СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІНІҢ ҚАБЫНУ



Тақырыбы: Сілекей бездерінің қабыну аурулары (сиалоадениттер)
Қабылдаған: Қожамбекова Э. А
Орындаған: Тургинбаев Б. Н
Тобы:СТК-101
Қ. А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік Университеті

Сілекей бездері жақ-бет аймағының анатомиялық функционалды құрамды бөлігі және ауыз қуысының қосымша бөлігі болып саналады. Сілекей бездерінің патологиясы мен ауруларын емдеу мәселелері стоматологиямен тығыз байланысты. Сондықтан да бұл мәселелерді терең зерттеу жұмыстарымен стоматологтар айналысады.

Ірі, жұп сілекей бездерге

Майда және тақ бездерге
Ауыз қуысының шырышты қабығының бездері жатады. Бұлар өздерінің атауына сәйкес анатомия-топографиялық аймақтарда орналасады.

Құлақмаңы сілекей безі
Құлақмаңы сілекей безі - ең ірі без (25-30 гр) . Ол жақ арты шұңқырында шайнау бұлшықетінің алдыңғы бетінің бір бөлігін жауып жатады. Бездің жоғарғы шекарасы сыртқы дыбыс жолы, ал төменгі жақтың бұрышы оның төменгі шекарасы болып саналады. Құлақмаңы безі беткей және терең бөліктерден тұрады. Олар бір-бірімен өзекше арқылы жалғасады. Бездің алдыңғы қырында, негізгі шығару түтігі жанында оның қосымша бөлігі орналасқан. Без капсуламен жабылған, оның латеральды беті қалың, ал медиальды беті жұқа, кей жерлерде болмауы да мүмкін, осыған байланысты без жұтқыншақмаңы кеңістігінде өтіп кетуі де мүмкін. Сыртқы ұйқы артериясынан тарайтын бірқатар қан тамырлары бездің бойына торлай таралады, ал вена қаны жақ арты венасына жиналады.
Лимфа тамырлары бөліктерінің арасында орналасқан құлақмаңы лимфа түйіндеріне жиналады. Бет жүйкесі осы бездің бойынан басталып өзінің тармақтарына, яғни самай-ұрт және ұрт-бет жүйкелеріне үлкен қаз табан жасай бөлінеді.
Ұзындығы 5-7 см болатын бездің шығару түтігі оның алдыңғы қырынан шығып, шайнау етінің алдыңғы бетін айнала отырып 90° бұрылып ұрт етін бойлай өтіп, ауыз қуысының кіреберісі не екінші үлкен азу тіс деңгейінде ашылады. Түтіктің ашылатын жерінде бүртік емізікшелер болады. Құлақмаңы безі негізінен белокты сұйықтық бөліп шығарады.

Околоушная железа (по В. П. Воробьеву, 1936) . Удалены кожа, подкожная мышца шеи, околоушно-жевательная фасция, нервы и частично сосуды. 1 - скуловая мышца; 2 - круговая мышца глаза; 3 - выводной проток околоушной железы; 4 - добавочные дольки железы; 5 - жевательная мышца; 6 - околоушная железа; 7 - поверхностная височная артерия ; 8 - поверхностная височная вена; 9 - грудино-ключично-сосцевидная мышца; 10 - наружная сонная артерия; 11 - наружная яремная вена; 12 - подъязычная кость; 13 - поднижнечелюстная железа; 14 - двубрюшная мышца; 15 - лицевая вена; 16 - лицевая артерия; 17 - треугольная мышца рта; 18 - щечная мышца.

Төменгі жақасты сілекей безі
Төменгі жақасты сілекей безі төменгі жақ сүйегі мен қос қарыншалы ет аралығындағы кеңістікте орналасады. Бездің салмағы 7, 77 гр. Оның артқы бөлігінде, төменгі сыртқы бетінен бет көк тамыры-венасы өтеді. Ол бездің артқы бөлігін айналып алдыңғы бетіне өтіп, бет венасымен бірге төменгі жақ сүйегінің астыңғы қырына өтеді. Тіл жүйкесі қанатша ет арасындағы кеңістіктен шыққан соң, ауыз қуысы түбінің шырышты қабатымен бездің артқы бөлігінің арасынан өтіп, оның шығару түтігімен жақ тіл астауында, екінші үлкен азу тіс тұсында қиылысады. Бездің өзі тіласты жүйкесі доғасын жауып жатады.
Бездің шығару түтігі ауыз қуысы түбінің шырышты қабатында, тіл үзеңгісінің жанында ашылады. Түтіктің ұзындығы 5-7 см.


Тіласты безі
Тіласты безі майда бөліктердің борпылдақ дәнекер тін арқылы қосылған жиынтығы болып келеді.
Бездің пішіні сопақ үсті шырышты қабықпен жабылған жақ-тіл етінің жоғарғы бетінде орналасқан. Оның көлемі 2 см, орташа салмағы 3, 5 гр, негізгі шығару түтігінің ұзындығы 2 см, ал бездің үлкен бөлігінен басталып төменгі жақасты безінің шығару түтігіне келіп қосылады. Бездің майда бөліктері ауыз қуысы түбінің шырышты қабатына майда түтіктермен ашылады.
Жоғарыда аталған бездердің барлығы жұп бездер жалғыз бездердің болуы өте сирек кездеседі.
Сілекей бездері ас қорыту, шығару, эндокринді, инфекцияға қарсы және тістерге әсер ету қызметінің-функцияларын атқарады. Ересек адамда тәулігіне 1000-1500 мл сілекей бөлініп шығады.

Поднижнечелюстная и подъязычная железы, вид изнутри (по В. П. Воробьеву, 1936) . Срединный разрез дна полости рта и нижней челюсти; слизистая оболочка удалена; выделены протоки желез.
1 - медиальная крыловидная мышца; 2 - язычный нерв; 3 - малые подъязычные протоки; 4 - устье выводного протока поднижнечелюстной железы; 5 - большой подъязычный проток; 6 - тело нижней челюсти; 7 - подъязычная железа; 8 - выводной проток поднижнечелюстной железы; 9 - челюстно-подъязычная мышца; 10 - поднижнечелюстная железа.

СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫ ТЕКСЕРУ
Науқастарды тексеру жалпы қағидалармен жүргізіледі, оларға: шағым жинау, келіп шығу тарихы-анамнезі, қарап, сипап (кейде екі саусақпен сипап) тексеру, шығару түтіктерінен бөлінген сілекей құрамын зерттеу. Шығару түтіктерін шұқығышпен қарау, рентгенологиялық-сиалографиялық, сцинтиграфиялық, секреторлы функцияларын тексерулер, биопсия жатады.
Науқастың жасы, жынысы, жалпы жағдайы нақтамалық бағытын анықтауы мүмкін.
Сілекей бездерінің жедел ұлғаюы кезінде науқастың, қоршаған ортасы туралы мәліметтер жинау керек.
Кейбір аурулардың келіп шығу тарихында өзіне тән ерекшеліктері болады: бездің қақсауы сілекей-тас ауруы немесе созылмалы аурудың болуын көрсетуі мүмкін.
Бөлінетін сілекейдің көлемі және сапасы туралы мәліметтерді науқастың өзінен алуға болады.

Қарап тексеру без көлемінің ұлғаюы, жанындағы жұмсақ тіндер жағдайы, жыланкөздің болуы, сілекейдің сапасы туралы анықтама береді.
Сипап тексеру арқылы бездің тығыздығын-консистенциясы (жұмсақ, тығыз, бұдырлы), жанындағы жұмсақ тіндер туралы мәлімет алуға болады.
Бимануальды тексеру арқылы түтікте тас барын анықтауға болады. Сілекейді таңертең аш қарынға 8 тамшы пилокорпин (1) бергеннен соң шығару түтігіне канюляны енгізіп жинап, калориметриялық әдіспен РН ортасын, белоктың санын және сілекейдің қоюлығын анықтайды.
Қалыптағы жағдайда құлақмаңы сілекей безінде РН 5, 7-7, 6 арасында болады, белоктың мөлшері - 0, 33-26, 4, қоюлығы- 0, 75-1, 2 дейін. Төменгі жақасты сілекей безінде РН 6, 9-7, 8, белок-0, 066-3, 33, қоюлығы-1, 4-1, 9 дейін болады. Қалыпты жағдайда екі жақтағы сілекей бездерінің жұмысы сілекей құрамындағы белоктың мөлшері, қоюлығы сияқты көрсеткіштері бірдей. Осыған байланысты екі жақ сілекей безінің секреторлы функциясын тексере отырып ауру безді анықтауға болады.

Адам сілекейінің құрамында 99% су, 1% еріген минералды және органикалық заттар болады. Ересек адамда тәулігіне 1, 5 литрдей сілекей бөлінеді. Сілекей бездерінің аурулары кезінде олардың қызметі төмендеп, ауыз қуысы құрғақтанады.
Цитологиялық тексеру жүргізу үшін сілекейдің бір тамшысын алып шыны әйнекке жағады. Жағындылар (мазок) Райто-Романовский немесе Романовский-Гимзе әдісімен алынады.
Сүңгімен тексеруде шығару түтігінің бағытын, өзегінде конкременттің, барлығын және оның орнын, өзектің тарылуын, кейде атрезиясын анықтауға болады.
Сілекей безін тексеру үшін арналған құралдар құрамында шығару түтігіне қолданылатын арнайы сүңгілер болуы қажет.
Ұзындығы 150 мм екі жақтық конус тәрізді сүңгі-зонд. Ол диаметріне байланысты алты түрлі болады: № 1 -диаметрі 0, 8 мм, №2-1 мм, № 3-1, 1 мм, № 4-1, 3 мм, № 5-1, 5 мм, № 6-1, 7 мм. Сүңгінің ұштары конус тәрізді, доғал, аздап бұрыш құрайды. Бұл сүңгі-зондтар шығару түтіктерін тексеруге арналған.
1. Цилиндр тәріздес ілмегі бар, ұзындығы 45-60 мм сүңгі. Оның доғал ұшын шығару түтікке енгізіп, ал екінші ұшын ілмек арқылы ауыз қуысының шырышты қабатына тігіп қояды. Бұл сүңгі сілекей безінің шығару түтіктерінде немесе түтікті қоршаған жұмсақ тіндерге ота жасаған кезде қолданылады.

Сиалография әдісі.
Бұл әдісті сілекей безіне рентгенография жасалғаннан соң бездердің секреторлы қызметінің өзгерісін анықтау үшін қолданады.
Контрасты заттарды енгізу үшін көлемі 2, 5 мл шприц пен ұшы доғал инені қолдануға болады. Йодолиполды адам денесінің қызуындай жылытып алған жөн.
Инені сілекей безінің шығару түтігіне 0, 5-1 см тереңдікке енгізіп, сілекей безінде толу сезіміне дейін контрасты зат жіберіп, біраз уақыт өткеннен соң сілекей безінде жеңіл ауыру сезімі пайда болғанға дейін тағы жібереді. Ауыз қуысындағы артық қалған контрасты заттарды тампонмен сүртіп алып сілекей безінің рентгенографиясын жасайды.
Сцинтиграф аппаратымен сцинтиграмма алынады. Графикалық жазба әр түрлі нүкте және сызықшалар кестесі түрінде болады. Әр без сілекейінің қоюлығы туралы мәлімет береді. Суреттегі ақаулар без қызметінің бұзылыстарын (мысалыға склероз немесе ісіктің болуын) көрсетеді. Сцинтиграфияның басқаша сканирования, гаммаграфия деп те атайды.

Рентгенография әдісі.
Бұл әдіс бездердің қабыну кезеңдерін, ісіктерді, сілекей-тас ауруларын морфологиялық нақтамасында ғана емес, қызметінің ерекшеліктері туралы да мәлімет беруде ерекше маңызды орын алады.
Сиалография кезіңде негізінен шығару түтіктер жүйесі (негізгі және 10-12 дихотомиялық III-IV қатарға дейінгі) толады. Сиалограммада диаметрі 0, 2 см-ге дейінгі майда түтіктер көрінеді. Ал өте майда диаметрі 5- 10 мм болатын құрылымдық элементтер - мойыншықтар, ацинустар, сілекей түтікшелері рентгенограммада айқындалмай, паренхима суретін береді. Сілекей безінің айқын көрінуі контрасты заттардың реологиялық қасиеттеріне және енгізу қысымына байланысты. Паренхиманың айқын көрінуі қалыпты жағдай деп есептелінеді.

Сілекей тас ауруының әр түрлі сатысындағы өзгерістер

Медициналық термовизиография.
Бұл АГА фирмасының (Швеция) тепловизор аппараты көмегімен қараңғы, температурасы 19-20° болатын бөлмеде жүргізіледі.
Жылуды көру және термограмма жазбаларын үш проекцияда жүргізеді: алдымен екі жанынан. Термограммада беттің түрлі бөліктерінде көлемді және интенсивтігі әртүрлі сәулелену пайда болады. Сілекей бездерінің қабыну процестерінде температураның жоғарылауы байқалады, бұл термовизор экранында сәулеленудің интенсивтігін жоғарылатады, ал қатерсіз ісіктерде қатерлі ісіктерден салыстырмалы түрде температурасы төмендеу болады.

Ультрадыбысты нақтама әдісі.
Бұл тәсіл организм ағзалары мен тіндердің акустикалық параметрлерін көзбен бағалап тексеруге негізделген және әртүрлі ағзалар мен тіндердің пішіні, көлемі, морфологиялық құрылысы туралы мәлімет береді. Ең бастысы науқастарға арнайы дайындықты қажет етпейді, әрі қауіпті емес.
Бұл әдісіті жүргізу үшін, ультрадыбысты нақтамалық УЗД-4 (УЗД-5) аппараты қажет. Оның жұмысы пьезоэлектр әсеріне негізделген.
Сілекей бездерінің қабынуы ағымы бойынша жедел және созылмалы болады.

Жедел ағымды эпидемиялық паротиттер
Бұл вирусты контагиозды ауру. Қоздырғышы- 1934 жылы Джонсон және Пудпасчер ашқан сүзілетін вирус.
Балалар бақшасы мен мектеп жасындағы балалар (5-10) және жас кезінде ауырмаған ересек адамдар ауырады.
Бұл ауруға мерзімдік сырқаттану тән - көктем, қыс айларында жиі
кездеседі. Продромалды кезеңі 3 аптаға дейін созылады. Бұл кезеңде науқастар әлсіздікке, тәбетінің жоқтығына шағымданады.
Инкубациялық кезең өтісімен, құлақ маңындағы бір немесе екі безі, төменгі жақасты бездері немесе барлық сілекей бездері де ауруға шалдығуы мүмкін.
Сілекей бездерінің ұлғаюымен беттің әлпеті осы ауруға тән өзгереді, осыған байланысты бұл «свинка» деген атқа ие болған.
Жұтынғанда ауырып, оның құлақ маңына таралуы, тамақтанар алдында ауыру сезімінің үдей түсуі (немесе тамақты көргенде), басты қимылдатқанда ауыруы осы ауруға тән. Эпидемиялық паротиттің тұрақты белгісі-дірілдің, безгектің болуы.

Безгектің ұзақтығы 5-7 күн. Бездер ұлғайған, сипап тексергенде ауру сезімі болады. Эпидемиялық сиалоадениттерде үш нүктеде: құлақ сырғалығы жанында, емізікше өсінді аймағында және төменгі жақ өсіндісінің жарты ай ойығы аймақтарында ауыру сезімінің болуы тән. Ауыздың ашылуы қиындайды. Ауыз қуысының шырышты қабаты күңгірттеніп, сілекей бөлінуі нашарлайды, сілекей безінің оның шығару түтігінің ашылған орны қызарып, ісінеді.
Ауру ағымына байланысты үш түрге: жеңіл, орташа және ауыр болып бөлінеді.
Аурудың ауыр түрінде науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, дене қызуы 39-40°С, бездегі ауыру сезімінен басқа, буындардың, аяқ бұлшықеттерінің, жүрек аймағының ауыруы, брадикардия, қан қысымының төмендеуі болуы мүмкін.
Аурудың жедел кезеңі 4 күннен 10 күнге дейін созылады, 5-ші күннен бастап дене қызуы төмендеуі, жалпы жағдайының жақсаруы, без көлемінің кішіреюі байқалады.
Ауру тұрақты иммунитет береді. Айығуы 2-4 аптадан соң басталады

Аурудың асқынуы. Бездің іріңдеп еруі, жыланкөз пайда болуы мүмкін. Қабыну кезеңі ортаңғы құлаққа, көру мүшелеріне өтуі мүмкін.
Эпидемиялық сиалоадениттердің жиі болатын асқынулары: балаларда орхит, әйелдер мен қыздарда мастит, жедел панкреатит, нефрит және т. б.
Ажырату нақтамасы. Оны бірінші кезекте Р. Л. Герценбергтің жалған паротитімен жүргізу қажет, ол ақыл тістің қиналып жарып шығуына байланысты құлақмаңы сілекей безінің бір жағынан капсула ішінде орналасқан лимфа түйіндерінің қабынуынан пайда болады. Жалған паротит кезінде сілекей бөліну қызметі бұзылмайды. Бұл ауру сілекей безінің паренхимасының не болмаса шығару түтігінің ауруы емес, бұл негізінен лимфаденит болып табылады.
Паренхиматозды паротит эпидемиялық паротиттен ұзақ созылмалы жиі асқынулары болып тұруымен өзгешеленеді. Жалпы бір жақта болады.
Микулич ауруында барлық сілекей және жас бездері ауруға ұшырап, созылмалы түрде жүреді.
Емі. Симптоматикалық және жалпы әлдендіретін - сульфаниламидтер, ауыр жағдайда антибиотиктер, сілекей бөлінуін реттеуші дәрі-дәрмектер,
термопсис, «А» және «С» тобындағы витаминдер, сұйықтықты көп мөлшерде қабылдау, ауыз қуысын сауықтандыру, без аймағына жылы компресстер қолдану керек.
Без іріңдеген жағдайында хирургиялық ем көрсету қажет.

Жедел ағымды эпидемиялы емес паротит
Бұл ауру бездердің іріңдеуіне алып келеді және өте ауыр түрде жүреді, созылмалы қабынуға өтуі де мүмкін.
Аурудың жергілікті себептеріне: бөгде заттың енуі, сілекей тастарының пайда болуы, жұқа жаралар-афтозды және жаралы стоматиттер, бездің жарақат алуы, қабыну кезеңдерінің көрші аймақтардан өтуі жатады.
Жалпы себептері: инфекциялық аурулар, іш қуыстарына жасаған оталар, сусыздануға алып келетін аурулар.
Клиникалық көріністері. Жедел эпидемиялы емес паротиттер клиникалық ағымына қарай серозды, ірінді және гангренозды деп бөлінеді.
Бұл ауру кезінде науқастар ауыз қуысының құрғақтығына, жалпы әлсіздігіне, дене қызуына, құлақалды маңында қатты ауыру сезімінің болуына, оның тамақтанар алдында үдей түсетініне шағымданады.

Қарап тексергенде, құлақ маңындағы ұйыспа-инфильтраттан пайда болған беттің асимметриясы анықталады (екі жақтық сирек) . Ұйыспа-инфильтраттың әсерінен құлақ сырғалығы көтеріліп тұрады. Аурудың жедел серозды кезеңінде ауыздың ашылуы шектелмеген, шығару түтігінің ашылған орны қызарған, ісінген. Құлақмаңы сілекей безіне массаж жасағанда сілекейдің бөлінуі байқалмайды, кейде күңгірт-шырышты сұйық бөлінуі мүмкін. Содан кейін кезеңнің кері дамуы басталады, без маңындағы ұйыспа-инфильтраттың ісігі қайтып көлемі кішірейеді, ауыру сезімі төмендейді, сілекей мөлшері қалыптағыдай болады.
Жедел серозды паротит іріңді түріне өткенде безде қабыну кезеңі өте тез дамиды.
Бездің тығыз капсуласының болуынан ірінді жалқықтың теріасты клетчаткасына шығуы қиындайды, осының әсерінен ауыру сезімі күшейе түседі. Құлақмаңы сілекей безі аймағындағы ұйыспа-инфильтраттың көлемі ұлғайып, жұмсақ тіндерде ісіну пайда болады. Ұйыспа-инфильтрат бетіндегі тері қабаты қызарған, қатпарға жиналмайды. Ауыздың ашылуы шектеледі. Шығару түтігінен көп мөлшерде ірің бөлінеді. Без капсуласы іріндеп ерігенде, былқылдау-(флюктуация) болады.

Паротиттің гангренозды түрінде тіндердің көлемді некрозы және науқаста ауыр септикалық жағдай болады. Бет веналарының тромбозы мен флебиттер дамып, ми синустарына өтуі мүмкін.
Ажырату нақтамасы. Жедел іріңді паротит ұрт, самай аймағындағы, шайнау еті астының кеңістігіндегі флегмоналардың клиникасына ұқсас, бірақ сілекей безінің қызметі бұзылмайды, шығару түтігінен мөлдір сілекей бөлінеді.
Жедел эпидемиялық паротиттен жедел эпидемиялық емес паротиттің айырмашылығы, оның жиі бір жақта және ересек адамдарда болуы. Қандағы эритроциттердің тұнбаға түсу жылдамдығының жоғарлауы, лейкоцитоз, нейтрофильдер санының жоғарылауының солға жылжуы байқалады.

Емі. Жедел паротит кезіндегі емдеу шаралары аурудың сатысына байланысты жүргізіледі. Қабынудың серозды түрінде науқас сілекей бөлінуін жоғарлататын диета және тамақтанар алдында пилокарпин гидрохлоридтің 1% ерітіндісін 6-8 тамшы қабылдау қажет. Тамақтанып болғаннан соң ауыз қуысын сілтілік ерітінділермен шайған дұрыс. Сілекей безі аймағына физиотерапевтикалық ем, әлсіз жылулық бактерицидтік әсері бар УЖЖ - терапия қабылдауы, күндіз құрғақ жылы, ал түнге қарай камфор майымен жылы компрестер жасау және күнделікті шығару түтіктері жүйесін антибиотиктердің 0, 5% новокаиндегі ерітіндісімен немесе протеолитикалық ферменттермен жуып-шаю жақсы емдік әсер береді. Егер қабыну кезеңі өрши түссе, онда микрофлораның сезімталдығын анықтап, антибиотиктер тағайындалады. А. В. Вишневский әдісі бойынша тосқауыл-блокада жасау, яғни құлақмаңы сілекей безінің аймағында орналасқан ұйыспа-инфильтрат төңірегіне антибиотик қосылған новокаиннің 0, 25% ерітіңдісін енгізеді.
Егер қабыну кезеңі іріңді немесе гангренозды түріне өткен болса, онда улануға қарсы жалпы әлдендіру және симптоматикалық емдерден басқа, бет жүйкесі талшықтарының орналасуын-топографиясын есепке ала отырып тіліктер жасау көрсетілген.
Алдын алу. Ауыз қуысының тазалығын сақтау, сілекей бөлінуін жоғарылатып тітіркендіргіш тағамдар (қышқыл тамақ) немесе пилокарпиннің 1% ерітіндісін күніне 3-4 рет 4-6 тамшыдан қабылдау, тұз, аскорбин қышқылдарын қабылдау жатады.

Төменгі жақасты және тіласты сілекей бездерінің жедел іріңді қабынулары
Бұл ауру өте сирек кездеседі. Қабынудың себептері: сілекей тастары, жарақат алу, стоматит.
Клиникалық көрінісі. Науқас жұтынғанда, тамақтану кезінде ауыру сезімінің болуына, ауыз қуысының құрғақтығына шағымданады. Қарап тексергенде: бездің ұлғайғаны, тері қабаты жылжымалы, қатпарға жиналмалы, түсінің өзгермегені байқалады. Ауыз қуысын тексергенде ауыз түбінің шырышты қабаты ісініп, қызарған, шығару түтігі ісініп, кернелген және ауыру сезімі болады. Шығару түтігін сипап тексергенде сілекей тастары анықталуы мүмкін.
Безді сипап тексергенде шығару түтігімен ірің, фиброзды тығындықтар, қою сілекей бөлінеді.
Емдеу шаралары паротиттегідей жүргізіледі.
Тәжірибеде-практикада қолайлы деп саналған А. В. Клементовтың сиалоадениттердің жіктеуі сілекей бездері қабынуларын паренхиматозды және интерстициалды деп бөледі.

Созылмалы паренхиматозды паротит
Науқастар бездің ұлғайғаны, кейде, әсіресе тамақтанған кезінде ауызда ірің дәмі болатынына шағым айтады.
Көріп тексергенде без ұлғайған, бұдырлы, ауыру сезімі болады. Безді массаж жасағанда шығару түтігінен ірің немесе фиброзды ұйынды бөлініп шығады.
Қабыну кезеңі кезінде без паренхимасы фиброзды тінге ауыса бастайды. Сиалограммада шығару түтігі кеңейген және қалыңдаған.
Күз мезгілінде созылмалы қабыну өршуі мүмкін. Бұл кезде ауыру сезімі бездің ұлғаюымен, дене қызуының жоғарылауымен, ауыздың ашылуы шектелуімен жүреді.
Ажырату нақтамасы. Құлақмаңы безінің қатерлі ісіктерінен, Микулич ауруынан, сілекей-тас ауруынан, ретенциалды кисталардан ажырата білу қажет.
Емі. Қабыну кезеңінің дамуын тоқтату және асқынуды баяулату қажет. Антибиотиктер ерітіндісімен безді жуу көрсетілген.
Йодолиполдың, рентгенотерапияның қабынуға қарсы әсері бар, емдік дозасы 100 р-нен 500-800 р-ге дейін болуы қажет. Егер де отасыз-консервативті ем көмектеспесе, хирургиялық жолмен безді алып тастау керек.

Созылмалы интерстициалды паротит.
Аурудың келіп шығу-этиологиясын кейде анықтау мүмкін емес. Оның басталуы құлақмаңы безінің ауыру сезімінсіз ұлғаюымен және бір жақта болуымен жүреді. Без аймағының ісінуі ұзақ уақытқа, кейде жылдарға созылуы мүмкін, кейде себепсіз кішіреюі байқалады.
Патолого-анатомиялық көрінісі. Бездің аралық тінінің өсіп паренхимасының орнын басуы байқалады. Аурудың ұзаққа созылуы шығару түтігі мен шеткі бөліктерінің жоғалуына-атрофиясына алып келеді және гиалинденген фиброзды дәнекер тінінің арасында қалады. Шығару түтігінің өзегі тарылған.
Клиникалық көрінісі. Құлақмаңы сілекей безі аймағында жұмсақ, ауырмайтын ісіну байқалады. Тері қабатының түсі өзгермеген, қатпарға жиналады. Шығару түтігінен аз мөлшерде мөлдір шырыш бөлінеді. Осындай жағдайда науқас біраз жыл жүруі мүмкін. Аурудың өршуі кезінде 1-2 күннің арасында бездің едәуір ұлғаюы, ауыруы және ауыз қуысының құрғақтануы байқалады. Науқастың жалпы жағдайы қалыптағыдай болады. Физикалық емнің (құрғак, жылу, камфор майымеп компресс) әсерінен ісік қайтып, ауыру сезімі басылады, бездің шығару түтігінен қою сілекей бөлінеді. Ремиссия кезеңінде таза сілекей бөлінеді, бірақ оның мөлшері азаяды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz