Басқару құрылғысы


Slide 1

КОМПЬЮТЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

Құрастырған: Нұрмаш Нұрсұлтан

Эет-а-12 тобы

Slide 2

Информатика - есептеу техникасы құралдарының көмегімен мәліметтерді қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін жаңа техникалық ғылыми пән.

Информатика пәнінің мақсаты - ақпараттың негізгі түсініктерін, оны алу тәсілдерін, сақтау, өңдеу, беру, сонымен қатар, ақпараттық қоғамдағы ақпарат қорының орнын баяндау

Slide 3

Информатиканың негізгі мәселесі - есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып табылады.

Slide 4

ЭЕМ құрылымдық схемасы.

Компью́тер (ағылшынша: computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі - есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі - басқару болып табылады.

Slide 5

Қазіргі нарықтық кезеңде дербес компьютер-лердің ондаған, тіпті жүздеген модельдері кездеседі. Бірақ осы модельдердің барлығы дерлік негізгі деп есептелетін төмендегідей 4 құрылғыдан тұрады:

жүйелік блок

дисплей

пернетақта

тышқан

Компьютермен жұмыс жасау үшін кем деген-де осы төрт құрылғының болуы қажет, бұларды дербес компьютердің базалық құрамы деп те атайды.

Slide 6

Компьютер мәліметтерді өңдейтін және есептеулер жүргізетін, сол сияқты символдармен өзге де әрекеттерді жүзеге асыра алатын бағдарланған электрлік құрылғы.

Компьютер негізгі екі класқа бөлінеді:

цифрлы компьютерлер (мәліметтерді екілік кодтар түрінде өңдейді)

аналогты компьютерлер (үздіксіз өзгеріп отыратын физикалық шамаларды өңдейді)

Slide 7

КОМПЬЮТЕР АРХИТЕКТУРАСЫ ДЕГЕНДІ ҚАЛАЙ ҰҒАСЫҢ?

КОМПЬЮТЕРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚАРАСТЫРҒАНДА ОНЫҢ АРХИТЕКТУРАСЫН ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫН АЙЫРА БІЛУ ҚАЖЕТ.

КОМПЬЮТЕР АРХИТЕКТУРАСЫ ДЕП КОМПЬЮТЕР БӨЛІКТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ЖИЫНТЫҒЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ АЙТАДЫ.

Компьютер архитектурасын қарастырғанда оған кіретін бөліктер құрамы, олардың өзарабайланысы, сол сияқты олардың атқаратын қызметтері мен мінездемелері анықталады.

Slide 8

Компьютер құрылымы - дегеніміз оның функциональді элементтері мен олардың арасындаға байланыс жиыны.

Slide 9

Кең таралған архитектуралық шешімдер:

Классикалық архитектура (фон Нейман архитектурасы) - мәліметтер легі өтетін, бір арифметикалы-логикалық құрылғы (АЛҚ), бұйрықтар легі өтетін бір басқару құрылғысы (БҚ) . Бұл бір процессорлы компьютер. Ортақ шиналы дербес компьютер де осындай архитектуралы топқа жатады.

Көппроцессорлы архитектура. Компьютерде бірнеше процессордың болуы, мәліметтердің легі мен бұйрықтар легінің қатарынан көп болуын қамтамасыз ете алады. Бұл жағдайда бір есептің бірнеше фрагменті бірден орындала алады.

Көпмашинді есептеуіш жүйе. Мұндағы есептеу жүйесіне енетін бірнеше процессорда ортақ жедел зерде емес, әрқайсысында өз жеке зердесі болады.

Параллельді процессорлы архитектура. Мұнда бірнеше АЛҚ бір БҚ басшылығымен жұмыс жасайды.

Slide 10

Компьютерлердің басым көпшілігі 1945 ж. американ ғалымы Джон фон Нейман негіздеген төмендегі ортақ принциптер бойынша жұмыс жасайды.

екілік кодтау принципі;

бағдарламалы басқарылу прнципі;

зерденің біркелкілік принципі;

адрестік принципі.

Slide 11

Кез келген компьютердің құрылымы ортақ логикалық принциптерге негізделген және мынадай негізгі құрылғылардан тұрады:

орталық процессор, ол басқару құрылғысы мен арифметика-логикалық құрылғыдан тұрады, барлық есептеу және информацияны өңдеу жұмыстарын орындайды, негізгі сипаттамалары: әрекеттездік (бір секундта орындалатын амалдар саны) және разрядтылық;

зерде (есте сақтау құрылғысы) - бағдарламаларды, мәлiметтердi және жұмыс нәтижелерiн компьютер зердесiнде сақтауға арналған.

информацияны енгiзу, шығару құрылғылары.

Енгiзу және шығару құрылғылары ЭЕМ зердесiне информация енгiзудi және оны сыртқа шығаруды, яғни сыртқы дүниемен информация алмасуды қамтамасыз етедi

Slide 12

Микропроцессор (МП) - компьютердің барлық бөліктерінің жұмысын басқаруға, ақпаратпен логикалық және арифметикалық операцияларды орындауға арналған орталық бөлік.

Микропроцессор құрамы:

басқару құрылғысы (БҚ) ;

арифметика-логикалық құрылғы (АЛҚ) ;

микропроцессорлық зерде (МПЗ) ;

Микропроцессордың интерфейстік жүйесі.

Slide 13

Микропроцессорлық зерде

Микропроцессорлық зерде - көлемі үлкен емес, бірақ шапшаңдығы өте тез (бұл зердедегі ақпаратты іздеуге, жазуға немесе оқуға қажетті уақыт наносекундпен өлшенеді) . Ол ақпаратты уақытша сақтауға арналған.

Slide 14

Басқару құрылғысы компьютердің ең күрделі құрылғыларының бірі. Ол кодты шиналар арқылы машинаның барлық блоктарына берілетін басқару сигналдарын өңдейді.

Бұйрық регистрлері - еске сақтаушы регистрлер, мұнда операцияға қатысушы бұйрықтар кодтары, орындалатын операциялар кодтары мен операндтар адрестері сақталады.

Опрерация дешифраторы - логикалық блок, ол регистрден келіп түскен операция коды бар бұйрыққа сәйкес өзіндегі көптеген шығу ұяларының бірін таңдайды.

Басқару құрылғысы

Slide 15

Арифметика - логикалық құрылғы (АЛҚ)

Арифметика - логикалық құрылғы ақпаратты түрлендірудің логикалық және арифметикалық операцияларын орындауға арналған.

АЛҚ-ның функционалды схемасы

Қосқыш - есептеуіш схема, ол өзіне келіп түскен екілік кодтарды қосуды орындайды.

Регистрлер әртүрлі үзындықтағы шапшаң орындаушы зерде ұяшықтары.

Slide 16

Зерде функциясы:

басқа құрылғылардан ақпаратты қабылдау;

ақпаратты есте сақтау:

машинаның өзге құрылғыларының сұранысы бойынша ақпаратты беру.

Slide 17

Процессор функциясы:

арифметикалық және логикалық операцияларды орындау арқылы берілген бағдарламада мәліметтерді өңдеу;

компьютер құрылғыларының жұмысын бағдарламалы басқару.

Slide 18

Процессорлардың сыртқы көрінісі

Slide 19

Жүйелік шина - бұл компьютердің барлық құрылғыларының бір бірімен байланысын қамтамасыз ететін негізгі интерфейстік жүйе.

Жүйелік шинаның негізгі құрылымы:

мәліметтердің кодтық шинасы;

адрестердің кодтық шинасы;

ережелердің кодтық шинасы;

қоректену шиналары.

Slide 20

Компьютердің еске сақтау құрылғысы

Slide 21 Slide 22

Дербес компьютер құрылысы

Монитор Жүйелік блок

Колонкалар Пернетақта Тышқан

Slide 23

Дисплей - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.

Монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды. Түрлі түсті монитордың экранындағы әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған ұсағырақ үш нүктелерден тұрады. Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді. Дисплейдің экранына орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын, оның ажырату қабілеті де жоғары, сәйкесінше монитордың көрсету сапасы да жоғары болады.

Slide 24

Пернетақта - компьютердің жұмы-сын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегі-мен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.

Slide 25

Пернетақтадағы пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:

символдық пернелер - пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады;

функционалдық пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1, F2, …, F12) әрпімен белгілеген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындауға мүмкіндік береді (құжатты сақтау, бетті жаңарту, анықтама шақырту, т. б. ) . Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі программалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атқарады.

Slide 26

нұсқаушы немесе курсорды экранда басқару пернелері. Курсор дегеніміз экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді.

цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта - пернетақтаның оң жағында орналасқан. Бұлардың көмегімен сандық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ курсордың экранда қозғалуын басқаруға болады. пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады.

Slide 27

Тышқан - «графикалық» басқару құрылғысы. Тышқанды кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тышқанның екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады.

Slide 28

Компьютерге сырттай қосылатын құрылғыларды сыртқы құрылғылар деп атайды. Бұл құрылғылар әдетте компьютерге ақпаратты енгізу немесе шығару үшін қолданылады. Солардың кейбіреулерін атап өтсек:

принтер

сканер

модем

Slide 29

Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік

Сканер - қағазға жазылған мәліметтің кез келген түрін оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.

Slide 30

Телефон жүйесінің көмегі арқылы байланыс. Алшақтағы жеке компьютермен уақытша байланыс модем деп аталатын қондырғы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. (АТС арқылы телефон жүйесі) (факс модем) . Бұндай байланыс тәсілі коммутирлік канал бойынша байланыс деп аталады. Модемнің көмегі арқылы жай компьютерлер арасында ақпарат алмастыруды ұйымдастыруға болады, офистің локальді немесе глобальді жүйесіне қосылуға болады.

Slide 31

Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша (аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск пен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блокқа негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылары бар.

Slide 32

CD-ROM

Дискіжетек Ток көзінің

индикаторы

Қосу/айыру

батырмалары

Жүйелік блоктың сырқы көрінісі

Slide 33

Жүйелік блоктың артқы жағы

Slide 34

Системный блок компьютера состоит из следующих частей:

-материнской платы;

-винчестера (жесткого диска) на котором хранится вся информация;

-дисковода для работы с дискетами;

-CD ROM - устройство для работы с лазерными дискам;

-блока питания.

Slide 35

Оперативная память.

Оперативная память (ОЗУ, англ. RAM, Random Access Memory - память с произвольным доступом) - это быстрое запоминающее устройство не очень большого объёма, непосредственно связанное с процессором и предназначенное для записи, считывания и хранения выполняемых программ и данных, обрабатываемых этими программами.

Оперативная память используется только для временного хранения данных и программ, так как, когда машина выключается, все, что находилось в ОЗУ, пропадает. Доступ к элементам оперативной памяти прямой - это означает, что каждый байт памяти имеет свой индивидуальный адрес.

Slide 36

Кэш-память.

Кэш (англ. cache), или сверхоперативная память - очень быстрое ЗУ небольшого объёма, которое используется при обмене данными между микропроцессором и оперативной памятью для компенсации разницы в скорости обработки информации процессором и несколько менее быстродействующей оперативной памятью.

Современные микропроцессоры имеют встроенную кэш-память, так называемый кэш первого уровня размером 8-16 Кбайт. Кроме того, на системной плате компьютера может быть установлен кэш второго уровня ёмкостью от 64 Кбайт до 256 Кбайт и выше.

Slide 37

Специальная память


Ұқсас жұмыстар
ЭЕМ-нің базалық элементтері
Бағдарламалаудың көпдеңгейлі кестесі
Джон Фон Нейман және оның компьютері
Дербес электронды есептеу техникасының архитектурасы және құрылымы
КОМПЬЮТЕРДІҢ ЕСКЕ САҚТАУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ
Дербес электронды есептеу машинасының архитектурасы
Дербес электрондық есептеуіш машинаның архитектурасы
Есептеу техникасының даму тарихы жайлы
Есептеуіш жүйені аппараттық қамтамасыздандыру
Үздік информатик
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz