Маллофагоздар - сүтқоректілер мен құстардың энтомоз ауруы


Slide 1

Тақырыбы:Маллофагоздар және олармен күрес шаралары

Slide 2

Маллофагтар

Slide 3

Маллофагоздар- сүтқоректілер мен құстардың энтомоз ауруы. Бұл аурулар тобын Mallophaga тегіне жататын тұрақты сыртқы паразиттер қоздырады. Ауруға шалдыққан жануарлар қышынады, аздап түгі, құстардың қауырсыны, мамығы түседі, мал мен құс арықтайды, өнімі төмендейді.

Slide 4

Қоздырғыштары.

Маллофагоздың қоздырғыштары- қанатсыз, ұсақ жәндіктер. Сүтқоректілерде маллофагоз ауруларын жүнжегіштер, ал құстарда- мамық жегіштер қоздырады. Олардың түрлері өте көп, бірақ баршасы осы Mallophaga тегіне жатады. Сүтқоректілер денесінде кездесетін жүнжегіштердің бірқатары бірге Trichodectidae тұқымдасына жатады. Ірі қарада Bovicola bovis түрі, жылқыда B. egul, қойда B. ovis, ешкіде B. caprae түрлері өмір сүреді. Сондықтан бұл ауруларды бовиколез деп те атайды.

Slide 5

Құстарда Menoponidae тұқымдасынан көбінесе мамық жегіштің бір түрі Menopengallinae және Philopteridae тұқымдасына жататын қауырсын жегіш түрлері Lipeurus caponis жіне Gonoides hologaster жиірек кездеседі.

Slide 6

Маллофагоздар қоздырғыштарының дене тұрқы 1, 5-2, 5 мм, бастары кеуде бөлімінен жалпақтау, мұртшалары 4-5 буылтықтан тұрады. Аузы кеміруге бейімделген, себебі олар жүн, қауырсын сияқты қатты заттармен қоректенеді. Көздері нашар дамыған. Кеуде бөліміне 3 жұп аяқтары бекиді, олардың әрқайсысында бір немесе екі тырнақшалары бар. Құрсақ бөлімі ұзынша сопақтау, 8-9 буылтықтан құралған. Барлығының денесі арқа жағынан іш жағына қарай жалпиған, сарғыш-қоңыр түсті, әр түрінің құрылысында ептеген ерекшеліктері бар.

Slide 7

Жүнжегіштер мен мамық жегіштер жануарлар денесінің әр жерін мекендейді әдетте жылдың салқын кезеңінде кездеседі. Жазғытұрым паразит саны күрт төмендейді. Жайылым мусымында олар терінің ылғалды және күн сәулесі түспейтін жерлеріне тығылып қалады.

Slide 8

Өсіп-өнуі.

Жыныстық түрмен ұрықтанған ұрғашылары 20-60 жұмыртқа салады. Жұмыртқалары ақшыл түсті, сопақ пішінді, тұрқы 0, 5-1 мм, олар түктің тамыр жағына, ал құстарда қауырсынның пәріне немесе теріге жыныс мүшелерінен шыққын желіммен жапсырылады. Кейбір мамық жегіштердің жұмыртқаларының қармақ тәрізді ілмектері болады, олар құс денесіне мықтап жабысуына мүмкіндік береді. Жұмыртқалардан 7-12 тәуліктен соң балаң сатысы шығады, олар сырттан қарағанда ересектеріне ұқсас, бірақ тұрқы кішірек. Балаң сатысы 12-20 тәулікте үш рет түлеуден кейін ересек имагоға айналады.

Slide 9

Эпизоотологиялық деректер.

Инвазия көзі- маллофагозбен ауру мал мен құс. Маллофагтар немесе осы аурудың қоздырғыштары ауру мал сау мал мен жанасқанда және басқа да заттар арқылы жұғады. Малды ылғалды қораға тығыз қамау, нашар азықтандыру және мал күтімі жоқтығы маллофагтардың таруына мүмкіндік туғызады.

Slide 10

Патогенезі.

Жануарлар денесінде маллофагтар теріні қышытады, сондықтан дермотид дамиды. Ауруға шалдыққан мал қасынады, мазасы кетеді. Мал терісінің физиологиялық қызметі бұзылып, мал арықтайды, төлдің өсіп-өнуі тежеліп, жұқпалы ауруға төтеп беру қасиеті төмендейді. Маллофагтардың кейбір түрлері ішқұрттардың аралық иесі немесе кейбір індет ауруларының тасымалдаусышы болып табылады.

Slide 11

Сырт белгілері. Жүнжегіштермен зақымданған сүтқоректілердің жүні үрпиеді, олар қышынады, тынышсызданады, қасыған жерлерінің жүні түседі және мойын, иық, әуке, құйрық түптері дерматидке шалдығады.

Маллофагоз әсіресе тауықта ауыр өтеді. Қышыну қатты болғандықтан, тұмсығымен терісін және қауырсындарын сағаттап шоқиды, құс бірте-бірте арықтайды, жұмыртқалағыштығы төмендейді. Қауырсындары мен мамығы көп түскендіктен, олардың денесі, әсіресе қарын тұсы, арқасы, мойны жартылай жалаңаштанады.

Slide 12

Диагнозы. Ауруды анықтауда мал денесіндегі жәндіктердің әрбір даму сатысын табудың маңызы зор. Жүнжегіштерді жануарлар денесінен табу үшін оларды 10-15 минут күншуаққа шығарып байлап қою керек немесе денесінің әр жерін «солюкс» шамымен 500C дейін қыздыру да жақсы нәтиже береді. Мұндайда жылы сүйгіш жүнжегіштер мал түгінің үстіне шығады. Малдың үстіне 10-15 минутқа жылы ақ мата жабу да ауруды анықтауға мүмкіндік береді. Жылы ақ матаға жабысқан қоңыр не сұр түсті жүнжегіштер жай көзге көрініп қозғалып жүреді.

Slide 13

Құс денесіндегі мамық жегіштер де жай көзбен қарағанда жақсы көрінеді. Құстардың қауырсындары ментерісі тексеріледі. Сүтқоректілерде жүнжегіштерді биттерден ажырата білу керек. Биттердің басынан кеуде бөлімі жалпақ, ауыз мүшелері тікенді сорғыш түрлі, себебі олар қанмен қоректенеді. Маллофагтардың басы кеуде бөлімінен жалпақ, аузы кеміруге бейім, себебі олар малдың түгі, құстың қауырсыны сияқты қатты заттармен қоректенеді.

Slide 14

Емі. Жануарлар денесіндегі сыртқы жәндіктерді жою үшін әр түрлі инсектицидтерді ерітінді, эмульсия, ұнтақ дәрі немесе аэрозоль түрінде қолданып, ем шаралары жүргізіледі. Маллофагтардың жұмыртқалары инсектицидтердің әсеріне өте төзімді. Сондықтан ем шаралары жылдың жылы уақытында 8-12 тәуліктен соң, суық кезеңде 12-16 тәуліктен соң екінші рет жүргізіледі.


Ұқсас жұмыстар
Вольфартиоз. Маллофагоздар
Тақтұяқтылар отрядының ерекшеліктері
Жануарлар арасындағы ауру әлемнің көптеген елдерінде, оның ауруы
Құстардың шешек ауруы
Сүтқоректілердің бүршік
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық және инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Нъюкасл ауруы, белгілері
Эпизоотиялық ошақта жануарлар басының көпшілігі
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау. Құс шаруашылығы өнімдерін инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Инвазиялық ауруға ұшыраған құс ұшасын ветсан сараптауға арналған
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz