Жұмыр құрттар типі
Презентация қосу
Жалпақ құрттар типі. Жұмыр құрттар типі. Буылтық құрттар типі
Құрттар – екіжақты симметриялы, үш қабатты, көпжасушалы жәндіктер. Бұлардың денесін
тері-бұлшықетті қапшық қаптайды. Дене тұрқы шұбалаңқы келеді. Эктодерма мен
энтодерма аралығында дененің үшінші қабаты – аралық қабат мезодерма орналасады.
Зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін саласы гельминтология деп аталады.
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері. Жалпы саны 15
мыңнан аса түрлерді біріктіретін жалпақ құрттар 5 класқа жіктеледі. Біз тек кірпікшелі
құрттар, сорғыш құрттар және таспа құрттарға ғана тоқталамыз. Бұлардың денесінде қуыс
жоқ. Бауыр жағы арқасына жабысып, денесі жалпақ пішінді болғандықтан, жалпақ құрттар
деп аталған. Жалпақ құрттардың көпшілігінің пішіні жапыраққа немесе таспаға ұқсас.
Таспа тәрізді жалпақ құрттардың денесі бунақты. Бас бөлігінде бунақ болмайды.
Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардан айырмашылығы – денесі екі қабаттан
емес, үш қабаттан тұрады. Ұрықтың дамуы кезінде эктодерма мен энтодерма
аралығынан аралық жасушалы қабат – мезодерма пайда болады. Мезодермадан әр
түрлі мүшелер мен мүшелер жүйесі түзіледі.
Сорғыш құрттар өкілі – бауырсорғыш, таспа құрттар өкілі – сиыр таспақұрты – нағыз
паразиттер. Олардың эпителий ұлпасында жасушасы жоқ, оны тығыз түзіліс қаптайды. Ол
түзіліс сірқабық деп аталады. Сірқабық қорғаныш және тірек қызметін атқарады.
Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың ішекқуыстыларда болмаған жаңа жүйесі
бар. Жаңа жүйе зәршығару (қажетсіз заттарды бөлу) жүйесі деп аталады. Бұл –
бұған дейін тірі ағзаларда болмаған жүйе.
Ақ сұлама – еркін жүзіп қимылдайтын, жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі
құрт. (Денесі кірпікшелі эпителий жасушаларымен қапталған дықтан,
кірпікшелілер класына жатады.) Ол кірпікшелерінің көмегімен суда еркін жүзеді.
Сұламаның дене қимылын реттейтін әр түрлі бұлшықеттері бар. Сыртқы қимылға
сақиналы бұлшықеттер қатысады. Аралық қабат қимылын қиғаш бұлшықеттер
реттейді. Ал ішкі қабаттағы қимыл бірыңғай салалы бұлшықеттер мен реттеледі.
Кірпікшелі құрттардың аузы, асқорыту, зәршығару және жыныс мүшелері бар.
Паразиттік жолмен тіршілік ететін жалпақ құрттардың көпшілігінде асқорыту
жүйесі мүлде жойылып кеткен. Бұл құбылыс әсіресе таспа құрттардан байқалады.
Жалпақ құрттардың жүйке жүйесі дененің бас бөлігінде орналасады. Ол жүйке
түйіндерінен басталып, денені бойлай екі бағана түзіп, созылып жатады. Екі
бағананы көлденең орналасқан жүйкелер байланыстырады. Кірпікшелі құрттарда
сезім мүшелері дами бастайды. Мысалы, ақ сұламаның қарапайым көзшелері бар.
Сипап-сезу сезімталдығы едәуір арта түскен. Алайда бауырсорғыш, сиыр
таспақұрттарында, паразитті тіршілік ететіндіктен, көз дамымаған.
Жалпақ құрт типіндегі ағзалардың барлығында қантарату және тынысалу
жүйелері мүлде жоқ. Олардың тыныс алуына бүкіл денесі қатысады.
Жалпақ құрттар – қосжынысты (гермафродит) жәндіктер. Олардың жыныс жүйесінің
құрылысы өте күрделі. Жалпақ құрттар жыныстық жағынан жетілуге дейін бірқатар
дернәсілдік сатылардан өтіп, өзгеріспен дамиды. Мысалы, ақ сұлама жұмыртқадан дамып,
піллә түзеді. Ол жыныссыз да, жынысты да жолмен көбейеді. Бауырсорғыштың
дернәсілдері жұмыртқадан әр түрлі пішінде шығып, негізгі және аралық иелерде дамиды.
Паразит жалпақ құрттардың жыныстық ұрпақтары – негізгі иеде, ал дернәсілдік ұрпақтары
аралық иеде мекендейді. Таспа құрттар өкілі – сиыр таспақұртының негізгі иесі – сиыр.
Оның денесінде жұмыртқадан дернәсілдің екі түріне ауысады: біріншісі – қармақшалы
дернәсіл; екіншісі – таспақұрттың көзге байқалмайтын, мойынға жалғасқан басы бар
кішкене көпіршігі – финна. Ересек таспақұрт негізгі иесі – адам денесінде өмір сүреді.
Жалпақ құрттар – суда, топырақта, ағзалар денесінің сыртында және ішінде
тіршілік ететін омыртқасыз паразит жануарлар. Бұлардың еркін тіршілік ететін
түрлері ұсақ шаяншалар, құрттар және судағы жануарлардың қалдықтарымен
қоректенеді. Паразиттік жолмен тіршілік ететін жалпақ құрттар, жануарлар мен
өсімдіктер ағзасында әр түрлі аурулар туғызады. Халық шаруашылығына
айтарлықтай зиян келтіреді. Сонымен бірге таспақұрттардың барлығы жануарлар
мен адам өміріне зиян келтіреді. Ішекте өмір сүретін паразиттер –
эндопаразиттер. Ал ағза денесінің сыртында паразиттік жолмен тіршілік ететін
жәндіктер эктопаразиттердеп аталады.
Жұмыр құрттар типі
Жұмыр құрттар – денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр пішінді немесе
ұршыққа ұқсас жәндіктер. Олардың көлденең кесіндісі дөңгелек, денесі үш қабаттан
тұрады. Көпшілігі дара жынысты. Жұмыр құрттар денесінің ішкі қабырғасы мен ішегінің
аралығында түтік тәрізді қуыс болады. Денесінде қуыс алғаш осы ағзаларда пайда
болғандықтан, олар алғашқы қуыстылар типі деп те аталған.
Қуысқа толы сұйықтық сыртқы ортамен байланыспайды. Қуыста ішкі мүшелер
еркін орналасып, біріне-бірі тәуелсіз жұмыс атқарады. Құрт денесіндегі қуыс
пен сұйықтық денедегі барлық жасушалармен газдың алмасуына да қатысады.
Жұмыр құрт денесі үш қабаттан тұрады. Бірінші ең сыртқы қабат – сірқабық. Екінші
ортаңғы қабат – гиподерма (тері астындағы қабат). Үшінші ең астыңғы қабат – бірыңғай
салалы бұлшықет қабаты. Сірқабық – өлі ұлпа, сондықтан ағза денесінің өсуіне мүмкіндік
бермейді, өзі өспейді. Жұмыр құрттар денесі өскен кезде, серпімді қалың қабат –
сірқабықты сыпырып тастайды. Сірқабық кейіннен жаңаланып, қайта пайда болады.
Жұмыр құрттардың сірқабық тастауы түлеу деп аталады. Түлеу жәндіктің уақытша өсуін
қамтамасыз етеді. Өйткені денесі өскенде құрт тағы да түлей алады. Гиподерма (грекше
«гипо – астында», дерма – тері») қабаты сірқабықты астарлап жатады. Гиподерма астыңғы
жағынан бірыңғай салалы бұлшықет қабатына қосылады.
Жұмыр құрттардың денесі екіжақты симметриялы. Көпшілігі паразиттік жолмен
тіршілік етеді. Денесі буылтықтарға бөлінбегендіктен, бұл типке жататын құрттар
жұмыр құрттар деп аталған. Дүние жүзінде жұмыр құрттардың 20 мыңға жуық
түрі тіршілік етеді деп есептеледі. Бұлар бірнеше класқа бөлінеді. Біз тікенбасты,
бауыркірпікшелі, жұмыр құрттар, зымырақтар, қылқұрттар класының өкілдеріне
тоқталамыз.
Жұмыр құрттардың денесі сірқабықпен (кутикула) қапталады. Ауыз қуысы денесінің
алдыңғы жағында, ал аналь тесігі – артқы жағында орналасады. Көптеген жұмыр
құрттарда тері-бұлшықет қапшығы болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері жоқ.
Сондықтан жұмыр құрттар денесін қысқарта да, соза да алмайды. Олар денесін тек жан-
жағына ғана ие алады.
Жұмыр құрттарда тынысалу және қантарату жүйесі болмайды. Бұлар – дара жынысты
жәндіктер. Олардың қосжыныстылары да кездеседі. Жұмыр құрттардың аталығынан
аналығы ұзын. Көбінесе жұмыртқа арқылы көбейеді. Дернәсілін тірі туатын да түрлері бар.
Өсімдік тамырында ауру тудыратын паразит жіпшеқұрттар (қант қызылшасының
жіпшеқұрты – свекловичная нематода) шаруашылыққа орасан зор зиян келтіреді.
Жіпшеқұрттардың барлығы өсімдік
паразиті болып табылады, олардың
мөлшері 1 миллиметрден аспайды.
Жұмыр құрттар адамға және
жануарларға зиян келтіреді, тері астында
(суыртқы – ришта), бұлшықеттерде
(трихинелла), ішекте (ішексорғы,
үшкірқұрт) паразиттік әрекет жасап,
ауруға ұшыратады. Ішексорғының
ұзындығы (жылқы ішексорғысы) 18
сантиметрге дейін, (кит ішексорғысы) 8
метрге дейін жетеді.
Көбінесе жасөспірімдер мен балалардың аш ішегіне үшкірқұрт (аскарида)
орнығады. Ол – паразит құрт. Үшкірқұрттың екі ұшы да сүйірленген, дене тұрқы
20 см шамасында болады. Оның түсі ақшыл немесе сарғыш болып келеді.
Ішексорғы екі сүйір ұштарын қадап, ішекте тіршілік етеді.
Ішексорғының алдыңғы ұшында аузы, соңғы бөлігінде аналь тесігі (артқы тесік)
болады. Аналь тесігінен кейінгі дене бөлігі құйрық деп аталады. Ішексорғының
аузында үш ерін бар. Құрт сол еріндері арқылы ішектің қабырғасына қадалып,
зақымдаған жерінен қан сорады. Оның денесі тығыз қабықшамен – кутикуламен
қапталған, кутикуланың астында ұзын салалы бұлшықеттері болады. Көлденең
салалы бұлшықеттері жоқ. Сондықтан ішексорғы денесін жиыра, қысқарта
алмайды. Оның денесі созылмайды. Пішінін өзгертпей, тек жан-жағына иіледі.
Ішексорғының денесін қаптаған тығыз қабықша – тері-бұлшықет қапшығы деп
аталады. Асқорыту және басқа мүшелері тері-бұлшықеттің астындағы
сұйықтыққа толы қуыста орналасады.
Ішексорғының қорегі ауыздан түтік тәрізді ішекке өтеді. Ішек үш бөліктен
құралады: алдыңғы, ортаңғы және соңғы. Қорытылған қоректі ішектің қабырғасы
сорып, дене қуысын толтырып тұрған сұйықтыққа жеткізеді. Дене жасушалары
қоректі сіңіреді. Қорытылмай қалған қорек қалдығы дененің соңғы бөлігіндегі
аналь тесігі арқылы сыртқа шығады.
Ішексорғыда қантарату және тынысалу мүшелері болмайды. Ол таспа құрттар
тәрізді тыныс алады.
Жұмыр құрттардың жүйке жүйесі жалпақ құрттарға ұқсас. Сезім мүшелері өте
нашар дамыған, дененің алдыңғы жағында, терідегі ойықта химиялық сезім
мүшесі болады. Ішексорғыда көз болмайды.
Дене пішіні біржасушалы қарапайымдарға ұқсас жұмыр құрт түрлері – қылтыңбас,
зымырақ, құрсақкірпікшелі құрттардың маңызы зор. Өйткені олар бактериялар,
біржасушалы жәндіктер, балдырлармен қоректенеді. Сонымен бірге оларды шаяншалар,
балық шабақтары, балықтар қорегіне жаратады. Жылқының құйрық қылына ұқсас
шумақталған жіңішке (тұрқы 1 м) жұмыр құрт қылқұрт деп аталады. Оның адамға
ешқандай зияны жоқ, алайда ол бунақденелілердің денесінде паразиттік тіршілік етеді.
Буылтық құрттар типі
Буылтық құрттар – денесі шұбалаңқы, үш қабаттан тұратын көпжасушалы жәндіктер.
Олардың денесі буылтықтарға бөлінген, соңғы қуысы бар, екіжақты симметриялы болып
келеді. Денесі сақина тәрізді буылтықтарға бөлінгендіктен, бұлар буылтық құрттар типі
деп аталған. Бұлардың 9 мыңға жуық түрлері теңіздерде, тұщы суларда, құрлықта
мекендейді. Тип бірнеше кластарға жіктеледі, түрлердің басым бөлігі үш класқа жіктеледі,
олар: азқылтанды құрттар, көпқылтанды құрттар және сүліктер.
Шұбалшаң Сүліктер Нереида
Буылтық құрттардың бұған дейінгі жәндіктерден негізгі ерекшелігі – дене
қуысының екінші рет қайталануы. Сондай-ақ оларда тұңғыш рет тұйық
қанайналым жүйесі пайда болған. Қажетсіз заттарды бөлетін әр буылтықта
зәршығару мүшелері бар. Соңғы қуыс – целом деп аталады. Целом аралық
қабаттан пайда болған. Қуысқа толған сұйықтықты дене қабырғасын құрайтын
бұлшықеттер – мезодерма қоршап тұрады. Соңғы қуыс дене қабырғасы мен
ішектің аралығына орналасады. Жәндіктер бұлшықеттердің көмегімен қозғалып
жүреді. Ал ішек қабырғасындағы бұлшықеттер алма-кезек жиырылып, ішек
ішіндегі асты орнынан жылжытады.
Құрттар денесіндегі соңғы қуыстың (целомның) қызметі:1) қозғалыс кезінде тірек болып,
сұйықтық күйдегі қаңқа қызметін атқарады; 2) ішектің және дене қабырғасының өз алдына
жеке жұмыс атқаруына мүмкіндік жасайды; 3) ішкі мүшелердің және дененің мөлшері
жағынан едәуір ұлғаюына көмектеседі; 4) қуыс ішіндегі сұйықтықтың көмегімен құнарлы
заттарды, зат алмасудың соңғы өнімдері мен газды тасымалдайды; 5) зат алмасудың соңғы
өнімдері мен сұйықтықтың артық мөлшері жинақталатын орын бола алады; 6) ағзадағы
қысымды реттеуге қатысады.
Буылтық құрттарда қантарату жүйесі жақсы дамыған. Олардың көпшілігінде
қанның түсі қызыл болады. Қан жәндіктің дене қуысына құйылмай, қан
тамырлары арқылы ағатындықтан, қантарату жүйесі – тұйық жүйе. Қантарату
жүйесі арқа және құрсақ қан тамырларынан құралады. Қанның ағуын арқа және
құрсақ қантамырларын сақина тәрізденіп жалғастыратын «жүрекше» реттейді.
Қан дененің артқы бөлігінен арқа қантамыры арқылы – алға жылжиды. Сөйтіп
құрсақ қантамыры арқылы кері бағытта қозғалады. Қаны түссіз немесе жасыл
түсті буылтық құрттар да бар.
Буылтық құрттардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы бірімен-бірі жалғасқан екі жұп
жүйке түйінінен және қатарласа созылған құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Үстіңгі екі
түйін – жұтқыншақүсті жүйке түйіні. Ал астыңғы екеуі жұтқыншақасты жүйке түйіні деп
аталады. Жүйке түйіндері жұтқыншақ маңында бірімен-бірі сақина тәрізденіп жалғасады.
Құрсақ жүйке тізбекшесі жұтқыншақасты жүйке түйінінен созылып, буылтықтардың
әрқайсысында жүйке түйінін түзеді. Жүйкелер әр буылтықтағы жүйке түйіндерінен денеге
және мүшелерге тармақталып таралады.
Сүліктер – паразиттік жолмен де, жыртқыштықпен де
тіршілік ететін жәндіктер. Олардың негізгі қорегі – әр түрлі
су жәндіктері: былқылдақденелілер, бунақденелілердің
дернәсілдері. Сондай-ақ өзге сүліктер, итшабақ және балық
шабақтары, омыртқалы жануарлардың қанымен де
қоректенеді. Сүліктер суда тіршілік етеді. Сүлік денесінің
алдыңғы және соңғы ұштарында сорғыштары болады.
Алдыңғы сорғышында үш тісті аузы бар. Суда кездескен
адамға немесе омыртқалы жануарларға дененің алдыңғы
жағындағы сорғышымен жабысады. Ол жануардың денесін
тістеген кезде теріде үш бұрышты із қалады. Өткір тістер
теріні теседі. Сүлік тіс орнынан аққан қанды сорады. Қан
соратын сүліктің жұтқыншағына арнаулы бездерден
«гирудин» деп аталатын ерекше зат бөлініп шығады.
Бұл зат қанды сұйылтады, сондықтан жара аузындағы қан ұйымайды. Халықтық
медицинада гирудиннің осы қасиеті пайдаланылады. Сүлікке вена бітелгенде,
жүрек бұлшықеттері жансызданғанда, миға қан құйылғанда, емдік мақсатта
пайдаланып, адамның қанын сорғызады.
Көпқылтанды буылтық құрттардың басым бөлігі суда тіршілік ететіндіктен, теңізде
маңызды рөл атқарады. Олар балдырлармен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ал өздері
суда мекендейтін балықтарға, шаянтәрізділерге және басқа да теңіздегі мақұлықтарға жем
болады.
Азқылтанды буылтық құрттар, әсіресе топырақта, сондай-ақ тұщы суларда мекендейді.
Топырақта тіршілік ететін шұбалшаңдардың маңызы ерекше. Олар топырақтан терең ін
қазып, топырақты ауамен, ылғалмен байытады. Бұл әрекет топырақтағы микробтардың
белсенділігін арттыруға көмектеседі. Өсімдіктер тамырының топыраққа тереңірек бойлап,
бекінуіне жәрдемін тигізеді. Шұбалшаңдар – нағыз топырақ қопсытқыш жәндіктер.
Сондай-ақ шұбалшаңдар – үй құстары мен балықтардың жемі. Суда тіршілік ететін
азқылтанды буылтық құрттардың да пайдасы зор. Олар су түбіндегі тұнбаны ішегі арқылы
өте көп мөлшерде өткізеді. Сөйтіп суқойма түбіндегі топырақ қабатына ықпалын тигізеді.
Сонымен бірге азқылтанды құрттар өсімдік шірінділерімен қоректенеді. Демек олар
суқоймаларын өсімдіктердің шірінді қалдықтарынан тазартуда да маңызды рөл атқарады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz