Өсу витамині


Slide 1

Витаминдер

Slide 2

Витамин С (аскорбин қышқылы)

- Тотығу-тотықсыздану реакция айналымына қатысады;

Көптеген ферменттер құрамына кіреді;

Ақуыз синтезіне қатысады;

Антиденелердің қалыптасуын жүзеге асырады;

Дентин, шеміршектің қалыптасуына қатысады, ішекке темір элементінің сіңірілу процесін күшейтеді;

Бүйрек үсті бездерінде норадреналиннің түзілуін жүзеге асырады;

Итмұрын, қара жидек, бүлдірген, апельсин, лимон, пияз, сарымсақ, қырыққабат, алма т. б. Құрамында кездеседі;

жағымды дәмі бар;

Тәулігіне 50-100 мг қажет.

Slide 3

Құрқұлақ (цинга) ауруының белгілері

Тез шаршау;

Қызылиек қанталайды, қан кетеді;

Бұлшықеттер ауырады;

Қылтамырлар үзіледі;

Буын ауырады;

Тістер босап түседі;

Ағзаның ауруларға қарсы тұруы

төмендейді.

Slide 4

С витамині жетіспеушілігін білдіретін белгілер:

Қызылиегіңіз жиі-жиі ісіп, қанталаса;

Жай ғана соққыдан денеңіз тез көгеріп, қызарса;

Бұлшықеттеріңіз себепсіз ауырса;

Тістеріңіз босай бастаса.

Slide 5

Лимон жоқ кезде

Ұлы Отан соғысы кезіндегі Ленинград блокадасында балаларды қарағай жас бұтақтарының қайнатпасымен тамақтандырған. Себебі, қарағай бұтақтарында С витамині өте көп

Slide 6

Витамин D (кальциферол)

Сүйектердің қалыпты дұрыс дамуын қамтамасыз етеді;

Бұлшықет тонусын күшейтеді;

Ферменттер жұмысына әсер етеді;

Ағзадағы кальций алмасуын жүзеге асырады;

Күннің ультракүлгін сәулелері арқылы ағзада түзіледі;

Тәуліктік қажеттілігі 1 мг;

Балық майында, бауырда, жұмыртқа сарыуызында т. б. кездеседі.

Slide 7

Мешел (рахит) ауруы

Фосфор-кальцийлік алмасу бұзылады;

Бойдың өсуі баяулайды;

Сүйек беріктігінен айырылады;

Аяқ сүйектері қисаяды;

Бас, қарын үлкен болады.

Slide 8

Витамин РР (никотин қышқылы)

ХХғасырдың 20 жылдары ғана қасиеті зертеле бастады;

Тотығу реакцияларындағы катализатор-ферментердің құрамына енеді;

Май қышқылдарының синтезіне қатысады;

Аминқышқылдары айналымына қатысады;

Қарбызда, алмада, сыра ащытқы кебектерінде, бауырда, етте көп кездеседі;

Тәуліктік мөлшері 20мг.

Slide 9

Витамин РР авитаминозы

Пеллагра ауруы немесе “үш Д ауруы” деп атайды.

Дерматит - Теріде дақтар мен көпіршіктер пайда болуы

Диарея - Асқорыту мүшелерінің қызметі бұзылып, іштің қатты өтуі

Деменция - Психиканың нашарлауы, Ақыл-естің бұзылуы

Slide 10

К витамині

1935 жылы дат биохимигі Хенрик Дам анықтады,

1943жылы осы еңбнгі үшін Нобель сыйлығына ие болды;

Салат жапырағында, бауырда көп кездеседі;

Қан ұюына, ішекте органикалық заттардың сіңірілуіне қатысады;

-К витамині жетіспеушілігі өте сирек кездеседі, себебі ішек қабырғасында жеткілікті мөлшерде түзіледі.

Slide 11

Е витамины

Е дәрумені адамның бауырында, қанда, жатырда, майларда және жүректе болады. Бұл да майды еріткіш дәрумендердің қатарына жатады. Дәруменнің көздері: брокколи, брюссель орамжапырағы, өсімдік майы.

Slide 12

А Витамині

Тәуліктік мөлшері1-1, 5 мг

Өсу витамині

Родопсиннің түзілуі

Ферменттер жұмысын күшейтеді

Эпителий ұлпаларының өсуін реттейді

Slide 13

В тобы витаминдері

Тәуліктік мөлшері 0, 2-14 мг

Ақуыз алмасуына қатысады

Қан жасушаларының түзілуін жүзеге асырады

Ес, зейін, жүйке жүйесі қызметіне әсер етеді

Жүрек, бұлшықет, эпителий ұлпасының қызметін жақсартады

Slide 14

С витамині

Тәуліктік мөлшері 50 -100 мг Ферменттердің құрам бөлігі

Ақуыз синтезіне қатысады

Иммунитетті күшейтеді

Антиденелердің қалыптасуын жүзеге асырады

Slide 15

Д Витамині

Тәуліктік мөлшері 1 мг

Өсу витамині

Фосфор алмасуына қатысады Кальций алмасуына қатысады

Сүйектің қалыпты дамуына әсер етеді

Slide 16

В1 дәрумені

В1 дәрумені ағзадағы зат алмасу үшін керек.

Ол жетіспеген жағдайда ас қорыту процесі бұзылып, адам дел-сал күйге түседі.

В2 жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік беріп, ағзаның бірқалыпты өсуін қамтамасыз етеді.

В6 дәруменінің аз болуы балалардың бойы өсуін тежеп, қаназдыққа әкеп соқтырады.

Соның ішінде жылқы еті - сирек кездесетін ванадий, молибден элементтерінің көзі, организмдегі созылмалы аурулардың алдын алу, зат алмасуды реттеу, асқазан-ішек жолдарын жақсарту, стрестің, ішкі ағзаның улануын азайтады және иммундық жүйені жоғарылатуда маңызы зор.

Slide 17

Тағамдық өнімдеріндегі витаминдерді сақтау жолдары

Тағамдық заттарды дұрыс сақтамау және өңдеу кезінде құрамындағы дәрумендер бұзылады. Тағамдық өнімдерді жоғары температурада өңдегенде С дәрумені жойылып, В тобындағы дәрумендердің мөлшері азаяды. Тағамның құрамындағы дәрумендерді сақтау үшін, төменгі температурада, тоңазытып барып сүрлемелеу әдісін қолданады. Бұл кезде тағамдық өнімдер 0-4°С температура аралығында өңделеді. Азық-түлік өнімдерін тез арада тоңазыту әдісі кезінде олардың құрамындағы дәрумендер толығымен сақталады.

Азық-түлік өнімдерін күнге кептірген кезде де, олардың құрамындағы дәрумендер азаяды. Тұздау кезінде дәрумендер сақталады. дәрумендерді сақтау үшін эмаль, шыны ыдыстарын пайдаланады.

Slide 18

Дәумендер ағзаның қалыпты тіршілігі үшін ерекше маңызды рөл атқарады. Олар зат алмасу үдерістеріне, сезім мүшелерінің, жүйке жүйесінің қызметіне қатысады және адамның өсуі мен көбеюіне қажет. Дәрумендердің тәуліктік қажеттілігі ең аз мөлшерде болса да, олар ағзаға тәулік сайын үздіксіз түсіп түруы қажет. Өйткені дәрумендер ағзада түзілмейді немесе өте аз мөлшерде түзіледі. Сондықтан олар алмаспайтын қоректік факторға жатады.

Дәрумендер табиғаты жағынан төмен молекулалы органикалы заттар. Адам үшін дәрумендердің негізгі көзі - өсімдік және жануар тектес өнімдер

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Дәрумендер жіктелуі
Витаминдер жайлы
Алициклды витаминдер қатары
Витаминдер тіршіліктің ауыстырылмайтын факторы
Витаминдердің жіктелуі
Витаминдер және олардың маңызы жайлы
Жүрек айнуы
Дәрумендер туралы
Витаминдер классификациясы
Дәрумендер туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz