Психологияға кіріспе



Психологияға кіріспе
Орындағандар:Пед20-004-01

Психология ғылым ретінде
01

Психология ғылым ретінде. Мақсаты, міндеттері
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сансалалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия.
Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сӛзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т. б. ) кӛпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді

С. Л. Рубинштейн ӛзінің «жалпы психология негіздері» еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық кӛрінеді - олар біздің сезімдеріміз бен ойларымыз, қабылдауларымыз бен түйсінулеріміз, ықылас-ниеттеріміз және т. б. жатады. . . »
Психология ғылымындағы күрделі міндеттердің бірі - заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды кӛре білу. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады.
Пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі 3 бӛлімін қарастырамыз:
1) Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сӛйлеу, қиял және елес, ес; 2) Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез, қабілет.
3) Психикалық қалып: адамның түрлі кӛңіл күйінің (зерігу, үрейлену, абыржу, ашулану, қуану) т. б. компоненттері. Сонымен, психология - психикалық құбылыстардың, пайда болу, қалыптасу заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.

Психологияның негізгі салалары
Тәлім-тәрбие (педагогикадық) псяхологиясы, Бұл пәннің зерттейтіні - адамды оқыту мен тәрбислеу ісіндегі психологиялық зандылықтар. Ол оқушылардың акыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-катынастарды зереттеудің түйінді мәселелерін қарастырады.
II. Жас кезеңдерінің психологнясы - әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологнясы.
III. Арнаулы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладаьы ер қилы аурулардың себептерін қарастырады.

IV. Еңбек психологиясы - адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Еңбек психологиясының мақсаты - әр түрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік-кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру.
V. Медициналык психология дәріғерлердің қызметі мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді
VI. Әскери психологияның ең басты міндеті - азаматты ел-жұрты мен Отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау.
VIІ. ӘлеуметтІк-психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады.
VIII. Спорт психологиясы спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады


Психология ғылымындағы зерттеу әдістері туралы түсінік
Психология әдістерінің тӛрт түрлі тобын атап кӛрсетейік. 1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру) ; лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым ӛкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді) . 2. Эмпирикалық әдістер. Оған байқау, эксперименттік әдістер (табиғи, және лабораториялық) ; психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат) ; іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді. 3. Мәліметтерді ӛңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бӛлу, талдау) . 4. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері және т. б.

Психология ғылымындағы зерттеу әдістері туралы түсінік
Ұйымдастыру әдістері кӛбіне жас ерекшеліктер психологиясында қолданылады. Психологияның осы жүйесінің азды-кӛпті ӛзіндік ерекшеліктері бар. 1) салыстырмалы әдіс. Әр жастағы баланың психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлұматтар статистикалық жолмен салыстырылады. Эмпирикалық әдістер. Бұл әдістер тобы негізгі әдістер болып саналады. Байқау әдісі. Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінүшінің мимикасын (бет құбылысын), сӛз реакцияларын, түрлі қимыл-қозғалыстарын, мінез-құлқының жекелеген жақтарын байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері мен темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сӛйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сӛздері мен сӛйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде қарапайым аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелетін объектіні суретке түсіру үшін - фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сӛз тіркестерін жазып алып, кейін оны қайтадан жанғырту үшін магнитофон, диктофон т. б. пайдаланылады.


Бақылау және оның түрлері

Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды бақылау әдісі деп атайды. Бақылау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, міңез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады. Бақылау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар: 1. бақылау ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету; 2. зерттелетін объектіні айқын белгілеу және бақылаудың мақсатын түсіне білу қажет; 3. байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, басты фактілерді іріктеп алу. Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттеп алмайды да, көп уақытын жіберіп алады. Екіншіден, бақылауды әр уақытта ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады.

Бақылаудың негізгі міндеті - тәжірибе мәселесіне жауап беретін ғылыми-зерттеу мәселелерін дұрыс анықтап алу. Бақылау әдеттегідей алдын-ала белгіленген жоспар бойынша нақты бақылау нысандарын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Мақсатты түрде бағытталған бақылау ғылыми қызметкерге қызығушылық тудырған құбылыстарды айқындайтын жағымды және жағымсыз факторларды жинастыруға мүмкіндік береді. Бақылауды жіктеудің түрлі жолдары бар. Бақылау жиілігіне қарай тұрақты, қайталанбалы, біржолғы болып бөлінеді.

Психикалық процесстер

Қабылдаудың тұтастығы: кейде қабылдайтын затқа тұтастық мағына болмаса да оны есте қалдыруды жеңілдету үшін тұтастай бір затқа ұқсатып қабылдау. Тұтастай қабылдау адамның есте сақтауын жеңеді. Қабылдаудың тұрақтылығы - заттың көрінісі уақытша өзгерген кезде, оны өзгерген қалпында қабылдамай, бұрынғы өзінің қалпында қабылдауды ойлаймыз.
Қабылдау - заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі.
Қабылдау заңдылықтары - әрбір адамның қабылдау кезінде жекелеген ерекшелігін айтады. Яғни адам заттар мен құбылыстарды өз мағынада қабылдайды немесе қатар жібереді. Қабылдаудың заңдылықтары: қабылдаудың тұтастығы константтылығы немесе тұрақтылығы деп аталады. Таңдамалығы, структуралығы, иллюзиялығы, галлюцинация.


Қиял туралы жалпы ұғым
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz