ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ
Презентация қосу
ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ
ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ
ОРЫНДАҒАН: ДАНЕБЕК АРНУР
Өндіріс дегеніміз бұл тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті өндірістік
ресурстарды тиімді пайдалану үрдісі немесе басқаша сөзбен айтқанда, сол өндірістік
ресурстарды адамның шексіз қажеттіліктерін тікелей және жанама түрде
қанағаттандыруға қажетті игіліктерге айналдырудың үрдісі. Кез келген өндірістің түрі
белгілі бір игіліктерді жасау мақсатындағы іс-әрекет ретінде анықталуы тиіс. Өндірісті
жүзеге асыру үшін әртүрлі ресурстар қолданылады. Сол ресурстар өндірістік үрдіске
тартыла отырып өндіріс факторлары формасына ие болады. Өндіріс
факторлары (экономикалық теориядан білетініміздей) әдетте, іріленген түрінде:
1) еңбек өндіріске тартылатын жұмыс күшінің жиынтығы ретінде;
2) капитал өндіріс құрал-жабдықтарының жиынтық кешенінің материалдық формасы
ретінде;
3) жер табиғи ресурстардың жиынтығы ретінде;
4) кәсіпкерлік қабілет өндірісті ұйымдастыру және оған бақылау жасау бойынша
шешуші әрекет ретінде қарастырылады.
Өндіріс шығыны – материалдық қаражат (шикізат, материалдар, отын, энергия,
жабдық, т.б.) пен қажетті еңбек шығындарының жиынтығы. Өндіріс шығыны
кәсіпорында өндірістің және өнімді өткізудің қаншаға түсетінін көрсетеді.
Ақшалай тұлғада ол өнімнің өзіндік құны, кәсіпорынның ағымдағы жұмсаған
шығындары. Тауардың ең төмен бағасы осы шығынның мөлшерімен, ал тауардың
ең жоғары бағасы сұраныспен айқындалады. Кәсіпорын (компания, фирма)
тауарға оны өндіруге, бөлуге және өткізуге, жұмсалған күшпен тәуекелділік үшін
пайданың әділ нормасын қоса, жұмсалған шығын толығымен өтелетіндей баға
белгілеуге тырысады.
Кәсіпорынның шығыны екі түрге бөлінеді:
1. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру
және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды
Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті
төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру
жарналары және т.б.
2. Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің
мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар. Мысалы,
еңбекақы шығындары, шикузаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б.
Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі
маңызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда өндірілмеген
өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін
өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.
Кәсіпорын шығындары өндірістік белігісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін
шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан
түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар.
Әдеттегідей бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір
жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;
өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет
көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждықтарға кететін
шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы
қорлардан қаржыландырады.
Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады.
Экономикалық шығындар деп – кәсіпорынның ресірстарды пайдаланғаны үшін
жеткізушілерге төлетін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі түрден
тұрады: сыртқы (ашық немесе ақшалық) және ішкі (күңгірттік немесе өзінен-өзі
түсінікті).
Сыртқы шығындар — бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі
төлемдері: шикізаттар төлемдері, материалдар, отындар, еңбекақы, тозуды есептеу
және т.б. Бұл топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады.
Кәсіпорынның ішкі шығындары күңгірт, өзінен-өзі түсінікті сипаттамада болады.
Олар кәсіпорын иелерінің қарамағындағы ресурстарды өндірісте пайдаланғанын
нақтылап көрсетеді: жерді, ғимараттарды, олардың жеке еңбектері және т.б. үшін
кәсіпорын ресми төлемейді.
Экономикалық шығындарға қатысты қарайтын болсақ, фирмада әрқашанда
таңдау болады, яғни қолда бар қаржысын өндіріске салып қосымша пайда
көре алады немесе сол қаржысын банкке салып одан пайыз түрінде де пайда
таба алады. Бірақ бұл жерде капиталдың бірдей жұмсалуының нәтижелері
әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтанда экономикалық есептеулер жүйесінде
баламалы шығындар орын алады. Баламалы шығындар немесе таңдау
шығындары – бұл ресурстарды пайдаланудың ең жақсы мүмкіндіктерін
жіберіп алумен байланысты шығындар. Мысал ретінде түсіндіретін болсақ,
фирма ресурстарды сырттан еркін түрде сатып алуы мүмкін («айқын»
ақшалай шығындар), ал ресурстардың басқа бір бөлігі фирманың меншігі
ретінде өз ішінен шығуы мүмкін («айқын емес» шығындар).
Пайда– тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы
тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып
түсуі. Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық
нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің
өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке
ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы.
Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды,
олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер
көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған
шығын. Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден
(жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны,
дивидендті, роялтиді, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т.б. қамтиды.
Бухгалтерлік пайда сатудан алынған табыс пен бухгалтерлік шығындар
арасындағы айырма ретінде есептеледі. Экономикалық пайдада баламалы
шығындар ескеріледі. Әдетте, эконмикалық пайда бухгалтерлік
пайдадан кәсіпорынның өзіндік құнда ескерілмеген, кейде айырылып қалған
мүмкіндіктерді қамтитын өтелмеген меншікті шығындарының шамасынан кем
болып келеді. Пайда кәсіпкерлік қызметтің экономиканы ілгері бастырушы,
ұдайы дамытушы ретінде ұдайы әрекет ететін уәждемесі болып табылады.
Пайда алу мақсатымен кәсіпкер өндірісті шығынды азайтатындай, ресурстарды
тиімді пайдаланатындай етіп ұйымдастырады, осыған орай ол өндіріс пен
еңбекті ұйымдастырудың жетілдірілген нысандарын, өнімділігі жоғары
техниканы, прогресті технологияны енгізеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz