Жұғу көзі ауру - адам



Тақырып: «Вирусты гепатиттер А, Е».
Дайындаған: ассистент
Салдырбаева М. О.

Дәріс жоспары
этиологиясы, эпидемиологиясы,
вирусты гепатиттер «А», «Е» патогенезі;
вирусты гепатиттер «А», «Е» клиникалық көріністері;
вирусты гепатиттердің лабораторлы диагностикасының әдістері;
вирусты гепатиттер «А», «Е» маркерлі диагностикасы;
вирусты гепатиттердің комплексті емінің қағидалары;
вирусты гепатиттер «А», «Е» алдын алуы;
вирусты гепатиттердің салдары;

Вирусты гепатит «А»
вирусты гепатит «А» - жедел циклмен өтетін, РНК-сы бар вируспен шақырылатын ауру. Интоксикациясы және бауыр функциясының бұзылуы қысқа уақыт сақталынуымен, толық сауғымен аяқталады.
этиологиясы - дм -27 мм РНК - сы бар сферикалық вирус.
вирустың орталық бөлігі нуклеокапсидпен, сыртқысы-белок коксомерлерінен тұратын екі қабатты қабықшаларымен сипатталады.
гепатоциттердің цитоплазмасында қоныстанады. Эфирге сезімталдығы жоқ, бірақ формалин ерітіндісімен және УФ-сәулемен тез белсенділігін жояды. 100С температурада 5 минут шамасында инактивтендіріледі.
нәжісте бастапқы (сарғаю алды кезеңде) кезеңде байқалады, сарғаюдың пайда болуымен вирустың бөлініп шығуы тез төмендейді.

Эпидемиологиясы.
ВГА аурушаңдықтың жалпы құралымында балалардың үлесіне 70% тиеді. Жиі 3-10 жастағы балалар ауырады. Бір жасқа дейінгі балалар трансплацентарлы жолмен анасынан алынған иммунитет нәтижесінде сирек ауырады.
Жұғу көзі ауру - адам. Жасырын, сарғаюсыз және инаппаратты формалары бар науқастар эпид. қауіптілігі жоғары болып табылады.
Вирус нәжісте, қанда, зәрде табылады. Оның нәжісте болуы біріншілік клиникалық симптомдары пайда балғанға дейін анықталады, ал сарғаю алды кезеңде концентрациясы жоғары болады.
Вирустың берілуі тұрмыстық-қатынас жолы арқылы. Сонымен қатар тағам және су арқылы берілу мүмкін. Механикалық жолы-шыбын арқылы тасымалданады. Кейде инфекция таралуы сирек ауа-тамшылы жолмен беріледі.

Вирусты гепатит «А» вирусының трансплацентарлы берілуі дәлелденбеген.
Вирустың төзімділігі өте жоғары.
ВГА аурушаңдылықтың жоғарылауы күз-қыс мезгілдерінде (қыркүйек-қаңтар) тіркеледі, жаз айларында (шілде-тамыз) аз кездеседі.
Аурудың эпидемиялық таралуы (вспышка) негізінен балалар мекемелерінде кездеседі.
ВГА ауырғаннан кейін тұрақты өмірлік иммунитет қалыптасады.

Вирусты гепатит А жіктелуі
Типі бойынша
Ауырлығы бойынша
Ағымы бойынша
Типті
Жеңіл
Орташа
Ауыр
Жедел (1 - 3 ай)
Созылыңқы (3 - 6 ай)
Атипті
сарғаюсыз
жасырын
субклиникалық

Клиникасы.
Аурудың типті ағымында кезекпен төрт кезең анықталған: бастапқы (сарғаю алды), өршу (сарғаю), реконвалесценцияның сарғаюдан кейінгі кезеңі.
Инкубациялық кезеңі: ВГА 10-45 күн орташа-35 күн, бұл кезеңде клиникасы болмайды, алайда қанда вирусты анықтауға, ауыр-клеткалық ферменттердің (АлАТ, АсАТ) белсенділігінің жоғарылағанын көруге болады.
Бастапқы кезең (продромалды) : Ауру жедел басталады, дене қызуы 38-39С дейін жоғырылайды; интоксикация симптомдары: әлсіздік, енжарлық, бас ауруы, тәбетінің төмендеуі, жүректің айнуы, құсу. Оң жақ қабырға астының эпигастрий аймағында анық емес ауырсынуы. Кейде ауырсыну ұстама тәрізді сипатта болады (жедел аппендицит, жедел холецистит, өт-тас ауруы ұстамаларына ұқсауы мүмкін) .

Балалар мазасыз, тітіркенгіш, қоршаған ортаға қызығушылығын төмендейді, ұйқысы бұзылады. Сирек мұрын бітелуі, аранның қызаруы, жөтел тәрізді жеңіл катаральды белгілер байқалады.
1-2 күннен кейін дене қызуы қалпына келеді, интоксикация симптомдары азаяды, жалпы әлсіздік сақталады, ішінің ауырсынуы күшееді.
Бауыр мөлшері ұлғаяды, пальпацияда сезімтал және ауырсыну байқалады.
Сарғаю алды кезеңнің аяғында зәр түсі өзгереді (сыра түсті зәр, нәжістің түссізденуі) .

Зертханалық мәліметтер көрсеткіштер: гиперферментемия (АлАТ, АсАТ, ФА, сорбитдегидрогенеза, глютаматдегидрогеназа, уроканиназа) жоғарылайды. Тимол сынамасының көрсеткіштері және бетта-липопротеидтер жоғарылайды.
Гамма-глобулин фракциясының жоғарылауы есебінен диспротеинемия аныќталады. Аурудың басталуы билирубиннің жалпы мөлшері әлі жоғарламайды, бірақ та кейде тура фракциясы жоғарлауы мүмкін.
Бірінші күндерден зәрінде уробилин мөлшері өседі, ал сарғаю алды кезеңінің аяғында өт пигменттері жоғарылайды.
Продромальды кезең 3-5 күн, сирек 7 күн.

Өршу кезеңі (сарғаю кезеңі) . Сарғаю 3-5 күндері байқалады. Сарғаюдың байқалуымен жағдайы жақсарады, көп науқастарда интоксикация жойылады. Басында көз склерасы сарғаяды, одан кейін бетінің, денесінің, , кейіннен аяқ-қолдың терісі, жұмсақ және қатты таңдай сарғаяды. Сарғаю 2-3 күн мөлшерінде тез өришді, науқас «бір түнде» сарғайып кетеді. Қарқындылығы бойынша сарғаю жеңіл, 7-10 күн болады, склераның шеткі иктериялығы түрінде сарғаю ұзақ сақталады.

Сарғаю шыңында бауыр мөлшері ұлғаюы максимальды болады. Бауыр тығыздалған, шеті доғаланған, пальпацияда ауырсыну байқалады. Бауыр ұлғаюы біркелкі, алайда сирек сол бөлігі ғана ұлғаяды.
Сарғаю шыңында зәрдің қанығуы max, қоңыр түске боялған (әсіресе көпіршігі), мөлшері азаяды, зәрде белок іздері, бірлі-жарым эритроциттер, дәнді цилиндрлер байқалады. Нәжісі түссіз. Боялу дәрежесі қан сары суындағы билирубин деңгейіне, тері жабындыларының сарғаюының айқындылығына байланысты.

Басқа жүйелер бойынша өзгерістер әлсіз байқалады. Аздаған брадикардия, АҚ төмендеуі, жүрек тондарының әлсіреуі, жүрек үшында жеңіл систолалық шу естіледі.
Бұл кезеңде тек бауыр сынамалары өзгереді. Байланысқан тура фракциясы әсерінен билирубиннің жоғары мөлшері, бауыр-клеткалық ферменттерінің (АлАТ, АсАТ, Ф-І, ФА) белсенділігі байқалады. ЖҚА-нормоцитоз, лимфоцитоз. ЭТЖ қалыпты. 10-шы күні сарғаю жоғалады.

Интоксикация симптомдары толық жойылады, тәбеті жақсарады, диурезі көбейеді, нәжісі боялады, зәрде сары пигменттер жойылады.
Сарғаюдан кейінгі кезең. Салыстырмалы түрде бауыр мөлшері баяу кішірейеді. Балалар өздерін сауыққандай сезінеді. Алайда бауыр сынамаларында патологиялық өзгерістер болады

.
Қалпына келу кезеңі (реконвалесценция) бауыр көлемі мен оның функциональды жағдайының қалпына келумен сипатталады. Балалар физикалық жүктемеден кейінгі тез шаршағыштыққа, ішінің ауырсынуына (2-3 ай) шағымданады.
Ағымы, соңы: ВГА жедел және созылыңқы болады. 1-3 айлық балалардың көпшілігінде жедел ағымды болады. Созылыңқы ағымы 3-6 айлық балаларда болады: терінің сары түске боялуы ұзақ, тимол сынамасы жоғарылайды, диспротеинемия белгілері байқалады.

Емі
Базисты емі: Жеңіл түрі болса-жартылай төсектік тәртібі- 10 күн бойы; диета 5-ші стол, көп суйықтық ішу керек (минералды су, 5% глюкоза), өт шығарушы препараттар, дәрумендер (С, «В» тобы) .
Орташа түрі: жартылай төсетік тәртібі - 2 жұма, базисты ем жеңіл түрінде сияқты-20 күн, гепатопротекторлар қосылады (эссенциале, карсил т. б. ) .

Вирусты гепатит «Е».
Вирусты гепатит «Е» этиологиясы, эпидемиологиясы және патогенезі:
Энтеральды (фекальды-оральды) жұғу механизмімен сипатталатын, 15-30 жас аралығында, негізінен тропикалық және субтропикалық аймақтарда кездеседі.
ВГЕ құрамында РНК бар паразит тәрізді вирус, диаметрі 34-45 мм. Химиялық қоздырғыштарға төзімділігі аз.
Эпидемиологиялық ерекшелігі: Лезде, айқын, бірдей емес аймақта жайылуы сипатта.
Жайылуының (вспышка) пайда болуына санитарлық- гигиеналық жағдайлары қолайсыз аймақтар бейім болады. Жайылу және жұғу жолы-су арқылы. Мерзімділігі - күз - қыс - көктем.


Әйелдерде жүктіліктің екінші жартысында ВГЕ аса көңіл бөлу керек.
Оларда 20-25% жағдайда ауру фульминантты тип бойынша бауырдың ауқымды некрозының тез дамуымен және жедел бауыр энцефалопатиясымен жүретін қатерлі ағымға ауысуы мүмкін. ВГЕ ауыр ағымы жиі жүктіліктің өзіндік үзілуімен жүреді.
Есте сақтаңыз! Осындай сырқат аналардан уақытына жетіп туған нәрестелердің жартысынан көбі өмірінің 1-ші айында шетінеп кетеді.

ЖВГ науқастарды емдеу №33 тұжырым 2012 жыл
ЖВГ сырқаттарын емдеу сақтану тәртібін, арнайы диетаны, этиотроптық және патогенетикалық терапияны қамтиды. АВГ мен ЕВГ кезінде этиотроптық терапия жоқ. Патогенетикалық және симптоматикалық терапия ауру ауырлығын есепке ала отырып, көрсетілген. қолдануға болмайды.
ЖВГ-ні емдеу кезінде дәрілік препараттарды қолдануда өте сақ болу керек. Көптеген препараттар гепатоуытты.

ЖВГ-мен сырқаттарды ауруханадан шығару
ЖВГ-мен сырқаттарды ауруханадан шығару, толық клиникалық айығу, нормаға сай немесе нормадан көп дегенде 2 есе асқан шектегі АЛТ, клиникалық-зертханалық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Реконвалесценция кезінде шамалы ауқытқа гепатиттен кейінгі мынадай белгілері сақталуы ықтимал:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz