Тәуекелдерді басқару моделі
Презентация қосу
Тәуекелдерді басқару
моделі
ОРЫНДАҒАН: ДАНЕБЕК АРНУР
Нарықтық қатынастарға өту жағдайында коммерциялық ұйымдардың
(өндірістік кәсіпорындардың,коммерциялық банктердің,фирмалардың)
жүргізуші принципі – пауда табуға ұмтылу болып саналады.Ол шығындарға
ұшыраумен шектеліп отырады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл жерде тәуекел
ұғымы пайда болады.
Кез келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелмен байланысты. Тәуекел кез
келген экономиканың міндетті элементі болып табылады. Тәуекелдің жүзеге
асуыэкономикалық үдерістің негізгі бір бөлшегі ретінде танылады,яғни бұл
обьективті экономикалық заң. Бұл заңның тіршілігі, кез келген құбылыстың,
сонымен қатар шаруашылық үдерістің аяқталуымен ескертілген. Әр бір
құбылыс өз шегін, бітуін біледі. Шексіздік тек қана математикада
қолданылады. Ал обьективті құбылыстарда барлығы, яғни барлық
элементтер шектелген.
Бизнес әлемінде сәттілік шешуші түрде кәсіпкерлік қызметтің таңдаған
стратегиясының негізділігі және дұрыстылығына байланысты. Сондай-ақ
критикалық жағдайдың ықтималдығы ескерілуі тиіс. Кәсіпкерлік қызметті
тәуекелдіксіз көзге елестету мүмкін емес.
Тәуекелсіз бизнес мүмкін емес. Тәуекелдің күшеюі – кәсіпкерлік тәуекелдіктің
екінші қарама-қарсы жағы, сол үшін өзіндік өтем.
Нарықтық қатынастар жағдайында өмір сүру үшін техникалық
жаңашылдықтарды енгізуге және батыл іс-әрекеттерге бару керек, ал ол
тәуекелдікті күшейтеді.
Осыдан мынадай шешімге келуге болады – кәсіпкер тәуекелдіктен қашпауы керек,
оны азайту үшін тәуекел деңгейін бағалай білуі керек.
Кәсіпкердің ең маңызды мінез-құлық ережелерінің бірібылай: «Тәуекелден
қашпау, одан да оны мүмкіндігінше төмен деңгейге түсіруге тырыса отырып, оның
алдын ала білу».
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау
және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар
қолдануға болады.
Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді.
Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен
топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік.
Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел
түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық
тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық).
Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады.
Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері
жатады. Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық,
инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б.) қатынасы процесінде пайда
болады.Қаржы тәуекелінің туындау себептері – инфляциялық факторлар, банктің есептік
мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т.б.Қаржы тәуекелдері екі түрге
бөлінеді:
1) ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
2) капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер).
Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері
жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.
Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Инфляциялық тәуекел –
инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден гөрі алынатын
ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға
тап болады.
Дефляция – инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес
ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді. Дефляциялық тәуекел – дефляция өсімі
кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс
төмендейді.
Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық
операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына
қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі.
Өтімділік тәуекелі – тұтынушылық құнының және сапалық бағаның өзгерісі себебінен
бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезіндегі мүмкін болатын жоғалтулармен
байланысты тәуекелдер.
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің
шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері
кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік
болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы
мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай
кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның
ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік
жауапкершілігіне негізделген.
Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін
бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі
жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту;
жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды
жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау;
тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара
бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға
керекті қаражатты кезекке ұстау.
Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық,
нарықтық.
Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге
өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек
шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер
тікелей ықпал жасайды.
Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады.
Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша
шығындарды ескеру керек.
Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім
тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б.
Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының
құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.
Нарықтық тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет
ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.
Қазiргi кездегi экономикалық субъектiнiң тұрақты және табысты
даму талпынысы, тәуекелдi басқару жүйесi әлi тек қалыптасу кезеңiнде болып
жатқандықтан толық қолдау таба алмай жүр. Қаржылық тәуекелдi басқару керi қаржылық
салдарды болжау мен бейтараптандыру процесiн бiлдiрiп, оларды ұқсастыру, бағалау, алдын
алу мен сақтандыруға байланысты.
Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді.
Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдығын, қызметті
жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың
пайда болуын білдіреді.
Тәуекелділік ықтималдық категориясына жатады, яғни оны белгілі бір деңгейдегі
жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді.
Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер қабылдаған
кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдылығын білумен шектеліп қоймай, сонымен
қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден аспау ықтималдығын да қарастыруы керек.
Кәсіпкерлік тәуекел бұл бизнестің түріне байланысты компания қызметінің тәуекелі. Оның негізгі
түрлері: өндірістік, коммерциялық және қаржылық тәуекел.
Кәсiпорынның қаржылық тәуекелi деп, белгiсiздiк жағдайда өз қаржылық iс-әрекетiн жүзеге
асырғандағы керi қаржылық салдардың, табыс пен капиталды жоғалту формасында көрiнетiн, пайда болу
ықтималдығы айтылады.
Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі,
материалдық шығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қателері, көтеріңкі
аударым сомалары мен салықтарды төлеу.
Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізу
процесінде пайда болады. Оның себептері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың
сатып алу бағасының жоғарылауы, сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым
шығындарының өсуі, экономиканың тұрақсыздығы және клиенттердің ұнату қабілетінің өзгеруі,
бәсекелестердің әрекеті.
Қаржылық тәуекелді басқару процесі алты сатыдан тұрады:
•Мақсаттарды анықтау
•Тәуекелді анықтау
•Тәуекелді бағалау
•Оларды жүзеге асыру
•Нәтижелерді бағалау
Қаржылық тәуекелдер – экономикалық ортаның жағдайында сыртқы әрі ішкі даму
факторларының ықпалындағы Банк қызметі нәтижесінде келешекте шығынның туындауына,
табыс алмауға, қосымша табысты толық алмауға немесе алуға апарып соқтыруы мүмкін
оқиғалардың орын алу ықтималдылығы.Қаржылық тәуекелдерді басқару мақсатында тәуекел-
менеджмент бөлімшесі тәуекелдерді басқару саясатын, Банк активтері мен пассивтерін
басқару саясатын басшылыққа алады.
Кредиттік тәуекелдер:
Нарықтық тәуекелдер
Өтімділікті жоғалту тәуекелі
Қаржылық емес тәуекелдер:
Операциялық тәуекел
Бедел тәуекелі
Құқықтық тәуекел
Кредиттік тәуекел – заемдық және басқа операциялар жүргізу кезінде клиенттің
қабылдаған ақшалай міндеттемелерін орындауы бойынша шарттың (келісім-шарттың)
бастапқы талаптарын бұзуы салдарынан шығыстың (шығынның) туындау тәуекелі.
Нарықтық тәуекел – нарықтық өлшемдердің (валюта бағамы, сыйақы
мөлшерлемесі, қаржылық құралдар құны және т.б.) қолайсыз өзгеруіне
байланысты шығын мүмкіндігін білдіреді. Нарықтық тәуекел жекелеген
құралдар мен/немесе эмитенттер және заемшылар бойынша шығын
ықтималдылығына байланысты сыртқы ортаның өзгеруіне Банк табысының
тәуелділігін анықтайды. Нарықтық тәуекелді басқарудың негізгі мақсаты –
Банк табысының қолайлы деңгейі мен қаржылық жағдайының тұрақтылығын
қамтамасыз ету, сондай-ақ Банктің қаржылық жағдайының нашарлауына да,
пайдасының төмендеуіне де ықпал ететін сыртқы әрі ішкі факторларды
төмендету. Нарықтық тәуекелдерді бағалау және мониторинг жүргізу VaR
әдістемесі арқылы тұтас қоржын және жеке құрал кесігінде жасалады.
Нарықтық тәуекелдер салдарынан шығын мүмкіндігіне қарсы резервке
қойылатын экономикалық капитал көлемі есептеледі. VaR көрсеткішін бағалау
үшін тарихи модельдеу әдісі қолданылады.
Экономикалық сферада адамдар тәуекелдермен перманентті түрде кездес де, тек қана
тәуекелдер теориясын білу жеткіліксіз. Қазіргі күнге дейін тәуекелдің нақты түсініктемесі жоқ.
Бұл осы құбылыстың көпқырлығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар тәуекел дегеніміз –
көптеген сәйкестіксіздермен, кей кездері қарама қайшылықтар негіздері бар күрделі құбылыс.
Яғни бұл тәуекелдің әр түрлі көзқарсатар мен анықтамаларға ие екендігін көрсетеді.
Бизнес әлемінде сәттілік шешуші түрде кәсіпкерлік қызметтің таңдаған стратегиясының
негізділігі және дұрыстылығына байланысты. Сондай-ақ критикалық жағдайдың ықтималдығы
ескерілуі тиіс. Кәсіпкерлік қызметті тәуекелдіксіз көзге елестету мүмкін емес.
Тәуекелсіз бизнес мүмкін емес. Тәуекелдің күшеюі – кәсіпкерлік тәуекелдіктің екінші
қарама-қарсы жағы, сол үшін өзіндік өтем.
Нарықтық қатынастар жағдайында өмір сүру үшін техникалық жаңашылдықтарды енгізуге
және батыл іс-әрекеттерге бару керек, ал ол тәуекелдікті күшейтеді.
Осыдан мынадай шешімге келуге болады – кәсіпкер тәуекелдіктен қашпауы керек, оны
азайту үшін тәуекел деңгейін бағалай білуі керек.
Кәсіпкердің ең маңызды мінез-құлық ережелерінің бірібылай: «Тәуекелден қашпау, одан да
оны мүмкіндігінше төмен деңгейге түсіруге тырыса отырып, оның алдын ала білу».
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz