Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы




Презентация қосу
Жүрек жылуы
"Жүрек жылуы" (ата-аналар жиналысы)
Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.
Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау,
өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу,
ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі
жайлы түсіндіру.

Міндеті: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге
шақыру.
«Танысу» жаттығуы

Алдымен бір- бірімізбен амандасып алайық.

Қызыл түсті белгілер қол алып амандасады.

Сары түсті белгілер дауыс арқылы амандасады.

Көк түсті белгілер мимика арқылы бір-
бірімізбен амандасып алайық.
Отбасы- адамның жақсылық жасауға
үйрететін ең бірінші әлеуметтік ортасы.

Сухомлинский В.А
Барлық оқушы саны - 23
Ер балалар - 12
Қыз балалар – 11

2015 жылғы оқушылар - 16
Ер балалар – 8
Қыз балалар – 8

2016 жылғы оқушылар - 7
Ер балалар – 4
Қыз балалар - 3
Гүлдің оянуы
Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер.
Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай
тамаша! Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық
жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі
дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде
әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар
құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл
сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі.Көздеріңізді жұмыңыз
да осы гүлді елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне
көмектеседі.Гүлдің иісін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда
болды. Көздеріңізді ашыңыздар.

Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсіріп, ақ параққа гүлдің суретін салып,
күлтелеріне балаңызға деген сүйіспеншілігіңізді жазып, өз ой-
пікірлеріңізді айтыңыздар.

Ата-аналар өз ойларын айтады.
.
Баланы ақылға құлақ қоятын тілалғыш ету үшін ең алдымен
ынтымақтастықта әрекет етіп, үлкендердің өзі өзін-өзі
жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуі тиіс.
Жүрек жылуы

«Менің сіз сияқты керемет
анаға тілейтінім!». .....

Бір-біріңізге деген жақсы
лебіздеріңізді білдіріңіздер.
Ата – ана парызы
Сөзі: Салауат Исақаев әні: Әбдіғапар Темірханов
Жастық шағың жайнап өскен,
Ата- ананың арқасы.
Ата-анаға қамқор болар,
Ұл-қызының баршасы.
Біз сіздерге қарыздармыз,
Бізге аппақ пейілің.
Өздеріңдей жан бере алмас,
Сәбиіне мейірім.
Қайырмасы: Тіршіліктің бесігінде,
Атсын арай таңдарың.
Қыз ұзатып, келін алу,
Ата ананың арманы.
Қыз ұзатып, келін алу,
Ата ананың арманы.
Тал шыбықтай қызың өссін,
Жібек мінез есіліп.
Ұлың болсын ел қорғаны,
Мерейіңді өсіріп.
Аттарыңа кір келтірмеу,
Перзенттік парызым.
Үш арқалап Мекке ассам да,
Өтелмейді қарызым.
Жастық шағың жайнап өскен,
Ата- ананың арқасы.
Ата-анаға қамқор болар,
Ұл-қызының баршасы.
Біз сіздерге қарыздармыз,
Бізге аппақ пейілің.
Өздеріңдей жан бере алмас,
Сәбиіне мейірім.
Қайырмасы:
Тіршіліктің бесігінде,
Атсын арай таңдарың.
Қыз ұзатып, келін алу,
Ата- ананың арманы.
Қыз ұзатып, келін алу,
Ата- ананың арманы.
Тал шыбықтай қызың өссін,
Жібек мінез есіліп.
Ұлың болсын ел қорғаны,
Мерейіңді өсіріп.
Аттарыңа кір келтірмеу,
Перзенттік парызым.
Үш арқалап Мекке ассам да,
Өтелмейді қарызым.
Армандарыңыз орындалсын. Балаларыңыз аман
болсын, жүректері мейірімге толы адам болсын

Ұқсас жұмыстар
Мектептің отбасымен жүргізетін жұмыстары
Жас ерекшеліктер туралы ұғым
Психикалық дамулары тежелген балалардың психологиялық коррекциясының негізгі ұстанымдары
Отбасындағы гендерлік рөлдер
Баланың мектепке баруына байланысты әлеуметтік жағдайды дамыту
Ана тәрбиесі
Отбасы тәрбиесі
Отбасы мен мектептің байланысы
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ТӘРБИЕСІ, ҚАЛЫПТАСУЫ
Девиантты мінез - құлық психологиясына қысқаша сипаттама
Пәндер