Сырт киім


Slide 1

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Slide 2

«Ең әдемі киім - ұлтыңның киімі», - деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыяпат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлау құрметтеудің көрінісі деп бағаланған.

Slide 3 Slide 4 Slide 5

Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерін жасаған.

Slide 6 Slide 7

Ерлердің бас киімдері

Бөрік

Тымақ

Малақай

Қалпақ

Тақия

Әйелдердің бас киімдері

Кимешек

Жаулық

Бөрік

Сәукеле

Тақия

Slide 8

Тымақ - аң, мал терісінен жасалған қыстық бас киім.

Бөрік - жиегіне аң терісін салған, төбесіне үкі қадалған, сырты әшекейленген, ерлер де, қыздар мен жас келіншектер де киетін бас киім.

Тақия - қыздардың үкілеген, әсем зергерлік бұйымдар тағылған бас киімі.

Қасаба - қымбат матадан тігілетін қыздардың бас киімі.

Төбетей - төбеге киетін жаздық шағын бас киім.

Құлақшын (малақай) - қыстық бас киім.

Жалбағай - малшылардың жаздық бас киімі.

Slide 9

Ерлерге арналған тақиялардың кестелісі де, кестесізі де болады.

Ер кісілердің тақиялары.

Slide 10

Қалпақ ақ киізден немесе қалың матадан тігілген ерлер бас киімі.

Slide 11

Мұрақ - лауазымды адамдар сән-салтанатқа киетін қалпақ

Slide 12

Қыздардың тақиялары

Slide 13

Бөрік

Slide 14

Киімнің негізгі түрлері

Бас киімдер

Сырт киімдер

Ішкі киімдер

Аяқ киімдер

Slide 15

Жейде

Көйлек

Дамбал

Шалбар

Бешпент

Қамзол

Желет

Ішкі киімдер

Сыртқы киімдер

Шапан

Сырмалы шапан

Тон

Ішік

Шидем

Аяқ киімдер

Мәсі

Кебіс

Әйел етігі

Ерлер етігі

Slide 16

Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім) . Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон - ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.

Slide 17

Ішкі киім

Slide 18

Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі.

Slide 19

Қыз киімдері қынамалы, кеуде тұсы мен жаға-жеңі кестелі, көйлектері қос етекті, бас киімдері үкілі, моншақты, аяқ киімдері биік өкшелі, ыңғайлы және қай киімі болса да алтын, күміс, меруерт моншақтармен әшекейленген.

Slide 20 Slide 21 Slide 22

Сырт киім

Сырт киім

Slide 23

Шапан - Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі. Оны қалың матадан арасына жүн, мақта салып, астарлан немесе қос астарлан сырып тігеді. Ол негізінен тік жағалы, ішінара қайырма жағалы да болады. Шапан: сырмалы шалан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді. Қыз-келіншектерге арналған қималы шапанды түрлі-түсті масатыдай тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады. Қазіргі кезде түрлі-түсті масатыдай екі өңірі мен жеңі кестеленген немесе зер ұсталған жадағай (арасына жүн, мақта салмай) шан айдар тігіліп сатылады. Қазақ халқының арасында сыйлы адамдарға сыйлық ретінде шапан кигізу дәстүрі кең тараған. [1]

Slide 24 Slide 25
Ұқсас жұмыстар
Ересек адамдардың киімдерінің түрлері
Ер адамның сырт киімдері
Киім классификациясы
Спорттық стиль
ҮСТІНЕН КИЕТІН КИІМ АТАУЛАРЫ
Киім сұлбасы
ӘЙЕЛДЕР СЫРТ КИІМДЕРІ КОНСТРУКЦИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сыртқы киім мен арнайы киім тігу цехын ашу
Ұлттық киімдер
Аралық материалдар ассортименті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz