Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
Презентация қосу
Сұраныс пен ұсыныс
икемділігі. Салық әсері
Орындаған: Данебек Арнур
Сұраныс және оған әсер ететін факторлар
Ұсыныс және оған әсер ететін факторлар
Икемділіктің түрлері
Икемділіктің тәжірибелік маңызы
Салықтың әсері
Рынок механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi “сұраныс” пен “ұсыныс” болса,
ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтынушылар iс-әрекетi болып
табылады. Рыноктық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс
бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру
болып табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұнатымдылығымен артық көруiне сүйену
және өзiнiң табысы мен бағаға сүйенуi арқылы анық айқын тұтыну
жоспарын жасайды. Осы жоспарды iске асырса ол тұтынушы өзiнiң
қажетiн ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелiнедi.
Сұраныс- бұл нарықта болатын, ақшамен қамтамасыз етілетін
қажеттіліктердің көріне нысаны. Басқаша айтқанда,сұраныс- төлем қабілеті
бар қажеттілік. Тауардың нарықтық бағасы мен сұраныс мөлшерінің арасында
барлық уаққыта да белгілі бір арақатынас болады. Сұраныс заңы бойынша,
егер баға төмендесе, әдетте тұтынушылар тауарды көп мөлшерде сатып алады.
Егерде баға тауарға баға өссе, онда оларға деген сұраныс азаяды.
Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері
қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны
көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс
азаяды.
Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі,
яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының
тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын
мүмкіншіліктерін көрсетеді. Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс
көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан
көрінеді. Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі,ол
қисық сыздықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға – жоғары (өсуі);
солға – төменге (азаюы).
Сұранысқа әсер ететін факторлар:
бағаның деңгейінен
сатып алушылардың ақшалай табысынан
тұрғындардың ұнатуынан және артық бағалауынан
нарықтық шамасынан
жиналған мүліктен
сатып алушылардың санынан және басқалардан
Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен
нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс, өндірілген
тауарлардың ассортименті және олардың бағалары арқылы сұранысты
құрайды, өз кезегінде сұраныс тауар ұсынысының көлемі мен
құрылымын белгілейді, себебі тек қана тұтынумен танылатын тауар ғана
қайта өндіріле алады.
Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы
тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға
дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және
де керісінше.
Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни
бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен
сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.
Ұсынысқа келесі факторлар әсерін тигізеді:
Ресурстардың бағасы
Технология деңгейі
Алмастырғыш тауарлардың болуы
Ресурстардың көлемі мен қол жетімділігі
Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту
Бәсекенің деңгейі
Салықтар мен субсидиялар
Табиғи жағдайлар
Күтулер (инфляциялық, әлеуметтік-саяси)
Нарық өлшемдері
Қосымша тауарлардың болуы
Икемділік – бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші
бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі.
Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті
қолданылады.
Икемділік коэффициенті бір айнымалының 1 пайызға өзгеруі
нәтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты қанша
пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш болып табылады.
Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады.
Икемділік сұранысқа да, ұсынысқа да әсер етеді.
Сұраныс икемділігінің үш түрі болады:
• Cұраныстың баға бойынша икемділігі – тауар бағасының бір пайызға
өзгергендегі сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеру реакциясының
сезімталдылығын сипаттайтын көрсеткіштік коэффициент.
• Сұраныстың қиылысқан (тоғыспалы) икемділігі – бір тауардың
бағасының пайыздық өзгеруіне байланысты сол тауарды алмастыратын
немесе толықтыратын екінші бір тауарға деген сұраныс көлемінің
пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін коэффициент.
• Сұраныстың табыс бойынша икемділігі – тұтынушы табысының
пайыздық өзгеруіне байланысты тауарға деген сұраныс көлемінің
пайыздық өзгеруін сипаттайтын сұраныстың сезімталдық дәрежесінің
көрсеткіштік коэффициенті.
Ұсыныстың баға икемділігі – тауар бағасының бір пайызға өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемінің
салыстырмалы түрде қанша пайызға өзгеретінін және соған орай сезімталдық реакциясын көрсететін
сандық коэффициент. Ұсыныстың бағаға икемділігінің негізгі 5 түрі бар:
1) икемді ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай,
бұл икемділіктің коэффициенті бірден жоғары, ал ұсыныс қисығы аса жатыңқы болып келеді;
2) икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай,
бұл икемділіктің коэффициенті бірден төмен ал ұсыныс қисығы аса тіктеу болып келеді;
3) бірлік икемді ұсыныс – бағаның да, ұсыныс көлемінің де бір пропорцияда немесе бірдей пайызға
өзгеретінін көрсететін жағдай, бұл икемділіктің коэффициенті 1-ге тең, ал ұсыныс қисығы кәдімгі оң
көлбеулі болып келеді;
4) абсолютті (өте) икемді ұсыныс – бағаның өте аз немесе мүлдем өзгермеуіне байланысты ұсыныс
көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, ал
ұсыныс қисығы көлденең сызық болып келеді;
5) абсолютті (өте) икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруі ұсыныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе
салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, ал
ұсыныс қисығы тік сызық болып келеді.
Ұйымдық-құықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде
белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз
сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.Салықтардың экономикалық мәні олардың
өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын
ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Ұдайы өндірістік мүдделерімен байланысты салық жүйесінің эволюциялық, біртіндеп қайта
құру аясындағы салық салудың жасалған типологиясы негізігі белгілерімен сәйкес әлеуметтік-
экономикалық дамуымен байланысты жалпы жүйелік функцияларды бөлуге мүмкіндік берді.
Бұл фискалды, қайта бөлу, реттеуші функциялар және арнайы функцияларды орындайтын
жеке салықтар немесе салық топтары.
Салықтар жалпы ішкі өнімді және ұлттық табысты мемлекеттік реттеу мен қайта бөлудің
маңызды құралы болып табылады. Салық жүйесінің құрылымы өзгеруде: салықтық
алымдарының жалпы сомасындағы жанама салықтардың үлесі артып отыр.
Салық салудың заңдылықтарын және мемлекеттің ақшалай қаражаттарында нақты
қажеттіліктерін айқындай отырып, салық ғылымы мемлекеттің салық саясатының
қалыптасуына әсер етеді және қоғамға салықтардың мәні мен маңызы жөнінде дұрыс
түсініктеме беріп отырады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz