Қазақстан Республикасы Үкіметінің биологиялық қауіпсіздік саласындағы құзыреттері


Презентация қосу
С. Ж. Асфендияров атындағы Казахский Национальный
Қазақ ұлттық медицина медицинский университет имени
университеті (ҚазҰМУ) С. Д. Асфендиярова (КазНМУ)
Asfendiyarov Kazakh National Medical University
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
биологиялық қауіпсіздік
саласындағы құзыреттері
Орындағандар: ФӨТ20-009К.
Аманкелді А.Н.
Ақшал А.
Алтынбек Г.
Бағжанова Қ.
Тексерген: Шыныкул Ж.Ш
Жоспар:
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Қазақстан Республикасының биологиялық
қауіпсіздік саласындағы заңнамасы
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы
мемлекеттік реттеу
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
8-БАП. Қазақстан Республикасы
Үкіметінің құзыреті
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы
уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік органдардың биологиялық
қауіпсіздік саласындағы құзыреті
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ 2022 ЖЫЛҒЫ 21 МАМЫРДАҒЫ №
122-VII ҚРЗ. ОСЫ ЗАҢ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ
ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
НЕГІЗДЕРІН АЙҚЫНДАЙДЫ ЖӘНЕ
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАТЕРЛЕРДІ
БОЛҒЫЗБАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН.
Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ
ЗАҢНАМАСЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КОНСТИТУЦИЯСЫНА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОСЫ
ЗАҢ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ӨЗГЕ ДЕ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ
АКТІЛЕРІНЕН ТҰРАДЫ.
Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасы
ЕГЕР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
РАТИФИКАЦИЯЛАҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ШАРТТА ОСЫ ЗАҢДА ҚАМТЫЛҒАННАН
ӨЗГЕШЕ ҚАҒИДАЛАР БЕЛГІЛЕНСЕ, ОНДА
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы негізгі проблемалар мен
қатерлер, стратегиялық мақсаттар, негізгі бағыттар, нысаналы
индикаторлар, міндеттер және нәтижелердің көрсеткіштері,
ведомствоаралық өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының Ұлттық
қауіпсіздік стратегиясында айқындалады.
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу
Биологиялық қауіпсіздік саласында жедел ведомствоаралық
ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және үйлестірілген шараларды
қабылдау биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік
ақпараттық жүйе арқылы және Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
8-БАП. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік
саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды
жүзеге асыруды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің
ұлттық коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу
және күтіп-бағу қағидаларын және оларды
қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға
уәкілеттік берілген ұйымдардың тізбесін бекіту;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Патогенді биологиялық агенттердің патогендігі
және қауіптілік дәрежесі бойынша
сыныптамасын ескере отырып, патогенді
биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық
аурулар туғызатындарға жатқызу
өлшемшарттарын және патогенді биологиялық
агенттердің тізбесін бекіту;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Өзіне осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де
заңдарында және Қазақстан Республикасы
Президентінің актілерінде жүктелген өзге де
функцияларды орындау.
9-БАП. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті
органның құзыреті
биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты
нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік техникалық
құжаттардың, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттардың
жобаларын келісу;
биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық
жүйені жүргізу;
биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды,
мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу)
қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның
құзыреті
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге
асыратын субъектілерді, ықтимал қауіпті биологиялық
объектілерді, патогендігі I және II топтардағы патогенді
биологиялық агенттерді және олармен жұмыс істеуді жүзеге
асыратын мамандарды есепке алудың жүзеге асырылуын
мониторингтеу;
Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық
коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын
және оларды қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік
берілген ұйымдардың тізбесін әзірлеу;
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік
даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін
арттырудың үлгілік бағдарламаларын келісу;
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның
құзыреті
патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша
сыныптамасын ескере отырып, патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті
инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттарын және
патогенді биологиялық агенттердің тізбесін әзірлеу;
патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді
жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу
және бекіту;
биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын
әзірлеу және бекіту;
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның
құзыреті
Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемелерін
келісу;
биологиялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік
техникалық құжаттардың, ұлттық және (немесе)
мемлекетаралық стандарттардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігіне
мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның
құзыреті
осы Заңның 10-бабының 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік
органдар жүргізетін биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау
тиімділігін мониторингтеу;
биологиялық қатерлерді талдау және болжау;
биологиялық қауіпсіздік саласындағы нысаналы ғылыми,
ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды
келісу;
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның
құзыреті
Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері
бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан
Республикасының атынан өкілдік ету;
Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу
туралы заңнамасына сәйкес жұртшылыққа Қазақстан
Республикасының биологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі
туралы хабар беру;
Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де
заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде
көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
10-бап. Мемлекеттік органдардың биологиялық қауіпсіздік саласындағы құзыреті
1 •халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган;
2 •ветеринария саласындағы уәкілетті орган;
3 •өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган;
4 •өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган;
5 •қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;
Мемлекеттік органдардың биологиялық қауіпсіздік саласындағы құзыреті
Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді осы баптың 1-тармағында
көрсетілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде, оның ішінде:
1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске
асыруға қатысу;
2) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы
заңнамасына сәйкес жұртшылыққа биологиялық қатерлердің
тәуекелдеріне алып келетін жағдайлар туралы хабар беру;
Мемлекеттік органдардың биологиялық қауіпсіздік саласындағы құзыреті
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды,
мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу)
қағидаларына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы
статистикалық ақпаратты және өзге де есепке алу мен есептік
құжаттаманы (ақпаратты) беру;
4) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен
биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне
байланысты нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік
техникалық құжаттардың, ұлттық және (немесе)
мемлекетаралық стандарттардың жобаларын келісу;
Мемлекеттік органдардың биологиялық қауіпсіздік саласындағы құзыреті
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
мемлекеттік орган, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, ғылым саласындағы,
өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдар осы баптың 2-тармағында
көрсетілген функциялардан басқа, Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде:
1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын
субъектілердің, ықтимал қауіпті биологиялық объектілердің тізілімдерін
жүргізуді;
2) патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттердің,
патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс
істеуді жүзеге асыратын мамандардың тізілімдерін жүргізуді;
Мемлекеттік органдардың биологиялық қауіпсіздік саласындағы құзыреті
3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы
профилактикалық іс-шараларды жүргізуді;
4) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды
және мониторингтеуді;
5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың
сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды;
ҚОРЫТЫНДЫ
Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы мемлекеттік орган осы
баптың 2 және 3-тармақтарында
көрсетілген функциялардан басқа,
Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген құзыреті
шегінде санитариялық-
эпидемиологиялық сараптаманың
және ғылыми сараптаманың
нәтижелері бойынша адамның немесе
болашақ ұрпақтардың денсаулығына
қауіпті деп танылған биологиялық
заттардың есепке алынуын жүргізуді
жүзеге асырады.
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
• https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2200000122
• Қазақстан Республикасынормативтік
құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйе
сі
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz