ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОЛАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ШАРАЛАРЫ



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Факультатив: «Қазақстандық құқық»
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОЛАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ШАРАЛАРЫ
Ж. Т. Мұсаева,
ӘГП кафедрасының аға оқытушысы
Қарағанды 2015

Құқық бұзушылық - бұл әрекетке қабілетті тұлғаның құқық нормаларының ұйғарымдарына қайшы келетін, басқа тұлғаларға залал келтіретін және заң жүзінде жауапкершілікке тартылуыға әкеліп соғатын қылмысты әрекеті.
Қылмыс бұзушылық оны құқықтық емес мінез-құлық қағидаларын (адамгершілік нормалары, қоғамдық ұйымдардың нормалары) бұзудан өзгешелейтін қатаң белгіленген белгілермен сипатталады.

Барлық құқық бұзушылықты екі топқа бөлу қабылданған - қылмыс және теріс қылық. Оларды бөлудің басты критерийлері, біріншіден, қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі, екіншіден, субъективті фактор, бұл шешуші шамада құқыққа қайшылық ретінде сол немесе басқа іс-әрекетті мойындауға әсер етеді. Қоғамдық зияндылықтың сипаты мен дәрежесі нысан құндылығымен, құқыққа қайшы қастандықпен, жағдаймен, уақытпен, (зорлық немесе зорлық емес) тәсілдермен, өлшеммен және келтірілетін зиян сипатымен және т. б. анықталады.

Теріс қылықтар - бұл, қылмыстармен салыстырғанда қоғамдық қауіптің аз дәрежесімен сипатталатын құқық бұзушылық, ол қоғамдағы құқықтық тәртіптің жеке жақтарына қастандық жасайды. Теріс қылықты құқық салаларында қолданарлық түрде, сондай-ақ олар теріс қылық енгізетін қарым-қатынас түрлері бойынша және солар үшін қолданылатын жаза түрлеріне қарай топтауға болады.

Тәртіптік теріс қылық - қызметтік қарым-қатынастар аумағында жасалатын құқық бұзушылық және ол ең алдымен қызмет бойынша бағынушылық қатынастың тәртібін бұзады. Тәртіптік теріс қылық адамдардың (жұмысшылардың, қызметкерлердің, оқушылардың және т. б. ) белгілі ұжымдарының қызмет тәртібіне қастандық жасайды, ол еңбек, қызмет немесе оқу тәртібін әлсіретеді де, тәртіптік теріс қылықты тудырады. Сонымен, мысалы, Еңбек туралы заңдар кодексі ескерту, сөгіс, белгілі бір мерзімге төмен жалақылы жұмысқа ауыстыру немесе төменгі лауазымға түсіру, жұмыстан босату сияқты тәртіптік жазалар қарастырылған. Тәртіптік жазаларды кәсіпорын, мекеме, ұйым теріс қылық шыққан күннен бастап бір айдан кеш қалмай және оны жасаған күннен бастап алты айдан кеш қалмай салады. Тәртіптік жазаның мерзімі - бір жыл.

Әкімшілік құқық бұзушылық (теріс қылық) - заң бойынша бекітілген қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқару және орналастыру қызметі саласындағы қарым-қатынасқа қастандық жасайтын, қызметтік міндеттерді жүзеге асырумен байланысты емес құқық бұзушылық. Әкімшілік теріс қылықтар, мысалы, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін, мемлекеттік немесе жекеше кәсіпорындарда санитарлық гигиенаны бұзу болып табылады. Әкімшілік делиттер, қоғамдық зияндылық немесе қауіп белгілеріне ие бола отырып, зияндылығының аз дәрежелілігімен қылмыстан айтарлықтай айырмасы болады.
Әкімшілік құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік заңмен қарастырылады. Бұл ең алдымен, айыппұл, арнайы құқығынан айыру (мысалы, көлік құралдарын басқару құқығы), түзету жұмыстары (екі айға дейін), әкімшілік тұтқындау (15 тәулікке дейін) және т. б. Жаза құқық бұзушылық жасаған күннен бастап екі айдан кеш қалдырмай қолданылуы керек.

Азаматтық теріс қылықтар (деликттер) - мүліктік және сондай-ақ мүліктік емес аймақта жасалатын құқық бұзушылық, ол адам үшін рухани құндылық болып табылады. Азаматтық құқық бұзушылық - ұйымдарға және жеке азаматтарға келісім бойынша міндеттерін орындамаудан, азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтер таратудан тұратын мүліктік зиян келтірумен бейнеленеді. Азаматтық құқық бұзушылық, зиянның орнын толтыру, бұзылған құқықты мәжбүрлеп қалпына келтіру немесе орындалмаған міндетін атқару сияқты санкцияларды қолдануға алып келеді.

Еңбек құқығын бұзу (еңбек туралы заңды бұзу) - еңбек міндеттерін бұзудан, орындамаудан тұратын және еңбек туралы заңның нормаларында болатын санкциялармен тыйым салынған еңбек құқығы субъектісінің құқыққа қайшы айыпты іс-әрекеті.
Іс жүргізудегі құқық бұзушылық азаматтардың немесе мемлекеттік органдардың әділ сот мүдделерін немесе құқық бұзушы құқықтық қатынаста тұрған жақтың іс жүргізу құқығын бұзушылығына байланысты. Бұл объективті түрде, соттың қолдау хатты қанағаттандырудан бас тартуы, бекітілген пішінге сәйкес келмейтін ізденім өтінішін қабылдау сияқты қорғау шараларын қолдануға және т. б. алып келетін құқықтық әрекет емес.

Халықаралық құқық бұзушылық (деликт) - халықаралық құқық нормаларына немесе жеке басының міндеттемелеріне қайшы келетін әрекет немесе басқа субъектіге, халықаралық құқық субъектілерінің тобына немесе барлық халықаралық қауымдастыққа залал келтіретін халықаралық құқық субъектісінің әрекетсіздігі. Халықаралық деликтіге - дипломатиялық өкілдерге қатысты құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу жөнінде шаралар қолданбау, сауда міндеттемелерін бұзу және т. б. жатады.

Құқықтық норманың санкциясы деп, құқық бұзушылық жағдайында қолданылатын және оның қорытынды құқықтық бағасы енетін мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын нормативтік анықтауды атаймыз. Барлық санкциялардың ортақ мақсаты - құқықтық тәртіпті қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу.
Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде бұл мақсатқа екі негізгі тәсілдермен қол жеткізіледі:
1) бұзылған құқықтарды қалпына келтіру;
2) жеке тұлғаға әрекет ету және құқық бұзушының оны түзету, қайта тәрбиелеу, осындай құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы құқықтық статусы.

Санкциялар - құқықты қалпына келтіру (міндеттерін мәжбүрлеу арқылы орындауға, бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған) және айыппұл салушы, жазалаушы (құқық бұзушының кейбір құқықтарын шектеуді, оған арнайы міндеттер жүктеу немесе ресми түрде бетіне басуды қарастыратын) болып бөлінеді.

Заң жүзіндегі жауапкершілік - субъект құқығын бұзған және жеке, мүліктік немесе ұйымдық сипаттағы шектеулер мен айыруға ұшыраған кінәліні мемлекеттік айыптау болып табылатын құқықтық норма санкциясымен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz