Сақтандыру нарығының ішкі ережелері
Презентация қосу
САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚР ДАМУЫ
“Сақтандыру нарығы” түсінігі отандық экономикалық әдебиеттерде жақында
ғана қолданыла бастады. Сақтандыру ісіндегі мемлекеттің монополиялық
жағдайында сақтандыру нарығының болуы туралы сөз де қозғалмаған.
Сақтандыру қызметтері нарығының мәні сақтандыру табиғатынан көрініс
табады. Менің ойымша, бұл түсінікті жетекші ғалым-экономисттер көзқарасы
тұрғысынан қарастыру керек.
Сақтандыру терминдері сөздігі келесідей талқылама береді: “Сақтандыру нарығы
– сақтық қорғаудағы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру процесінде айрықша
тауарды сату-сатып алу бойынша пайда болатын экономикалық қатынастар жүйесі”.
Сақтандыру нарығының ерекше белгісі болып сақтандыру корына жиналған
сақтандыру төлемдерінің қайтарымдылығы табылады. Сақтандыру төлемдері мүмкін
болатын нұқсанды өтеуге арналған нетто-төлемдердің және сақтандыруды жүргізуші
сақтандыру ұйымын ұстау үшін жөнелтпе шығындардан тұратын сақтандыру
тарифтерінің негізінде анықталады. Нетто-төлемдердің барлық сомасы белгіленген
уақыт кезеңінде нұқсанды өтеу нысанында қайтарылады.
Сақтандыру нарығының мәні – адамдардың, шаруашылық құрылымдардың,
кәсіпкерлік және коммерциялық фирмалардың, өндірістік кәсіпорындардың әртүрлі
кездейсоқ жағдайлардан сақтық қорғауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруда.
Бір жағынан, сақтандыру қызметтерінің нарығы – бұл сақтандыру өнімін сату-
сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы, ал екінші жағынан,
сақтандыру қызметін сату-сатып алумен байланысты бірнеше нарықтық қатынастар
субъектілері арасындағы тең құқылы және жауапкершілікті серіктестік.
Сәйкесінше, нарық сақтандыру бизнесінің белсенді дамуы, көптеген сақтандыру
ұйымдарының құрылуы мен қызмет етуі үшін объективті жағдайлар жасайды.
Осылайша, сақтандыру нарығы белгілі бір жағдайлар жасалған кезде Қазақстанның
экономикалық қатынастары мен байланыстары жүйесінде айтарлықтай маңызды рөл
ойнар еді. Қазірдің өзінде сақтандыруға деген көзқарас өзгеруде. Сақтандыру
қызметтері нарығында мүдделердің жаңа топтары қалыптасуда. Сақтандыру нарығы
нарықтық қатынастар құралдарының ішінде aнық орын алуда.
Сақтандыру нарығы дегеніміз ақшалай қатынастардың сферасы, онда сатып алу-сату
обьектісі «ерекше тауар» — сақтық қызметі болып табылады және оған деген ұсыным мен
сұраным қалыптасады.
Сақтандыру нарығының ішкі ережелері:
1. сақтандыру нарығы бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, функциялары мен
өкілеттіктерін айқындауға тиіс;
2. ішкі аудит қызметінің және басқа тұрақты жұмыс істейтін органдардың құрылымын,
мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін айқындауға тиіс;
3. сақтандыру нарығының техникалық, инвестициялық, кредиттік, операциялық, нарықтық
және басқа тәуекелдерді басқару жүйесін айқындауға тиіс;
4. құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін айқындауға тиіс;
5. сақтандыру нарығының лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлері оның атынан және оның
есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кезде солардың өкілеттіктерін айқындауға тиіс;
Сақтандыру нарығындағы функциялар:
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлуретінде көрінуі. Ол алдын
алуфункциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының бөлу
мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті
түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі. Бақылау функциясысақтық төлемдерін жұмылдыруды
және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын
тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Реттеуші функция дегеніміз мемлекеттің тарапынан сақтандыру нарығын реттеуді
қарастыруға негізделген. Сонымен қатар сақтандыру нарығындағы операциялардың жүргізілуін
ретке келтіріп, кемшіліктерін жояды.
Коммерциялық функция сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды
мейілінше жоғары деңгейге көтеру.
Бағалық функция компанияның сақтандыру қызметінің бағасын қалыптастыруда көмек
көрсетеді және ол тұтынушылардың сұранысына байланысты қалыптасады.
Сенімділік функциясы сақтандыру операциялары қолайсыз немесе басқа жағдайлар
туындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді, яғни тұтынушылардың барлық шығындарын өзі өтейді.
Сұраныс пен ұсыныс көлемiне қарай сақтандыру қызметiн iшкi, сыртқы және
халықаралық сақтандыру нарығы деп бөлуге болады
Ішкi сақтандыру нарығы – белгiлi сақтандырушыны қанағаттандыруға
бағытталған сақтандыру қызметiне сұраныс бар жергiлiклi нарық .
Сыртқы сақтандыру нарығы – iшкi нарықтың сыртында орналасқан аралас
сақтандыру компанияларына қызмет көрсететiн нарық.
Әлемдiк сақтандыру нарығы – әлемдiк шаруашылыққа қызмет көрсететiн
сұраныс пен ұсыныс.
Салалық бiр белгiсiне қарай нарық: жеке сақтандыру, мүлiктiк сақтандыру
жауапкершiлiктi сақтандыру, экономикалық тәуекелдiлiктi сақтандыру болып
бөлiнедi.
Сақтандыру нарығының қатысушылары болып сатушылар, сатып алушылар және
делдалдар, ассоциациялар есептеледi. Сатушылар категориясын сақтандыру
компаниялары құрайды. Сатып алушылар ретiнде сақтандырушы-жеке және заңды
тұлғалар шыға алады. Сатушы мен сатып алушы арасында делдал ретiнде сақтандыру
агенттерi және сақтандыру брокерлерi шыға алады.
Сақтандыру нарығының арнайы тауары – сақтандыру қызметi. Олкелiсiм шарт
негiзiнде заңды немесе жеке тұлғаға ұсынылуы мүмкiн. Егер қоғамдық позициядан
сақтандыру арқылы қорғау қажет болса, сақтандыру мiндеттi тұрде болады.
Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын сапалы жаңа
деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл
қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының
шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:
— әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың қағидаттарын нақтылау;
— сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;
— сақтық рыногының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру және оның
қатысушыларының – сақтық ұйымы, сақтық брокер, сақтық агент, сақтанушы,
сақтандырылушы, пайда алушы, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалардың қызметін
ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
— халықаралық стандарттарды ескере отырып, сақтық қадағалауын жүйесін ұйымдастыру;
— сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем
қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;
— осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;
— сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін
ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы 2019 жылдың қорытындысы
бойынша 509 млрд теңге сомасына сақтандыру сыйақыларын жинады, бұл 2018 жылға
қарағанда 32%-ға артық, оның ішінде жалпы сақтандыру саласының компаниялары 311
млрд теңге жинады, өсім 21%-ды құрады.
Міндетті сақтандыру бойынша ЖСК-ның сақтандыру сыйақыларының көлемі 84
млрд теңгеге жетті, 2018 жылға қарағанда өсім 13% құрады, ерікті жеке сақтандыру
бойынша – 48 млрд теңге, өсім – 48%, ерікті мүліктік сақтандыру бойынша – 180 млрд
теңге, өсім 19%-ды құрады.
АвтоКАСКО (өсім – 31%), Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру (өсім – 28%), мүлікті сақтандыру (өсім
– 23%), жүктерді сақтандыру (өсім – 88%) сияқты сақтандыру кластары бойынша елеулі
өсім байқалып отыр.
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйақыларының көлемі 79 млрд
теңгені немесе сақтандыру сыйақыларының барлық көлемінің 25%-ын құрады.
Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қайта сақтандыруға сақтандыру
сыйақыларының 24%-ы берілді.
Проблемалар және трендтер
Қазақстанда онлайн-сақтандырудың басталуы мен электронды полистің енгізілуінен бері бір
жылдан астам уақыт өтті. Сатылымдардың жаңа каналының өміршеңдігін тексеру үшін
көпшілікке арналған өнім – Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
міндетті сақтандыру қолға алынды.
Нәтижесі жақсы. Онлайн-сақтандыруды дамытудың екінші қадамы сақтандырудың ерікті
түрлеріне жүргізілмек, атап айтқанда, туристер мен мүлікті сақтандыру.
«Коммеск-Өмір» статистикасы бойынша 2019 жылы онлайн-сақтандыру клиенттерінің
арасында ерлердің үлесі 56% – ды, әйелдердің үлесі 44% - ды құрады. 25-34 жас шамасындағы
сақтанушылардың үлесі – 50%-ы, 35-54 жастағылардың үлесі – 35%-ы, ал 18-24 жас шамасындағы
клиенттердің үлесі – 7% құрайды. Жаңа клиенттер жалпы санның 30% –ын құрайды.
Қалалар бойынша алар болсақ, Алматы көш бастап тұр – интернет-сатылым жалпы
көлемнің 78%-ы, одан әрі Нұр – Сұлтан қаласы –13%, үшінші орында Шымкент және Қостанай-
1,5% -дан.
Клиенттердің 77%-дан астамы десктопты нұсқадан, 22%-ы ұялы нұсқадан, 1% -
ы планшеттерден сатып алады. Ұялы нұсқадан сатып алған кезде клиенттер көбінесе Apple iPhone-
ды (33%) пайдаланады, Samsung смартфондары арқылы – 20%.
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті
сақтандыруда тарифтерді өзектендіру
Сақтандыру қоғамдастығы сақтандыру нарығын дамыту жөніндегі ұсыныстарды
талқылайды.Атап айтқанда, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңды өзектендіру ұсынылады. Мәселен,
заңда мазмұндалған қолданыстағы тарифтік факторлар сақтандыру тәуекелдерінің
дұрыстығына қатысты әлеуметтік бағыттылық пен әділеттілік қағидатын көрсетпейді,
өйткені тарифтер соңғы рет 2007 жылы өзгерген болатын.
«Көмекшілердің» сақтандыру төлемдерін алуы
Сақтандыру нарығына жеке сақтандыру төлемдерін алу мақсатында зардап шегушілермен,
әсіресе жәбірленушілердің қайтыс болуы жағдайлары бойынша, қызмет көрсетуге шарттар
жасасу жолымен құқықтық қатынастарды белгілейтін белсенді «көмекшілер» де бар. Олар
сақтандыру төлемдерінен өз сыйақысын 50% - ға дейінгі мөлшерде ұстап қалады.
Бұл тұлғалар қызмет көрсетуге арналған шарттарға жәбірленушілерді жаңылыстыратын
және олардың сақтандыру төлемдерін толық көлемде алу құқығын шектейтін тиісті шектеулі
талаптарды қосады. Сақтандырушылардың пікірінше, тұлғалардың өз сақтандыру төлемдерін
шын мәнінде толық көлемде алуы үшін делдалдар тарапынан осындай іс-әрекеттерді заңды
түрде алып тастау қажет.
«Көмекшілермен» күресу үшін бір жолғы ірі сақтандыру төлемдерін төлеу мүмкіндігін
алып тастау керек және жалпы сақтандыру бойынша компаниядан (ЖСК) өмірді сақтандыру
компаниясы (ӨСК) арқылы қызметкерді оның еңбек (қызмет) міндеттерін орындау барысында
қолданылатын міндетті сақтандыру сияқты төлемдерді жүзеге асыруды енгізу ұсынылады.
Клиенттік тәжірибе және сервис
Бәсекелестіктің күшеюіне орай және негізінен стандартты өнімдердің сұранысқа
ие болуына байланысты тұрақты клиенттерді сақтап қалу және жаңа клиенттерді
тарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, «Коммеск-Өмір»-де жуырда
онлайн-өтем бойынша сервис іске асырылады, яғни, сайт арқылы сақтандыру
жағдайы туралы хабар беруге болады, келтірілген залалды бағалауға өтінім беріп,
банк картасына сақтандыру төлемін алу мүмкіндігі қарастырылады.
Сондай-ақ, компанияда relog апаттық комиссарларына арналған мобильді
қосымша қолданылады, мұның өзі онлайн режимінде апаттардың орын алған жерін
қадағалауға және ЖКО кезінде клиенттерге уақытында көмек көрсету үшін, уақытты
жоғалтпай, олардың қызметін үйлестіруге мүмкіндік береді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz