Описторхоз: қоздырғышы, өмірлік циклі және патоморфологиясы


Slide 1

Cабақақтың мақсаты: Описторхоздың құрылысын, жүйесін дамуын зерттеу. Описторхоздың топтарымен таныстыру

Slide 2

Күтілетін нәтиже:

 Описторхоздың қоздырғыштарын ажырату

 Описторхоздың дамуын анықтау

Slide 3

Описторхоздың сипаттамасы:

Описторхоз (лат. opisthorchiasis) - Описторхоз Ресей, Украина, Қазақстан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде кең таралған. Адамдар мен балық жейтін жануарлар, соның ішінде аюлар инфекцияға бейім. Инфекция шикі, аздап тұздалған немесе жеткіліксіз термиялық өңделген өзен балықтарын жеген кезде пайда болады, 1893 жылғы мәліметтер бойынша - ципринидтер тұқымдасы. Ауру ішілік өт жолдарының, өт қабының және ұйқы безінің жолдарының зақымдалуымен сипатталады.

Slide 4

Ет қоректілер описторхозы Табиғи ошақты антропозоонозды гельминтоз. Аурудың қоздырғышы, адамның, иттің, мысықтың кейбір терісі бағалы аңдардың -түлкі, көгілдір түлкі, бұлғын дала күзені, қара күзен, су тышқаны - өт жолдары мен өт қалтасында, кейде ұйқы безі түтіктерімен мекендейтін сорғыш құрт Opistorchus felineus. Бұл гельминт жабай шошқада табылған. Лабороториялық жануарлардан қоян мен теңіз шошқасы да зақымданады. Аталған хайуанаттар мен адам трематоданың ақтық иелері болып саналады.

Slide 5

Қоздырғышы. Описторхтың ұзындығы 0, 8-1, 3см денесінің алдыңғы жағы сәл жіңішкелеу. Емізіктері жете дамымаған. Екі ені құрттың артқы жағындағы бір - біріне қиғаш орналасқан. Осы еркек бездерінің арасынан түтікше тәрізді қуықша (несеп шығару жүйесі) өтеді. Денесінің орта бөлігін іші жұмыртқаға толы жатыр алып жатады.

Slide 6

Өсіп - өнуі. Ақтық иесінің бауырындағы описторхтың ішінде мирацийдийлері бар жұмыртқалары нәжіске араласып сыртқа шығады. Олар өзен, көл суына енген жағдайда аралық иелері ұлулардың тек бір - ақ түрі - Bithyna leachi ғана дамуын жалғастырады. Алдымен мирацийден спороциста, кейіннен редий және церкарий сатылары пайда болады. Екі айдай уақыт өтісімен церкарийлер бауыраяқтының денсін тастап шығады, судағы құрттың қосымша иелері - тұқы тектес балықтардың қабыршақтары арасынан өтіп олардың ет қабаттарына еніп жайласады. Мұнда гельминт тез арада цистаға оранып алады да 6 аптаның ішінде жұқпалы сатысы метацеркарийге айналады. Метацеркариймен залалданған балықтан адам немесе ет қоректілер описторхоз ауруын жұқтырады. Олардың асқорту жүйесіне түскен соң метацеркарийдің сырт қабығы еріп жас трематодалар шектен өт арнасы арқылы бауырдағы өт жолдарына жетіп, орналасып 3- 4 апта өткен соң жыныстық мүшелері жетілген ересек сорғыштарға айналады

Slide 7

Өлекседегі өзгерістер. Бауырдың көлемі ұлғайған қалыңдаған, өт жолдары айқын көрінеді, бұжырланып тұрады. Өт қалтасы үлкейіп созылып кетеді, ағзаны кескен кезде патоморфологиялық өзгерістер тек қана сорғыштар жайласқан жерде байқалады.


Ұқсас жұмыстар
Дикроцелилоз: қоздырғышы, өмірлік циклі, эпизоотологиясы, клиникасы және алдын алу шаралары
Жобаның тұжырымдамасы және өмірлік циклі
Етқоректілердегі описторхоз: қоздырғышы, даму айналымы, эпизоотологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі мен алдын алу
Инвестициялық жобаның құрылымы, талдауы және өмірлік циклі
Етқоректілердегі лейшманиоз: қоздырғышы, даму циклі, эпизоотологиясы, патогенезі, клиникасы және емі
Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру: құрылымы, түрлері және өмірлік циклі
Инновациялық жобаның өмірлік циклі: анықтамасы, кезеңдері, әсер ететін факторлар мен түрлері
Миногалар (Petromyzontiformes): құрылысы, өмірлік циклі және Қазақстандағы Каспий миногасының жағдайы
Хирургиялық паразитарлы аурулар: эхинококкоз, альвеококкоз, аскаридоз, описторхоз, амебиаз және филяриатоздар
Акционерлік қоғам: ұғымы, құрылуы, таралуы және бағалы қағаздар өмірлік циклі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz