Жергілікті желінің түрлері


Slide 1

Желіні пайдалануда тиімді электронды оқулық

P. S. Электронды оқулықты пайдалану барысында Enter пернесін басу қажет емес маус нұсқағышын керекті объекті тұсында шерту жеткілікті.

Мазмұны:

Міндеттері:

Мақсаты:

Студент білуі тиіс

Slide 2

Корпоративті және аймақтық желi

Жергiлiктi желi

Компьютерлік желілер

Телекоммуникациялық желi

Интернет желiсі

Тарих

Әдебиет

Slide 3

Компьютерлік желі дегеніміз - ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір - бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.

Slide 4

Жергілікті желі- бірнеше компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т. с. с) компьютерлерді біріктіреді. Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу.

Жергілікті желіге қосылған әрбір компьютер арнайы тақшамен желілік адаптер Жергілікті желіге қосылған әрбір компьютер арнайы тақшамен желілік адаптер жабдықталуы керек. Компьютерлер (желілік адаптерлер) бір-бірімен кабельдердер арқылы байланысады.

Slide 5

Желілік адаптер- компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы.

Slide 6

Байланыс арналары

Slide 7

7

БІР ОРТАЛЫҚТАН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЕЛІНІ «Клиент - сервер» желісі деп те айтады: Клиент - өзіне қызмет көрсетуді сұрайтын объект (компьютер немесе программа) . Сервер - басқаға қызмет көрсететін объект.

БІР ДЕҢГЕЙЛІ КОМПЬЮТЕРЛЕР ЖЕЛІСІ (БІР РАНГЫЛЫ) - Мұнда желіні басқаруда барлық компьютерлер тең құқықты болып саналады.

Жергілікті желінің түрлері

Slide 8

ТОПОЛОГИЯ (БАЙЛАНЫСУ ТӘСІЛІ) БОЙЫНША ЖЕЛІЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ:

Slide 9

Шиналық топология - мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.

Жұлдыз тәрізді топология - мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізудіжүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы - кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

Сақиналық топология - мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі - кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

Slide 10

Бір қала мен ауданда немесе бір мемлекетте орналасқан мекемелердің компьютерлерін өзара біріктіру үшін аймақтық желілер құрылады.

Көптеген ірі мекемелер өз желісінде орналасқан ақпаратты бөгде адамдардың қол сұғуынан сақтау үшін осы мекемеге тиесілі өз желісін, яғни корпоративті желіні құрады.

Үлкен қашықтықта және пайдалнаушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық желілерді құрайды.

Slide 11 Slide 12

Тарихи анықтама

Америка құрама штатының қорғаныс министiрлiгiнiң болашаққа

жоспар құру агенттiгi (DARPA) - тұңғыш

компьютерлiк желiлердi ойлап тапқан және сол себептен

ARPAnet деген атқа ие болы.

29 қазан 1969 жыл желiнiң туған күнi деп саналды.

Төрт түйiннен тұратын ARPAnet-тiң

құжаттық сызбасы

SRI - Стенфорд университетiнiң Зерттеу орталығы

UCLA - Лос-Анжелестегi Калифорния унверситетi

UCSB - Cанта Барбарадағы Колифорния университетi

UTAN - Юта штатының университетi

Slide 13

Бір немесе бірнеше желілерді бір - бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін.

Slide 14

Жалпы желілер- бұл дүние жүзі бойынша таратылған желілер. Ең белгілі және қол жететін жалпы желі - Интернет болып табылады. Интернет желісі тұрақты құрылым емес, оны миллиондаған пайдаланушылар ұдайы өзгеріп отырады.

Желідегі компьютерлер жұмысын программа басқарады, ондағы барлық компьютерлердің бір - біріне жіберетін және қабылдайтын ақпараттарды араласпай, тиянақты жеткізілу үшін, олар бір тілмен - ортақ ережемен байланыс жасау қажет. Осындай ортақ ереже желілік хаттама деп аталады.

Slide 15

Сервер - ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.

Slide 16

Интернет желісіне қалай қосылуға болады?


Ұқсас жұмыстар
Жергілікті желі
Жергілікті желінің физикалық негізі
Жұлдызды топология желілерінің кемшіліктері
Компьютерлі желілер
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желілер туралы
Компьютерлік желілер жайлы жалпы түсініктер
Компьютерлік желілер.Электрондық пошта.Әлеуметтік желілер
Желі топологиясы
САҚИНА ТОПОЛОГИЯСЫ
Локальді желі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz