ҚАРЛҰҚ ҚАҒАНАТЫ



ҚАРЛҰҚ ҚАҒАНАТЫ
(756-940)
Сейдалы Шугыла

Қарлұқ тайпаларынын негізгі мекені - Алтай тауынан Балқа ш көліне \ дейін. VIII ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады.
Территориясы

Мемлекеттің құрылуы
Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Тань әскерлері Суябты басып алды, Шашқа (Ташкентке) дейін жетті, бірақ мұнда көк тіреген Қытайдың мүдделері батыстан өздерінің ықпал ерісін кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың мүдделерімен қиғаш келді. Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, оның нәтижесінде тань әскерлері зор шығынға ұшырады. Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда, Атлах қаласынын түбінде 50 мың қытай өлтіріліп, 20 мындайы тұтқынға алынған.
L 766 жылы Түргештердің екі қағанының ордалары-Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Сол арқылы саяси және әлеуметтік биліктердің қарлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда Қарлұк мемлекетінің біржола қалыптасуына жеткізді. Қарлұктар өздеріне бағынышты жерлердіц шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766-775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты

Қарлұқ тайпаларының құрылуы мен ертедегі қарлұқ этникалық топтары қалыптасуының алғашғы кезендері Ішкі Азия аумағында түрік және теле (оғыз) тайпаларының қоршауында өтті. Этникалық үрдістің одан кейінгі даму кезеңі үш тайпалы қарлұқ конфедерациясының құрылуымен байланысты болды, ол кейіннен сан және сапа жағынан Жетісу шегінде қарлұқ халқыньщ қалыптасу сатысына ұласты. Алайда орта ғасырлар дәуірінде бұл үрдіс аяқталған жоқ. Жазбаша деректемелерде қарлұктар туралы алғашқы хабарлар қытайдың Суй әулетінің (581-618) шежіресінде кездеседі және V ғасырдың орта шеніне жатады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т. б. түркі тілдес тайпалар кірген.
Этникалық және тайпалық құрамы

Сыртқы саясаты
Ұйғыр қағанатымен бәсекелеспек болған әрекеттері кейін сәтсіздікпен аяқталды. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің әскерлерін талқандады.
812 жылы олар қарлұқтарды толық женді. Қарлұқтарды куа отырып, ұйғыр қағаны Ферғана мен Сырдарияға дейін жетті, олардың адамдары мен малын қолға түсіріп, Орталық Азияғақайтып кетті. Осы катаң жеңілістен кейін қарлұқ жабғуы Моғолиядағы орталығы Өтюкен болған ұйғыр кағанының жоғарғы билігін мойындауға мәжбүр болды.

Kөшпелі және отырықшы мәдениет
Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде. Б. з. д. I-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Етіс пен Зайсан көлі алқабын _ мекендеген аргиппейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастапан. Осы жолмен жібек, терілер, иран кілемдері, асыл металдан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын.
VII-XIV ғғ. Елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған. Жібек жолы Орта Азия арқылы оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келетін сауда жолы XIV ғ. дейін, қашан ішкі қырқыстар мен соғыстар қала мәдениетін аздырып, тоздырғанға дейін, Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұолдызы сөнгенге дейін жұмыс істеді

940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс Tүркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чигил және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісудағы билік қараханидтерге көшеді. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. Қарлұқ қағанаты құлағаннан кейін, қарлұқтардың бір бөлігі солтүстіктегі Іле бойына қоныстанып, жаңа мемлекет Қарлұқ хандығын құрды
Қарлұқтардың ыдырауы

назарларыңызға рахмет
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz