Балалардағы ірі қан тамырларының сәулелік диагностикасы



ПРЕЗЕНТАЦИЯ
«Оңтүстік Қазақстан
медицина академиясы» АҚ
АО «Южно-Казахстанская
Медицинская академия»
Терапиялық пәндер кафедрасы
Орындаған: Әсен Камила
Тобы:В-ЖМҚА-207
Қабылдаған:Шапамбаев Н. З.
Шымкент 2021
Тақырыбы: Балалардағы ірі қан тамырларының сәулелік диагностикасы.

Жоспары:
I
II
III
IV
Пайдаланған әдебиеттер .
Кіріспе
Негізгі бөлім.
Қорытынды.
2. 1. Сәулелік диагностика әдістері
2. 2. Балалардағы қан тамыр ерекшеліктері және қан тамырлардың сәулелік диагностикасы.

Негізгі бөлім
Сәулелі диагностикада түрлі әдістерді қолдану арқылы қантамырлардың патологияларын анықтауға болады. Ол тек ересектер ғана емес жас балалар үшін де қолданылады.

Жаңа туған балаларда қан тамырлары жұқа, бұлшық ет және эластикалық талшықтары нашар дамыған. Артериялардың және веналардың саңылауы шамамен бірдей, бірақ веналардың өсуі озып кетеді, сонды қтан 16 жасар балаларда олардың ені 2 еселенеді. Сонымен қатар тамырлардың бұлшық еті, дәнекер тіні дамиды, әсіресе ішкі қабаты қалыңдайды. Бала өскен сайын тұрғаннан, жүргеннен бері капиллярлардың саны, ұзындығы ұлғаяды, коллатеральді тамырлар көбейеді, дененің төменгі бөлігінің вена жүйесінің үдемелі дамуы байқалады. Ал кіші шеңбер тамырлары, керісінше инволюцияға ұшырап, жұқарады, саңылаулар кеңейеді.
Балалардағы қан тамыр ерекшеліктері.

БАЛАЛАРДАҒЫ ТАМЫРЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тамырлардың саңылауы кең, күретамыр көктамырмен
тең. Күретамыр қабырғалары барынша икемді және сол
себепті АҚ төмен. Көктамыр барынша қарқынды өседі. Балаларда қылтамырлардың өткізгіштігі жоғары. 2 жасқа дейін қанмен қамтамасыз етудің шашыранды түрі, 5-7 жасқа дейін - төмендеген және 7 жастан кейін - магистральдық.
• Артериялардың құрылымы да өзгереді. Жаңа туған нәрестелерде тамырлардың қабырғалары жіңішке, онда бұлшық ет талшықтары және эластикалық талшықтар әлсіз дамыған. • 5 жасқа дейін бұлшық ет қабаты тез өседі,
5-8 жасында тамырлардың қабықтары біркелкі дамыған, 12 жасында балалардың тамырларының құрылымы ересектердікі сияқты болады.

Жүректің өсуімен қатар магистральды тамырлардың дамуы байқалады, бірақ олардың өсу қарқыны неғұрлым баяу болып келеді. Туар кезінде өкпе артериясының саңылауы аортадан кең, аорта 16 мм, өкпе артериясы 21 мм, 10-12 жаста олардың саңылаулары теңеледі, ал ересектерде аорта өкпелі артериядан біршама кең болады - аорта 80 мм, өкпе артериясы 74 мм.
Оң және сол тәж артерияларының арасында анастамоздары көп болғандықтанректің қан жабдықталуы өте жақсы, мол. Жас өскен сайын тәж тамырларының сыйымдылығы ұлғаяды, анастомоздар кері дамуға ұшырайды.

Жаңа туған нәресте бірінші рет тыныс алғанда, оның өкпесі жайылады, ондағы тамырлық қарсыласу бірден төмендейді, содан артериялық өзектің орнына, қан өкпеге келе бастайды, артериялық өзек қызметін тоқтатып, кейін 8-10 күннің ішінде ligamentum arteriosum-ға айнала бастайды. бірінші тыныс алған соң, қанның көптеп құйылуынан, сол жақ жүрекшенің қысымы артады, сопақша тесік қызметін тоқтатады және бітіп кетеді, сонымен қатар веналық өзек те, кіндіктік вена да, кіндіктік венаның соңғы бөлімдері де бітіп кетеді. Қанайналымы ересек адамдікіндей болады.

МАГИСТРАЛЬДЫ ТАМЫРЛАР
Салыстырмалы түрде үлкен өлшемдері бар 10-12 жасқа дейін балаларда өкпе артериясы қолқадан анағұрлым кең, кейін олардың саңылаулары бірдей болады, жыныстық жетілуден кейін кері қарым-қатынас орнатылады. Ересектерге қарағанда, балаларда қылтамырлар жүйесі салыстырмалы және абсолютті кең, сол себепті температуралық гомеостазды ұстап тұруда қиындық тудырады.
ТӘЖДІК ҚАНАЙНАЛЫМНЫҢ ТҮРЛЕРІ
• 2 жасқа дейін - шашыранды тамыр түрлерінің тармақталуы. • 2-ден 7 жасқа дейін - негізгі сабаулардың диаметрінің артуы, перифериялық бұтақтарының азаюы. • 11 жасында - қанайналымның магистральді түрі. .
ТАМЫРЛАРДЫҢ ӨСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тамырлардың өсу қарқыны сәйкес келмейді:Баланың жалпы өсу қарқынымен Жүректің өсу қарқынымен. Жүрек пен тамырлардың өзара бірізді іс-қимылы қыз балаларда 7, 8, 10 жасында және ұл балаларда 11 жасында байқалады Көктамырдың өсу қарқыны күретамырдың өсу қарқынына сәйкес келмейді Қылтамырлы тор дененің беткейінің өсуімен сәйкес келмейді


Соңғы жылдары КТ, МРТ, ЭКГ, УДЗ, сканограмма, сонограмма секілді көптеген зерттеу құралдарын пайдаланудамыз. Бұлардың рентгеннен айырмашылығы әр органды жеке жеке ішіне қарай тексеріп көруге болады. Мұндай аппараттар қазіргі таңда технологияның дамуына байланысты көптеген ауруханалар меН клиникаларда мүшелердің патологиясын анықтауда қолданылуда. Осының нәтижесінде Ішкі мүшелерде болып жаткан патологиялық жағдайларға анық көз жеткізе аламыз.

Аортография - аортаны және оның тармақтарын зерттеу. Контраст зат сан артериясына пункция жасау арқылы енгізіледі. ( Сельдингером әдісі бойынша) . Көрсетілімдер: - Ауыр аорталық ақаулар кезіндегі аорталық қақпақтардың жетіспеушілігі анықталғанда, - Гемодинамиканың дамуындағы аномалиялардың анықталуы, - Аортаның тарылу диагностикасында, - Іш аортасының атеросклерозы - Аортаның зақымдануының дифференциальды диагностикасы
Коронарография - қан тамырлардың зақымдалуы сипатын, дәрежесін, орналасуын, қан ағысын бақылау үшін жүректің артерияларын зерттеу әдісі Көрсетілімдер: Ишемиялық ауру, Миокард инфаркты, Жүрек артерияларының аномалиясы. Қарсы көрсетілімдер: Мидың қанайналымының және жүрек ритмінің бұзылуы, аллергия

Аортография
Коронарография

Ірі қантамырлардың сәулелі диагностикасы.

Селективті артериография

Рентгендік компьютерлік томография
Табиғи КТ ірі қан тамырлары туралы жалпы мәліметтерді береді. Кеуде қолқасының жоғарылаған және төмендеген бөліктері аксиальды кесінділерде көлденең қисынмен, қолқа доғасын -ұзыннан қисынмен бейнелейді.
КТ-ангиокардиография -жүрекпен оның тәждік артерияларымен, қолқаны зерттеуде маңызды болып саналады.
Магнитті резонанстық томография
Жүректің тәждік артерияларын зерттеуде сапалы зерттеуге мүмкіндік беруге мүмкіндік береді. Контрасты МР-коронарографияны тәждік артериялардың ауытқулары, стеноздар, окклюзиялар диагностикасы үшін жүргізуге мүмкіндік береді. Кеуде қолқасының МР зеттеуі жүрек жиырылуына қатысты емес. Қолқаның толық көрінісін алу үшін қолқа доғасына параллельді жазықтықты таңдайды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz