Жиынтық сұраныс жəне оның құрауыштары




Презентация қосу
ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ КЕЗЕҢДЕРДЕ
НАРЫҚТЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІҢ
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ МОДЕЛДЕРІ. AD-AS
ҮЛГІСІ.
ОРЫНДАҒАН: ДАНЕБЕК АРНУР
1.Жиынтық сұраныс жəне оның құрауыштары

2.Жиынтық сұраныстың бағалық жəне бағалық емес факторлары

3.Баға деңгейінің тұтынуға, инвестицияға жəне таза экспортқа əсері

4.Жиынтық ұсыныстың классикалық жəне кейнстік үлгілері
Макроэкономикада «АD-АS» үлгісі шығарылым көлемі мен баға
деңгейінің ауытқуларын, олардың өзгеруінің себептері мен
салдарларын жалпы түрде зерттеу үшін қажетті базалық үлгі болып
табылады. Бұл үлгінің көмегімен мемлекеттің экономикалық
саясатының əртүрлі нұсқаларын қарастыруға болады.
Жиынтық сұраныс (AD) – бұл макроэкономикалық субъектілердің белгілі бір
уақыт кезеңінде (əдетте, 1 жыл ішінде) өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтерге
деген жиынтық шығындары. Ол белгілі бір уақытта сол макроэкономикалық
субъектілер тарапынан өз сұраныстарын тапқан жиынтық шығарылым көлемінің
экономикадағы бағасының жалпы деңгейімен өзара байланысын сипаттайды.
АD (ағылшын тілінен, aggregate demand) екі жағдайда – жабық жəне ашық
экономика тұрғысынан қарастырылады.
Жабық экономикалық жүйеде сыртқы ортамен ешқандай байланыс болмайды.
Сондықтан АD тек ұлттық сатып алушылардың ғана берілген баға деңгейінде сатып
алғылары келетін жəне сатып алуға мүмкіндіктері бар соңғы тауарлар мен
қызметтерінің жиынтық көлемі ретінде қарастырылады:
YD (АD) = C + I + G
мұндағы, YD – жиынтық сұраныс ( ЖҰӨ немесе ұлттық табыс); С – тұтыну
шығындары; I – инвестициялық шығындар; G – мемлекет-тік шығындар.
Ашық экономикалық жүйеде АD толыққанды мынадай төрт макроэкономикалық
элементтен (құрауыштардан) құралады:
1.Үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары (С).
2.Фирмалардың инвестициялық шығындары (I).
3.Мемлекеттік шығындар (G).
4.Таза экспорт (Xn ).
Бұл жағдайда ашық экономикалық жүйе тұрғысынан АD макроэкономикадағы
барлық субъектілердің жиынтық шы ғындары тарапынан қанағаттандырылуы тиіс. Енді
осы негізгі құрауыштарға тоқталып өтуіміз қажет.
Жиынтық сұраныстың құрауыштары дегеніміз – АD-ны ашық экономикалық
жүйеде үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары (С), фирмалардың инвестициялық
шығындары (I), мемлекеттік шығындар (G) жəне таза экспорт (Xn ) тұрғысынан толық
сипаттайтын агрегатталған компоненттер жиын тығы. Ал АD-ның формуласы негізгі
макроэкономикалық теңдік ретінде былай жазылады:
YD (АD) = C + I + G + Xn
Жиынтық сұранысқа бағалық жəне бағалық емес факторлар əсер етеді. Баға AD-
ның аса маңызды детерминантасы болып табылады.
Жиынтық сұраныс қисығы – бұл бағаның берілген əрбір деңгейінде сатып алынуы
тиіс тауарлар мен қызметтердің көлемін бейнелейтін графикалық көрініс, яғни өндіріс
көлемі мен бағаның жалпы деңгейі арасындағы кері тəуелділікті сипаттайтын қисық.
Жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруі AD
қисығының бойындағы өзгеріске байланысты
сипатталады. Ақшаның сандық теориясына
сəйкес: MV = PY. Осыдан: YD = MV/P, мұндағы Р
– экономикадағы баға деңгейі; YD – ЖҰӨ-нің
немесе ұлттық табыстың нақты деңгейі; М –
экономикадағы ақша мөлшері; V – ақша
айналымының жылдамдығы. Төмендегі суретте Р
мен Y-дің (ақша ұсынысының тұрақтылығы
кезінде) əртүрлі үйлесімділіктері көрсетілген.
AD қисығының теріс көлбеулі болуы, мына үш əсер (эффект) арқылы түсіндіріледі:
• Кейнс əсері (пайыз мөлшерлемесінің əсері) былай түсіндіріледі, яғни бағаның
өсуімен байланысты ақшаға деген сұра ныс өседі; ақша ұсынысының тұрақтылығы
жағдайында па йыз мөлшерлемесінің деңгейі артады. Пайыз мөлшерлемесінің
өсуінен экономикаға салынатын инвестиция көлемі қысқарады, олай болса, AD
көлемі де қысқарады:
Р↑, → М/Р↓, → і↑, → І↓, → AD↓.
• Пигу əсері (нақты кассалық қалдықтар əсері, немесе байлық əсері), бұл жағдайда
бағалар деңгейінің өсуінен нақты байлық көлемі төмендейді, олай болса, тұтыну
көлемі қысқарады, сəйкесінше, AD көлемі де қысқарады:
Р↑, → М/Р↓, → С↓, → AD↓.
• Импорттық сатып алымдар əсері, бұл жағдайда импорттық бағалардың өзгермеуі
кезінде ел ішіндегі бағалардың өсуі экспорттың қысқаруына алып келеді, сəйкесінше,
ұлттық экономикада жиынтық сұраныс көлемі де қысқарады:
Р↑, → Е↓, → Xn ↓, → AD↓.
AD-ның бағалық емес факторлары дегеніміз – сол AD ның негізгі құрауыштарына,
яғни тұтыну шығындарына, инвестициялық шығындарға, мемлекеттік шығындарға жəне таза
экспортқа əсер ететін барлық факторлар.
1)Тұтыну шығындарына тұтынушылардың табысы, əлауқаттылығы, олардың
болашақты күтуі, жеке табыс салықтарындағы өзгерістер сияқты факторлар əсер етеді.
2)Инвестициялық шығындарға пайыз мөлшерлемелері, субсидиялар, бизнес
салықтары, жеңілдетілген несиелер сияқты факторлар əсер етеді.
3)Мемлекеттік шығындарға мемлекеттік саясат əсер етеді. Мемлекеттік
шығындардың өсуі AD-ны көбейтіп, қисықты оңға жылжытады, ал керісінше, олардың
қысқаруы қисықтың солға жылжуына алып келеді.
4)Таза экспортқа валюта бағамдарының өзгеруі, сыртқы нарықтағы жағдайлар
сияқты факторлар əсер етеді. Ұлттық валюта бағамының өсуі импортты көбейтіп
экспортты қысқартады, нəтижесінде жиынтық сұраныс қысқарып, AD қисығы солға
жылжиды. Ал егер ұлттық валюта бағамы төмендейтін болса, онда AD қисығы оңға
жылжиды.
Сондай-ақ, AD-ның бағалық емес факторларына ақшаның сандық теориясына сəйкес,
ақша ұсынысы жəне ақша айналымының жылдамдығы деген факторлар да жатады.
Жиынтық ұсыныс (AS) – бұл экономикада бағалардың əртүрлі деңгейінде
өндірушілердің нарыққа ұсына алатын (немесе өндірілуі тиіс) соңғы тауарлары мен
қызметтерінің жалпы саны. AS-ті (ағылшын тілінен, aggregate supply) басқаша, нақты
ЖІӨ деп те атайды.
Жиынтық ұсыныс (AS) қисығы – бұл ұсыныс көлемінің елдегі бағалардың
орташа деңгейіне тəуелділігін көрсететін графи калық көрініс.
AS қисығы классикалық жəне кейнстік мектептер тұрғысынан əртүрлі
түсіндіріледі. Мысалы, қандай да бір фактордың өзгеруінен жиынтық ұсыныс
шамасының өзгерісі бірдей болмайды, себебі бұл жағдай уақыт факторына тəуелді,
яғни жиынтық ұсыныстың уақыттың қай мерзімінде (қысқа жəне ұзақ мерзімдерде)
қарастырылып отырғандығы маңызды болып табылады. Классикалық үлгі
экономиканы ұзақ мерзімде қарастырады.
Ұзақ мерзімді кезең – бұл экономикада толық жұмысбастылықтың орын алуын
қолдай отырып, тауар бағаларының өзгерісіне ресурстар бағаларының бейімделе алуын
сипаттайтын кезең.
Классикалық үлгі тұрғысынан ұзақ мерзімдік AS қисығы елдің өндірістік
мүмкіндіктерін анықтайды жəне мынадай шарттарға негізделіп құрылады:
өндіріс көлемі тек өндіріс факторларының санына жəне қолдағы бар технологияға
байланысты анықталады, ал баға деңгейіне тəуелді емес;
өндіріс факторларындағы жəне технологиялардағы өзге рістер өте баяу жүзеге
асырылады;
экономика өндіріс факторлары толық қамтылған жағдайда жұмыс істейді, жəне
сəйкесінше, өндіріс көлемі өзінің потенциалды көлеміне тең болады;
бағалар мен атаулы жалақы икемді, олардың өзгерістері нарықтардағы тепе-
теңдікті ұстап тұрады.
Классикалық үлгіде AS қисығы тік сызық түрінде
болады. Ол өндіріс көлемінің табиғи
(потенциалды) деңгейін сипаттайды, яғни
жұмыссыздық деңгейі өзінің табиғи деңгейінде
болатын, ал өндіріс көлемі ресурстар толық
қамтылатын жағ дайда қарастырылады.
Кейнстік үлгі экономиканы қысқа мерзімді кезеңде қарастырады жəне ол келесі
алғышарттарға негізделеді:
экономика өндіріс факторларының толық қамтылмаған жағдайында жұмыс істейді;
тауар бағалары, атаулы жалақы жəне басқа да атаулы шамалар тұрақты, яғни
икемсіз, оларға нақты өзгерістер өте баяу əсер етеді;
нақты шамалар (өнім көлемі, нақты жалақы, жұмысбастылық) нарықтық
өзгерістерге өте сезімтал болып келеді.
Кейнстік үлгіде AS қисығы көлденең сызық түрінде болады

Ұқсас жұмыстар
Макроэкономикалық тепе - теңдік және оның үлгілері
Ұсыныс пен сұранысты қалыптастыру
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың мәні
AD-AS үлгісі
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ
"XXI ғасыр көшбасшысы"
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ ЖАЛПЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
Маркетинг баға саясаты
Электронды үкімет. Egov.kz сайтының қызметі
Экономикалық өсудің жаһандық тенденциялары
Пәндер