Мемлекеттік жастар саясаты




Презентация қосу
Жастар
әлеуметтануы
• Дәріс жоспары
• 1. Жастар әлеуметтік-демократиялық ерекше
категория ретінде.
• 2. Жастар әлеуметтануы әлеуметтанудың бір
саласы ретінде: пәні, объектісі, мақсаты,
міндеті.
• 3. Мемлекеттік жастар саясаты: Қазақстан
және әлемдік тәжірибе. Қазіргі жастардың
құндылық бағыттары.
Жастар социологиясы – жастар әлеуметтік топтарының
әлеуметтік сана сезімі мен мінез – құлқын, жастар
әлеуметтануы үрдісін, аға ұрпақтармен қарым –
қатынастарын, қоғамдық түйінді мәселелерді шешу ролі
мен орнын зерттейтін ғылыми сала. Жастар
социологиясы жеке ғылыми сала ретінде 1970 жылы
Варна қаласында өткен Халықаралық
әлеуметтанушылық конгресте мойындалды. Бұл осы
салада теориялық та, қолданбалы-тәжірибелік те
мазмұндағы ақпараттар көп жиналғанын көрсетті.
Жастар әлеуметтік мәселелері әлемдік әлеуметтану
ғылымының ең белсенді зерттеліп жатырған
бағыттарының негізгісі болып табылады. Бұған 1960
жылы кеиін бірқатар елдерде орын алған бұқаралық
жастар шерулері үлкен әсер еттік.
• Жаңа фрейдизм теориясы. Жастық шақтың теориялық
мәселелерін зерттеуге психосұрыптау теориясы үлкен әсер етті.
Оның негізін австрия психиатры З.Фрейд қалады. Ол жастар
жыныстық, сезімдік дамуына арналған бірқатар ғылыми
тұжырымдар енгізді.
• З.Фрейд тұжырымдарын дамытып жаңа фрейдизм зерттеу
бағытын қалыптастырған белгілі американ психологы Эрик
Эриксон (1902-1982) болды. Жас адамның дамуы бір-біріне
байланысты үш үрдістен құрылады. Физиологиялық дамуды
биология, саналық дамуды психология, әлеуметтік дамуды
әлеуметтану зерттейді.
• Эриксон пікірінше негізгі даму заңы «эпигенетикалық ұстаным».
Бұл ұстанымға сәйкес әрбір жаңа даму кезеңінде жаңа
қасиеттер мен құбылыстар пайда болады. Жаңа кезеңге өту
уақытында жас адам психологиялық тоқырауға ұшырайды.
Біреулер үнсіз көтерсе, біреулер өзін қоршаған адамдармен
егес-жанжалға түседі.
Эриксон адам өмірін сегіз кезеңге бөлді. Әрбір
кезеңнің адам үшін пайдалы немесе пайдасыз
шешілетін ерекше мақсаттары болады. Бұл кезеңдер:
1) Сәби шақ - басты мақсаты сәби бойында санасыз
сенім қалыптастыру. Егер ата-ана қамқорлығы мен
сүйіспеншілігі болмаса сәби бойында санасыз
сенімсіздік қалыптасып, оның психологиялық
дамуына нұқсан келтіреді. 2) Ерте балалық кезеңі –
бала бойында жеке түсініктер, күмәнді ұғымдар
қалыптастырады. Оның дұрыс рухани қалыптасуы
күнде көретін адамдарына байланысты. 3) Ойын жасы
– бастама сезімдерін қалыптастырады. Бұл жаста
топтық ойын, өз құрдастарымен ойнау маңызды ролге
ие. Бұл бала ойы мен қиялын қалыптастырады.
Жастар социологиясы көптеген арнайы
социологиялық теориялармен тығыз байланыста
дамиды. Көптеген әлеуметтік мәселелер жастар
социологиясының дамуына үлкен әсер етті.
Әлеуметтік ғылымда жастар өзекті мәселелері
бүкіл қоғамның негізгі құрылымдық
өзгерістерімен байланыстағы ерекше әлеуметтік
топ ретінде зерттеледі. Қазақстандық жастар
мәселелері бүкіл әлемде жүріп жатырған
ғаламдастыру, урбанизация, ұлттардың қартайуы,
дуниеге бала әкелудің кемуі мәселелерімен
байланысты.
Социологиялық ғылыми зертттеу бағыттары ; жастар
қозғалыстары, жастар субмәдениеті, жастардың
еңбек және қоғамдық белсенділігі, жастардың
тәуелсіз еңбек жолына түсуі, құндылықтық
танымдардағы өзгерістер, жастардың бейрәсми
бірлестіктері, жастар әлеуметтік – психологиялық
ерекшеліктері және т.б. көптеген мәселелерді
қамтиды. Жастардың негізгі мәселелерін зерттеумен
Л.Розенмайер, К.Штарке, Э.Гидденс сияқты белгілі
социологтар айналысты. Жастар социологиясы
көптеген арнайы социологиялық теориялармен тығыз
байланыста дамиды. Көптеген әлеуметтік мәселелер
жастар социологиясының дамуына үлкен әсер етті.
• Қазіргі таңда әлеуметтанушылар « жастар » деген
ұғымды жас ерекшеліктер және сонымен байланысты
қызмет түрлерінің негізінде пайда болатын топтасқан
көпшіліктің жалпылама жиынтығы ретінде
айқындайды. Қысқа мағынада, жастар – жас
адамдардың әлеуметтік жағдайының ерекшел i ктер i,
олардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны
мен қызметі, ерекше құндылықтары мен мүдделері
негізінде бөлінетін әлеуметтік-демографиялық топ.
Әлемде БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 15-пен 24 жас
аралығындағы жас азаматтар 1,3 миллиард
шамасында. ҚР « Мемлекеттік жастар саясаты туралы
» Заңына сәйкес 14 жастан 29 жасқа дейінгі
адамдарды жастар деп атау қабылданған.
Еліміздегі жастарды тәрбиелеудегі мынадай
кемшіліктерді атап өтуге болады : Білім беруде,
тәрбиеде ұлттық рухтың азаюы ; Жаңа әлем ескі
сана мен жаңа сана тоғысында. Бұл тұста тарихи
сананы көтеруіміз қажет ; Жастар арасында
қоғамдық мәдениетін қалыптастыру, қарапайым
конференция, дөңгелек үстел, кітапхана мәдениеті
жеткілікті хатталып жазылмаған ; Жастармен
биліктің санаспауы, диалог құра алмауы ;
Жастарды тартуда қоғам жарқындылығының әсер
ете алмауы.
• Еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының негізгі
мақсаттары : - ол жастардың бойында
қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру ;
жастар шығармашылығын дамыту, салауатты
өмір салтын қалыптастыру, жастардың жұмыспен
қамтылуына ықпал ету, жастар кәсіпкерлігін
дамыту, жастар арасында қылмысты болдырмау,
отаншылдық құндылықтарды әспеттеу,
жастардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және
басқа да жан-жақты жағдай жасау, рухани-
адамгершілік, интеллектуалдық мен
экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық,
экологиялық және физикалық әлеуетінің көтеру.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының азаматы
Жастар саясаты туралы
Жастар сясаты
Қазақстан Республикасындағы жастардың электоралдық белсенділігін арттыру жолдары
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары
Жастар саясаты
Қазақстандағы жастар саясаты
Жастарға беретін көмек
Қазақстандағы әлеуметтік бағдарламалар
Эмоционалды музыка тыңдағанды ұнататын топ
Пәндер