Объективті экономикалық заңдылықтар мен субъективті тәртіптегі факторлардың ықпалынан қалыптасатын экономикалық процестерді және олардың бірлесіп әрекет жасауын зерттеу


Презентация қосу
ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТАЛДАУДЫҢ ПӘНІ МЕН
МІНДЕТІ, ОБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ
МАЗМҰНЫ
Орындаған: Данебек Арнур
Талдау (грек тілінен алынғанда analisis)- құрамдас бөлшектерді, талданатын жүйелер
элементтерін және оларда болатын өзгеріс тенденциясын анықтауға болатын құбылыстар
мен үрдістердің ғылыми зерттеу әдісін (танымын) айтады. Ғылыми зерттеу әдісі ретіндегі
талдау қандай да бомасын бүтін бір бөлшектің құрамдас бөлігін ойда бөлшектеуден,
олардың жеке жақтарын, қасиетін, байланысын анықтау болып табылады. Осындай
бөлшектеу қаралатын үрдістің ішкі мазмұны мен табиғатын, олардың әртүрлі факторларға
тәуелдігін қарауға мүмкіндік береді. Талдау зерттелетін объектілердің бұрын бөлшектелген
элементтерін біріктірілуін білдіретін «синтез» ұғымымен диалектикалық бірлікте болады.
Экономикалық талдау - экономикалық құбылыстар мен үрдістерді құрамдас
бөлшектерге бөлуге негізделген және байланыстардың барлық көптүрлілігін және
тәуелділігін оқуға негізделген мазмұнын пайымдаудың ғылыми әдісі болып табылады.
Талдау- макро- және микродеңгейлерде жүзеге асырылатын басқару қызметі. Сәйкес,
макроэкономикалық және микроэкономикалық талдау болып бөлінеді. Макродеңгейдегі
экономикалық талдау ұлттық әлемдік экономика деңгейінде экономикалық құбылыстарды
зерттейді, ол экономика саласында мемлекеттік және биліктің орындаушы органдарының
шешімдерін және әрекеттерін ғылыми позиция негізінде шешуге негізделген.
Экономикалық талдаудың мәні, мазмұны және тақырыбы негізінен төмендегі
міндеттермен анықталады және тұрады:
• кәсіпорын қызметінде жоспарлаудың ғылыми-экономикалық негіздемесін жоғарлату
• еңбек, материалдық және қаржы ресурстарының экономикалық тиімділігін анықтау;
• өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін іздеу және
қорды көтеруді анықтау;
• кәсіпорын қызметіне әсер етуші объективті және субъективті факторларды анықтау;
• жоспарлар және басқару шешімдерін орындауды бақылау;
• кәсіпорынның ағымдағы және келешектегі қаржылық жағдайын анықтау.
Экономикалық талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорын қызметінің тиімділігін
арттыруды анықтау болып табылады. Экономикалық талдау қолданбалы ғылым болып
келеді, бірақ оның нақты пайдасы өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде
пайдаланылмаған қорларды анықтауды жүргізген кезде ғана іске асады. Кәсіпорын
экономикасын дамыту қарқынын жоғарлату шаруашылық қорының барлығы
жұмылдырылғанына, үнемділік режімінің басты қағидасы болып келетін - аз
шығындармен, жоғары нәтижеге жету туралы негізгі қағидалар сақталуына байланысты.
Экономикалық талдау ғылым ретінде арнайы білім жүйесін біріктіреді, олар
келесілермен байланысты:
•Объективті экономикалық заңдылықтар мен субъективті тәртіптегі
факторлардың ықпалынан қалыптасатын экономикалық процестерді және
олардың бірлесіп әрекет жасауын зерттеу;
•Бизнес-жоспарларды ғылыми дәйектеумен, олардың орындалуын объективті
бағалаумен;
•Жағымды және жағымсыз факторларды анықтаумен, олардың ықпалын
сандық өлшеумен;
•Шаруашылық дамудың пропорциялары мен тенденцияларын ашу,
пайдаланылмаған ішкішаруашылық резервтерді анықтаумен;
•Ілгері тәжірбиелерді жалпылаумен және оптимальді басқару шешімдерін
қабылдаумен.
Индукциялық әдісті қолданатын болсақ, экономикалық процестерді зерттеу
жиынтығында шаруашылық процестерді қалыптастыратын жеке шаруашылық
деректер, құбылыс, ахуалдардан басталады. Бірақ та, индукциялық әдіс
дедукциялық әдіспен бірге қолданылуы қажет. Бұл дегеніміз жеке, дараны
талдағанда үлкен, жалпыныда ескеру қажет екенін түсіндіреді. Өндірістік
бригаданың және жеке орындаушылардың қызыметін зерттегенде, сонымен қатар
цех көрсеткішін және цехтағы бригаданың орнын есепке алу қажет. Сондай қарым-
қатынаста цех және кәсіпорын, кәсіпорын және акционерлік қоғам, акционерлік
қоғам және басқа ассоциациалар болады.
Экономикалық талдау барысында шаруашылық процестер өзара байланыс, өзара
тәуелді және өзара сертті күйінде зерттеледі. Өзара байланыс, өзара тәуелділік және
өзара серттілікті орнату – талдаудың барынша маңызды кезі. Себептік қатынас
арқылы барлық шаруашылық деректер, құбылыс, ахуал, процестер түсіндіріледі.
Бұл қатынастан тыс шаруашылық өмір қисынсыз.
Себептік немесе деректік талдау кезінде әр бір себеп, әр бір дерек тиісті бағасын
алады. Осы мақсатта себептер мен факторлар алдын-ала зерттеледі, ол үшін топтарға
сипатталады: маңызды және маңызды емес, негізгі және жанама, нақты және нақты
емес. Ең алдымен шаруашылық процестерге ықпал жасайтын маңызды, негізгі және
нақты факторлар зерттеледі. Маңызды емес, нақты емес факторларды зерттеу қажет
болса екінші кезекте жүргізіледі. Барлық факторлардың әсерін анықтау өте қиын
және әр қашан қажет бола бермейді
Экономикалық талдаудың пәні – экономикалық ақпарат жүйесінде көрніс
табатын, субъективті және объективті факторлардың әсерінен пайда болатын,
ұйымның шаруашылық процестері, олардың қызыметінің әлеуметті-экономикалық
тиімділігі мен соңғы қаржылық нәтижелері болып табылады.
Экономикалық талдаудың пәні объективті және субъективті факторлардың әсерінен пайда болатын
шаруашылық процестер мен оның соңғы нәтижелері деп айттық. Енді объективті сыртқы
факторларды алып қарастырайық. Олар шаруашылық қызметке тұрақты әсер етіп, экономикалық
заңдылықтардың ықпалын көрсетеді.
Экономикалық талдау процесінде көп жағдайда, мысалы, баға факторының әсерімен соқтығысуға
тура келеді — баға, тариф, мөлшерлемелердің өзгеруімен. Нарықтық жағдайларда баға белгілеу —
өте қиын, сұрапыл процесс. Дайын өнімдерге, тауарларға, жүк тасымалдау тарифтеріне және қызмет
көрсету мөлшерлемелеріне баға қалыптасуы нарық заңдарының талаптарына сәйкес белгіленеді.
Баға, тариф, мөлшерлемелер — әрқашан бірқалыпты шамалар емес, олар өзгеріп отырады. Егер
шикізаттарға, материалдарға, жартылай өнімдерге, дайын өнімдерге, тауарларға бағалар өзгерсе, ол
өзгерістер өнеркәсіптік, құрлыстық, ауылшаруашылық, сауда және басқа да кәсіпорындардың,
барлық көрсеткіштеріне ықпал етеді (әсіресе қаржылық).
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда жалпы, тауарлы, өткізу және таза өнім көрсеткіштері, өзіндік құн
және таза табыс көрсеткіштері өзгереді; тауар кәсіпорындарында – көтерме және бөлшек тауар
айналымдарының, өткізу жеңілдіктерінің деңгейінің, пайда және айналым шығындарының
көрсеткіштері. Талдау процесінде баға, тариф, мөлшерлеме өзгерулері күрделі экономикалық
есептеулерді тудырады.
Экономикалық талдаудың мазмұның, мәнін және пәнін оның алдында тұрған
міндеттері анықтайды. Негізгі міндеттерге келесілерді жатқызуға болады:
1. Бизнес-жоспарлар мен номативтердің ғылыми-экономикалық дәйектеуін
жетілдіру (оларды жасау процесінде);
2. Бизне-жоспарлардың атқарылуын объективті және жан-жақты зерттеу мен
нормативтерді орындау (есеп және есептілік мәліметтері бойынша);
3. Еңбек, материалдық және қаржылық ресурстардың пайдалануының
экономикалық тиімділігін анықтау (жеке және жиынтығы бойынша);
4. Коммерциялық есеп талаптарының орындалуын бақылау (оның толық және
аяқталмаған формасы бойынша);
5. Ішкі резервтерді өлшеу және анықтау (өндірістік процестердің барлық
кезеңдері бойынша);
6. Басқару шешімдерінің оптимальдылығын тексеру (иерархиялық сатының
барлық баспалдақтарында).
Бірінші міндет — бизнес-жоспар мен номативтердің ғылыми-экономикалық негіздеуін
жетілдіру, ең алдымен шаруашылық қызметтің ретроспективті анализінің жасалуымен
орындалады. Уақытша қатар құру қысқа мерзімнің ішінде шаруашылық дамуда белгілі
экономикалық заңдылықтарды орнатуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның (ассоциациялар,
қоғамдар, концерн, сауда-өнеркәсіптік фирмалар және т.б.) шаруашылық қызметінде
өткенде маңызды әсер еткен және болашақта әсер етуі мүмкін негізгі факторлар
анықталады. Ағымдағы, шаруашылық қызмет талдауына ерекше назар аударады.
Ретроспективті талдау нәтижелері ағымдағы бақылаулармен қосылып, қорытыңдыланған
түрде жоспарлы есептерде қолданылады. Ағымдағы кезеңде, жоспарлық жұмыс есептік
жұмыстан ілгері жүреді, сондықтан жоспаралды талдау жасау қажеттілігі туады.
Барлық жағдайларда алдынғы қатарлы кәсіпорындар мен ұйымдардың (отандық және
шетелдік) әлуметті-экономикалық көрсеткіштерін, соңғы өндірісті-қаржылық нәтижелерін
салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылады. Осылайша, бинес-жоспар қажетті
экономикалық есептеулермен негізделеді. Нарықтық экономикалық жағдайларда
шаруашылық-экономикалық механизімнің өзгеруі жоспар құруды макродан микро деңгейге
біраз сырғытты.
Екінші міндет – бизнес жоспардың орындалуын, шыққан өнімдер және атқарылған қызмет пен
жұмыстың саны, сапасы, құрылымы бойынша нормативтердің сақталуын есеп және есептілік
мәліметтері бойынша объективті және жан-жақты зерттеу.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда, мысалы, талдау процесінде маңызды бұйымдардың ассортименті
мен саны бойынша, өнімнің сорты, кешенділігі және сапасы бойынша, өнімнің өтуі, келісім-
шарттың орындалуы бойынша өндірістік бағдарламалардың орындалуы толық зерттеледі.
Үшінші міндет – материалдық, еңбек, өндірістік және қаржылық ресурстарды пайдалануының
экономикалық тиімділігін анықтау. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда, мысалы, осы жағдайда (әр бір)
жеке экономикалық тиімділігі зерттеледі:
еңбек құралдары мен заттары (ғимарат пен құрылыс, технологиялық құрал-жабдықтар,
инструменттер, шикізат пен материалдар);
жұмыс күші (жұмысшылардың саны мен кәсіптік құрамы, негізгі, қосымша, қызмет көрсету
және басқару персоналдары бойынша, еңбек өнімділігі және т.б.);
қаржылық ресурстар, олардың жиынтығы бойынша (яғни, меншікті және жалдамалы, негізгі
және айналым).
Төртінші міндет – коммерциялық есеп талаптарының орындалуын және соңғы қаржылық нәтижелерін
бағалау. Кәсіпорынның барлық өндірістік қызметі және олардың қаржылық нәтижелері ең алдымен
коммерциялық ессеп принциптерін ұстаумен тәуелді. Өндірістік қатынастарды білдіріп, ол нарықтық
қатынастарда қалыптасатын талаптарға толық жауап береді. Материалдық қызығушылық принципі
коммерциялық есептің ерекше сипаты болып табылатын, кәсіпорын мен ұжымның, жеке және қоғамдық
қажетті қызығушылықтарын үйлестіруін қамтамасыз етеді. Коммерциялық есеп экономикалық принципті
еңбек бойынша мемлекет алдында жауаптығы, ресурстарды пайдалану тиімділігі – коммерциялық есептің
айрықша ерекшеліктері.
Бесінші міндет — өндірістік процесстің барлық кезеңдерінде ішкі резервтерді өлшеу мен анықтау.
Экономикалық талдау нақты пайда әкелсе, қолданбалы пән ретінде өзін толық ақтайды. Экономикалық
талдаудың шынайы пайдасы өндірістік процесстің барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған резервтерді
анықтау болып есептеледі. Экономикалық даму қарқынының көтерілуі шаруашылық резервтердің
қаншалықты жұмсалғанына, экономикалық тәртіптін сақталуына тәуелді болады (аз шығын жұмсап, көп
нәтижеге жету).
Алтыншы міндет – басқару шешімдерінің оптимальдылығын түсіндіру мен зерттеу. Басқару
иерархиясының барлық баспалдақтарында шаруашылық қызметтің сәттілігі тікелей түрде басқару
деңгейіне, уақытылы қабылданған басқару шешімдеріне тәуелді. Басқару шешімін дұрыс қабылдау, оның
рационалдылығын және тиімділігін тек алдын ала жасалған экономикалық талдау негізіне сүйеніп жасауға
болады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz