деген повесі.

Өзімізді сол повестен табамыз,

Шалқып -тасып қиялардың кемесі

Slide 9

Ал, Достар, Сіздердің бұл кітапты оқығандарыңды, ұшқыр, жылдам ойлай алатындарыңды көру үшін мынадай сұрақтар қойғалы отырмын

«Қайтсем екен деп біраз ойлап тұрдым да, тәуекел деп ішке кезексіз кірмекші болдым. . . Өзге болмаса да, әуелі оқулықтарың сай болсын. Мен былай деп мақалдаған болар едім: «Қожа қандай мақал айтты?»

Slide 10

Ал, Достар, Сіздердің бұл кітапты оқығандарыңды, ұшқыр, жылдам ойлай алатындарыңды көру үшін мынадай сұрақтар қойғалы отырмын

«Мұғалімдердің алды тысқа шығып та үлгерді. Дымымды ішіме бүгіп, теректің діңіне жабысып, қаттым да қалдым. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, бермен қарай бұрылды. Екеуі мен тұрған теректің тура түбінен өтіп бара жатыр. . . »

Қожа Майқанова мен мектеп директорының өзі жөнінде қандай пікір естіді?

Slide 11

Мына сипаттамадан шығарма кейіпкерлерлерін қаншалықты дұрыс тани алатындарыңды тексеріп көрейік.

- Бұл кім?

- Мен ғой, ата

- Менің кім?

- Мен. . .

- Мұнда неғып отырсың?

- Педсоветке келдім.

- Онда сенің не шаруаң бар?

- Мен жөнінде мәселе қаратып жатыр.

- Мәселе. Қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме?

- Директор етеміз дейді.

Бұл кімдердің арасындағы әңгіме?

Slide 12

«Қожаның Дәулетпен танысуы»

Қожа кинофильмінен үзінді

көрсету.

https://www. youtube. com/shorts/MjuchQ75NKo?feature=share

Slide 13

«Қай сәт бейнеленген»

Бұл қай сәт? “Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін. ”

Бұл қай сәт? “Маңдайдан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?”

Бұл кім? “ Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш. ”

Бұл кім? “ Галифе шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреп, қаздиып тұр. ”

Бұл кім? “Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Біреудің ала жібін аттаушы болма. ”

Бұл кім? “ Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады, өзін таныстырды:. . . ”

Бұл кім? “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет.

Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер

Slide 14

Хикаяттағы кейіпкерлерге талдау жүргізу Қожа - Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Фамилиясы Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу. Жазушы болу.

Slide 15

Жанар - Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең бір ақылды қыз. Сұлу. " Дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.

Slide 16

Сұлтан - ол Қожаның жан досы . Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі- үш жас үлкен . Әкесі Сүгір жылқы бағады . Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес.

Slide 17

Оспанов -зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдердің бірі. Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған.

Slide 18

Майқанова - Қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира) Қожа оқитын сыныптың жетекшісі . Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.

Slide 19

Әжесі - Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан.

Slide 20

Анасы - Қожаның анасының аты - Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайланған

Slide 21

Сәйбек қарт -Мектеп күзетшісі - Сәйбек қарт. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі.

Slide 22

“Қожа” жақсы бала

Қожа -алғыр бала

-ақылды бала

-әділетті бала

-мейірімді бала

“Қожа- тентек бала”

Қожа - өтірікші бала

-шыдамсыз бала

Бұзық бала

Тиянақсыз бала

Slide 23

“Теріп алу стратегиясы”

. «Теріп алу» стратегиясы Алғыр, пысық әділетті өтірікші ақын ақылды әзілқой сотқар, тентек арамза мейірімді тапқыр қу, зымиян қателіктерді түсіне біледі шыдамсыз жағымсыз тиянақсыз

Slide 24

«Топтастыру» стратегиясы Венн диаграмма

Қожа қандай бала?

Жантас қандай бала?

Slide 25

“Қай сәт бейнеленген?”


Ұқсас жұмыстар
Оқуға құштар колледж жобасы аясында
Бердібек Соқпақбаев “Менің атым- Қожа”
Б.Соқпақбаев "Менің атым-Қожа"
Қожаның қаулысы
Менің атым Қожа мәтін
Менің атым Қожа повесінен үзінді
Жолдама жайында
Адамның сыртқы келбеті және мінезі
Қазақ тілі сабағы
Менің атым - Қожа. Қожа қиялшыл, сезімтал бала
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz