11-сынып химия: карбонильді қосылыстардың құрылысы және IUPAC номенклатурасы


Slide 1

11-сынып

Карбонильді қосылыстардың құрылысы және номенклатурасы

Химия

Slide 2

Сабақ мақсаттары:

Альдегидтер мен кетондардың функциональды топтарының құрылысын білу;

Альдегидтер мен кетондардың құрылымдық формулаларын құрастыру және оларды Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы (IUPAC) бойынша атау.

Slide 3

Карбонилді қосылыстардың құрылысы

Молекуласында оксо- немесе карбонил тобы бар қосылыстар альдегидтер және кетондар деп аталады.

Егер карбонил тобы бір радикалмен және сутекпен байланысса, ондай қосылыстарды альдегидтер деп атайды. Альдегидтердің жалпы формуласы:

Ескерту: құмырысқа альдегидінде (формальдегид) карбонил тобы екі сутекпен байланысқан.

Slide 4

Карбонилді қосылыстардың құрылысы

Карбонил тобы екі бірдей немесе әр түрлі радикалдармен байланысқан қосылыстарды кетондар деп атайды. Олардың жалпы формуласы:

Карбонил тобы байланысқан радикалдардың өзгешеліктеріне қарай альдегидтер мен кетондар қаныққан, қанықпаған, цикілді және ароматты болып бөлінеді.

Slide 5

Карбонилді қосылыстардың байланыс ерекшелігі

Оттегі атомының электртерістілігі көміртек атомынан үлкен болғандықтан, байланыстың полярлылығы оттек атомына бағытталады.

Slide 6

Карбонилді қосылыстардың формулалары

Slide 7

Қаныққан карбонилді қосылыстардың номенклатурасы мен изомериясы

Тривиальды номенклатура бойынша альдегидтер өздері тотыққанда түзілетін қышқылдардың атымен аталады. Мысалы,

Жүйелік номенклатура бойынша қаныққан көмірсутектердің атына -аль деген қосымша қосылып аталады. Нөмірлеуді альдегид тобынан бастайды. Мысалы,

Slide 8

Қаныққан карбонилді қосылыстардың номенклатурасы мен изомериясы

Кетондарды атау үшін рационалдық және жүйелік номенклатура қолданады. Рационалдық номенклатура бойынша алдымен карбонил тобымен байланысқан радикалды атайды, содан кейін «кетон» деген сөзді қосады. Жүйелік номенклатура бойынша қаныққан көмірсутектің атына -он деген жалғау қосып, карбонилдегі оттекпен байланысқан көміртек атомының орнын көрсетіп айтады. Нөмірлеу карбонил тобына жақын жақтан басталады. Мысалы,

Slide 9

Қаныққан карбонилді қосылыстардың номенклатурасы мен изомериясы

Альдегидтердің изомериясын көмірсутек радикалдарының құрылымы анықтаса, кетондардың изомериясын көмірсутек радикалдарының құрылымы және карбонил тобының орыны анықтайды. Мысалы,

Slide 10

Қанықпаған карбонилді қосылыстар

Егер карбонил тобы қанықпаған радикалдармен байланысса, онда мұндай альдегидтер мен кетондарды қанықпаған деп атайды. Сонымен қатар қос байланыс карбонил тобымен қатар болуыда мүмкін. Мысалы,

Немесе арасында бір немесе бірнеше метил топтары болып, қашық орналасуы мүмкін Мысалы,

Slide 11

Қанықпаған карбонилді қосылыстар

Қанықпаған карбонилді қосылыстардың маңызды өкілдері қосарланған альдегидтер мен кетондар болып табылады. Оларға акролеин және кротон қанықпаған альдегидтері, сонымен бірге қанықпаған кетондардан метилвинилкетон жатады.

Slide 12

Ароматты карбонилді қосылыстар

Егер альдегидтік тобы бензол сақинасымен немесе бүйір тізбектегі көміртек атомымен байланысса, ондай қосылыстар ароматты альдегидтер деп аталады. Бірінші топтағы альдегидтерге бензой альдегиді (бензальдегид), ал екінші топқа фенилсіркеальдегиді (фенилацетальдегид) жатады.

Slide 13

Екі бензол сақинасы карбонил тобымен байланысса ароматты кетондар, ал бір радикал ароматты, екінші радикал алифатты болса майлы ароматты кетондар деп аталады.

Slide 14

Карбонилді қосылыстарды атау жаттығулары

Гексаналь

5-метилгексаналь

3-фенилпропональ

Slide 15

Карбонилді қосылыстарды атау жаттығулары

Бензолкарбальдегид/бензальдегид

4-гидроксобутаналь

2-метилбутаналь

Бутаналь

Slide 16

Карбонилді қосылыстарды атау жаттығулары

Петанон-2 немесе

метилпропилкетон

4-этилгексанон-3

3-

Диэтилкетон

Slide 17

Карбонилді қосылыстарды атау жаттығулары

3, 3-диметилгептанон-2

3, 4-диметилпентанон-2

3-этилпентанон-2

3, 4-диметилпентаналь

Slide 18

Карбонилді қосылыстарды атау жаттығулары

Slide 19

Сабақ аяқталды!

Келесі жүздескенше!


Ұқсас жұмыстар
Монофункционалды органикалық қосылыстардың номенклатурасы мен изомериясы
11-сынып химия: Біратомды спирттердің құрылымы, алыну жолдары, қасиеттері және қолданылуы
Альдегидтердің алынуы: әдістері мен есептері (11-сынып, химия)
Фармацевтикалық химия: карбонилді қосылыстар, спирттер, күрделі эфирлер, дәрумендер және фенолдар
11-сынып органикалық химия: Дисахаридтер (сахароза) сабақ жоспары
Комплексті қосылыстар: құрылысы, байланыстың табиғаты, номенклатурасы, изомериясы және қолданылуы
11-сынып: Химия мен физика интеграциясы - Электролиздің теориясы, тәжірибесі және есептері
Сабақ жоспары: 11-сынып химия - Біратомды спирттер: құрылымы, алыну тәсілдері, физико-химиялық қасиеттері және тірі ағзаға әсері
Ферменттер: құрылысы, қасиеттері, жіктелуі және номенклатурасы
Нуклеотидтердің құрылысы, номенклатурасы, гидролизі және биологиялық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz