Мүмкіндігі шектеулі балалармен психокоррекциялық жұмыс жасау маңызы


Slide 1

Мүмкіндігі шектеулі балалармен психокоррекциялық жұмыс жасау маңызы

Қабылдаған :Садуова Ж

Орындаған:Сейдахметова Н

Тобы:ППП-111

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті

Педагогика және психология кафедрасы

БӨЖ

Slide 2

Жоспар:

Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуындағы психикалық процестер

Психологиялық педагогикалық коррекция

Психологиялық коррекцияның мақсаты, міндеті, мазмұны

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуындағы психикалық процестердің, қасиеттердің пайда болу, даму заңдылықтарын, ерекшеліктерін, қарым-қатынасын игеру үшін жалпы және жас ерекшелік психологиясы, жас ерекшелік педагогикасы, жас ерекшелік физиологиясы, дифференциалды және практикалық диагностика пәндерін оқып-үйрену арқылы жүзеге асады. Тәрбие мен оқытудың күрделі міндеттерін шешу көбіне тәрбиешінің, педагогтың кәсіби шеберлігіне тәуелді. Бірақ қазір аталмыш шеберліктің деңгейі көбіне педагогтың психологиялық дайындығымен, оның арнайы білім беру мекемелерінде - бала бақшаларында, арнайы мекемелерде, мектептерде жұмыс істейтіндермен, психологтармен бірлесіп жұмыс істеуге деген ұмтылысымен белгіленеді. Әр бала жеке тұлға. Біреулер тез дамыса, енді біреулері ақырын дамиды. Әр баланың дамуына байланысты түзету-дамыту сабақтарын жобалап, таңдап өткізген өте тиімді.

Slide 4

Психологиялық-педагогикалық коррекция - бұл баланың оқудағы, тәртібіндегі, басқа адамдармен-балалармен және ересектермен қарым-қатынасқа түсудегі мүмкіндіктерін жоғарлатуға, оның потенциалдық мүмкіншіліктерін, шығармашылық резервтерін анықтауға бағытталған психолог пен педагог-дефектологтың біріккен іс-әрекеті. Педагог-дефектологтар және тәрбиешілер психокоррекциялық әдістердің мүмкіндіктерін дұрыс түсінуі қажет, оларды қолдану салаларын білуі қажет, балаларды тәрбиелеу мен оқыту тәжірибесінде коррекциялық тәсілдер мен әдістерді дұрыс қолдана білуі тиіс.

Slide 5

«Коррекция» терминінің бір мәні, латын тілінен аударғанда - түзету, жартылай түзету немесе өзгерту (лат. correctio) . Психологиялық коррекция дегеніміз жас ерекшелік психологияда қабылданған критерийлар (бағалау) жүйесі бойынша нормаға немесе жас ерекшелік бағдарға, онтогенездің бір сатысындағы бала дамуының дұрыс варианты ретінде, аталмыш дамудың гипотетикалық «оптималды» моделіне сәйкеспейтін психикалық дамудың ерекшеліктерін түзетуге бағытталған психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің белгіленген түрі. Дамуында артта қалудың екі негізгі түрін ажыратады: жүйке жүйесінің органикалық бұзылыстарымен байланысты және арнайы клиникалық-психологиялық немесе медициналық көмек пен зейінді талап ететін артта қалушылық, және психикалық дамуында уақытша артта қалушылық, дені сау балалардың дамуының жағымсыз сыртқы және ішкі жағдайларымен байланысты қалыптан тыс тәртібі. Психологиялық коррекция психологиялық-педагогикалық іс-әрекет түрі ретінде аномалды дамудың әр түрлі нұсқаларына қолданғанда ең алдымен дефектологияда пайда болды. Бұл салада психологиялық коррекция баланың психикалық дамуындағы кемшіліктердің, ауытқулардың түзетуіне, компенсациясына (орнын толықтыруына) бағытталған педагогикалық әсерлердің жиынтығын білдіреді.

Slide 6

Коррекция мен дамудың бүкіл бағдарламалары психологиялық және педагогикалық бөлімдерден тұрады. Даму мен коррекцияның психологиялық бөлімі практикалық психологпен жоспарланып жүзеге асады. Педагогикалық бөлімі психолог және мұғалім, мектеп директоры, тәрбиеші, ата-аналарымен (баламен жұмыс істейтін адамға байланысты) бірге психологиялық талдау мен ұсыныстар негізінде құрастырылады және психолог көмегімен педагогтармен және ата-аналармен орындалады. Психология бойынша терең білімдерді игерген мұғалімдер коррекциялық жұмысты дербес жүргізуіне болады, бірақ олар да өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін қатаң жауапкершілікті сақтауы қажет. Сонымен, психокоррекция - арнайы психологиялық әсер құралдарының көмегімен кемшіліктерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Психокоррекция арнайы психология мен дефектологияның шекарасында пайда болған.

Slide 7

Д. Б. Эльконин көрсеткендей «даму үдерісі, белгілі мағынада, айналмайтын үдеріс, бұл жерде «рекламациялар» - жасөспірімді, жастарды «жетілдіру үшін» қайрадан мектепке қайтару мүмкін емес. Сондықтан да баланың дамуындағы ауытқудың алғашқы белгілерін байқау маңызды. Арнайы оқу-тәрбиелік мекемелерде оқып тәрбиеленетін мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық дамуының динамикасын бақылау дер кезінде дамуды коррекциялауға (түзетуге) мүмкіндік береді. Оның мақсаты әлсіз, оқуда артта қалған, дамуы тежелген балаларға оптималды мүмкіндіктер мен жағдайларды жасап олардың кейінгі дамуына мүмкіндік беру болып табылады. Коррекцияның (түзетудің) мақсаты мен міндеттерін белгілеу үшін мүмкіндігі шектеулі баланың жас ерекшеліктері мен потенциалды мүмкіншіліктеріне көңіл аудару қажет. Л. С. Выготскийдің айтуы бойынша, коррекциялық (түзету) жұмыстың негізгі мазмұны ретінде баланың іс әрекеті мен тұлғаның жақын арадағы даму аймағын тұғызу қажет. Сондықтанда психокоррекциялық жұмыс жас ерекшелігінің мәнді сипаттамасын құрастыратын психологиялық жаңа туындыларды мақсатты қалыптастыру ретінде құрастырылуы қажет.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық - педагогикалық қолдау
Инклюзивті білім берудің мақсаты
Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясы
Психологиялық-педагогикалық коррекция пәніне кіріспе
ДЕФЕКТОЛОГИЯ
Көру қабілеті нашар
Психикалық дамуында кемістігі бар балалар
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік - педагогикалық көмек көрсету
Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz