Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері мен әдістері


Презентация қосу
Кәсіпкерлік қызметті
қаржыландыру көздері
мен әдістері
ОРЫНДАҒАН: ДАНЕБЕК АРНУР
Қаржы – тауар-ақша қатынастарымен байланысты қалыптасқан
категориялардың бірі.
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру – жай және ұлғаймалы ұдайы
өндірісті қаржылық қамтамасыз ету шарттары мен қағидаларының
нысандары мен әдістерінің жиынтығы. Қаржыландыру деп ақшалай
қаражаттардың қалыптасу үрдісін айтады.
«Қаржыландыру» түсінігі «инвестициялау» түсінігімен тығыз
байланысты. Егер де қаржыландыру – ақша қаражаттарының қалыптасуы
болса, инвестициялау – оларды пайдалану.
Қаржы ресурстарын алу көздеріне байланысты 3 топқа бөлуге болады:
меншікті қаражаттар есебінен құрылатын қаржы ресурстары
(амортизациялық, аударымдар,жалпы пайда, таза пайда, азаматтардан түсетін
мақсатты түсімдер, бюджеттен бөлінетін қаражаттар және басқа да түсімдер);
қаржы нарығында жұмылдырған қарыздық (заемдық) қаржылық қаражаттар
(банктер мен басқа да қаржылық институттардың несие ресурстары,
бюджеттік, коммерциялық несиелер т.б.);
тартылған қаржылық қаражаттар (кәсіпорындағы бағалы қағаздарды сатудан
түсетін табыстар, ағымдағы және инвестициялық қызметке үлестік қатысудан
түскен қаражаттар, бюджеттік субсидиялар, кредиторлық берешектер және
басқа да ресурстар).
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері
Ішкі Сыртқы
Жарғылық капитал Банк несиелері
Қосымша (үстеме) капитал Бюджет қаражаттары
Резервтік капитал Бюджеттен тыс қорлардың
қаражаттары
Амортизациялық қор
Бағалы қағаздар шығарудан
түскен қаражаттар
Бөлінбеген пайда
Басқа да көздер
Басқа да көздер
Қаржыландырудың ұйымдық нысандары келесілерді қамтиды:
өзін-өзі қаржыландыру (бөлінбеген пайда, амортизациялық аударымдар,
резервтік капитал, қосымша капитал және т.б.)
акционерлік және үлестік қаржыландыру (жарғылық капиталға қатысу,
акцияларды сатып алу т.б.)
қарыздық қаржыландыру (екінші деңгейлі банктердің несиелері,
облигациялық займдар, лизинг және басқалары)
бюджеттік қаржыландыру (республикациялық, аймақтық және жергілікті
бюджеттерден қайтарымды негіздегі несиелер, барлық деңгейдегі
бюджеттерден қайтарымсыз негізде бөлінген қаражаттар, мақсатты
республикалық инвестициялық бағдарламалар т.б.)
қаржыландырудың ерекше нысандары (жобалық қаржыландыру, венчурлік
қаржыландыру, шетелдік капиталды тарту жолымен қаржыландыру)
Кәсіпкерлік қызметті несиелеу
Несие - бір меншік иесінің басқа меншік иесіне кез келген нысандағы (тауарлық, ақшалай,
материалдық емес) құндылықтарды уақытша пайдалануға берумен байланысты
экономикалық қатынастар жүйесі.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы және уақытша пайдалануға
қарыз беруші субъектілер. Оларға банктер,банктік емес мекемелер, мемлекет,шаруашылық
субъектілер және жеке тұлғалар жатады.
Қарыз алушы – несиені алушы және қайтаруға міндетті несиелік қатынастың екінші
жағы.Қарыз алушыға ақша қаражатына қажеттілігі бар кез келген ұйымдар, мекемелер,
шаруашылық жүргізуші субъектілер, кәсіпкерлер, жеке тұлғаларды т.б. жатқызуға болады.
Несие мынадай қызметтерді атқарады:
қайта бөлу;
айналыс шығындарын үнемдеу;
айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
капиталдың шоғырлануын жеделдету;
ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Несиенің түрлері өте көп және ол әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі:
Мерзіміне қарай:
• қысқа мерзімді несие (1 жылға дейін);
• орта мерзімді несие (1 жылдан 5 жылға дейін);
• ұзақ мерзімді несие (5 жылдан жоғары).
Пайдалану сипатына қарай:
• негізгі қорларға жұмсалатын несие;
• айналым қаражатына жұмсалатын несие;
Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
• қамтамасыз етілген несие:
• қамтамасыз етілмеген несие.
Қайтарылу дәрежесіне қарай:
• стандартты несие;
• күмәнді несие.
Валютамен берілуіне қарай:
• ұлттық валютамен берілетін несие;
• шетел валютасымен берілетін несие.
Берілу шартына қарай:
• тұтыну несиесі – жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін
және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
• ипотекалық несие – қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді,
ғимаратты, жерді т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін
несие.
• банкаралық несие – банктердің бір – біріне беретін несиесі.
• сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
корпоративтік клиенттерге берілетін несие.
• ломбардтық несие – тауарлы – материалдық құндылықтар мен
мүліктік құқықтарды, бағалы металдарды, құнды қағаздарды және т.б.
кепілге ала отырып, несие берушінің қатаң тіркелген сомада қысқа
мерзімге беретін несиесі және т.б.
Кәсіпорынды қаржыландыру көздерін таңдау кезінде төмендегідей бес
негізгі міндетті шешу қажет:
қысқа және ұзақ мерзімді капиталға деген қажеттілікті анықтау керек;
ұтымды құрылымды анықтау мақсатында қаражаттардың активтері мен
пассивтерінің құрамын анықату керек;
кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттілігін және сәйкесінше,
қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету керек;
кәсіпорынның меншікті және қарыз қаражаттарын максимальды пайда
әкелетіндей етіп пайдалану керек;
шаруашылық қызметті қаржыландыруға деген шығындарды төмендету
керек.
Қазақстан кәсіпорындарының қаржысын басқару жүйесінің тиімділігін арттыру үшін,
сондай-ақ олардың қызметінің инвестициялық саласында бірқатар шаралар жүргізу қажет,
атап айтқанда:
кәсіпорындардағы қаржы және шаруашылық қызметінің нәтижелерін анықтау кезінде
қаржы менеджментінің ерекше әдістерін пайдалану;
инвестициялау объектісін таңдау кезінде нәтиженің ықтимал нұсқаларын есептеу;
қаржыны басқарудың барлық мүмкін нұсқалары бойынша күрделі бюджетті құру;
меншік иелері үшін де, басқа инвесторлар үшін де қаржылық басқарудың ең оңтайлы,
тиімді және экономикалық тиімді түрін таңдау мақсатында кәсіпорындардың ақша
ағындарын басқарудың нұсқаларына тұрақты экономикалық бағалау және саралау
жүргізу;
қаржылық басқару жүйесін және инвестициялық қызметті қарастыру кезінде қаржылық
тұтқаның әсерін ескеру.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz