Цифрлық алаяқтық пен кибербуллинг: қауіптерді анықтау және алдын алу


Slide 1

«Д. Қонаев атындағы орта мектебі” КММ

Цифрлық алаяқтық және кибербуллинг

Атайбеков Серік Болатұлы Тарих, құқық пәнінің мұғалімі

Slide 2

Цифрлық сауаттылық және кибербуллинг

МАҚСАТЫ:

Цифрлық әлем туралы ақпарат беру, цифрлық әлемді қауіпсіз қолдануға үйрету.

“Кибербуллинг” сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу.

МАҚСАТЫ:

Slide 3

Цифрлық-алаяқтық деп ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз. Бұл жерде қылмыскер ақпараттық жүйлерді, яғни компьютер, смартфон, планшет секілді құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді әрекеттерге барады.

Slide 4

Киберқылмыс: Цифрлы алаяқтар апаны

Киберқылмыскерлердің құрығына түспеу үшін не істеу керек? Полиция қызметкерлері сақтық шараларын үнемі жұртшылықтың есіне салып келеді. Олардың айтуынша, банк немесе құқық қорғау органдары қызметкерлері болып хабарласып, несие рәсімдеу, мүлікті сату немесе ақшаны қауіпсіз шоттарға аудару, қандай да бір бағдарламалар орнату туралы «телефон» нұсқаулар беретін адамдарға ешқашан сенбеу керек. Банк пен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы операцияларды ешқашан телефон арқылы жүргізбейді. Өзін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері деп таныстырған бөгде адамдар қоңырау шалған кезде тұтқаны қойып, сізге қызмет көрсететін банктің сенім телефонына немесе полицияға қоңырау шалу қажет екен.

Slide 5

Цифрлық алаяқтық: Ауыздықтау мен алдын алудың қиындығы

Технология дамыған сайын цифрлық кеңістік барған сайын қауіпті болып барады, аталған кеңестерді орындау әр қазақстандыққа өзін алаяқтықтан, қаражаттың жоғалуынан және үлкен қаржылық проблемалардан өз бетінше қорғауға мүмкіндік береді. Есіңізде болсын, егер сіз деректерді алаяқтарға өзіңіз берсеңіз және сізге кредит ресімделген болса - сізге көмектесе алмайды және кейбір жағдайларда, алаяқтық фактісін дәлелдей алмайсыз. Ал алаяқтық кредиттер мен мәмілелер бойынша барлық міндеттемелер сіздің мойныңызда болады.

Slide 6

Кибербуллинг дегеніміз не? Кибербуллинг - адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау қудалау, қорқыту немесе зорлық көрсету, психологиялық шабуыл жасау

Slide 7 Slide 8

Буллинг немесе кибербуллинг белгілерінің сипаттамасы қандай?

Баланың мінез-құлқы оның қорланғанын көрсетуі мүмкін. Ересектер мұндай ықтимал белгілерді білуі қажет және мынадай жағдайларға назар аударғаны жөн.

Егер бала: мектепке барудан немесе мектептен қайтудан қорқып, мектеп автобусымен және қоғамдық автобуспен жүруді қаламай, өзін мектепке апаруды өтінсе;

Өзінің қалыпты күн тәртібін өзгертіп, мектепке барудан бас тартып, сабақтан қашуды бастаса;

Өзін-өзі өлтіруге тырысса немесе өлтірем деп қорқытса, үйден қашса;

Түнімен жылап немесе қорқыныш сезімі болып, таңертең өзін нашар немесе ауру сезінсе;

Мектептегі үй тапсырмаларын нашар орындап, үйге жыртылған киіммен немесе бүлінген кітаптармен келеді. Оның басқа заттары бүлінген немесе «із түссіз жоқ болған». Үйге аш келеді (түскі ас ақшасы ұрланады) ;

Ақша сұрайды немесе ақшаны ұрлай бастайды (ақша сұраған адамға беру үшін) . Ақшаны «жоғалтады»;

Көгерген не кесілген жерлері бар. Агрессив бола бастайды. Орынсыз әрекеттер жасайды;

Тамақ жеуден бас тартады. Жоғарыда аталғандардың бәріне адам сенгісіз сылтаулар айта бастайды;

Интернет немесе ұялы телефон қолданудан қорқады. Онлайн хабарлама алғанда, мазасыздана бастайды.

Бұл белгілер мен мінез-құлық басқа мәселелердің болғанын да байқатуы мүмкін. Алайда қор-лануы мүмкін екенін және мінез-құлқын дереу тексеру қажет.

Slide 9

Егер басқа біреу кибербуллинге ұшырап жатса?! Біреуді онлайн қорлаған жағдайға куә болсаң, бұны тоқтатуға көмектес. Ондайда жасауға болатын әрекеттер: осы ренішті суреттерді, фотосуреттерді, хабарламаларды, посттарды біреуге жіберіп, ары қарай таратпа. қорлауды қолдама және оған қатыспа ол топтан/чаттан шығып кет. сол адамға жәбірлеушіні бұғаттауда көмектес және құзырлы органға шағымдан. сол адамға қолдау көрсет: жылы сөз айтып, көмегіңді ұсын. өзіңе қауіпті болмаса, жәбірлеушіге қорлауын тоқтатуын айт.

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Буллинг пен кибербуллинг: анықтамасы, түрлері, белгілері және әрекет ету жолдары
Тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері және тәуекелдерді анықтау мен алдын алу
Жануарлардың инвазиялық (паразитарлық) аурулары: номенкулатура, қоздырғыштары, анықтау, емдеу және алдын алу
Қазақстандағы электрондық үкімет және электрондық цифрлық қолтаңбаны алу тәртібі
Сарып (бруцеллез) індет ошағында жүргізілетін анықтау, алдын алу және сауықтыру шаралары
Орал қаласының ас тұзындағы йодты анықтау: сандық талдау және йодтапшылықтың алдын алу шаралары
Саңырауқұлақ улануы: улы түрлерді анықтау, клиникасы, алғашқы жәрдем және алдын алу
Нәрестенің туа біткен патологиясын ерте анықтау және алдын алу: пренаталдық диагностикалық әдістер мен көрсеткіштер
Парамфистоматоз пен эуритремоз: биологиясы, диагностикасы, емі және алдын алу шаралары
Жасөспірімдік жүктілік пен босанудың клиникалық-эпидемиологиялық ерекшеліктері және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz