Орталықтандырылған қаржылар Орталықтандырылмаған қаржылар



ҚР-да қаржы нарығы және оның түрлері
Орындаған: Данебек Арнур

Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен байланысты
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айырықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.

Қаржы нарығының жұмыс істеу шарттарына мыналар жатады :
Реттеліген тауар нарығының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімдігі;
Ұлттық(орталық) банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма қол және қолма-қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;
Несие нарығының жандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни ресурстарын еркін нарыққа орналастыру; несие ресурстарының қозғалысы орталық банктіңпайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша нарығында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.

Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:
реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
ақпараттық - қаржы нарығына қатысушылардың барлығына ақпараттарға толық және теңдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
бөлу - қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының айналымын экономиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз ететін, қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
коммерциялық - қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
баға белгілеу - қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.

Қаржы нарықтарының мақсаттарына қаржы ресурстарын сатушылар мен сатып алушылар арасында қаржы активтерін сату мен сатып алуды ұйымдастыру жатады.
Мұндай нарықтарда сатушылар мен сатып алушылар қызметін экономикалық субъектілердің үш тобы атқарады:
- үй шаруашылықтары ( жеке тұлғалар) ;
- кез-келген меншік формасындағы шаруашылық субъектілері;
- мемлекеттік басқару органдары.

ҚР-да белгіленген мемлекеттік реттеу органдарына есеп беру тәртібіне сәйекес қаржы нарығының құрылымын төмендегідей көрсетуге болады:

Ақша нарығы. Қаржының негізі ақша қаражаттары болып табылғандықтан ақша нарығы қаржы нарығында алғашқы орында болады. Ақша оның кез-келген формасында нарықтағы жүзеге асырылатын операцияларға қызмет көрсетеді және кез-келген қаржы нарығының түп негізі болып табылады.
Депозит нарығы. Халық табысы негізгі екі бөліктен тұрады: тұтынылатын және жинақталатын. Уақытша бос ақша қаражаттары (жинақтары) банктер намесе басқа да қаржы-несие институттарымен тартылады, осы ресурстардың (тартылған ресурстар) негізінде әр-түрлі салымдар жүзеге асырылады. Осылайша ақшалар оларды пайдаланғаны үшін банктер сәйкесінше ақша сыйлықақыларын - пайыздарды төлеуді жүзеге асыратын депозиттерге түрлендіріледі.
Несие нарығы. Банктерге депозиттер түрінде түскен ақша қаражаттарының бір бөлігі несиелер түрінде беріледі. Уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, комерциялық банктер заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі мақсаттарға жұмсауға несиелер береді. Осылайша ақша қаражаттары нарықта оларды пайдаланғаны үшін банктерге тиісті пайыздарын төлейтін несиелер түрінде айналысқа түседі.
Валюталық нарық. Қазақстандық нарықта операциялардың бір бөлігі ұлттық валютамен, ал екінші бөлігі шетел валютасымен жүзеге асырылады. Яғни екі валюта түрінде де қаржы құралдары айналыста болады. Валюталарды айырбастау операциялары да үлкен роль атқарады.

Бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар, басқа да қаржы құралдары сияқты жалпы қаржы нарығына оң әсерін тигізеді. Бағалы қағаздар көбіне ақша ресурстарын қайта бөлудің ұтымды әдістерінің бірі болып табылады. Айналыс құралдарын толықтыру үшін несие алу міндетті емес, себебі ол несиені қажеттік туындаған кезде үшінші бір тұлғаға жаңа келісім-шарт жасаспай беру мүмкін емес. Бұл жағдайда қарыз міндеттемесі болып табылатын сонымен қатар нарықта еркін айналысқа түсетін және кез-келген уақытта өз иесін ауыстыра алатын облигация шығарған тиімді. Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру үшін туында бағалы қағаздар шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрі сатып алынғалы тұрған бағалы қағаздың бағасын шартқа отырған кезде келісіп, ал сол бағалы қағазды алу мерзімін кейінге қалдыруға, яғни базалық бағалы қағаздың бағамының күрт түсіп кетуі немесе көтеріліп кетуінен сақтандырылады. Осылайша бағалы қағаз ақша ресурстарының қайта бөлінуіне әрекеттеседі.
Сақтандыру және зейнетақы нарықтары. Бүгінгі таңда сақтандыру компаниялары және зейнетақы қорлары мемлекетіміздің қаржы нарығында өз қызметін жүзеге асыратын негізгі делдалдардың бірі болып табылады. Сақтандыру, табыс түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінді көрінеді.

Мемлекет тарапынан жүргізілетін әлеуметтік бағдарлама мен экономикалық саясаттың түрлі элементтері арасында жеткілікті түрдегі нақты байланыс бар. Сондықтан, мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі - салық жүйесі және оның басты функцияларының бірі болып табылатын әлеуметтік саясаттың өзара байланыстылығын және халыққа салық салудың әлеуметтік шегін анықтау негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің әлеуметтік тұрғыдағы мәселелеріне төмендегілер жатады:
жеке табыс салығы бойынша шегерімнің айлық есептік көрсеткіш бойынша жасалынуы;
корпорациялық табыс салығы бойынша ставканың салыстырмалы түрде жоғары болуы;
степендия және зейнетақыға салық салынуы;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz