Философия және саясаттану факультеті




Презентация қосу
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Философия және саясаттану факультеті

Философиялық антропологияның
пәні мен мақсаты.
Тексерген: ф,ғ,д., профессор Нұрышева Г.Ж.
Орындаған: Сырбаев Е.У.

Алматы – 2024 жыл.
ЖОСПАР:
1. АДАМ МӘСЕЛЕСІ ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ПЕН АНТИКАЛЫҚ
ФИЛОСОФИЯСЫНДА.
2. АДАМ МӘСЕЛЕСІ ОРТАҒАСЫР МЕН ЖАҢА ДӘУІР
ФИЛОСОФИЯСЫНДА.
3. АДАМ МӘСЕЛЕСІ 19-20 ҒҒ. ФИЛОСОФИЯСЫНДА.
4. АДАМНЫҢ ҮШ ӨЛШЕМІ.
5. АДАМ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ.
6. АДАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІ МЕН ЖАТСЫНУЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1. АДАМ МӘСЕЛЕСІ ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ПЕН АНТИКАЛЫҚ
ФИЛОСОФИЯСЫНДА
Философия тарихы адамның мәні жайындағы түрліше ой-пікірлерге толы, себебі
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІНІҢ ЕҢ БАСТЫ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ – АДАМ болып табылады.
Жеке адам мәселелерін зерттейтін философияның бағыттары
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯ мен ПЕРСОНАЛИЗМ деп аталады.

Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады.

Упанишадалар, джайнизм, буддизм, индуизм, санкхья, йога ілімдеріне адамның рухани
мәні (атман), адам жанының бір денеден екінші денеге ұдайы ауысуы (сансара),
адамды мінез-құлқына сай жазалау немесе құрметтеу (карма), адам жанының тірі
мақұлықтардың ешқайсынының өміріне зиян келтірмеу (ахимса), рухани білімнің
негізі (дхамма), абсолюттік тыныш күйге жету (нирвана) ілімдері дамытылды.
Осы ілімдердің ішінде ерекше орынды нирвана ілімі алады, себебі онда рахатқа
бөлену идеясына баса назар аударылған. Бірақ ондағы рахат түйсікпен, сезіммен
байланысты күй емес, түйсіктерден, санадан, жігерден бос, зұлымдық пен
құмарлықтардың тынышталып, болмыстың арамдықтан тазарып, сезінбеудің толық
дәрежесіне жету мағынасындағы рахат туралы сөз етіледі.
1. АДАМ МӘСЕЛЕСІ ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ПЕН АНТИКАЛЫҚ
ФИЛОСОФИЯСЫНДА
Ежелгі Қытай философиясы адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды.
Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып табылады.
Оның басты тұжырымы - «аспан» тұжырымдамасы болады, өйткені ол әлем мен адам
дамуын анықтайтын тек табиғат бөлігі ғана емес, жоғары рухани күшті де білдіреді.

Оның философиясының негізінде адамның адамгершілік әрекеті. Конфуций мейірбан
адамды, «қайырымды ерді» (цзюнь-цзы) идеал тұтты, оларға жақындау үшін әрбір адам
бірқатар этикалық принциптерді сақтауы керек. Олардың ішіндегі негізгісі «Өзіңе
қаламағанды өзгеге жасама» деген ереже отбасы мен мемлекеттегі адамдар арасындағы
идеалды қатынастар заңын білдіретін өмір тұжырымдамасы (гумандылық) болып табылады.
Адамның басты қасиеттеріне адамгершілік (жэнь), «алтын кіндік» принципі немесе
шамаға қарауды, ымыраға келуді, сяо (кішінің инабаттылығы және ата-анаға, үлкенге
деген құрмет), ли (дәстүрлі этикетті орындау) принциптерін жатқызды.

Даосизм адам өз өмірінде дао принципіне сүйенуі керек, яғни оның іс-әрекеті
мен қылығы ғаламның және адамның табиғатымен үйлесуі керек.
Дао принципін сақтау адамды толық азаттыққа, бақыт пен игілікке жеткізеді, ал егер
оны сақтамаса, өлім мен сәтсіздікке ұрынады.
Ежелгі Шығыстың адам философиясының негізгі бағдары: жеке тұлғаның
әлеуметтік әлемге де, табиғи әлемге де бірдей гуманды қатынас жасауы және адамның
ішкі әлемін жетілдіру.
1. АДАМ МӘСЕЛЕСІ ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ПЕН АНТИКАЛЫҚ
ФИЛОСОФИЯСЫНДА
Антикалық философия «адам үшін адамның өзінен артық қызық құпия жоқ»
деген тұжырымды ұстанып, бірінші болып философияның ізденіс мәселелерін
табиғаттан адамға қарай бет бұрғызды.
Антикалық философияда адам көбінесе ғарыштың бір бөлігі, жоғарғы
бастама – тағдырдың
Адамның адамдық көрінісі
философиялық ретіндегі
ұғымының өзіншепринциптері
көптеген бір микрокосм түрінде
сонда түсінілді.
қалыптасты.
Тікелей антропологиялық мәселелерге өту софистердің және Сократтың есімімен
байланысты болды.
Сократ үшін негізгі мәселе – адамның ішкі әлемі, оның жаны мен қасиеттері болып
табылады. Оның «Игілік – білім» және «Менің білетінім – ештеңе білмейтінім» деген
сөздерінен адамның білім деңгейінің таусылмайтыны айқын көрінеді.
Ол алғаш рет этикалық рационализм принципін негіздейді.
Адамның міндеті ақиқатты тану негізінде үнемі адамгершілік парасаттылыққа
ұмтылуда. Және бұл ең алдымен өзіңді-өзің тануға, өз адамгершілігіңнің мәнін
ұғынуға бағытталады.
Милет материалистері адам мен дүние іштей табиғи байланыста деп түсінді.
Демокрит – адам туралы ілімдегі материалистік монизмнің өкілі. Демокритттің
пікірі бойынша, адам – табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты оның жаны да
атомдардан тұрады. Оның айтуынша, өмірдің мақсаты – бақыт, оның маңызды
алғышарты – ақыл-ой. Протагор «Адамды барлық заттың өлшемі» деп санады.
Платон бойынша, адам өмірінің мәңгі трагизмі жан мен тәннің қарама-
қарсылығында. Ол тек қана жанды адамды адам ететін субстанция ретінде есептеді.
1. АДАМ МӘСЕЛЕСІ ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ПЕН АНТИКАЛЫҚ
ФИЛОСОФИЯСЫНДА
Аристотель тұжырымдамасында адам қоғамдық, мемлекеттік, саяси деп қарастырылады.
Сондықтан ол «Адамды – саяси жануар» деп атады. Адамның тағы бір ерекше белгісі –
оның ақылдылығы, «Адам – бұл ең алдымен ақыл-ой» деді.
Әлеуметтік пен ақылдылық – адамды жануардан айрықшаландыратын екі негізгі
сипаттамасы. Қоғам мен тұлғаның арақатынасында Аристотель экономикалық
индивидуализмді қолдай отырып, ең алдымен «өзіңді-өзің көбірек сүюің керек» деп,
этикалық индивидуализмді және ақылды эгоизм тұжырымдамасын жақтады.
Аристотель өзінің «катарсис» (грекше katharsis тазару деген сөз) деген ұғымы
арқылы адам жанының қорқу, үрейлену (трагедиялық шығармаларды көрген кезде)
арқылы тазаратындығын айтты.
Эллинистік философия мектептері негізінен этикалық мәселелерді көтерді.
Мысалы, киниктер адамды байлықтан қашуға уағыздаса, стоиктер адамның
ұятты, аскет болуын қалады. Скептиктер адамды бәріне күмәндануға, басқалардың
сөзіне ермеуге шақырса, эпикурейшілер адамды қайғы-қасіреттен арылып, рахатқа
бөленуге үндеді.
2. АДАМ МӘСЕЛЕСІ ОРТАҒАСЫР МЕН ЖАҢА ДӘУІР
ФИЛОСОФИЯСЫНДА
Ортағасыр христиан діни философияда адам біріне-бірі қарама-қарсы екі бастаманың:
«тән» мен «жанның» іштей қайшылықты бірлігі болып жаратылған деп түсіндірілді.
Сондықтан, мысалы, Августин Аврелий адамды жаны тәнінен тәуелсіз, өлмейтін
жан деп түсінсе, Фома Аквинский адам жан мен тәннің бірлігі, жануар мен
періштенің арасындағы нәрсе деп түсінді. Тән өледі, жан өлмейді, о дүниеде Құдай
алдында жауап береді, сондықтан адам күнәсінен тазару үшін Құдайға жалбарынуы
тиіс деп уағыздады діншілдер.
Орта ғасыр араб тілдес мұсылман философиясының көрнекті өкілі әл-Фараби
адам бақытқа ерекше жаралған дене құрылысы, жан құмарлықтары, ой-
парасаты арқылы жете алады деді.

Қайта Өрлеу философиясы антропоцентризм мен гуманизм принциптеріне жүгінді.
Антропоцентризм адамды әлем орталығы деп түсіндіреді, яғни адамның ақыл-ой
мен сезімі, шексіз шығармашылық мүмкіндіктері мадақталады. Гуманизм болса
еркін ойлау мен адамның индивидуалдық дамуын насихаттады.
Қайта Өрлеу философтары адамның әр түрлі қасиеттерін мадақтады.
Мысалы, П. делла Мирандола адамның шығармашылық қасиеттерінің, оның
бостандығының ешкіммен де шектелмейтіндігін көрсетті. Б.Паскаль адамды «Ойлау
қабілеті бар қамыс, құрақ» деп атаған. Н.Макиавелли адамның опасыздық
әрекеттерін ақтап, «саяси күресте көзделген мақсаттарға жету үшін мораль
заңдарын елемей, қандай да болсын құралдарды қолдануға болады» деп санады.
Дж.Бруно «Адам өз бақытын өзі жасаушы» деп жарялады.
2. АДАМ МӘСЕЛЕСІ ОРТАҒАСЫР МЕН ЖАҢА ДӘУІР ФИЛОСОФИЯСЫНДА

XVII-XVIII ғғ. Жаңа дәуір философиялық антропологизмінде рационализм принципі
басым, олар адамды ең алдымен рухани жан деп түсінді.
Адамды құдайдан да, басқадан да тәуелсіз ақыл-ой иесі, өз өмірінің саналы субъектісі
деп түсінді. Мысалы, Р. Декарт адам өмірінің мәнін оның ақыл-ой қабілетіне тәуелді
етіп, «Ойлаймын, демек тіршілік етемін» деген тұжырым қалдырды. Ф.Бэкон
адамның күшін оның білім деңгейіне тәуелді етіп, «Білім – күште, күш білімде»
деді. Б.Спиноза «Адам еркіндігі – бұл танылған қажеттілік» деп түсініп, адамның
бостандығын басты құндылық ретінде санады Т.Гоббс адамды қоғамдық жан емес деп
есептейді, «Адам – адамға қасқыр», ал «Барлығының барлығына қарсы соғысы»
қоғамның табиғи жағдайы болып табылады. Дж.Локк адамның сезімін алға қойып,
адам жаны туғанда «таза тақта» (латынша – tabula rasa деген сөз) деді. Дж.Беркли
адамның өмір сүруін, оның қабылдану қабілетіне тәуелді етіп, адам нені қабылдайды
– сол нәрсе бар да, нені қабылдамаса – сол нәрсе жоқ деді.
XVIII ғ. француз Ағарту дәуірінің философтары - П.Гольбах, К.Гельвеций, Д.Дидро
материалистік тұрғыдан адамды табиғат заңдарының өнімі ретінде қарастырды.
«Ақыл-парасат ғасыры» деп аталған Ағарту дәуірінің философтары ортағасырлық
діни-идеалистік көзқарастарына қарсы болып, жаратылыстану ғылымдарына сүйенді,
адамның өз мәнін танып білуде оның ақыл-ойының басты рөл атқаратынын көрсетті.
Мысалы, француз материалисі Д.Дидро адамды, жер бетіндегі барлық мәдени
байлықтарды бірден-бір жасаушы ең жоғарғы құндылық деп санады.
2. АДАМ МӘСЕЛЕСІ ОРТАҒАСЫР МЕН ЖАҢА ДӘУІР
ФИЛОСОФИЯСЫНДА
Ж. де Ламетри адам ағзасы сағат тетігі тәрізді дербес оталатын механизм, яғни «адам
– машина немесе жоғары дамыған интеллект» деп санады. К.Гельвеций адамның
ақылы мен мінезі билік түріне байланысты өзгереді деді. Ж.-Ж.Руссо сәбилерді
табиғатта тәрбиелеу керек, себебі қоғам олардың жақсы ниеттерін жаншып тастайды
деп санады. Ол адамға жатсыну феномені тән деп, оның бірнеше түрін қарастырды.
П.Гольбах «адам пікірі – дүниені билеп төстейді» деді.
Неміс классикалық XVIII-XIX ғғ. философиясы адамды философияның негізгі
объектісіне айналдырады. Олар үшін адам мәдениет дүниесін жасайтын рухани
қызметтің субъектісі, жалпы идеялық бастама – рухтың, ақыл-ойдың иесі болып табылады.
Адам – объективтік идеяның даму үдерісінің жеке көрінісі ғана.
И.Канттың пікірінше, адам, бір жағынан сезімдік әлемнің құрамдас бөлігі ретінде
қажеттілікке бағынса, ал руханилықтың тасымалдаушысы ретінде ол ерікті. Бірақ
И.Кант адамның адамгершілік әрекетіне басым рөлді береді. Адам әрекетінің
түпкі принципі - категориялық императив немесе кез-келген тұлғаның өзіндік
мақсаты өзіндік жетілу болғандықтан, ол ешқашан да, қандай да бір міндеттердің
жүзеге асу құралы ретінде қарастырылмауы тиіс деген формальды ішкі талап.
Г. Гегель адамның рухани әрекет субъектісі және жалпы маңызды рух мен
ақыл-ойдың тасымалдаушысы ретіндегі жағдайын дәлелдеп берді. Тұлға
индивидпен салыстырғанда адам өзінің «шексіз, жалпы және еркін» жан екендігін
сезінгенде ғана басталады.
Л.Фейербах философияда антропологиялық материализмді ұсынып, адамды
философияның ең жоғары өлшемі, адамның адамға махаббаты – әлемнің
қозғаушы күші.
ФИЛОСОФИЯДАҒЫ АДАМ МӘСЕЛЕСІ

Дени Дидро: «Человек высшая ценность,
единственный создатель всех достижений
культуры на Земле, разумный центр
Вселенной, тот пункт, от которого все
должно исходить и к которому все должно
возвращаться».
Владимир Соловьев: «Отнимите у любого
человека все то, чем он обязан другим,
начиная от своих родителей и кончая
государством и всемирной историей, и не
только от его свободы, но и от самого его
существования не остается совсем ничего».
Николай Бердяев: «…личность человеческая
более таинственна, чем мир», ее тайна
«никому не известна до конца».
«Никогда еще в истории человек не становился столь
проблематичным для себя самого, как в настоящее время», –
патриарх философской антропологии М.Шелер.
3. АДАМ МӘСЕЛЕСІ 19-20 ҒАСЫРЛАР ФИЛОСОФИЯСЫНДА
19 ғ. марксистік философияда адам - қоғамдық еңбек қызметінің субъектісі
және нәтижесі екендігі көрсетіледі, өйткені адамның қалыптасуында, адам тектес
жануарлардың адамға айналуында шешуші рөлді - еңбек процесі атқарды.
Сондықтан К.Маркс «Адам – барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» деп
түсінсе, Ф.Энгельс «Адам болмысы оның санасын айқындайды» деп, негізгі
философиялық сұрақтың бірінші жағын шешті.
XIX-XX ғасырлар Батыс Еуропа философиясы адамның өмірінің рухани бастамасын
асыра бағалап, адамның мәнін бірде ақыл-ой арқылы түсіндірсе немесе керісінше,
ақыл-ойдың күшіне сенбеу (иррационализм) арқылы түсіндіруге тырысады.
Өмір философиясы адам ерекшелігін бірде органикалыққа, биологиялыққа
жақындайтын, бірде мәдени-тарихи мәнде түсіндірілетін өмір феноменінен көреді.
Өмір философиясында алдыңғы орынға адамның ақыл-ойдан тыс қабілеттері
шығады: сезім, ерік, интуиция. Көбіне санаға адам қылығының терең қайнар көзі
болып саналатын бейсаналық қарсы қойылады.
Мысалы, А.Шопенгауэр адам еркі мен жігері дүниені билейді десе, Ф.Ницше
адам билікті қажетсіну керек деп, харизматикалық немесе суперадамды Құдайдың
орнына қойды.
З.Фрейд пен фрейдизм бейсаналылықты санадан жоғары қояды. Дін, мәдениет
барлық адамзаттың қайнар көзі, бірақ адамның өзі ол туралы есеп бере бермейтін
бейсаналық қалыптағы субъект деп есептейді. З.Фрейд адамның мінез-құлқын
«либидо» – жыныстық немесе сексуалды талпыныстары айқындайды деп, оның
әлеуметтік жағын мүлдем ескермеді.
3. АДАМ МӘСЕЛЕСІ 19-20 ҒАСЫРЛАР ФИЛОСОФИЯСЫНДА
Экзистенциализм философиясы адамның өмір сүру болмысына талдау жасады.
Бұл бағыт индивидуалды адам өмір сүруінде еркіндікті табиғилықтан да, барлық
Тұлғасыз күштерден де іздейді. Алдыңғы орынға жай ғана сезімді емес,
сезіну, алаңдау, мазасыздану, қорқу үдерістерін шығарды.
Мысалы, М.Хайдеггер адамның ішкі жан дүниесінің толғанысы «өткіншілік»,
қорқыныш, үрей, қамқорлық құрайды деді. Өзінің «фундаментальдық (іргелі)
онтология» ілімінде адам өзінің «өткінші өмірін» мойындап, өзінің алдында үнемі
«ажал тұрғанын» сезініп, өмірдің әрбір сәтінің маңыздылығын көре білуі керек деді.

Ж.-П.Сартр «Әр адам, еркіндікке ие болып, дүниедегі барлық оқиғалар үшін
жауапкершілікті мойнына артып алу керек» деген. А.Камю адам өмірі
мағынасыз, абсурдты, өмірдің өзі өмір сүруге тұрмайды деді. Себебі адамның өмірін,
антикалық Сизифтің өмірі сияқты, тек қана еңбек пен қиыншылықтар құрайды деді.
К.Ясперс адам болмысынң құпиясы аса терең күйзелістер – ауру, өлім, кешірілмес
күнә т.с.с. кезеңдерде ашылады деді.
Э.Гуссерль феноменологиясы Тұлға түйықтығын игеруге ұмтылады. Көңіл-күй
әуел бастан сыртқы әлемге бағытталғандықтан, ол интенционалды деп есептеледі.
Адам жай ғана өмір сүріп қоймайды, ол әлемде өмір сүреді деді.
Неокантиандық философ Э.Кассирер «Адам - символдық жануар» деп, адам
өмірінде таңба, мәтіндердің ерекше алатын орнын көрсетті.
Философиялық антропология – адам жайлы, оның жан дүниесі мен табиғаты,
әлемдегі орны туралы философиялық ілім.
3. АДАМ МӘСЕЛЕСІ 19-20 ҒАСЫРЛАР ФИЛОСОФИЯСЫНДА
Бұл бағыт XX ғасырдың 30-ж.-да Германияда М.Шелер мен Г.Плеснер еңбектерінің
арқасында адам мәселелерімен айналысатын ерекше философиялық бағыт түрінде
қалыптасты. Философиялық антропология өкілдері адамды өзінің барша толық
болмысында философиялық тану бағдарламасын ұсынды. Олар адам болмысының
әр алуан саласын - онтологиялық, жаратылыс-танымдық-ғылыми және гуманистік
тұрғыдан зерделеуді бүтіндей философиялық игерумен біріктіруге ұмтылды.
Персонализм бағыты (XX ғ. басы) – адамды жеке дербес индивид емес, оны бастапқы
реалдылық, жан-жақты жетілген ең жоғарғы рухани құндылық ретінде қарастырды.
Орыс философиясының өкілдері адамның рухани жағына көп көңіл аударды.
Мысалы, С.Соловьев адамның басқа жануарлардан айырмашылығын оның
ұждандық сезімінде десе, А.Бердяев тұлғаның қоғам бөлшегіне айналу үдерісін,
объективация деп атап, оны адам өмірінің мәні ретінде санады. Л.Толстой бойынша,
адам жамандыққа күшпен жауап бермеуі керек, яғни адам жақсылыққа құлдық ету
керек деп уағыздады.
Қазақ философиясы адамның адамгершілік пен білім жағына көп көңіл бөлді.
Мысалы, А.Құнанбаев өзінің «Адам бол!» деген принципінде адамды басты этикалық
талаптарды ұстануға шақырды. Ал Ш.Құдайбердиев болса «адамның негізі – cенім,
ғылым, ұждан ақиқаттары” болуы керек деді.
«Адам феноменін» зерттеуші атақты француз философы Т. де Шарден адамның
даму үдерісін мынадай сөздермен түсіндіреді: адам «эволюцияның өзегі мен шыңы»
болып табылады және «адамның кілтін табу, демек әлемнің қалай құрылғанын
және ол қалайша ары қарай құрылуы тиіс екенін білуге ұмтылу деген сөз».
ФИЛОСОФИЯДАҒЫ АДАМ МӘСЕЛЕСІ
4. АДАМНЫҢ ҮШ ӨЛШЕМІ
Адам – бұл танымның, еңбектік іс-әрекеттің, қарым-қатынас пен басқарудың
субъектісі. Адамның үш өлшемі бар – биологиялық (адам физиологиясы),
психологиялық (саналылық пен санасыздық), әлеуметтік (қоғамдағы рөлі).
Адам биологиялық (туады, ауырады, ішіп-жейді, ұрпақ қалдырады, өледі) пен
әлеуметтіктің (оқиды, еңбек етеді, қоғамда қызмет етіп, оны өзгертеді, карьера
жасайды, адамдармен қарым-қатынас жасайды) бірлігі. Адамның биологиялық
қасиеттері оның организмінің морфологиялық, генетикалық құбылыстарынан және
сондай-ақ ми-жүйкелік, электрохимиялық т.с.с. кейбір үдерістерден көрінеді. Ал
психикалық жағына адамның ішкі рухани дүниесі – саналы және санасыз іс-әрекеттері,
еркі, көңіл күйі, есі, мінез-құлқы, темпераменті т.б. жатады.
Адамның ақыл-ойы аса күрделі ұйымдасқан биопсихоәлеуметтік құбылыс; оның
материалдық негізі (субстраты) әрине биологиялық (дәлірек айтқанда физиологиялық)
құбылыс (ми) болып табылады, ал мазмұны психикалық құбылыстар мен әлеуметтік
құбылыстардың өзара араласуы екені сөзсіз: мұнда әлеуметтік құбылыс сезімдік-ақыл-
ой-ерік процестері арқылы психикалық процесс түрінде көрініс табады. Адам бойында
айырғысыз бірлікте болатын әлеуметтік және биологиялық жақтары адамның алуан
түрлі қасиеттері мен іс-әрекеттерінің тек екі жағын ғана абстрактылы ұғым түрінде
бейнелендіреді.
4. АДАМНЫҢ ҮШ ӨЛШЕМІ
Биологиялық организм мен тұлға – адамның айырғысыз екі жағы. Тірі
организм ретінде ол табиғи құбылыстар жүйесіне жатады да, табиғат заңдылықтарына
бағынады, ал тұлға ретінде әлеуметгік болмысқа, қоғамға, адамзат тарихы мен
мәдениет саласына жатады. Осыдан адам мен табиғаттың арақатынасы екі жақты:
адам, қоғам және мәдениет бір уақытта табиғатқа қарсы да тұрады, қосылып та тұрады.
Адамды биологиялық және әлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде қарастыру
оны тұлға ретінде түсіндірудің философиялық ұғымына жатады.
Адамның биологиялық жағы негізінен тұқым қуалаушылық (генетикалық)
механизміне байланысты болады. Ал адам тұлғасының әлеуметтік жағы қоғамның
мәдени-тарихи мазмұнымен анықталады. Адамның биологиялық жағы да, әлеуметтік
жағы да жеке алғанда оның ішкі мәнін анықтап бере алмайды. Адамның мәнін
анықтайтын – биологиялық жағы мен әлеуметтік жағының табиғи бірлігі.
5. АДАМ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ
Адам жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы түрі, еңбек
үдерісінің субъекті, ой-санасы және сөйлеу тілі бар биопсихоәлеуметтік жан ретінде
жалпылама анықталады. Тұлға мәселесі персонализм деген философиялық бағытта
жан-жақты зерттеледі.
Индивид (латынша individuum «жеке адам» деген сөз) ретінде адам – физиологиялық
және психологиялық қайталанбас қасиеттері бар нақты адам болып табылады.
Адамның индивидуалдылығы дегеніміз – адамның басқа адамдардан айырмашылығы
(денсаулығы, дене бітімі, әдемілігі, ақыл-ойы, сезімталдығы, мінезі, темпераменті, есі,
дарыны, қабілеттері, шығармашылық деңгейі т.с.с.). Адамның әлеуметтік мәнін білдіру
тұрғысында оны әлеуметтік қатынастардың жиынтығы ретінде түсінуді тұлға деп айтады.
Әрбір қоғамдық формацияның қоғамдық қатынастарына сәйкес өзіндік адамдық
тұлғасы (тарихи типтері) болады. Дамудың жалпылық, ерекшелік және жекеше
категорияларын адам ұғымына қолдансақ, «индивид» – жекеше, «тұлға» – ерекше, ал
«адам» – жалпылықты білдіретін ұғымдар деп қарастыруға болады.
Тұлға нақты-тарихи ұғым. Өткен тарихқа көз жіберсек, белгілі бір мәдениеттер
мен дүниеге көзқарастар типіне сәйкес адам типтері де түрліше болды: Антикалық
заман, Орта ғасыр, Қайта Өрлеу дәуірі, Жаңа дәуір тұлғалары, XIX, XX, XXI ғасырлар
тұлғасы. Мысалы, рулық қоғамда жеке адамның мүддесі бүкіл рудың аман қалуының
ортақ мүддесіне бағынды, әрбір ересек адам рудың оған дәстүр бойынша міндеттеген
істі орындауы тиіс болды. Бұл адамның тұлғалық дамуының бірінші тарихи сатысы
еді.
5. АДАМ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ
Құл иеленуші және феодалдық қоғамдық қатынастардың тууына байланысты
құқықтық қатынастар мен міндеттердің иесі, субъектісі құлдық қоғамдағы ерікті
азаматтар мен феодалдық қоғам азаматтары ғана болды Ал феодализмнен
шаруашылықтың капиталистік формасына өтуіне байланысты тұлғаның жаңа типі
пайда болды. Оның қалыптасуында маңызды рөл атқаратын нәрсе – саясат.
Тұлға дегеніміз – индивид дамуының қорытындысы, адам қасиеттерінің толық түрде іске
асырылуы. Адам тұлғасының басты қасиеті – еркіндік. Адамның мәнін сипаттайтын тұлға
тұжырымдамасы – еркін дербес іс-әрекет субъектісі ұғымына сүйенеді.
Қазіргі кезде тұлғаның мәні жайында екі негізгі тұжырымдамалық көзқарас бар:
1)тұлғаның адамның атқаратын қызметіне (рөліне) қарай сипаттамасы; 2) тұлғаның
2)әлеуметтік мәніне қарай сипаттамасы.
Бірінші көзқарас адамның әлеуметтік қызметі жайындағы ұғымға негізделеді.
Қызметтік сипатттама адамның сырт мінез-құлқын ғана көрсетеді, ал көп жағдайда
сыртқы мінез адамның ішкі мәнімен сәйкес келе бермейді. Тұлғаны атқаратын
мәніне қарай сипаттау адамның өзіндік санасын, мінез-құлқы мен ерік күшінің
қайнар көзін, белсенді іс-әрекеттің субъектісі екенін анықтап береді.
Тұлға – іс-әрекеттің, қарым-қатынастың, сана мен өзіндік сананың, дүниеге
көзқарастың субъекті. Адамды тұлға жасайтын ең алдымен оның әлеуметтік-
психологиялық ерекшеліктері: ақылы, ерік күші, байқағыштық, өз пікірін дәлелдей
білу, әлеуметтік жағдайы және сонымен байланысты әлеуметтік қызметі мен мақсаты,
дүниеге көзқарасының сипаты. Тұлғаның іс-әрекеті мен мінез-құлқының басты
анықтаушысы – оның дүниеге көзқарасы. Өмірдегі өз орнын дұрыс түсінген адам
ғана мақсатқа сай саналы түрде әрекет етіп, өзінің тұлғалық мәнін көрсете алады.
6. АДАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІ МЕН ЖАТСЫНУЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Адамның әлеуметтік-әрекеттік мәні – ең алдымен Тұлғаның әлеуметтену негізіне
жатады.
Әлеуметтену дегеніміз индивидтің қоғамдағы іс-әрекеті.
Ол адамның әлеуметтік тәжірибені игеруі барысында жүзеге асады, тек ең
алдымен оның белгілі бір қоғамдық қатынастарға, әрекет түріндегі қарым-қатынас
формасына түсуі нәтижесінде іске асады. Бұл жағдайда әлеуметтену филогенезде де
(адамның тектік қасиеттері мен сипаттарының қалыптасуы), онтогенезде де (нақты
Тұлғаның қалыптасуы) жүзеге асырылады. Адамның тарихи дамуы тұрғысында да,
онтогенезде де Тұлға – индивидтің әлеуметтену нәтижесі.
«Тұлға болып туылмайды, Тұлға болып қалыптасады» (А.Леонтьев).
Әлеуметтену динамикалық сипатта болғандықтан, Тұлға – бұл әрқашан да үдеріс,
бүл үнемі қалыптасу.
Адамның іс-әрекеттері ең алдымен практикалық және рухани болып жалпы екі
формада жүзеге асады. Практикалық іс-әрекеттің нәтижесі материалдық игіліктерді
өндіруден, әлеуметтік жағдайларды, қоғамдық қатынастар мен мекемелерді жасау мен
өзгертуден және сондай-ақ табиғи және қоғамдық жан ретінде адамның өзін «өндіру»
мен дамытудан көрінеді. Ал рухани іс-әрекеттің нәтижесі рухани игіліктерді немесе
қоғамдық сананың формаларын (саяси сана, құқықтық сана, діни сана, өнер, мораль
(адамгершілік), ғылым, философия) қалыптастырудан көрініс табады.
6. АДАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІ МЕН ЖАТСЫНУЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Адам әлеуметтену үдерісінде жатсыну феноменінің мағынасы өздері жасаған,
өз іс-әрекеті туындыларының, адамдарға үстемдік етуі, адамдарға қарсы тұратын
жат күшке айналуы, тіпті адамдардың өзіне-өзі жат болуын білдіретін ұғым.
Жатсынуды алғаш байқап, ол туралы ой атқан француз философы мен
ағартушысы Ж.-Ж.Руссо мен неміс жазушылары Ф.Шиллер мен И.Гёте болды.
Кейіннен жатсыну идеясы Г. Гегель мен К. Маркс философияларында кең орын алды.
Ж.-Ж.Руссо жатсыну феноменінің бірнеше түрін көрсетті: 1) саяси жатсыну немесе
өкімет басшылары мен қол астындағы азаматтар арасындағы жатсыну; 2) әлеуметтік-
экономикалық жатсыну, оның қайнар көзі – әлеуметтік теңсіздікті тудырушы жеке
меншік; 3) моральдық жатсыну, оның себебі – жақсы өмір сүру үшін адамдардың
адамгершіліктерінің азаюы: ұрлыққа, зорлық-зомбылыққа, адам өлтіруге және т.c.c. баруы;
4) психологиялық жатсыну, оның қайнар көзі – қоғамның дамуына байланысты
адамдарды жалғыздық сезімі билеуі, адамдардың бір-бірінен алшақтанауы;
5) жалпымәдениеттік жатсыну немесе өнер мен ғылым адамдарының арақатынасында
жалған және екі жүзділіктің еніп, өнер шығармаларына халықтың қол жеткізбеуі.
Г. Гегельдің ойынша, бүкіл объективті дүние, табиғат рухтың жатсынған
формасы, іске асқан түрі, дамудың белгілі бір сатысы. Рухтың одан әрі дамуы
табиғаттан, әлемнен өзін-өзі тануы және табуы, сол арқылы табиғи меңіреуліктен
босанып, таза рух қалпына қайтадан оралуы. Гегель жатсыну мен заттануды бір нәрсе
деп қарады.
6. АДАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІ МЕН ЖАТСЫНУЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
К.Маркстің ойынша, жатсыну адам болмысының капитализм дәуірінде ғана пайда
болатын ерекшелігі. Жатсыну адамдардың субъект, яғни өз тарихының бірден-бір авторы
болып қалыптасуының белгілі бір кезеңіне сәйкес келеді. Жатсыну адамның ең алдымен
өз қызметінен, яғни өзін бөтенсінуден басталады. Екінші жағынан, адамның адамнан
бөтенсуі; олардың әрқайсысы адамдарға тек құрал, ал өзіне мақсат ретінде қарауында.

Бұрыңғы ССРО-да адамдар қоғамдық дамудың мақсатына емес, қайта оның
құралына, тіпті соған жұмсайтын шикізатына айналды. Бұл жатсынудың шегіне
жеткен асқынған түрі болды. Қазіргі кезде біздің қоғамымызда жатсынудың көптеген
түрлері көрініс табуда.
Ойшылдардың философиялық ойлары

• Н.А. Бердяев «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ»
• 1. Мені еркіндік философы деп атайды. Бір иерарх мен туралы «еркіндіктің тұтқыны»
деді. Мен шынында да бәрінен бұрын еркіндікті сүйемін. Мен еркіндіктен тудым, ол
мені дүниеге әкелді. Еркіндік мен үшін болмыстан алғашқы. Менің философиялық
типімнің өзіндік ерекшелігі мен философияның негізі етіп болмысты емес, еркіндікті
қарастырамын. Осылайша бірде-бір философ жасамаған секілді. Дүниенің құпиясы
еркіндікте. Құдайдың еркін болғысы келгендігінен дүниенің трагедиясы пайда болды.
• ...Мен еркіндіктен бас тартуға ешқашан да келіскенім жоқ, тіпті оны кесуге де,
ештеңені еркіндіктен бас тартып сатып алуға да келіспедім. Еркіндік азап
тудыратынын мен білдім, еркіндіктен бас тарту азапты азайтады. Еркіндік оның
жаулары ойлайтындай жеңіл емес, еркіндік қиын, ол ауыр жүк. Сондықтан да адамдар
өздерін жеңілдету үшін еркіндіктен бас тартады.
• ...Еркіндік демократиялық емес, аристократиялық ұғым. Адамдардың басым
көпшілігі еркіндікті сүймейді, оны іздемейді. Көпшіліктің революциялары еркіндікті
сүймейді. Мен өзімнің рухани жолымда, өз өмірімнің тәжірибесінде көп нәрсеге қол
жеткіздім, бірақ еркіндік мен үші бастапқы нәрсе, ол менің өмірімнің a’priori.
• (Н.А.Бердяев. Самопознание. М., 1991)
• Владимир Соловьев
•2. …Адамның өмірлік міндеттері ізгілікті ішкі қасиеттерімен анықталады; оның
адамгершіліктік мәні кіршіксіз, жан-жақты және мықты Ізгілікке қызмет етуде.
•Өз пәніне және адамның өзіне сай болу үшін мұндай қызмет ету ерікті түрде болуы
тиіс, ал ол үшін ол адамның санасы арқылы өтуі керек. Оған осы процесте
көмектесу ... адамгершіліктік философияның ісі. (В.С. Соловьев. Соч., т.1., М., 1988.)

Ұқсас жұмыстар
Баспасөздегі жарнама
Саясаттану туралы
Саяси институттар
Коучингтың технологиясы технологиясы Релаксация әдісі
Әлеуметтану ғылым ретінде
Диалектика және оның негіздері
Миф және ақиқат
Дін мен ғылымның арақатынасы
РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Пәндер