ФЕНОТИП ГЕНОТИП


Slide 1

Қоңырау соғылды. . . Сабақ басталды!

Slide 2

КӨҢІЛ КҮЙІҢІЗ ҚАЛАЙ?

Өте жақсы

Жақсы

Орташа

Slide 3

“Терминдер” кабинеті

ЛОКУС

ФЕНОТИП

ГОМОЗИГОТА

Дигибридті

будандастыру

ГЕНОТИП

Гетерозигота

Slide 4

“Нақты сандар” кабинеті

1906ж

46

9:3:3:1

1865ж

35 ж

1900ж

34

22

3:1

2п

Slide 5

“Шыңға шығу” әдісі

Аллельді гендер дегеніміз не?

Гендердің хромосомада орналасқанын дәлелдеген ғалым?

Мендель өз тәжірибесінде асбұршақтың қандай ерекшелігіне көңіл бөлді?

Мендельдің заңдарын ата?

Полигибридті будандастыру ?

Толымсыз доминанттылық деген не?

Slide 6

13. 04. 2015ж.

Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі

Slide 7

Г. Мендель өзінің тәжірибелерінде аллельді гендердің өзара әсер етуінің бір ғана түрден тұратындығын ашқан болатын. Ол-бір аллельдің толық доминанттылығы мен екінші аллельдің рецессивтілігі. Кейінгі зерттеулер тұқым қуалау бірлігінің өзара әсері өте күрделі және көп түрлі екенін анықтады. Бір белгінің дамуы көп гендерге байланысты және керісінше, бір геннің көп белгілерге жауап беретіндігі анықталған. Кейбір белгілер гендердің өзара әсер ету нәтижесінде түзіледі. Кейде екі түрлі гендердің өзара әсер етуінен жаңа фенотип пайда болады.

Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің мынадай негізгі түрлері бар:

Комплементарлық

Эпистаз

Полимерия

Көп аллельділік

Slide 8

Комплементарлық деп екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін-бірі толықтырып, жаңа белгіні жарыққа шығаруын айтады.

Slide 9 Slide 10

Эпистаз

Бір геннің екінші генді басып, оның белгісін жойып жіберуін айтамыз.

Басым ген-супрессор

Тұншыққан ген-ингибитор

Slide 11 Slide 12

Полимерия

Бір белгінің фенотиптік көрінуіне бірнеше жұп гендердің қатынасуы. Ал әсерін тигізіп тұрған генді полимерлі ген деп атап, оларды бірдей әріптермен (А1А1А2А2) белгілейді.

Slide 13 Slide 14

Әрбір диплоидты организмде бір геннің екі ғана аллелі болуына қарамастан біраз гендердің бірнеше аллелі болуы мүмкін. Мұндай құбылыс көп аллельділік деп аталады

Slide 15 Slide 16

Сергіту сәті

Slide 17

«Кім жылдам?»

Есептер шығару

Slide 18

І топ

1. Асқабақ жемісінің диск тәрізді болуы екі доминантты гендердің өзара әрекеттесуімен анықталады. Егер генотипте осы екі геннің біреуі жоқ болса жемістің пішіні домалақ болады. Ал геннің де рецессивті аллельдері гомозиготалы түрінде болса жемістің түрі сопақ болады. Екі доминантты гендері бойынша гомозиготалы жемістері диск тәрізді өсімдік сопақ жемісті өсімдікпен будандастырылған. Алынған ұрпақтың генотипі мен фенотипін анықтау керек.

2. Жүнінің түсі қара тышқанды, альбинос тышқанмен шағылыстырғанда, Ғ1 тышқандардың барлығы сұр түсті болады. Ғ2 -де ұрпақтар қандай сандық қатынаста ажырайды.

3. Бидайдың кейбір сорттарында дәннің қызыл түсі екі полимерлік доминантты гендердің әсерінен қалыптасады. Екі доминантты ген гомозиготалы ( А1А1А2А2) түрінде қанық қызыл рең береді. Ал рецессивті гомозигота (а1а1а2а2) дәндерінің түсі ақ болады. Қызыл түсті тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті: Әлсіз қызыл дәнді (бір доминантты гені арқылы) өсімдіктермен будандастырғанда алынатын өсімдіктердің генотиптері мен фенотиптерін анықтау керек.

4. Сот процесінде алимент төлемегені үшін іс қаралып жатыр. Шешесінің қаны І топ. Ал баласының қаны ІІ топқа жатады. Баланың әкесі ретінде қаны ІІІ топқа жататын еркек болуы мүмкін бе? Әкесінің қаны қай топқа жатуы мүмкін екенін анықтаңдар.

Slide 19

ІІ топ

1. Асқабақ жемісінің диск тәрізді болуы екі доминантты гендердің өзара әрекеттесуімен анықталады. Егер генотипте осы екі геннің біреуі жоқ болса жемістің пішіні домалақ болады. Ал геннің де рецессивті аллельдері гомозиготалы түрінде болса жемістің түрі сопақ болады. Жемісі диск тәрізді дигетерозиготалы өсімдік жемісі сопақ өсімдікпен будандастырылған. Алынған ұрпақтың генотипі мен фенотипін анықтау керек.

2. Жылқыларда сұр белгіні анықтайтын ген қара түсті генге эпистазды, ал күрең белгіні рецессивті гендер анықтайды. Дигетерозиготалы жылқыны шағылыстырғанда алынған құлындардың фенотипін анықтаңдар.

3. Бидайдың кейбір сорттарында дәннің қызыл түсі екі полимерлік доминантты гендердің әсерінен қалыптасады. Екі доминантты ген гомозиготалы ( А1А1А2А2) түрінде қанық қызыл рең береді. Ал рецессивті гомозигота (а1а1а2а2) дәндерінің түсі ақ болады. Қызыл түсті тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті:

Ақ дәнді өсімдіктермен будандастырғанда алынатын өсімдіктердің генотиптері мен фенотиптерін анықтау керек.

4. Әкесінің қан тобы ІV, шешесі ІІ қан тобы бойынша гомозиготалы отбасындағы балалардың генотипін анықтаңдар.

Slide 20

ІІІ топ 1. Хош иісті бұршақ гүлінің қошқыл қызыл түсі екі комплементарлы доминантты (А және В) гендерінің өзара әрекеттесуі арқылы анықталады. Егер генотипте осы екі геннің кез келген біреуі жоқ болса қызыл пигмент түзілмейді де өсімдіктің гүлінің түсі тек қана ақ болады. Екі доминантты гендер бойынша гомозиготалы өсімдік рецессивті гомозиготалы ақ гүлді өсімдікпен будандастырылған. Алынған ұрпақтың генотипі мен фенотипін анықтау керек. 2. Сұлы тұқымының қара түсін доминантты А гені, ал сұр түсін доминантты В гені анықтайды. А гені В геніне эпистаз. Бұл гендердің рецессивті аллельдері гомозиготалы жағдайда тұқымының ақ түсін қалыптастырады. Сұр түсті тұқымнан өсіп шыққан екі өсімдікті будандастырғанда 3:1 қатынаста сұр және ақ түсті өсімдік алынған. Ата-аналарының генотиптерін анықта. 3. Бидайдың кейбір сорттарында дәннің қызыл түсі екі полимерлік доминантты гендердің әсерінен қалыптасады. Екі доминантты ген гомозиготалы ( А1А1А2А2) түрінде қанық қызыл рең береді. Ал рецессивті гомозигота (а1а1а2а2) дәндерінің түсі ақ болады. Қызыл түсті тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті: Қызыл дәнді (үш доминантты гені бар) өсімдіктермен будандастырғанда алынатын өсімдіктердің генотиптері мен фенотиптерін анықтау керек. 4. Ерлі - зайыптылардың біреуінің қаны гетерозиготалы ІІІ топқа, ал екіншісі гетерозиготалы ІІ топқа жатады. Олардың төрт баласы бар. Сол балалардың қанының топтарын және оның генотиптерін анықтаңдар.

Slide 21

ІҮ топ

1. Хош иісті бұршақ гүлінің қошқыл қызыл түсі екі комплементарлы доминантты (А және В) гендерінің өзара әрекеттесуі арқылы анықталады. Егер генотипте осы екі геннің кез келген біреуі жоқ болса қызыл пигмент түзілмейді де өсімдіктің гүлінің түсі тек қана ақ болады. Қошқыл қызыл гүлді дигетерозиготалы өсімдік екі жұп гендері бойынша гомозиготалы өсімдікпен будандастырылған. Алынған ұрпақтың генотипі мен фенотипін анықтау керек.

2. Сұлы тұқымының қара түсін доминантты А гені, ал сұр түсін доминантты В гені анықтайды. А гені В геніне эпистаз. Бұл гендердің рецессивті аллельдері гомозиготалы жағдайда тұқымының ақ түсін қалыптастырады. Қара тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті өздігінен тозаңдандырғанда алынған ұрпақтар 12:3:1 қатынасындай қара, сұр және ақ дәнді болған. Бастапқы өсімдіктердің генотиптерін анықта.

3. Бидайдың кейбір сорттарында дәннің қызыл түсі екі полимерлік доминантты гендердің әсерінен қалыптасады. Екі доминантты ген гомозиготалы ( А1А1А2А2) түрінде қанық қызыл рең береді. Ал рецессивті гомозигота (а1а1а2а2) дәндерінің түсі ақ болады. Қызыл түсті тұқымнан өсіп шыққан өсімдікті:

Қанық қызыл дәнді өсімдіктермен будандастырғанда алынатын өсімдіктердің генотиптері мен фенотиптерін анықтау керек.

4. Баланың қаны ІІ топ, оның інісінікі ІІтоп. Олардың ата - аналарының қанының топтары туралы не айтуға болады?

Slide 22

Тест тапсырмалары

1. Адамда алты саусақтың болуын доминантты геннің, ал бес саусақтың болуын рецессивті геннің анықтайтыны белгілі. Бес саусақты әйел, гетерозиготалы алты саусақты ер адамға тұрмысқа шыққан. Отбасында алты саусақты бала болуының ықтималдылығы қандай?

А) 25%; В) 50%; С) 75%; Д) 100%; Е) 12, 5%.


Ұқсас жұмыстар
Генотип. Фенотип. Анализдеуші будандастыру
Генетикалық Анықтамасы белгілер
Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы
Гомологиялық хромосомалар
Тұқым қуалаушылықпен өзгергіштіктің маңызы
Моногибридті будандастыру
Мендель Заңдары - тұқым қуалау белгілерінің ұрпақтан ұрпаққа берілу заңдылықтары
Жоғарғы жүйке әрекеті және оның жасқа сай ерекшеліктері
Генетика және эволюциялық теория
Жыныс генетикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz