ИНВЕСТИЦИЯ ТҮРЛЕРІ


Slide 1

Инвесторларды іздеу және қаржыландыруды тарту

Тексерген: Абильдинова Г. М.

Орындаған: Шакирова С. Б.

Тобы: Инф. б-41

Астана, 2024

Slide 2

Инвестиция дегеніміз не?

Инвестиция (латынша іnvestіre - киіндіру) - табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестор - қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.

Slide 3

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы ке келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелдік

Slide 4 Slide 5

ИНВЕСТИЦИЯ ТҮРЛЕРІ

Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.

Slide 6

ИНВЕСТИЦИЯ ТҮРЛЕРІ

Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.

Slide 7

Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік - иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық.

Жылжымайтын мүліктерге салынған инвестицияларды иеленуші субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.

Slide 8

Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді. Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарықтық) құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты.

Slide 9

Кіріс немесе шығыс

Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.

Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда - табыс ретінде танылады.

Slide 10

Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу құнының ең теменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық құнын келесі негізде анықтайды:

- жалпы қоржындық (портфельдік) жиынтығымен;

- инвестицияның түрі бойынша қоржындық жиынтығымен;

- жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша.

Slide 11

. Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

1. Жоспарлау;

2. Бағдарламалау;

3. Бюджетті дайындау;

4. Орындау;

Slide 12

Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді:

венчурлық

тікелей

портфельдік

аннуитеттік

Slide 13

Венчурлық капитал

Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі. Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың венчурлық деп аталатын құрылуына делдалдық жасайды.

Slide 14

Тікелей инвестициялар

Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу

Slide 15

Портфельдік инвестиция

Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жинақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жинақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.

Slide 16

Аннуитет

Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.


Ұқсас жұмыстар
Нарық қатынасы жүйесіндегі инвестициялар
Инвестициялық нысан
Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі
Инвестиция
ИНВЕСТОР ДЕГЕН КІМ
Кәсіпкерліктің нысандары
Бизнес жоспарды құрғандағы кететін типтік қателіктер
КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ МАЗМҰНЫ, ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ
Халық аралық инвестициялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz