Дәнді дақылдардың құрылысы



Дәнді-дақылдар және олардан алынатын өнімдер

Жоспары
Кіріспе
Дән бөлімдері
Дәнді дақылдардың құрылысы
Астық тұқымдастар
Ұн дайындау процесі
Ұн сапасының гигиеналық көрсеткіштері
Нанның тағамдық құндылығы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Дәнді дақылдар - дәні үшін өсірілетін аса маңызды өсімдіктер тобы. Дәнді дақылдар - адам үшін негізгі азық, малға жем. Ұн тартатын, жарма, құрама жем өнеркәсіптері үшін шикізат болып табылады. Өңделген өнім нан пісіруде, макарон, кондитер
өнімдерін, тағамдықконцентраттар, консервілер әзірлеуге, сыра қайнатуға, спирт, крахмал алуға пайдаланылады.


Дән мынадай бөлімдерден тұрады:
Эндосперм -дәннің негізгі және ішкі бөлігі, дәннің 84-85% салмағын құрайды, құрамында көмірсулар, белоктар, май мен минералдық заттектердің аздаған мөлшері бар;
Қабықтары- олар бірнеше қабаттан тұрады, дән салмағының 14% құрайды, құрамында минералдық заттектері, витаминдер бар;
Ұрығы- дәннің 1, 5% құрайды, ол дәннің негізінде бүршік түрінде орналасқан, құрамында биологиялық заттектері белоктар, майлар, витаминдер, минералдық заттектер бар;


Минералдық заттектер
темір
фосфор
калий
кальций
магний
Олар қабықтары мен бүршіктерде жиналған. Дәннің басқа бөлімдерінде аздаған мөлшері кездеседі. Дәннің қабықтары мен бүршігінде В тобының витаминдері көптеп кездеседі.

Дәнді өңдеу өнімдерінің біріне жармалар жатады. Халықтың тамақтануында қарақұмық, арпа, сұлы, тары, ұнтақ жармалары пайдаланылады. Ұнтақ жарма бидай дәнінің орталық бөлігінен жасалады.
Тарыдан ақталған тары және түйілген тары дайындалады. Күріштен сыртқы қабығы алынған ақталған және дәннің барлық қабығы ажыратылған- жылтырлатылған күріш алынады. Жармалардан тез дайындалатын, жаншылған дәндер дайындалады.

Астық тұқымдары

Бидай-бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады және көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады.
Азық-түлік өнімі ретінде бидайдын көптеген аса бағалы қасиеттері бар. Бидай дәні - аса құнарлы да қуатты азық, оны сақтау да қиын емес, бір жерден екінші жерге тасып жеткізу де оңай және оны өңдеп алуан түрлі өнім алуға болады .


Қазақстанда арпа дақылы шаруашылық маңызы және егістік көлемі жөнінен бидайдан кейін екінші орынды алады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында арпаның егістік көлемі 1, 8 млн. га. Оның 90 пайызы мал азығына жұмсалатын болса, 10 пайызы сыра өндірісінде қолданылады. Жарықтың экономикалық қатынасқа байланысты еліміз де мал басының көбеюімен қатар, сыра өнеркәсібі жақсы дамуда.
Осы себепті бұл өнеркәсіп салаларының негізгі шикізаты арпа дәні болғандықтан оған сұраныс артуда. Осыған байланысты селекционер- ғалымдарының негізгі мақсаты жемдік қасиеті мен сыралық сапасы жоғары арпаның жаңа сорттарын шығару болып табылады.
Жемдік жаңа сорттарға қойылатын талаптар - тегінің (генотип) тұрақтылығы, өнімнің жоғарылығы, өсу мерзімі, ауа райы жағдайына бейімділігі, масақтың сынбауы, дәннің төгілмеуі, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі және қолдануға байланысты дән сапасының жоғары болуы.

Тары, күріш, арпа, бидайдың тағамдық қасиеті жоғары және жұғымды калориялы болады. Олар балалар мен ауруға шалдыққан адамдарды тамақтандыру үшін ерекше қажет. Бұлар көмірсу мен өсімдік ақуыздарының негізі болып табылады.
Ұлттық тағамдардың жұғымдыларының бірі саналып, біраз ас түрлерінің дәмін келтіретіні - тары. Тары өте құнарлы дақыл. Оның құрамына назар аударсақ, ақуыздың 10-15, көмірсудың 59, майдың 38, күлдің 3, 6 пайызы барын анықтауға болады.

Ұн дәнді өңдеу өнімі болып табылады. Ұн дайындау үшін қара бидай, бидай, арпа, жүгері, сұлы, күріш, қарақұмық қолданылады. Ұнды дайындау процесі дәнді тазарту мен оны тарту кезеңдерінен тұрады.
Ұнның жетілуі маңызды процесс болып табылады. Жаңа дайындаған ұнның нан пісіру қасиеті төмен. Осындай ұннан дайындалған қамыр былжыр келеді, ал пісірілген нанның кеуектілігі төмен болады.
Астықтан дайындалған ұн тағы да екі- үш тәулік тұрады. Осы уақыттан кейін ғана ол пісіруге жарамды болады.


Нанның тағамдық және биологиялық құндылығы нанға қосатын қоспалар, ұнның сорты мен түріне байланысты. Адам күнделікті рационмен 250-500г нанды қолдана отырып, күнделікті 25-35г. белок, 150-200г көмірсу, минералдық заттар мен витаминдерді алып отырады. Нан минералдық элементтер калий, натрий, хлор, темір, мыс, иод, марганец т. б тасымалдаушысы болып табылады.

Дәнді дақылдар зиянкестері - ауылшаруашылық дәнді дақылдарын зияндайтын жәндіктер; бұлар екі топқа бөлінеді:

Пайдаланылғын әдебиеттер тізімі:
Т. Ш. Шарманов, Тағам гигиенасы. Алматы, 2006ж
kk. wikipedia. org
http://stud. kz/

Назарларыңызға рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz