Дәрілік зат


Slide 1

Тақырыбы:Дәрілік тәуелділік тудыратын құралдар

Қабылдаған: Сырманова Н. Р

Орындаған: Орынбасар Н

Тобы: Фқа-01-22

Шымкент 2024

“Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология”кафедрасы

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Дәріге тәуелділік шақыратын препараттар

Тәуелділік шақыратын препараттардың маңызы

Морфин, промедол, кокаинге түсініктеме беру

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Денені дәріге үйретудің үш түрі бар.

Бі­ріншісі - дәріге тәуелділік. Бұдан құтылу өте қиын. Дә­рі­лер арасында күшті тә­уел­­ділікті тудыратын құрамында нар­ко­тикалық заттары бар таблеткалар бар. Мысалы, морфин. Мұндай күшті әсе­рі бар дәрілерді дәрі­гер-мамандардың ке­ңе­­сін­сіз пайдаланбаған дұрыс. Екінші түрі - құрамында есірткі заты бар дәріге үйреніп, онсыз ағзаның өз­дігінен жұмыс жасай алатындығына сенімсіздік таныту. Мұндай жағдайда ағ­за бұл дәрілерге тез үй­реніп, оның жеткілікті әсер алуы үшін көп мөл­шерде қабылдай беруін талап етеді. Көбіне бұған тыныштандыратын, аллергияға қарсы және мұрынға тамызатын дәрілер кіреді. Дәріге тәуелділіктің үшін­­ші түрі - психологиялық тәуелділік. Дәрісіз өмі­рін елестете алмайтын адамдар. Мұндай адам­дар бұл проблеманы таблет­касыз шешуге болатынын түсінбейді.

Slide 4

Дәрілік заттарды қайталап қолданғанда, олардың әсері жоғарылау жағына да және төмендеу жағына да өзгеруі мүмкін.

Матариалдық кумуляция ағзада фармакологиялық заттардың жинақталу түрі. Бұл ұзақ әсер ететін препараттарға тән, олар аз бөлінеді немесе ағзада тұрақты байланысады. Оларды қайталап тағайындағанда заттардың жинақталуы уытты әсерлердің себебі болуы мүмкін. Осыған байланысты, бұндай препараттардың кумуляциялануын ескере отырып, біртіндеп мөлшерін азайтып немесе препараттың қабылдау арасын ұлғайта отырып мөлшерлеу керек.

Slide 5

Кейбір заттарды қайталап енгізгенде дәріге тәуелділік дамиды.

Slide 6

Дәрілік заттарға бейімделу.

Бейімделу - заттарды қайталап қолданғанда әсерінің төмендеуі. Ол заттың сіңуінің азаюына, оның инактивациялану жылдамдығының ұлғаюына және қарқынды шығуының жоғарлауына байланысты болады. Бастапқы әсерді алу үшін препараттың мөлшерін жоғарылату немесе бір затты басқасымен ауыстыру қажет.

Тахифилаксия - бейімделудің ерекше түрі, бұл өте жылдам пайда болатын бейімделу, кейде затты 1 рет енгізгеннен кейін.

Slide 7 Slide 8

Дәрілік тәуелділік шақыратын заттар.

Ұйықтатқыш заттар (хлоралгидрат, барбитур қышқылының туындылары) .

Опиоидты (наркотикалық) анальгетиктер (морфин, промедол, фентанил, суфентанил) .

Кокаин, героин, галлюциногендер.

Дәрілік тәуелділіктің дамуы айтарлықтай дәрежеде опиоидты анальгетиктердің эйфория шақыру қабілеттілігімен түсіндіріледі. Бұл кезде жағымсыз эмоциялар, шаршау жойылады, жақсы көңіл күй, өзіне деген сенімділік пайда болады, біртіндеп жұмысқа қабіліттілігі қалыптасады. Эйфория, әдетте сақ және жылдам үзілгіш ұйқыға ауысады.

Slide 9 Slide 10

МОРФИН

Негізгі фармакологиялық әсері:

Ауру сезімін басады;

Эйфория шақырады, ал кейбір адамдарда кері құбылыс болуы мүмкін дисфория;

Ұйқы шақырады (беткейлік ұйқы болады) ;

Дене температурасын төмендетеді;

Диурезге қарсы гормонның деңгейін жоғарлатады, диурез төмендейді;

Тыныс орталығын тежейді,

Жөтелге қарсы әсер көрсетеді;

Қарашықты тарылтады;

Slide 11

МОРФИННІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ:

Ауру сезімін басу үшін травмаларда;

Қатты ауру сезімдерімен жүретін ауруларда;

Операцияға дайындық кезінде;

Қатты ауру сезіміне және жөтелге байланысты ұйқысыздықта;

Өкпеге операция жасағаннан кейінгі жөтелде;

Шаншуларда;

Өкпе ісінуінде.

Slide 12

МОРФИН

Жанама әсерлері:

Жүрек айну;

Құсу;

Тыныстың тежелуі;

Миоз;

Іш қату;

Диурездің төмендеуі.

Қайталап енгізгенде:

Бейімделу;

Дәріге психикалық және физикалық тәуелділік;

Абстиненция синдромы.

Slide 13

ПРОМЕДОЛ

Жасанды анальгетик, пиперидин туындысы.

Фармакологиялық әсерлері: морфинге ұқсас.

Ерекшелігі: анальгетикалық белсенділігі морфиннен төмен, тыныс алу орталығын аз тежейді, кезбе нерв, құсу орталықтарына аз әсер етеді, қарашықты тарылту белсенді емес. Жатырдың мойнын босатады, жиырылғыштығын жоғарлатады. Әсер ету ұзақтығы 2-4 сағат.

Slide 14

КОКАИН

Метилэкгонин мен бензой қышқылының күрделі эфирінің гидрохлориді болып табылады. Анестетикалық белсенділігі новокаинге қарағанда жоғары. Қолданылуы : уыттылығымен шектеледі, тіпті беткейлік анестезияда кокаинды сақтықпен қолданылу керек, өйткені ол шырышты қабаттардан сіңіп, жанама және уытты әсерлердің себебі болуы мүмкін.

Slide 15

Кокаиннің әсері:

Көз практикасында (ақ қабық тамырларын тарылтып, қарашықты кеңейтеді) ;

Қасаң қабықтың эпителиінің түлеуін және ойылуын шақырады;

ОЖЖ ынталандырғыш әсер;

Сопақша мидың орталықтарын (тыныс, тамыр қозғалтқыш, құсу орталықтары) ынталандырады;

Адренергиялық иннервацияға әсері (қозуын күшейтеді) .

Slide 16

Кокаин шақырады:

Тамырларды тарылту;

Артериялық қысымды жоғарлату;

Тахикардия;

Мидриаз;

Эйфория;

Тынышсыздық, психомоторлық қозу;

Шаршау, аштық сезімдердің төмендеуі;

Тырысу.

Slide 17

Кокаинді ұзақ қолданғанда:


Ұқсас жұмыстар
ЖҰМСАҚ ДӘРІЛІК ЗАТ ФОРМАЛАРЫ
Дәрігерлік өсімдіктер
Дәрілік заттар
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЖАРНАМАЛАУ
Тұтқыр заттар сипаттамасы
Фенолдар топтарының дәрілік заттары
ӨСӨЖ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ
Қатты дәрілік қалыптар
Фармакодинамика және фармакокинетика
Рецептің бөлімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz