Қазақстанның саяси элитасы
Презентация қосу
Марат Оспанов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті
Пән: Саясаттану және әлеуметтану
Кафедра: Әлеуметтік саяси пәндер
Мамандығы: Стоматология
Курс: 1
Топ: 102
Тақырыбы: Қазіргі Қазақстанның Саяси көшбасшылары
және саяси элитасы
Орындаған: Кушмагамбетов Т.Д
Тексерген: Молдин Б.А
Ақтобе 2017
Жоспар
1. Kіріспе
Қазіргі Қазақстанның Саяси элитасы
2. Негізгі бөлім
a) Саяси элита ұғымы
b)Қазақстанның саяси элитасы
c) Ұлы көштің көшбасшысы
3. Қорытынды
Саяси элита
• Саяси элиталарды, олардың қоғамдағы рөлін зерттеуге отандық саясаттанушылардың
қызығушылық білдіруі заңды да табиғи құбылыс. Жоғары мемлекеттік билік басындағылар
хақында жауырды жаба тоқыған ондаған жылдар бойғы үнсіздіктің, хабар-ошарсыз
меңіреуліктің орнына қалыптасқан саяси болмысты мейлінше объективті түйсіну, мәртебелі
әлеуметтік жік – саяси элитаның ортақ іске қосар үлесін салиқалы бағалау кезеңі келеді. Қазіргі
тарихи кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне, елдегі жағдайды сауықтырып, өркендету жолдарын
іздестіруге байланысты қазақстандық қоғам өміріндегі саяси элитаның рөлін негіздеу бұл
күндері айрықша зәрулікке айналып отыр. Біздіңше, ең алдымен қазақстандық саяси элитаның
қалыптасуы бастауларына үңілу орынды болып табылар еді. Саяси элитаның табиғатын
байыптай қарастыру үшін олардың халықтың саяси өміріндегі рөлі, ұлттың “Бұл өмірдің мәні
неде?”, “Біз кімбіз?”, “Қайда бара жатырмыз?” деген сауалдарға жауап іздестіруі мен мәнділігі
үрдістерін қалыптастырудағы орны басты өлшемдер бола алады. Ұлтты топтастыру өзін-өзі сол
замандағы саяси мұраттар талабына сәйкестендіру рөлін XX ғасыр басындағы қазақтың ұлттық
интеллигенциясы мінсіз орындады: өтіп жатқан саяси процестердің мән-маңызын бұқараға
түсіндіру, оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу, халықты жаңа мемлекет құруға жұмылдыру олардың
басты міндеттеріне айналды.Бұқаралық саяси ұйым арқылы халықтың саяси мүдделерін
білдіруге болатындығын жіті сезініп, “Алаш” қозғалысының ұйытқы тобын құрды, оның
құрамына Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсынов, Қыдырбаев, Тұрмұхаметов, Жизанов енді.
Қалыптасқан саяси жағдайлар ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлттық интеллигенциясының
өз идеяларын рәсімдеуге ұмтылысының өзі соны саяси ұйымның пайда болуына қажетті
алғышарттар жасады. Бүкіл ресейлік саяси өмірге Бөкейхановтың, Шоқаевтың, Қаратаевтың,
Досмұхамедовтердің, Төгісовтың, Байтұрсыновтың белсене араласуы жаңа дәуірдің саяси
элитасын қалыптастыруға негіз қалады. Бірінші және екінші мемлекеттік Думаға Қазақстаннан
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бірімжанов, Бақыткерей Құлманов, Бақытжан Қаратаев, Мұхаметжан
Тынышпаев және т.б. белгілі тұлғалар депутат болды.
Қазақстанның Саси элитасы
Қазіргі Қазақстанның саяси элитасы
Президент аппаратының
құрамы Парламент
Министрлік Облыс
басшылары және
Дипломатиял
орынбасарлары ық элита әкімдері
Саяси элита ұғымы
• “Саяси элита” дегенімізді саясаттану ғылымы:
• - шенеуніктік, төрешілдік, номенклатура (мәртебелілер тобы)
• - жалпы мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға құзырлы лауазымды
орындарды иеленетін адамдар
• - билеп-төстеуші таптың үстемдігін қамтамасыз ететін топ ретінде түсіндіреді
• Бұл анықтамалардың қай-қайсысында билікті иелену, шешім қабылдауға қабілеттілік ,
өкіметтің қызметін жүзеге асыру елеулі өлшем ретінде алынған. “Саяси элита” ұғымы
XX ғасырдағы саясаттану ғылымында өзекті тақырыпқа айналды.
Саяси элитаның өзі қалай қалыптасады? Моска оның сапына енетін жеке тұлғалар
өздері өмір сүріп жатқан қоғамды ардақ тұтып, аса қастерлейтін белгілі бір қаделі
қасиеттерді иеленуге тиіс деп пайымдайды. Бұл қасиеттер тарихи дәуірлерге орай
өзгеріп отырады. Заманауи жағдайларда саяси элитаны қалыптастырудың кейбір
өзіндік ерекшеліктері бар, олар қоғамдағы саяси, экономикалық қарым-қатынастардың
сипатымен айқындалады.
Қазақстанның саяси
элитасы
Қазіргі қазақстандық саяси элитаның қандай ерекшелігі бар? Қазақстандағы саяси
элитаның құрамын жаңадан толықтыру үрдісі бірнеше бағытпен өрбуде. Осы
процестің негізгі тәсілдерінің бірі- Парламентке еркін сайлаулар өткізу, соның
нәтижесінде әрқилы әлеуметтік топтардың саяси элитаға өз орнын иеленуіне
үміттенуіне мүмкіндік береді. Алайда мынандай да мәселелер байқалып жүр:саяси
құрамды жаңадан толықтыру, яғни, саясаттағы басты рөлдерді жауапкершілікке
алатын қызметкерлерді даярлау мен іріктеу процесі, көбінесе, кәсіби қабілеттілік емес,
қайта жеке байланыстар мен рулық-тектік, жекжаттық негізде жүзеге асады /11/.
Қазіргі Қазақстанның элитасын мынадай әлеуметтік-экономикалық топтарға:
Қазақстан Республикасының министрліктері мен мемлекеттік комитеттерінің
элитасына, өнеркәсіптік-қаржылық, аймақтық, салалық топтарға, мұнай-газ, банк,
қаржы салаларының топтарына бөлуге болады. Алайда, саяси элитаның осы
топтарының, оның ішінде саяси әйелдер элитасының қызметі бұқаралық ақпарат
құралдарына толықтай жазылып жүрген жоқ. Мұның өзі сарапшылардың
“Қазақстанның мемлекеттік билік құрылымындағы ықпалды топтар томаға тұйықтық
пен толықтай құпиялылық ахуалында әрекет етеді”,- деп ой түюіне негіз болды
Шарттары
• Элитаның экспансионизмі оның белгілі топтарының басымдыққа жетуіне жол
бермейтін белгілі бір демократиялық шараларды ұсынуға тиіс. Біздіңше, оларға
мынадай шарттар жатады:
• 1. Толық жариялылық, сөз бостандығы бұқаралық ақпарат құралдарына қандай да
бір әлеуметтік топтың үстемдік орнатпауы, баспасөздің, теледидар мен радионың
баламалық органдарының болуы, олардың көмегімен кемшіліктерді, қателіктерді
ашық сынау;
• 2. Пәрменді оппозицияның, элитаның әрқилы топтарының еркін бәсекелестігінің,
саяси плюрализмінің болуы, олардың өзара сыны мен қарсылықтығы орнығып,
оларға халық бұқарасы, сайлаушылар төрелік етуі, сол арқылы элитаны бақылауға
алуы;
• 3. Әлеуметтік ынталылыққа элитаның ашық болуы, олардың қатарына қалың
тұрғындар қауымының ең қабілетті өкілдерінің ену;
• 4. Бұқараның элитаға сайлау науқандары арқылы кері әсер етуін қуаттау;
• 5. Құқықтық мемлекетті орнықтыру үшін міндетті шарт болып табылатын
демократиялық принциптер мен заңдарды бұлжытпай сақтау шарттары жатады.
Ұлт көшбасшысы
• Ұлт көшбасшысы және тәуелсіздік
• Қазақ елі былтырғы жылдың соңында өз тәуелсіздік ғасырының бестен бірін толтырған еді. Бұл
мерзім адам өмірімен есептегенде де, тарихи тұрғыдан алып қарағанда да көп уақыт емес. Бірақ
осы бір қысқа мерзімге қарамастан, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық-
әлеуметтік және саяси қиыншылықтарды еңсере білген Қазақ елі әлем мойындаған мемлекеттер
қатарына қосылды. Еліміздің саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер жасалды. Мемлекет
тіліктің барлық институттары құрылып, экономикамыз нарықтық жолға түсті. Халықтың әл-
ауқаты жаңа деңгейге көтерілді, әлеуметтік салада жаңа асулар бағындырылды. Мемлекеттік
шекарамыз айқындалып, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Елбасының көре
гендігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тұңғыш рет ядролық қарудан бас
тартып, Семей сынақ полигонын жабуы бүкіл дүниежүзінің назарын өзіне еріксіз аударды. Осы
бір батыл қадамның нәтижесінде мемлекетіміздің қауіпсіздігіне әлемнің іргелі мемлекеттері
кепілдік берді. Әлем елдерімен терезесі тең тәуелсіз мемлекет құрып, ата-бабаларымыздың
ғасырлар бойғы ұлы арманы мен мақсаты орындалды.
• Қазақ елі тәуелсіздігінің көк байрағын өз қолымен тұңғыш көтеріп, тәуелсіз Қазақстан мем
лекетін құрған – Елбасымыздың аз жылдың аясында туған елін әлемдік қоғамдастыққа таныт
қандығына өзгелермен бірге өзіміз де қайран қалып, тамсанамыз. Тарихтың қилы бір кезең
дерінде елге Нұрсұлтан Назарбаевтай Көшбасшының табылуын халқымыздың бағы деп те
түсінеміз. 1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстандықтар өздерінің Тұңғыш Президентін сайлап,
сенім артты, ел тәуелсіздігін аманат етті, жауапкершілік жүгін арқалатты, Халық өздері таңдаған
Көшбасшысының не істеу керектігін білетіндігіне, елді адастырмайтынына, тура жолға
бастайтынына сенді. Еліміз бен халқымыздың сол сенімін Елбасының толық ақтап отырған
дығына да осы күндері көзіміз анық жетті.
Елбасы Н.Назарбаев
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабының
ағылшынша нұсқасының алғы сөзінде Англияның 1979-
1990 жылдары үкіметін басқарған және кезінде «Темір
Леди» атанған Маргарет Тэтчер де тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарындағы Қазақстанның көшбасшылық
рөл атқарғандығынмойындап, соған оң баға беріп: «Мем
лекеттердің іргесін салған негізін қалаушылар әрдайым
дерлік қалыпқа сыймайтын тұлғалар болып келеді, ал
Нұрсұлтан Назарбаевты толық мәнінде осы санатқа жат
қызуға болады. Мұндай көшбасшылар өздеріне қатысты
түрлі үйлесімдегі қауырт сүйсініс секілді даңғаза сынды
да туындатуы мүмкін. Мәселенің мұндай мәнісі олардың
мемлекеттің аса маңызды сәттерінде оның басшы
лығында тұруымен, осылайша оларға дейін болғандарға
немесе олардан кейін келетіндерге қарағанда әлдеқайда
танымал тұлға болуымен байланысты.
Ұлт көшбасшысы
• Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшылығына келген алғашқы сәттен бастап айрықша
ерекшелігі бар өзгеше бір халықаралық және ұлтаралық мәселелер шиеленісінің шешуін
асығыстыққа салмай, арандататын пікірлердің ығы мен ырқына жығылмай, әліптің соңын
баға сабырмен, уақыттың талабына, қазақстандық жолдың ерекшелігіне үйлестіре, жан-
жақты мүдделердің түйісу нүктесін таба алу және шеше білу даралығымен бірден әлем
назарын аударды. Елбасы өзінің қол жеткізсем-ау деген саяси және ұлттық биік
мақсаттарын әрдайым есінен шығармаумен бірге, оған жету үшін де жалаң ұран көтеріп,
жақсы атақ алуға қызықпады. Қандай мәселеде болсын қолдан келетін нақты мүмкіндік
терді ғана түгел пайдаланып, эволюциялық жолмен тұрақты ілгері жылжи бергенді дұрыс
санады. Дамудың қазақстандық жолын іздестірді, өзіндік бағытты таңдады. Сол
қазақстандық даму жолынан өзге даму жолдарының ешқайсысын да, тіпті бірде-бірін
жоққа шығарған емес, керісінше, өзге даму жолдарының қажеттісін алып та, пайдалана
білді.
• Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің бетбұрысты кезеңдерінде Мемлекет басшысы ретінде,
әсіресе, экономикалық және саяси дамудың үлгілерін талдау мәселесіндегі біліксіздікке
қатаң қарсы тұра білді. Ешкімнің ойына келмеген және де бәріне бірдей жаға бермейтін,
бірақ өміршең маңызы бар шешімдерді батыл қабылдап жатты. Елбасының өз кезінде:
«Кейде адамдарды еркінен тыс қазір барғысы келмейтін, бірақ объективті түрде баруға
тиіс жаққа жетелеуге тура келді», – деп айтқанын осы күндері еске ала отырып, яғни билік
үшін күрестегі батылдық пен билік басындағы батылдықтың екеуі екі басқа екендігін өз
ісімен дәлелдей білгендігі ерексіз сүйсіндіреді.
Тәуелсіз Қазақстан
Қазір тәуелсіз Қазақ елінің тарихы жасалды. Бірақ оны қазақ елінің
Көшбасшысы бола алған Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылы бүкілхалық
тық сайлаудан кейін қолға алған басшылық қызметінсіз көзге елестету
мүмкін де емес. Өйткені, тәуелсіздік қарсаңындағы және тәуелсіздіктің сан
қырлы соқпақты жылдарындағы оның тізгінін ұстаған Мемлекет басшысы,
оның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарған
қызметінсіз тәуелсіз ел тарихының парақтарын жазып шығу мүмкін де
емес. Өйткені, бұл тарихта тәуелсіз еліміздің іргетасын қалап, керегесін
керіп, оның әрбір уығын шаншып, шаңырағын көтерген, бар-жоғын
түгендеп, іргесін кеңейткен, оны әлем елдері мойындаған мемлекетке
айналдырған, онымен санасуға мәжбүр еткен Қазақстан Республикасының
Президенті, оның Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы,
қабылдаған тарихи шешімдері, ұстанған саясаты, саяси қызметі, өзіндік
дара жолы жатыр.
Қорытынды
• Өзіміздің ел тәуелсіздігінің тарихы және Елбасының ел егемендігіндегі
рөлі жөніндегі оймызды қорыта айтқанда, аз ғана уақытта Тұңғыш
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен елімізде
экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және саяси түбегейлі өзгерістер
жүзеге асырылғандығын бөле-жара атап көрсету қажет. Тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарындағы Елбасы белгілеген және батыл жүргізген
бағыт өзін өзі ақтады және алдағы уақытта да өміршең болатындығын
дәлелдеп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген бұл саясаты
мен бағыты қазіргі уақытта «Қазақстанның даму жолы» ретінде
дүниежүзі қоғамдастығынан мойындалды. Қазақстанның Тәуелсіздігі
мен Елбасы еңбегінің бір-бірімен тығыз ұштасып жатқандығын,
олардың бір-бірімен ажырағысыз егіз ұғым екендігін ақиқат есебінде
тарих алдымызға тартып отыр.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz