Биология ғылымының даму тарихы


Slide 1

Биология ғылымының даму тарихы.

Т. А. С.

Slide 2

Биология (көне грекше: βιολογία; βίος - өмір + λόγος - ғылым) - жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым. Биология жанды нәрселерде тіршіліктің барлық көріністерімен айналысады. Биология ғылымы тірі организмдердің құрылысын, функциясын, өсіп - жетілуін, шығу-тегін, эволюциясы мен Жер бетінде таралуын қарастырады. Бұл ғылым организмдердің классификациясын жасап оларды суреттейді, олардың функцияларына үңіледі, түрлердің қалай пайда болатынын сипаттаумен қатар организмдердің бір-бірімен қатынасын және табиғи ортасымен арақатынасын зерттейді.

Т. А. С.

Slide 3

Конфуций “Тіршілік бір бастамадан шығып, бірте-бірте тарамдалып, таралу нәтижесінде дамыды” деген пікір айтты.

Диоген “Барлық заттар - бір заттың немесе соған ұқсас заттың жіктелуі нәтижесінде пайда болған” деген болжас жасады.

Т. А. С.

Slide 4

Ауа, жер, от және су тіршіліктің негізгі тамыры, тіршілік осы 4 элементтің бір-біріне тартылуы немесе тебуі нәтижесінде пайда болған. Әлемнің, жануарлардың, өсімдіктердің шығу тегін түсіндіруге тырысты, алғаш рет органикалық дүниенің эволюциясы туралы айтты.

Эмпедокл

Организмдер ауада болатын “Ұрықтардан” пайда болған

Анаксагор

Т. А. С.

Slide 5

Анаксимандр “Өсімдіктер, жануарлар және адамдар мұхит түбіндегі шөгінді қалдық заттардан пайда болған” деген болжам жасады.

Бюффон “Жануарлар әрқайсысы әр түрлі уақытта пайда болып, оларға сыртқы орта мен тұқымқуалаушылықтың әсерінің зор екендігін айтты. ”

Т. А. С.

Slide 6

ЛАМАРК ЖАН БАТИСТ ПЬЕР АНТУАН ДЕ МОНЕ ШЕВАЛЬЕ - француз жаратылыстанушысы, ең алғаш эволюциялық теорияның (Ламаркизм) негізін қалаған ғалым, Париж ғылым академиясының мүшесі (1783) . Зоопсихологияның негізін салып “Биология” терминін енгізген (1802) . 1778 ж. 3 томдық “Франция флорасы” еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде ол бірінші рет өсімдіктерді анықтаудың дихотомиялық принципін ұсынды. Ламарк алғаш рет (1794) жануарларды омыртқасыздар мен омыртқалылар деп бөліп, ғылымға “омыртқасыздар” ұғымын енгізді. “Омыртқасыздар жүйесі” (1801), “Омыртқасыз жануарлардың табиғи даму тарихы” (1815 - 1822) деген еңбектері омыртқасыздар зоологиясының дамуына үлкен ықпал етті. “Зоология философиясы” (2 томдық, 1809 ж. ) еңбегінде Ламарк жануарлар әлемін 14 класқа және 6 “сатыға” бөлуді ұсынды. Ол бірінші болып буылтық (сақиналы) құрттар, моллюскілер мен буынаяқтылардың бір-біріне жақындығын көрсетті. Осы еңбегінде алғаш рет біртұтас эволюция теориясын жариялады. Ол түр тұрақтылығы ілімін жоққа шығарды, оның пікірінше жануарлар мен өсімдіктер әлемінің көп түрлілігінің барлығы дерлік алуан түрлі сыртқы факторлар әсерінің нәтижесінде түрлердің өзгеруінен пайда болады.

Т. А. С.

Slide 7

Биология Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Үндістан) 6 - 1 ғасырларда дами бастағанымен, тіршілік құбылыстарына жүйелі түрде сипаттама берген грек және рим философтары мен дәрігерлері болды. Соның ішінде Гиппократ ( 460 - 370) алғаш адам мен жануарлардың анатомиялық және морфологиялық құрылысына жүйелі түрде сипаттама беріп, оларда болатын түрлі аурулардың қалыптасуындағы сыртқы орта мен тұқым қуалаушылықтың рөлін атап көрсеткен.

Т. А. С.

Slide 8

Аристотель - ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Александр) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие. Аристотель ( 384 - 322) өз еңбектерінде жануарларды құрылысы мен тіршілік әрекеттеріне қарай 4 топқа бөлді. Сонымен қатар адамның анатомиялық-морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін, ой-өрісінің дамуын да зерттеді.

Т. А. С.

Slide 9

Анатомиялық зерттеулер жүргізу арқылы адамның ішкі мүшелерін, көздің тор қабығын сипаттап жазған александриялық ғалымдар: Герофил (300 ж. ш. т. ) алғаш рет артерия және вена қан тамырларының арасындағы айырмашылықты ажыратса, ал Эрасистрат (300-240) мидың құрылысына сипаттама берген. Римдік Гай Плиний ( 24 - 79) құрастырған “Табиғи тарих” атты 37 томдық энциклопедия орта ғасырға дейін табиғат жайлы білімдердің негізгі қайнар көзі болып келді. Көне заманның тағы бір ұлы зерттеушісі К. Гален сүтқоректілерге көптеген тәжірибелер жүргізіп, олардың орталық және шеткі жүйке жүйесі жайлы құнды мәліметтер қалдырып, анатомия мен физиологияның дамуына үлкен ықпалын тигізді.

Т. А. С.

Slide 10

15 - 16 ғасырларда география саласындағы ұлы жаңалықтарға байланысты өсімдіктер мен жануарлар түрлері жөнінде көптеген деректер жиналды. Осы кезде әйгілі ғалым Леонардо да Винчи (1452 - 1519) көптеген өсімдіктер мен жануарларға анатомиялық зерттеулер жүргізіп, адам мен жануарлар сүйектеріндегі ұқсастықтарды көрсетті. Алғаш рет мүшелер гомологиясын ашты.

Т. А. С.

Slide 11

1543 ж. бельгиялық ғалым А. Везалий “Адам денесінің құрылысы жайлы жеті кітап” атты еңбегін жарыққа шығарып, ғылыми анатомияның негізін қалады

Ал 1628 ж. ағылшын ғалымы В. Гарвей “Жануарлардағы жүрек пен қан қозғалысы туралы анатомиялық зерттеу” атты еңбегінде қан айналымы жайлы ілімді тұжырымдаса,

Т. А. С.

Slide 12

16 - 17 ғасырларда микроскоптың ашылуына байланысты өсімдіктердің ішкі құрылысы (Р. Гук, 1665; М. Мальпиги, 1675 - 79; Н. Грю, 1671 - 82), олардың жыныстық ерекшеліктері (Р. Камерариус, 1694, т. б. ), микроорганизмдер, эритроциттер мен сперматозоидтар (А. Левенгук, 1673) зерттеліп, жәндіктердің құрылысы мен дамуы (М. Мальпиги, 1669; Я. Сваммердам 1669) анықталды. Бұл жаңалықтар эмбриологияда бір-біріне қарама-қайшы түрлі бағыттарды (овизм, анималькулизм, преформизм, эпигенез, т. б. ) қалыптастырды.

Т. А. С.

Slide 13

1670 ж. Италия ғалымы Д. Борелли жануарлардың қозғалу механизмдерін сипаттау арқылы физиологияның дамуына жол салды.

1670ж. ағылшынғалымы Дж. Рей “Өсімдіктер тарихы” атты еңбегінде 19 класқа топтастырылған 18 мың өсімдік түрлеріне сипаттама берді.

Т. А. С.

Slide 14

Джордж-Кювье:“Палеонтологиялық летопистерді пайдаланды. Қазба қалдықтар “катастрофа” нәтижесінде пайда болып, жаңа түрлер шықты”.

Уильям Смит : “Кювьенің катастрофа теориясына қарсы шықты”

Т. А. С.

Slide 15

18 - 19 ғасырларда тірі табиғаттың тарихи дамуы жайлы теориялар қалыптаса бастады. Солардың бірі француз ғалымы Ж. Ламарктың эволюциялық теориясы мен неміс ғалымдары Т. Шванн және М. Шлейденнің клетка теориясы болды. Осы кезде жануарлар физиологиясындағы ірі жетістік - бауырда глюкогеннің синтезделуі (К. Бернар, 1848), жоғарғы жүйке әрекеті (И. М. Сеченов, 1863) анықталса, француз ғалымы Л. Пастер (1860 - 1864) қазіргі тірі организмдердің өздігінен пайда болу мүмкіндігін біржолата теріске шығарды.

Т. А. С.

Slide 16

19 ғасырдағы аса маңызды оқиғалардың бірі Ч. Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі” еңбегінде эволюциялық ілімді жариялауы болды. Дарвинизмнің қалыптасуы эволюциялық салыстырмалы анатомия (К. Гегенбауэр), эволюциялық эмбриология (А. О. Ковалевский, И. И. Мечников), эволюциялық палеонтология (В. О. Ковалевский) сияқты жаңа бағыттарға жол ашты. Дәл осы кезде генетика ғылымы қалыптасып, қарқынды дами бастады

Т. А. С.

Slide 17

Альфред Рассел Уоллес: “ Дарвиндік теорияға ұқсас теорияны жасап, бірақ оның ішінде адамдарды кіргізбеді. ”

Август Вейсман : “Жыныс клеткалары басқа организмдерге қарағанда ерекше, сондықтан соматикалық клеткалар сияқты өзгерістерге ұшыраған. ”

Т. А. С.

Slide 18

В. Л. Иогансен: “Фенотиптік белгілер генотип пен сыртқы орта факторлары арқылы анықталады”.

Г. Дж Мёллер: “Генотип рентген сәулелерінің әсерінен өзгеріске ұшырайды, индукциялық мутация жүреді”.

Т. А. С.

Slide 19

18 ғасырда швед ғалымы К. Линней “Табиғат жүйесі” атты еңбегінде ғылымға бинарлық номенклатураны енгізді.

1865 ж. чех ғалымы Г. Мендель белгілердің тұқым қуалау заңдылығын ашты.

Т. А. С.

Slide 20

1900 ж. голланд ғалымы Де Фриз ғылымға «мутация» деген терминді енгізсе, американ ғалымы Т. Морган “Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын” (1910 - 11) ашты.

Т. А. С.

Slide 21

20 ғасырдың 2-жартысында биология ғылымы тірі организмдер құрылысын зерттеуге қол жеткізді. Осының нәтижесінде тірі организмдердің өлі табиғатта кездеспейтін, төменгі және жоғарғы молекулалы органикалық қосылыстардан тұратыны анықталды.


Ұқсас жұмыстар
МИКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТАРИХЫ
«Қазақстандағы биофизикалық зерттеулердің тарихы және қазіргі жағдайы»
Гистология туралы
Дамуының қауіпті кезеңдері
Топырақтану ғылымының басқа ғылымдармен байланысы
Генетиканың даму кезеңдері
Адам анатомиясы.Анатомияның тарихы
Жануарларда Өзге жүйе мүшелері
Топырақ және агротопырақтану ілімінің даму тарихы. Топырақ түзілу үрдісінің мәні. Топырақтанудың негізгі салалары. Либих,Докучаев,Костычев,Вильямс
Гистологияның дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz